Нарық құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Марта 2012 в 16:15, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі: Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді.Әкімшілдік-әміршілдік жүиенің ұзақ жылдарға созылған үстемдігінен кейін нарық механизімін түсіну кімге де болса оңайға түспейді.Әлі күнге дейін бұхара халықтың санасында нарық экономикадағы еркіншілділік,оған тән қанаудың қатал жүйесімен,жаппай жұмыссыздықпен,еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан

Содержание

КІРІСПЕ ...................................................................................................................3
1 Нарық – қоғамның экономикалық өмірінің негізі..............4
1.1 Нарық ұғымы, нарықтың мәні, ерекшеліктері..............................................4
1.2 Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері.......................................................................................................................7
2 Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу механизмі.........................................................................................................13
2.1 Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы..................................................................................................................13
2.2 Нарықтық құрылымды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі..........................................................................................................................19
3 Қазақстан Республикасындағы нарық жағдайы:оның функцияларының даму принциптері...............................................23
3.1 Нарық экономикадағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері...........................................................................................................23
3.2 Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы............................................................................................................27
Қорытынды.......................................................................................................32
Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................33

Работа содержит 1 файл

курс.Дағыстан Г.Нарық құрылымы.doc

— 273.50 Кб (Скачать)


МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ ...................................................................................................................3

1            Нарық – қоғамның экономикалық өмірінің негізі..............4

1.1       Нарық ұғымы, нарықтың мәні, ерекшеліктері..............................................4

1.2       Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері.......................................................................................................................7

2    Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу механизмі.........................................................................................................13

2.1 Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы..................................................................................................................13

2.2 Нарықтық құрылымды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі..........................................................................................................................19

3 Қазақстан Республикасындағы нарық жағдайы:оның функцияларының даму принциптері...............................................23

3.1 Нарық экономикадағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері...........................................................................................................23

3.2 Қазақстан Республикасындағы нарықтың  қалыптасу және даму стратегиясы............................................................................................................27

Қорытынды.......................................................................................................32

Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді.Әкімшілдік-әміршілдік жүиенің ұзақ жылдарға созылған үстемдігінен кейін нарық механизімін түсіну кімге де болса оңайға түспейді.Әлі күнге дейін бұхара халықтың санасында нарық экономикадағы еркіншілділік,оған тән қанаудың қатал жүйесімен,жаппай жұмыссыздықпен,еңбекшілердің әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан.Нарықтық қатынастарға өтіу ынталылық пен кәсіпкерліктің еркіндік алуына,тауар өндірушілердің экономикалық дербестігін қамтамасыз етіуге,өндірісті тұтынушылардың сұранымдарына бағыттауға жағдай жасайды.Сонымен қатар нарық,қоғамдық тұтынушылар мен өндірушілерді байланыстьрудың тиімді механизімі ретінде әлемдік өркениеттің ұлы жетістіктерінің бірі.

Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту экономикалық қатынастарға түсімі жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету,жан – жақты талдау қызметтерін жүргізу,экономикалық талдау қызметкерлердің қызметін жүргізу,экономикалық тиімді шешім қабылдау, нарықтық функцияларды, даму  принциптерін қарастыру  болып табылады. Сонымен қатар меншік қатынастарының  әртүрлі нысандары, нарық инфрақұрылымын жасау  болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты: Нарықтық экономиканың жалпы мақсаты – экономиканы тұрақтандыру мақсатында, Республика Үкіметі нарыққа өтудің тұжырымдамасын жасап шығарады.Тұжырымдама мемлекеттің және экономикалық егемендіктің қағидаларына негізделген.

Нарықтық экономика, осы заманғы жекеше іс бастау және іскерлік рухы, саяси демократиямен астасып отырып,бостандықты сақтап қалудың ең жақсы перспективасын ашып берді және барлық адамдар үшін экономикалық өсу мен молшылықтың барынша кең мүмкіндіктерін ұсынады.

Курстық жұмыстың міндеті: Нарықтық экономиканың атқаратын рөлі зор. Нарықтық жұмыстың жалпы ішінде: нарық жүйесінің мәні, элементтері, принциптері, кемшіліктері, Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы сипатталады.Оның негізгі міндеттері:

      Нарық ұғымы, нарықтың мәні, ерекшеліктері,

      Нарықтың пайда болуының шарттары, қызметтері, түрлері

      Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы

      Нарықтық құрылымды қалыптастырудағы мемлекеттің ролі

      Нарық экономикадағы қазіргі басымдылықтары мен кемшіліктері

      Қазақстан Республикасындағы нарықтың  қалыптасу және даму стратегиясы

Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, әрбіреуі үш тараудан тұратын 2 бөлімнен, Қорытындыдан және Қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

1 Нарық- қоғамның экономикалық өмірінің негізі

 

1.1  Нарық ұғымы, нарықтың мәні, ерекшеліктері

Бүкіл тарихтың өн бойында әрбір қоғам мынадай бір іргелі экономикалық проблемаға тап болып отырды: ресурстары шектеулі осынау дүниеде нені өндіру, қалай және кім үшін өндіру керек? ХХ ғасырда бір – бірімен бәсекелес екі экономикалық жүйе орталықтандырылған үкімет басқаратын әміршілдік экономика және жеке іскерлікке  негізделген рыногтық экономика бұл сауалға бір – бірімен мүлдем кереғар 2 түрлі жауап берді. Бүгінде орталықтандырылған,әміршілдік экономикалық пішім, жер – жаһанның қай бөлігінде ірге тепсе де,тұрақты экономикалық өсімді баянды ете алмайтыны,гүлденудің белгілі бір деңгейіне қол жеткізе алмайтыны,тіпті өзі азаматтардың экономикалық молшылықта тұруына жағдай жасай алмайтыны айдан анық болып отыр.

Сөйтсе де нарықтық эконоиканың әртүрлі қоғамдарда айтарлықтай табысқа жеткеніне қарамастан,осынау балама экономикалық жүйенің іргелі принциптері мен механизмдері көптеген адамдарға белгісіз,яғни бұлыңғыр күйінде қалып отыр.Бұлай болуының бір себебі мынада, нарықтық экономика дегеніміз идеологиялық емес, адамдар мен қоғамдардың экономикалық молшылықта тұруына бағытталған әдістер мен қалыптардың уақыт сынынан өткен біртұтас жүйесі.Нарықтық экономика-әркімге  ыңғайлы бола  алады, бірақ ол жеке  бас бостандығының  іргелі  принциптеріне: тұтынушының бәсекелес  көптеген қызметті  өнімдер мен көрсетілетін өнімдер ішінен өзіне қолайлысын таңдап алып,өндірісшінің жаңа  бір іс бастауына, не бұрыңғы  ісін ұлғайтуға, сөйтіп соған байланысты  тәуекелге барып, оның зейнетін көру бостанғына, қызметкерлердің жұмыс немесе мансап жолын таңдап алу, кәсіподаққа кіру немесе жұмыс  беруші біреуден басқасына  ауысу  бостандығына  негізделген.Нарықтық механизмді ең жалпы түрде экономикалық негізгі мәселелерін шешу мақсатында өндірушілер мен тұтынушылардың нарық арқылы өзара әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады.

                   Нарық дегеніміз не?Басында нарық дегенді әр түрлі тауарларды сатумен байланысты жұртқа жария орын ретінде түсіндірді.Қоғам дамыған сайын,нарық ұғымы да өзгеріп отырды.Қазіргі дамыған қоғамды нарық деген міндетті түрде сатышулар мен сатып алушылар кездесіп,келісім жасайтын орын емес.Қазіргі заманда саудагер теледидар арқылы жарнама бере алады,сатып алушылармен тікелей байланыспай–ақ,олардың тапсырыстарын телефонмен жинап,тауарларды пошта арқылы жібере алады.Нарық – қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде оқшауланған өндірушілердің арасындағы үстемдік етуші және анықтаушы байланыс әдісі ретінде көрінеді.

                  Нарық бұрын-соңды біздің елде терең зерттелмеген.Себебі нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады.ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым – экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ.Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.

                  Нарық – бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі)

                  Нарық – бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы.Нарық – тауарларды сатып алу – сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы.

Нарық –белгілі  жүйе, әрі айырбас нәтижесімен жағдайына  немесе  өндіріс  факторына қарай  өндірістік  қатынастарды  қысқарту, шаруашылық субъектілерін  байланыстырушы ұйым.

Нарық — тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы.

Нарық — сатушы мен сатып алушы арасындағы тауарды өткеру жайлы қатынастар жүйесін көрсетеді.

              Осы көзкарастың әркайсында жеткілікті аргумент келтірілген және нарықтық қатынастардың объективті нақтылығын көрсетеді, бірак мәселенің тек бір жағын ашады. Осы анықтамалардағы ортақ пікір: нарықты өндірістің емес, айырбас саласының категориясы ретінде қарап, нарықтық қатынастырдың субъектісіне сатушы, сатып алушы және тұтынушылар жатқызылады. Тауар қатынасының дамыған түрі мен сауда делдалының болған кезіндегі оның нәрсе, сатушы мен сатып алушы нарықтық қатынаста мүдде әртүрлі субъекті болып табылады. Белгілі жағдайдың бірі тауар -ақша, нарық байланыстары сату-сатып алу аспектісімен ғана шектелмейді.Бастау,айырбас пен айналыс аясының қатынасынан бастамайды, ол өндірістік қатынастан басталады және өнім сол жерде өндіріліп, экономикалық байланыстар туындайды. Сөйтіп өндірілген өнім қай кезде тауар болып, қандай нақты түрде тауарлы — акша қатынасы болатындығы айқындалады.

Нарық іс-әрекетінің саласын тек айырбаспен шектеу, оның бәсекелестікпен шығын минимумын төмендетуте, өзара пайдалы өндірістік байланыстарды құру сияқты сапалы қасиеттерінен айырады. Демек, нарық пен нарықтық қатынастар жоқ өндіріспен салыстырғанда, тауарлы өндірісті тиімді көрсететін жоғарыдағы іс-әрекеттер екендігі  аян.

Келтірілген анықтамалар дәлелді болғанымен,олар проблеманың бір жағын ғана қамтиды.Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе – ол нарықты өндірістің емес,айырбастың категориясы,нарықтық қатынастардың субъектісі - өндірушілер мен тұтынушылар деп көрсетілді.Тауар өндірісі жағдайында нарықтық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиды.Кәсіпкерлер де, еңбеккерлер де,соңғы тұтынушылар да,қарыз капиталының,бағалы қағаздардың иелері де,т.б. көреді.

                Нарық қоғамдық тұтынушылар мен өндірушіледі байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттік ұлы жетістіктерінің бірі деп есептеледі.Бірақ нарық механизмі кәсіпкелік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды.Ал бұл меншіктің әр түрлі формалары және әр түрлі тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін,бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз,өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазартады,оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретін қолайлы жағдай жасайды.Бұдан нарықтың қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.

Нарықтық экономика мына басымдылықтарға ие:

1.      Ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі;

2.      Өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді;

3.      Тұтынушылармен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрекет ету бостандығын қамтамасыз етеді;

4.      ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа технологиялары,әдістерін енгізу үшін жасауға көмектеседі;

5.      Өндірушілерді адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасын арттыруға бағыттайды.

Сонымен бірге нарықтық механизмнің елеулі қайшылықтары да бар.Оларға әлеуметтік жіктеулі,әлсіздерге,әсіресе банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік,жұмыссыздықтың болуы жатады. Реттелмейтін таза нарықтық экономика адамның еңбек ету,білім алу,табыс табу сияқты әлеуметтік – экономикалық хұқтарына кепілдік бермейді.Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді.Мемлекет бағаны реттеу,салық жүйесі негізінде табысты қайта бөлу,бюджет шығындарының есебін жұмысшыларды қайта мамандандыру,оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік қамту жүйесі арқылы нарықтық экономиканың қысымын жұмсартады.

Нарық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін,еңбек ресурстарын,еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді.Бірақ көп қаржы уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды,өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды қамтамасыз ете алмайды.Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық ғылыми – техникалық саясаты мен экономиканың көмегінсіз,ірі кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.

      Сонымен, нарықтық экономика кемшіліктеріне мыналар жатады:

1.      Табыс алуға кепілдік бермейді;

2.      Толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді;

3.      Қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;

4.      Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталадырады;

5.      Ұжымдық пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді дамытуды қамтамасыз етпейді.

                     Нарықтық экономиканың әрекет ету жиынтығында нарық жүйесін құрайтын оның белгілі бір элементтерінің болуын көздейді.

                 Нарықтық экономиканың бірінші әрі маңызды элементі - өндірушілер мен тұтынушылар.Олар еңбектің қоғамдық бөлінуі процесінде,біреулері тауар өндіріп,басқалары оны тұтынған кезде қалыптасады.Тұтыну жеке өзіндік және өндіруші болып бөлінеді.Жеке тұтыну кезінде тауарларды өндіріс сферасынан шығарып,олар халықтың жеке қажеттілігін қанағаттандыру үшін пайдаланылады.

Информация о работе Нарық құрылымы