Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 19:50, курс лекций
«Қаржы» түсінігі ақша түсінігімен тығыз байланысты. Бірақ, қаржы мен ақша ұғымдарының мағыналары тамырлас болса да, бұл екеуінің анықтамасы екі түрлі.
«Қаржы» термині ХІІІ-ХҮ ғасырларында, ең ірі сауда орталықтарының бірі болған Италия жерінде пайда болған. Ұғым «ақшалай қатынас» түсінігімен дәлме - дәл келеді. Осы мағынасына байланысты қаржының келесідей белгілері пайда болды:
Халықаралық қаржы менеджментінің міндеті – ішкі және сыртқы нарықтан қаржы ресурстарын тарту шартын оңтайландыру. Ішкі және сыртқы көзден қаржы тарту құны мен тәуекелділігі аса маңызды. Таңдау жасау көбінесе негізгі құралдарға сүйенеді: своп пайызы, форворд пайызы, опцион пайызы, коллар келісімінің пайызы, валюталық форвард, валюталық своп, тартылған құрал.
Корпорациялық ақша ағымын реттеудің екі бағыты бар:
ТҰК ағымдық ақша ағымының қозғалысын арттырудың мынандай әдістері бар:
Негізгі мақсат корпорацияның өзіне қажетті ресурстарды тез арада тарту. Ақшаның кірім ағымын арттыру және интенсификациялау үшін келесі әдістерді қолдану қажет:
Неттинг – клирингпен синонимдес, өзара ақшалай талаптарды есептеу ретінде анықталады. Неттинг ақша қаражатын орталықтан басқару үшін бірнеше еншілес компанияның біріккен күшін жүзеге асыру. Неттингтің артықшылығы:
Трансферттік бағаны құрудың міндеті – компанияның жалпы мақсаты мен әр бөлімшесінің мақсатының сай келуін қамтамасыз ету. Бір мемлекеттің ішінде қолданылатын трансферттік бағаға ішкі фактор әсер етеді. Ал бірнеше мемлекетте орналасқан бөлімшелер арасындағы жасалған мәміле бойынша трансферттік бағаға сыртқы фактор әсер етеді. Бұл жағдайда ТБ мемлекеттік реттеу факторы негізінде құрылады: салықтық пайыз, кеден бажы, валюталық бақылау.
ТБ құрылуына еншілес компания орналасқан мемлекеттің салық салу деңдейі негізгі рөл атқарады. Яғни жоғарғы салық салынатын елде ТБ төмендету керек, ал салықтық жеңілдік бар елде жоғарлату керек. Тағы бір фактор – баға саясаты – бұл кеден саясатының ерекше түрі. Корпорация кеден баж мөлшерінің ТБ деңгейіне кері пропорционалдық байланыс қағидасына жүгінеді. ТҰК мақсаты шоғырланған пайданы өсіру үшін салық базасын азайту. ТБ құру саясатының екі бағыты бар: