Лекции по "Экономике"

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 19:50, курс лекций

Описание работы

«Қаржы» түсінігі ақша түсінігімен тығыз байланысты. Бірақ, қаржы мен ақша ұғымдарының мағыналары тамырлас болса да, бұл екеуінің анықтамасы екі түрлі.
«Қаржы» термині ХІІІ-ХҮ ғасырларында, ең ірі сауда орталықтарының бірі болған Италия жерінде пайда болған. Ұғым «ақшалай қатынас» түсінігімен дәлме - дәл келеді. Осы мағынасына байланысты қаржының келесідей белгілері пайда болды:

Работа содержит 1 файл

Дәрістер .doc

— 621.50 Кб (Скачать)

 

Негізгі материал:

 

Латунь

Алюминий

 

Кезең басындағы  запас

5000*1,20=6000

5000*2.60=13000

 

Кезең соңындағы  запас

6000*1.20=7200

1000*2.60=2600

 

Сомасы

8670

5810

14480


Өндірістік  үстеме шығындар:

Көмекші материал (айнымалы)                 30 000

Жанама еңбекақы (айнымалы)                 70 000

өзге де төлемдер (айнымалы)                   25 000

Энергия (айнымалы)                                 8 000

Энергия (тұрақты)                                     1 000   

Қызмет көрсету (айнымалы)                    20 000

Қызмет көрсету (тұрақты)                        4500 

Амортизация                                              25000

Мүлік салығы                                            4000

Меншікті сақтандыру                               500

Бақылаушылардың еңбекақысы               20000

Барлығы                                                      208 000

Коммерциялық  шығын:       

Комиссиондық (айнымалы)                          20000                                         

Жарнама                                                        3000

Сауда жұмысшыларының еңбекақысы (айнымалы)       10000

Көлік шығындары                                                              5000 

Қызметкерлер  еңбекақысы                                                10000

Көмекші материалдар (айнымалы)                                   1000

Барлығы                                                                              49000

Талап етіледі: Негізгі бюджетті осы кезеңге  құру керек№

Шешуі:

  1. Сату бюджеті құру

Өнім

Сұраныс, б

Баға, б

Сату көлемінің  сомасы

Майлы насос

     

Отын дық  насос

     

Барлығы

     

 

Сату бағдарламасы жоспарланған сату көлемі мен сату бағасын көрсетеді. Бағдарламада жиынтық  табыс болжанады және сатып алушыдан келіп түсетін түсім бағаланады. әкімшілік шығындар қарастырады. Сату бағдарламасы өзге бағдарламалардың негізі болып табылады. Себебі барлығы сату көлеміне байланысты болады.

  1. Өндіріс бюджеті
 

Майлы

Отын

Жоспарланған  сату көлемі

   

Дайын өнімнің  соңғы қалдығы

   

Жалпы тұтыну

   

Дайын өнімнің  бастапқы қалдығы

   

Өндірістік  бағдарлама

   

Өндірістік  бағдарлама сандық көрсеткіштер бойынша  құрылады. Ол өндіріс басшыларының жауапкершілігіне жүктеледі. Бағдарламаның  мақсаты тұтынушылардың сұранысын  қанағаттандыратын өндіріс көлемімен қамтамасыз ету.

  1. Негізгі материалдар бюджеті.

Өнім

Өндіріс бағдарламасы

Материалдар

 

Латунь

Алюминий

Норма

Қажеттісі

Норма

Қажеттісі

Майлы

         

Отын

         

Қажеттілік, кг

Материалдық соңғы  қалдығы

Бастапқы қалдығы

Жалпы қажеттілік, сатып алу

Материалдың бағасы

Материалды  сатып алу шығыны

       

 

  1. Жұмыс уақытын бюджеттеу.

Өнім

Өндіріс бағдарламасы, б

Еңбек сыйымдылығы, б/сағ

Жалпы еңбек  сыйымдылығы, сағ

Сағаттық мөлшерлеме, тг/сағ

Еңбек шығындары

Майлы

         

Отын

         

Барлығы

         

 

Стандарттық өнім өндіретін кәсіпорындар бір өнімді өндіруге кететін шығынды анықтай отырып, осының негізінде жалпы еңбек шығынын анықтайды.

Жекелеген тапсырыс бойынша жұмыс істейтін ұйымдарда  жұмыс уақытын жоспарлау қиын болады. Сондықтан еңбек шығынының  сметасы тапсырып кітабы бойынша жоспарланады.

  1. Өндірістік үстеме шығындарды жоспарлау.

Айнымалы өндірістік үстеме шығындар: көмекші материалдар, жанама еңбекақы, өзге де төлемдер, энергия, қызмет көрсету шығынының айнымалы бөлігі.

Тұрақты өндірістік үстеме шығын: шығынды бөлу пайыздық мөлшерлемесі, энергия, қызмет көрсету, амортизация, мүлік салығы, меншікті сақтандыру, бақылаушының еңбекақысы.

Негізгі еңбек  сағатының жалпы саны

ӨҮШ бөлудің  жалпы мөлшерлемесі

Өндірістік  үстеме шығындарды жоспарлау өндіріс  көлеміне қатысты тұрақты және айнымалы шығындарды талдау арқылы үстеме шығындардың сметасын көрсетеді.

  1. Өнім бірлігінің өзіндік құнын және дайын өнімнің қалдығын жоспарлау бюджеті

Баптар

Майлы

Отын

Негізгі материалдар

Латунь

Алюминий

   

Еңбек шығыны

   

Өндірістік  үстеме шығын

   

Өнімнің өзіндік  құны

   

Дайын өнімнің  қалдығы

   

Қалған дайын  өнімнің өзіндік құны

   

 

  1. Сатылған тауардың өзіндік құнының бюджеті

Негізгі материал

Бастапқы запастар

Сатып алу

Материалдарды пайдалану

Еңбек шығыны

Өндірістік  үстеме шығын

Өндірілген  өнімнің өзіндік құны

Дайын өнімнің  бастапқы қалдығы

Сатылған дайын  өнім

Соңғы қалған дайын  өнім

Сатылған өнімнің  өзіндік құны

Шығын деңгейін бақылау үшін материалдық шығын  мен үстеме өндірістік шығынды біріктіре  отырып смета құрады. Бұл смета 12 айға бөлінеді және ай сайын іс жүзіндегі шығын сметамен салыстырылып отырады.

  1. Коммерциялық және әкімшілік шығындар бюджеті.

Коммерциялық  шығындар: комиссиондық, жарнама, сауда  жұмысшыларының еңбекақысы, көлік шығыны, қызметкерлер еңбекақысы, қосымша материалдар.

Әкімшілік шығын: еңбекақы, өзге шығындар.

  1. Пайда бюджеті.

Сату

Сатылған тауардың өзіндік құны

Жиынтық табыс

Операциялық шығын

Операциялық пайда.

  1. Смета құру орталығы – сметалық бақылау жүйесін қалыптастыру мақсатында құрылған нақты айқын ұйымдастыру бөлігі болып табылады. Ұйымдастыру шегінде әрбір қызмет смета құру орталығына сәйкескелу қажет. Мұндай орталықты анықтау үшін басқарушының жауапкершілігіне назар аудару қажет. Басқарушы өз орталығы туралы ақпаратты алып отыру қажет. Смета кезеңі – бюджетті құру кезеңі. Кезеңнің ұзақтығы бизнестің табиғатына байланысты болады. Көптеген компаниялар смета мерзімін 12 аймен алады, ал бақылау мақсатын ай, кварталға бөледі. Сметалық бақылау жүйесімен танысу үшін мынаған назар аудару керек:
  • негізгі орындаушылар өз жауапкершілігін алды ма?
  • Компанияның ұзақ мерзімдік міндеттемелері айқындалды ма?
  • Ұйымдық сызба құрылды ма?
  • Ұйымдық сызба бойынша әр бөлімнің жауапкершілігі мен құзыреті айқындалады. Содан соң ұйым смета орталығына бөлінуі қажет. Әрбір басшы өз сметасын құра отырып, өз бөлімі туралы ақпарат алып отыру керек.
  • Жоспарлық-қаржылық комиссияның құрылғанын;
  • Тектейтін факторлардың анықталғандығын.

Жоспарлық-қаржылық комиссия – компанияның негізгі  секментін құрайтын жоғарғы білікті  мамандардан тұрады. Олардың міндеті  – нақты сметаны қабылдай отырып, бағыт беру қажет. Жоспарлық-қаржылық комиссия смета құруға жетекшілік ететін менеджерлерді тағайындау қажет. Ол жеке бюджетті компанияның ортақ бюджетіне бағыттау қажет. Жоспарлық-қаржылық комиссияның қызметі мынандай:

  • бюджет құру саясатын және оның негізгі бағыты туралы хабар беру;
  • шектеулі факторды анықтау,
  • сату бағдарламасын даярлау;
  • бюджетті бастапқы даярлау,
  • жоғарғы басқарушымен бюджетті талқылау,
  • қарастырылған бюджетті бағыттау және талдау;
  • бюджетті соңғы рет қабылдау;
  • соңғы рет қабылданған бюджетті талдау және түзетулер енгізу.

Смета жасау  бойынша жетекшілік бюджетті даярлау  және пайдалануға байланысты жазба  жазу тәртібі мен нысаны, қызметкерлердің  жауапкершілігін реттейтін тұрақты  бекітілген ережені айтамыз.

Бюджетті құрудың  екі түрі бар: үздіксіз және кезеңдік.

Үздіксіз бюджетті құру. Бюджетке инфляция үлкен әсер етуі мүмкін. Бюджет бір жыл бұрын  құрылады. Алайда бірінші бақылау  кезеңінің соңында бюджеттің  қалған кезеңіне инфляция әсерін қайта  қарастыра отырып, толықтыру жасау  қажет. Осылайша үздіксіз бюджет кезең сайын қарастырылып отырады. Үздіксіз бюджетті құру тұрақты болып табылады.

Кезеңдік бюджет құру. Кезеңдік бюджеттің мерзімі  шектеулі болады. Ол бір жылға немесе 3 айға құрылуы мүмкін. Кезеңдік бюджет іс жүзінде жиі қолданылады.

  1. Өзгермелі смета – шектеусіз тұрақыт және айнымалы арқылы икемді өндіріс көлемін өзгертетін бюджет. Жауапкершілік орталығы бойынша есеп бақылау мақсатында өзгермелі бюджетті қолданады. Өзгермелі бюджет негізінде іс жүзіндегі шығын бюджетпен салыстырылады. Өзгермелі сметаны құрудың негізгі тұстары:
  • алдын ала есептелген өндіріс көлемі негізінде кезеңнің басында өзгермелі бюджет қалыптастырылады;
  • кейін ол іс жүзіндегі өндіріс деңгейіне сәйкес өзгертіледі;
  • нәтиже іс жүзімен салыстырылады.

Өзгермелі бюджетті қолдану қызметтің әр түрлі деңгейінде шығынды болжауға, іс жүзіндегі нәтижесімен салыстыруға мүмкіндік береді. Өзгермелі бюджетті құру механизмі компаниядағы жағдайды жеңілдетеді. Бақылау мақсатында өзгермелі бюджет қолданылса, онда іс жүзіндегі нәтиже өзгермелі бюджетпен салыстырылады, оның ауытқуы есептеледі. Ауытқудың мынандай себептері бар:

  • негізсіз қойылған мақсат - ішкі және сыртқы жағдайға байланысты
  • қызметтің нашар көрсеткіштерінің болуы – реттелетін және реттелмейтін болады.
  • кездейсоқ ауытқу;

 

Тақырып 13. Ұзақ мерзімдік қаржылық жоспарлау

 

Дәріс сұрақтары:

1.   Қаржылық  стратегияның және тактиканың  түсінігі

2  Қаржы менеджментінің  жоспарлау саясатының  мәні және  маңызы

1.   Қаржылық стратегияның және тактиканың  түсінігі

Кәсіпорынның  нарықтағы жағдайы өзгеріссіз қалып отыр. Ерте ме, кеш пе бәсекелестер пайда болады. Сондықтан да кәсіпорынның үнемі дамып отыруы оның экономикалық өмір  сүруінің қажетті шарты болып табылады. Даму жоспары тек аз уақытта ғана емес, ұзақ мерзімді перспективаға да жасалады. Сондықтан да қаржылық менеджмент кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жасай отырып, бірқатар сұрақтарға  жауап беруі керек.

Информация о работе Лекции по "Экономике"