Нарық құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 16:15, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді.Әкімшілдік-әміршілдік жүиенің ұзақ жылдарға созылған үстемдігінен кейін нарық механизімін түсіну кімге де болса оңайға түспейді.Әлі күнге дейін бұхара халықтың санасында нарық экономикадағы еркіншілділік,оған тән қанаудың қатал жүйесімен,жаппай жұмыссыздықпен,еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан

Содержание

КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
1 Нарық – қоғамның экономикалық өмірінің негізі..............4
1.1 Нарық ұғымы, нарықтың мәні, ерекшеліктері..............................................4
1.2 Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері.......................................................................................................................7
2 Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу механизмі.........................................................................................................13
2.1 Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы..................................................................................................................13
2.2 Нарықтық құрылымды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі..........................................................................................................................19
3 Қазақстан Республикасындағы нарық жағдайы:оның функцияларының даму принциптері...............................................23
3.1 Нарық экономикадағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері...........................................................................................................23
3.2 Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы............................................................................................................27
Қорытынды.......................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................33

Работа содержит 1 файл

курс.Дағыстан Г.Нарық құрылымы.doc

— 273.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік объектілерін мемлекеттен алу мен жекешелендірудің төмендегідей түрлері қолданылады: а) мемлекеттік кәсіпорын мүлігін жалға беру; ә) жалға берілген мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алу; б) мемлекеттік меншік объектілерін концессияға беру; в) мемлекеттік кәсіпорын акционерлік қоғам немесе серіктестік ретінде құру; г) кңбек ұжымы мүшелерінің мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алуы; д) мүліктері мемлекеттік меншікке жатпайтын мемлекеттік кәсіпорын мүлігін заңды тұлғаға және азаматтарға конкурс немесе аукцион арқылы сату.Бұл құблыс агроөнеркәсіп кешенінде былай жүзеге асады:совхоз бен басқа да ауылшаруашылық кәсіпорындары, фермерлік және шаруа қожалықтары,шағын кәсіпорын мен олардың ассоциациялары,т.б.мемлекеттік емес шаруашылық түрлері ретінде қайта құрылды;

-ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамдық құру;

-құс фабрикасы менкешендерін,теплица комбинаты акционерлік, шаруашылық қоғамы немесе серіктестігі етіп қайта құру;

-рентабельді емес мемлекеттік ауылшаруашылығы кәсіпорын мүлігін заңды және жеке тұлғаларға аукцион арқылы сату:1997жылы 1қаңтарда 2400 соихоз бен колхоз қайта құрылып,47000 шаруашылық субъектілері құрылды.

Жекешелендіру нәтижесінде агроөнеркәсіп кшенді 553 шаруашылық республика бойынша жалпы өнім көлемінің 38,7% мөлшерінде өнім өндірген.Осы жетістіктің арқасында республикдағы арнаулы есепшотқа 3,3млрд теңге түсті.Жекешелендірудің ең қарапайым түрі-өнім шығаратын кәсіпорындарды сату.Бұл жағдайда сатып алушы толық меншік иесі болады.Тағы бір қарапайым формасы мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін түгелімен бөліп беру. Бұлардың күрделі формасы мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамға және жауапкершілігі шектеулі қоғамға айналдыру.Жекешелендіру барысында азаматтардың мемлекет меншігіндегі өз үлестеріне құқылығын сақтау.Жекешелендіру роцесі төмендегідей міндеттерді шешу үшін жүргізіледі.

                   -түсімсіз мемлекеттік кәсіпорындарға субсидиялар мендотациялар берілуі себепті пайда болған бюджет ауыртпалығын қысқарту;

                 -жкешелендірілген кәсіпорындада экономиканың өсуі арқасында ұлттық экономикалық тиімділігін арттыру.

          Қазақстан Республикасында 2004-2005жекешелендірілген кәсіпоындар саны 25262;оның ішінде өнеркәсіп 1508;құрылыс 440;ауыл шаруашылығы 1616;көлік910;сауда және қоғамдық тамақтандыру 6047;тұрмыстық қызмет көрсету және коммуналдық шаруашылық 2190;өзге де салалар 12088;тоқтатылып қойылған объектілер мен бітпеген құрылыстар саны 463 болған.Жекешелендіруден түскен қаражат мемлекет меншігіне алынады,мынадай шығындарға жұмсалады;

-мемлекеттің ішкі несиелерін (қарыздарын) төлеуге;

-халықтың жете қамтамасыз қамтамасыз етілмеген және әлеуметтік жағынан қолданылмаған тобына жәрдем беруге;

-жұмыссыздарға жәрдем беруге кадрлар даярлауға, қайта даярлауға т.б. мақсаттарға жұмсалады.

2.2 Нарықтық құрылымдарды қалыптастырудағы мемлекетің ролі

Бұрынғы 1985 жылы басталған қайта құру,әкімшілдік-әміршілдік жүйеден нарықтық экономикаға көшудің өтпелі кезеңінің бастамасы болды.Қазақстан үкіметі осы бағытта мынандай үш негізгі шараларды жүзеге асыруды көздеді:

-бағаға және өндірушілерге бақылауды алу арқылы экономикалық ырықтандыру;

-айналымдағы ақша массасын реттеу және бюджетті тептең ету арқылы макроэкономикалық тұрақтандыру;

-мемлекеттік мүлікті жеке адамдарға және ұйымдарға сату.

Қазақстан Республикасының аралас нарықтық экономикаға өтуі ТМД елдеріндегі сияқты эволюциялық-реформаторлық сипат алды.Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан Республикасындағы басты міндеттері:

1.Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу жекешелендіру.

2.Кәсіпкерлердің әлеуметтік жігінің қалыптасуы.

3.Рыноктың инфрақұрылымының қалыптасуы,бастысы-тауар мен қор биржасы,т.б.әртүрлі нарықтың құрылуы.

4.Бәсекелестік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы монополиясыздандыру.

5.Бағаны либерализациялау,сұраным менұсыным негізінде нарықтың сипаттағы бағаға көшу.

6.Экономиканың қаржы-экономикалық тұрақтануы.

7.Өтпелі кезеңде тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін мықты қамтамассыз ету.

Нарықтық экономикаға көшу-бір сөзбен айтқанда,меншіктің әртүрлі формаларын қалыптастыра отырып,тізгінді еркін бәсекелестікке беріп,сол бәсекелестік арқылы өндірістің дамуына да,баға да реттеу деген сөз. Нарықты дамытуға байланысты негізі мақсат-мүдделерімізге қысқ аша тоқталайық.

                  Бірінші мақсат-тауарлар мен қызмет көрсету нарығын дамыту.Мұнда өндірістік тауарлар,қызмет көрсетумен қатар,өндірістік емес мәні бар тауарлар қызмет көрсету туралы да айтылды.Нағыз нарық жай сатып алу мен сату ғана емес,ол-тауар өндіру мен қызмет көрсетуге-таңдау мүмкіндігі.Соңғысы тек өндірістік күштердің жоғары даму деңгейінде ғана орын алады,әрі адамның кең ауқымды қажеттіліктерін есепке алғанда ғана нәтижелі болады.Таңдау мәселесін шешу-тауарлар мен қызмет көрсету нарығын қалыптастыруға қажетті жағдайларды жасау керек.Бұл шарттар қажет бірақ жеткілікті емес. Өйткені таңдау мәселесі абсалютті емес.Тауарлар мен қызмет көрсету түрі арасынан адам өзіне керек тауарларды таңдау үшін білім мен мәдениет деңгейі болуы керек.Бұл адамның маңызды қасиеті – таңдай білу талғамын қалыптастырады.Демек,нарықтық қатынастардың дамуы қоғамның әлеуметтік инфрақұрылымы деңгейіне де тікелей байланысты.

                  Екінші мақсат – финанс-қаржы нарығын қалыптастыру.Әңгіме бағалы қағаздар нарығы (акция,облигация,т.б.) туралы болып отыр.Финанс нарығы – нарық құрылымының биік деңгейі,оны реттеп әрі қалыпқа келтірудің күрделі де нәзік механизмі.Өтпелі кезең осындай нарықты қалыптастыру және сынақтан өткізу (апробация) үшін керек,өйткені бағалы қағаздарсыз нарықтық экономиканың болуы мүмкін емес. Бағалы қағаз иесі қосымша табыс көздеріне ие болып қана қоймай,меншік иесі де болып табылады.Бұл әлеуметтік шиеленісті күрт төмендетіп қана қоймай қоғамдағы әртүрлі топтардың жақындастырылуына себеп болады.Сондай-ақ бағалы қағаздар тауар эквиваленті ретінде ақшаны қамтамасыз етуде қосымша қызмет атқарады.

                   Үшінші мақсат – жұмыс күші еңбек нарығын қалыптастыру мен оны реттеу.Біздің жағдайымызда,бұл ең қиын,нәзік мәселе.Шынында,ондаған жылдар бойы КСРО-да еңбек нарығы жоқ және болуы мүмкін емес деп,уағыздалып келген еді,өйткені жұмыс күші өндіріс құралдарынан бөліп қаралмады,енді еңбек нарығын құру сөзсіз қажет болды.Бұл мәселе болашақта өте актуалды болмақ.Еңбекпен қамтамасыз ету саласы мен жалпы нарық қатынастарын жете бағаламау,жұмыссыздықтың әлеуметтік құрылымы негіздерін жан-жақты зертемеу,нарық жа5дайында е4бекпен 0амтамасыз етудің мемлекеттік саясаты өлшемдерінің болмауы елді қиын жағдайға әкеп тіреді.

                   Соңғы жылдары қабылданған «Республикадағы еңбекпен қамтамасыз ету туралы» заңмен қоғамымыз нарық жүйесін қалыптастыруға тағы бір қадам жасады.Бұл заң жұмыс күші нарығын қалыптастырудың негізгі принциптерін айқындап,заң жүзінде белгілеп берді.Ең алдымен еңбек етудің еріктілік принципі енгізілді.Соңғы 70 жыл ішінде қазақстандық азаматтар нақты өмірде алғаш рет әртүрлі заңдастырылған еңбек ету салаларын таңдауға мүмкіндік алды. Екіншіден жаңа Конституцияға сай барлық азаматтарға,сондай-ақ шетелдіктерге,кәсіпорындардың меншік түріне қарамастан жұмысқа жалдану саласында тең құқық беріледі.Бұл біздің жұмыс берушілерге,енді шетелдік маманданған жұмыс күшін пайдалануына мүмкіндік берсе,ал біздің жұмысшылар енді шет елдерде жұмыс істей алады.Сонымен еліміз дүниежүзілік жұмыс күші нарығына біртіндеп ене бастады.Үшіншіден,жұмыс орны жоқ және жұмыс орнын жоғалтқан азаматтарға әлеуметтік кепілдіктер берілген,яғни түгелдей жұмыссыз жағдайда жәрдем ала алады.Мелекеттің макроэкономикалық процеске қатысуы осы процестің бөлінбейтін элементіне айналды.Бүгінгі таңда мұндай қатынасу барлық экономика көлемінде жүргізіледі және де белсенді түрде жүзеге асырылуда.Бірақ, мемлекет белсенділігінің артуына қарамастан,бүгі өркениетті елдердң экономикасы өзінің нарықтық негізін сақтауда.Мемлекет пен нарықтың өзара қатынасы нарықтың қоғамда маңызды мәселелердің бірі,себебі бұл экономикалық жүйеде мемлект ерекше қызмет атқарады.Қазіргі кезеңде экономика үшін мемлекеттік кеңістік,мемлекеттік шекара және мемлекеттік шаруашылық орталығы қандай қажет болса,мемлекеттік өкімет,мемлекеттік тәртіп және мемлекеттік ынталық соншалықты әбден керек.Өтпелі кезең экономикасындағы мемлекеттің рөлін жаңаша ойластыру қажет.Бұл кезде мемлекеттің экономикалық сфераларға тікелей араласуы кеміп,бірте-бірте жанама реттеумен алмастырылатыны айқын.Расында әр кәсіпорынға жоспар белгілеп берудің қажеттігі жоқ.Мекемелер мен кәсіпорын ұжымдарының өкілдерін кеңетіп,олрға дербестік берген,мемлекет өзіне тән іс-дамудың стратегиясын анықтаумен шұғылдануға мол мүмкіндік алатыны тәжрибеден белгілі.

Қысқаша айтқанда,нарықтық экономика жағдайындағы мемлекеттің рөлі әкімшілдік-әміршілдік жүйедегі жағдайдан мүлдем басқаша болуы тиіс.Азаматтар,жеке кәсіпкерлер немесе еңбек ұжымдары шешім қабылдау процесінде дербестік пен жауапкершілікті өз мойнына алып,бәрін мемлекет органдарына мойын ұсынудан арылуы қажет.Мемлекеттік рөлінің күшеюі оның жаңа заңдар жасап барлық азаматтарды бірдей,тең жағдайлы мүмкіндіктердің алдына қоюынан көрінеді. Мұның өзі демократиялық мемлекеттің дамуы мен кемелденуінің кепілі.Осы негізде,мемлекет қоғамға пайдалы,іс-әрекеттерді жүргізу үшін өэінің әр түрлі функцияларын пайдаланады. Олардың ішінен заң шығару, кәсіпкерлік пен халықаралық байланыстарды нығайту функцияларын атап айтуға болады

.Рынок жағдайындағы мемлект мына қызметтерді өз мойнына лады:стратегиялық,экономикалық,құрылымдық,техникалық,әлеуметтік,демографиялық болжау менжоспарлауды.Экономиканы реттеудің тікелей және жанама қызметін де атқарады.

                  -нарықтық экономиканы реттеу сферасында және оның қалыпты қызметін қамтамассыз етуде мемлекеттің негізгі міндеті-оның тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар тудыру және дамыту,кәсіпкерлік еркіндігі мен адал бәсекелестік ұйымдастыру болып табылады.Бұл мәселені шешудегі ең алғашқы қадам көптүрлі экономикалық процестерді реттейтін заңнама-құқықтық және нормативті база жасау болуы қажет.Бәрінен бұрын мемлекет экономикалық әрекеттердің ережесін бекітеді және оны экономикалық барша субъектілердің орындауын қамтамассыз етеді.

-ммлекет иығына мемлекеттік кәсіпкерлік қызметі жатады.

Ол қоғамға қажет мемлекеттік кәсіпорын мен өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды жасайды.Олар темір жол мен жалы ұлттық шоссе жолдары,көпір,каналдар,газ,мұнай құбырлары,байланыс,аурухана,мектеп,т.б.

-нарықтың бір қателігі монополиялыққа жол бермеу.Қазіргі экономика,шын мәнінде,нарық коньюктурасы анықтағндай,көптеген қателіктер жібереді.Бұндай қателіктердің себебі-өндіріс пен тұтынудың тмімділігі.Бұл жағдайда мемлекет трапынан байқалатын әрекеті аз емес.Бірақ экономика сырқатын жоюдағы мемлекетәрекетін еске ала отырып,оның өз қатесін елеусіз қалдыруға болмайды,яғни мемлекеттің өзі әдейі тудыратын жағдайды ескеру қажет.Мемлекеттің экономикаға араласатын маңызды құралдары: салық,баға,процентік ставкалар.

              -мемлекет дағдарысқа қарсы саясатты жасау мен өткеру қызметін атқаруды бюджеттік саясаттың көмегін ұлттық табысты үлестіру арқылы жүргізеді.Тұрғандардың толық жұмыспен қамтамассыз етілуін олдайды. Мемлекеттік бюджет –нарықтық экономикалы елдерде мемлекеттің экономикалық саясатының жоғарылауын білдіру болып табылады. Бюджеттік саясат дегеніміз-мемлекеттің кірісі мен шығысының өзгеруі.Оның аса маңызды бағыты-дефицинтті емес бюджетке ұмтылу немесе оны ең төменгі деңгейде ұстау.

-нарықтық жүйе балалар мен қарттарды және кедейленген жұртшылықты сырт қалдырып,тауарларды қалталы қоғам топтарына жіберетіндіктен мемлекет әлеуметтік әділеттілікті қамтамассыз етуге тырысады.

         Нарықтық бағалық механизмін жақтаушылар және оны сынаушылар нарық жүйесінің тиімділігіне қарамастан,ол елеулі теңсіздікке жол ашатындығын мойындаулары қажет.Бұл нарық кемістігі емес бөлудің кемістігі.Мемлекет ол жағдайды өзгерте алады және өзгертуге міндетті.Мұндай ситуацияны өзгертудің екі жолы бар: 1) прогрессивті салық салу; 2) зейнеткерлер еңбекке жарамсыз көп балалы,жұмыссыздар,т.б. мұқтаж азаматтардың табыстарын қоршараларын қарастыру;

-         мемлекеттің тағы бір қызметі – экономикалық тұрақтылығы аса ауқымды мөлшерде (макроэкономикалық) сақтаумен байланысты.Бұл экономикалық циклдің шарықтап өсуін және оның құлдырап төмендеуін реттеу және бақылаумен байланысты.Мұнда мемлекеттің қолданатын басты тәсілі:өндіріс,жұмыссыздық және құнсыздану деңгейін қаржылау және салық салу арқылы реттеу.

Нарықтың экономикалық көшу процесінде мемлекеттің атқаратын экономикалық қызметі және оған әсер ететін әр түрлі тәсілдерді қолданады.Олар:құқықтық мөлшерлер,ақпарат хабарларымен қамтамасыз ету,қаржы бөлу – экономикалық (салық,несие,процент,баға т.б.) тетіктер:Мелекеттік тапсырыс,заттай салық,лимиттер мен квоталар,т.б. Солтүстік және Батыс Қазақстан-өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірісінің жылдам дамуымен сипатталатын аймақтар. Орталық Қазақстанда негізінен жоғары деңгейде көмір өнеркәсібі,түсті және қара металлургия,машина құрылысы және металл өндеу,химия өнеркәсібі дамыған.Жеңіл өнеркәсіптің дамуы бүгінгі күннің талабына сай келмейді.Өндірілетін жалпы өімнің 7%-і ғана жеңіл өнеркәіп өнімі. Шығыс аймақтары өздерінің табиғат-ауа райы ерекшеліктеріне байланысты дамыған.Семей облысында ет,жүн, тігін бұйымдарын өндіру,т.б. салалар басым.Шығыс Қазақстан облысында түсті металлургия, энергетика, ағаш, қағаз, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің дамуы ерекше көзге түседі.Оңтүстік аймақтарда республикада дағдарысқа дейін өндірілетін аяқ киімнің 60%-і,тері өндірісінің 40%-і орналасқан.

Нарықтың қалыптасуында ақша және қаржы несие жүйелері де маңызды рөл атқарады.Мұнда айта кететін жайт, мемлекет экономикамызды сауықтыру бағытындағы,қаржы-несие жүйесіндегі жүргізіліп жатқан реформалары.Олар халық шаруашылығында қолданылатын икемді салық жүйесін қалыптастыру,экономикаға тиімді әсер ететін несие саясатын жүргізу,республикада ақша айналымын тұрақтандырып,оны сауықтыру. Мемлекеттің өте маңызды функциясы – ақша жүйесін басқару.Ақша массасының молая өсуі бағаның,инфляцияның көтерілуін тудырады.Ақша массасының көлемі мемлекеттік экономикалық саясаттың төтенше маңызды макроэкономикалық құралы болып табылады.Керісінше,экономикада ақшаның жетіспеуі экономикалық құлдырауға,жұмыссыздықтың өсуіне тірейді.Сонымен қатар,мемлекет саладағы саясатын өзгертеді.

Информация о работе Нарық құрылымы