Кәсіпорынның айналым қаражаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 10:19, курсовая работа

Описание работы

Қоғамымыз “Қазақстан – 2030” стратегиясында ұзақ мерзімді мақсат ретінде нарықтық экономиканы дамытуға негізделген экономикалық өсу, денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әл-ауқаты мен жағдайын көтеру салаларын дамытуды алдына қойған. Қазақстан әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногынын шын мәнінде ажырағысыз да серпінді бөлігіне айналуы үшін біз бірнеше міндеттерді шешуіміз тиіспіз. Ол міндеттерді бірі-экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп , ұстап тұру емес, оның өсуін басқару. Экономиканың тұрақты дамуы бізге реформалардың әлеуметтік бағытталығын күшейтуге мүмкіндік береді.»-деп айтып кеткен еді Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010ж. Қазақстан халқына арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында. /1, 4-5 б/

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. Кәсіпорын аҚШАЛАЙ қаражаттар АЙНАЛЫСЫН басқарудың теориялық негіздері
1.1 Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың мәні ............................5
1.2 Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы ...................................11
1.3 Кәсіпорынның айналым қаражаттарының айналысы ................................17
1.4 Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері ..........................................21
2 КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ (“АСТАНА ТРЭЙД ИНТЕРНЭШНЛ” АҚ МЫСАЛЫНДА)
2.1 Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдау ....................24
2.2 Кәсіпорынның айналым капиталындағы жоспарлық
қажеттілігін анықтау ..........................................................................................27
3. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Айналым қаражаттарын қолдану тиімділігі ................................................36
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................42

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның айналым қаражаттары Арай АЭК 2011-0.doc

— 478.50 Кб (Скачать)

     Акционерлік қоғамдардың  қаржылық жағдайын талдау кәсiпорынынң шаруашылық қызметiн талдаудың  қорытындылаушы кезеңi болып табылады. Және де ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндiрiс және өткiзу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндiрiстiк және қаржылық қызметтi ұйымдастырады. Кәсiпорынның қаржылық қызметi – бұл оның осы қызмет нәтижесiнде меншiктi және тартылған капиталдың көлемi мен құрамына өзгерiс әкелетiн қызметi. Ол қаржы ресурстарының жүйелi түрде өз уақытымен түсуi мен тиiмдi пайдаануына, есеп және несие тәртiбiн сақтауға, меншiктi және қарыз қаражаттарының арасындағы ара қатынастың рационалдығына, сондай-ақ кәсiпорынынң тиiмдi қызмет етуi мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткiзуге бағытталуы тиiс.

     Акционерлік қоғам қаржысын ұйымдастырғанда  қаржылық, өндiрiстiк және коммерциялық қаржылардың арасында тығыз байланыс пен өзароа тәуелдiлiк бар. Осылайша қаржылық қызметтiң жетiстiгi, көбiнесе оның өндiрiстiк сату көрсеткiштерiмен анықталады.

     Жалпы экономикалық негiзде кәсiпорынның және корпорацияның қаржысын тиiмдi ұйымдастыру қағидасы сол корпорацияның  мақсаты мен мiндеттерiмен тiкелей  байланыста болады.   Өйткенi қабылданған  корпорацияның қаржылық жағдайы және қаржылық саясатының құрылымына қарай корпорация өзiнiң қаржыларын ұзақ және қысқа мерзiмде ұйымдастыруды жүзеге асырады. Корпорацияның қаржылық ұйымдастыру қағидаларына келесiлердi жатқызуға болады:

  • Коммерциялық шаруашылық есеп (қаржылық қызмет саласындағы дербестiк, өзiн-өзi өтеу, өзiн-өзi қаржыландыру, қаржы-шаруашылық қызметтiң қорытындысына ынталылық, оның нәтижелерi үшiн жауаптылық, кәсiпорынның қызметiне бақылау жасау);
  • Жоспарлылық және жүйелiлiк;
  • Меншiктiң барлық нысандарының теңдiгi;
  • Қаржы резервтерiнiң болуы.

     Коммерциялық  есеп – корпорациялардың шаруашылық-қаржы қызметiн жүргiзудiң негiзге алынатын қағидасы және басты әдiсi. Коммерциялық есеп қағидасы кәсiпорынға оның қызметi үшiн, оның жарғылық капиталын құрайтын қажеттi негiзгi және айналым құралдары тұрақты пайдалануға бөлiп берiлетiнiн блдiредi. Бұл қағида шығындарды шаруашылық қызметiнен алынған табыспен өлшеудi табыс алуды талап етедi.

     Өзiн-өзi өтеушiлiк –  шаруашылық жүргiзудiң негiзiн қалаушы қағидасы, ол корпорацияның өз өнiмiн немесе көрсетiлген қызметiнiң өткiзуден түсетiн түсiм ақша есебiнен оны өндiру мен және жеткiзiлiм жөнiндегi бүкiл шығындарды өтеудi бiлдiредi. Өзiн-өзi өтеушiлiктiң төменгi шегi – залалсыздық, яғни кiрiстер мен шығыстардың сандық түрдегi теңдiгi. Егер корпорацияның өзiн-өзi өтеушiлiк қағидасы iске аспай, ол ұзақ уақытқа созылатын болса, онда корпорация банкрот деп жарияланады.

     Өзiн-өзi қаржыландыру -  нарықтық экономика жағдайында корпорациялардың шаруашылық қызметiнiң табысты болуының мiндеттi шарты. Бұл қағида өнiм өндiру мен корпорацияның өндiрiстiк-техникалық базасын ұлғайту жөнiндегi шығындардың толық өтелуiне негiзделедi, ол әрбiр кәсiпорын өзiнiң ағымдағы және күрделi шығындарын меншiктi көздерi есебiнен жауып отыру қабiлетiн бiлдiредi. Қаражаттардың уақытша жетiспеушiлiгi кезiнде оған деген қажеттiлiк банктiң қысқа мерзiмдi несиелерi мен коммерциялық несие есебiнен және ұзақ мерзiмдi несиелер есебiнен қамтамасыз етiлуi мүмкiн. Ал бұл несиелер өз мерзiмi жеткенде корпорацияның қарамағындағы алынған пайдалардан өтеледi.  

  ҚОРЫТЫНДЫ 

  Елбасының 2009 жылдың 28 ақпанындағы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына  Жолдауында: «Бәсеке қабілеттілік─ Қазақстанның әлемдік экономика мен қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Сондықтан да өткен жылдың өзінде біз жалпы қазақстандық жобамызды тұжырымдап, оны іске асыруды қолға алған болатынбыз. Бұл─ біздің әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елінің қоғамдастығына қарай жедел жылжуымыздың және оның тұрақты мүшесі ретінде Қазақстанның тұғырнамасын нығайту» деген /1, 5-6 б/. Осы орайда кәсіпорындардың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесі олардың айналым қаражаттарын қолданудың, басқарудың тиімділігін жоғарылату мәселесімен тығыз байланыстылығына көз жеткізуге болады.

  Кәсіпорынның  айналым капиталын басқару механизмін жетілдіру отандық экономика дамуының қазіргі сатысында өндірістің экономикалық тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторларының бірі болып табылады. Әлеуметтік-экономикалық тұрақсыздық және нарықтық инфраструктураның өзгермелілігі жағдайында  қаржылық менеджердің ағымдық күнделікті жұмысында ақшалай қаражаттарын басқару маңызды орынды алады, себебі осыдан кәсіпорынның  сәтті және сәтсіз өндірістік-коммерциялық операцияларының себебін байқауға болады. Ақшалай қаражаттарының жеткіліксіздігі жағдайында үнемді қолдану қазіргі кезде әрбір кәсіпорын қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Айналым қаражаттарының үнемі қозғалысы өндіріс пен айналыс үрдісінің үздіксіздігінің негізі болып табылады.

  Айналым капиталына мыналар кіреді: дайын өнім, тауарлы- материалдық қорлар  ақшалай қаражаттар және дебиторлық қарыздар.

  Берілген  жұмыста мен арнайы әдебиет көздерін қолдана отырып, кәсіпорынның ақшалай  қаражаттарының экономикалық мәні анықталған.

        Ақша ағындарын басқарудың негізгі мақсаты-келіп түскен және төленетін ақша қаражат көлемін баланстау арқылы, фирманың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

        Кәсіпорынның қаржылық жағдайын  бағалау үшін келесі көрсеткіштер  маңызды болып келеді:  тауарларды (жұмыс, қызмет, өнім) сатудан табыс; табыс; ақша қаражаттар ағыны. Бұл көрсеткіштердің динамикасының бір жыл аралығында өзгеруі, оның белгілі бір уақыт (жыл, тоқсан, ай) аралығындағы жұмысының нәтижесіне байланысты болады. Егер, төлемсіздік орын алған жағдайда кәсіпорынның әр түрлі қызметтерден түсетін ақша қаражаты бірінші маңыздылықты иеленеді. Егер ақша ағынының түсуі шығыннан жоғарыласа, онда кәсіпорын ағындағы және перспективасының дамуына әсер ететін бәсекелестік қабілетке ие болады. Бұл дегеніміз уақытша бос ақша қаражатын бизнес салаларына сала отырып пайда табу. Ал егер кәсіпорын пайда табатын болса,  онда оның төлем қабілеттілігі жоғары деңгейде болады.

  Ақша  қаражат ағыны- бұл кәсіпорынның жоспарланған немесе есеп беру период аралығында жинақталатын және төленетін  ақшалай қаражат көлемі болып табылады.

  Ақша  қаражат ағынын басқару келесі аспектілерді қосады:

  - Қаражат қозғалысын есепке алу;

  - Барлық қаражат ағынын талдау;

  - Ақша  қаражат қозғалысын бюджеттік  құру;

  - Ақша қаражат қозғалысын бюджетін  қолдануға бақылау

     Практикада ақша ағынын есептеудің екі әдісі қолданылады – тікелей және жанама. Тікелей әдіс – бұл қаржыгер және бухгалтерлерге -  экономистерге таныс, қарапайым есептеу процедурасы болып табылады.        Жанама әдіс ақша қаражаттарының өзгеруімен алынатын қатынасын анықтауға мүмкіндік береді.

  Ақшалай қаражаттарды тиімді басқару жүйесі қаржы менеджметінде  қаржылық циклды есептеумен, ақшалай қаражаттардың  қозғалысын талдаудан, ақшалай қаражаттарды болжамдаудан құралады.

  Ақшалай қаражаттарға қорларды басқару теориясында жасалған және ақшалай қаражаттар көлемін оптимизациялауға мүмкіндік беретін модельдер қолданылуы мүмкін. Ол келесілерді бағалау болып табылады:

  • ақшалай қаражаттар және оларды эквиваленттердің жалпы көлемін;
  • есептесу шотында ақшалай қаражаттардың қай үлесін ұстау, ал қай үлесін тез өтімді бағалы қағаздар түрінде үстау қажет екенін;
  • қашан және қай мөлшерде ақшалай қаражаттар және тез өтімді активтердің  өзара трансформациясын жүргізу қажет екенін.

  Ақшалай қаражаттарды басқаруда қаржылық цикл ұзақтығын анықтау маңызды орын алады. Қаржылық цикл, немесе ақшалай қаражаттың айналым циклы деп ақшалай қаражаттың айналымнан бос болатын уақытын айтамыз.

  Берілген  бағыттар бойынша жұмыстың тәжірибелік  бөлімін орындау барысында келесідей  ұсыныстар жасадым:

  -кәсіпорынның материалдар қорын азайтуы және өнімді өткізу бойынша маркетингтік саясатты қайта қарауы керек.

  -көрсеткіштер  жүйесінің көмегімен кәсіпорынның  айналым қаражаттарын басқару  әдістемесі ойлап табылған;

  -банктің  қысқа мерзімді несиесін тарту  тиімді емес;

  -өндірісті  ұйымдастыруды жетілдіру бойынша  шаралар айналымдылықтың жеделдетілуіне  және қосымша қаражаттардың босап  шығуына әкеледі.

  Жалпы қарайтын болсақ, кәсіпорынның айналым  қаражаттарын басқару бойынша жағдайы  нашар емес, дегенмен де осы деңгейде тоқтап қалмай, айналым қаражаттарын басқарудың тиімділігін жоғарылату  бойынша шараларды  жалғастыру қажет.   
 
 

  ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  
  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқына Жолдауы  «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан».  Астана, 2008ж. 28 ақпан // Егемен Қазақстан, 1 наурыз 2010ж
  2. Жүйриков К.К.: Финансы предприятий в условиях рынка.-Алматы, 2003, 64-65б.
  3. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. –Алматы: Экономика. 2004– 230 б.
  4. Ефимова О. В. Анализ оборотных активов организации. //  Бухгалтерский учет – 2009г. - №10 – б.47-53.
  5. Литвин.И.И Как определять плановую потребность предприятия в оборотных средствах // Финансы. - 2010. - N 10. - б.10-13.
  6. Нестеров В.О. , Карпенко С.Н. Финансовый анализ и учет.-М.: Финансы и статистика, 2009.- 180б
  7. Ковалев В.В. Финансовый анализ. Управление капиталом. Анализ отчетности.-М.: Финансы и статистика, 2009.– б34 - 38.
  8. Павлова Л.Н.  Финансовый  менеджмент  в предприятиях и коммерческих  организациях.  Управление  денежным  оборотом. -  М.: ИНФРА-М, 2007. – 392б
  9. Рубченко М., Агеев С. и др.  Искусство  управлять  деньгами // Эксперт. - 2010г - N6 - б 17 - 29.
  10. Стоянова Е.С., Быков Е.В., Бланк А.И.   Управление оборотным капиталом. - М.: Изд-во "Перспектива", 2008. - 128с.
  11. Фащевский В.М.  Об анализе оборотных средств //Бухгалтерский учет. - 2010г - N2 – б 80 - 81.
  12. Хомидов А. У. Анализ бухгалтерского баланса // Аудит и финансовый анализ. – 2009г. – №1 – б5-24.
  13. Чурилов С. В. Анализ собственного оборотного капитала // Бухгалтерский учет. – 2010г. - №11 – б76-78
  14. www.egemen.kz

Информация о работе Кәсіпорынның айналым қаражаттары