Кәсіпорынның айналым қаражаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 10:19, курсовая работа

Описание работы

Қоғамымыз “Қазақстан – 2030” стратегиясында ұзақ мерзімді мақсат ретінде нарықтық экономиканы дамытуға негізделген экономикалық өсу, денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әл-ауқаты мен жағдайын көтеру салаларын дамытуды алдына қойған. Қазақстан әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногынын шын мәнінде ажырағысыз да серпінді бөлігіне айналуы үшін біз бірнеше міндеттерді шешуіміз тиіспіз. Ол міндеттерді бірі-экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп , ұстап тұру емес, оның өсуін басқару. Экономиканың тұрақты дамуы бізге реформалардың әлеуметтік бағытталығын күшейтуге мүмкіндік береді.»-деп айтып кеткен еді Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010ж. Қазақстан халқына арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында. /1, 4-5 б/

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. Кәсіпорын аҚШАЛАЙ қаражаттар АЙНАЛЫСЫН басқарудың теориялық негіздері
1.1 Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың мәні ............................5
1.2 Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы ...................................11
1.3 Кәсіпорынның айналым қаражаттарының айналысы ................................17
1.4 Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері ..........................................21
2 КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ (“АСТАНА ТРЭЙД ИНТЕРНЭШНЛ” АҚ МЫСАЛЫНДА)
2.1 Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдау ....................24
2.2 Кәсіпорынның айналым капиталындағы жоспарлық
қажеттілігін анықтау ..........................................................................................27
3. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Айналым қаражаттарын қолдану тиімділігі ................................................36
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................42

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның айналым қаражаттары Арай АЭК 2011-0.doc

— 478.50 Кб (Скачать)

  Айналым қаражаттарының құрамы дегеніміз айналыстық өндірістік қорлар мен айналым қорларын құрайтын элементтердің жиынтығы болады.

  Айналым қаражаттарының элементтері болып  мыналар табылады: шикізат, негізгі  материалдар мен сатып алынатын жартылай фабрикаттар, қосымша материалдар, жағармай, жөндеу жұмыстарына арналған құралдар, құрал-саймандар, шаруашылық инвентарь және тағы басқа аз құнды және тез тозатын нәрселер, аяқталмаған өндіріс және өздері дайындаған жартылай фабрикаттар, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнім, жеткізілген тауарлар, ақшалай қаражаттар, дебиторлар, және тағы басқасы.

  Жоспарлау, есептеу және талдау тәжірибесінде  айналым капиталы келесі ерекшеліктер бойынша сыныпталады:

  1) Өндіріс процесіндегі функционалдық  рөліне байланысты – айналыстық  өндірістік қорлар және айналым  қорлары;

  2) Бақылау, жоспарлау және басқару  тәжірибесіне байланысты – қалыпқа  келетін және қалыпқа келмейтін айналым қаражаттары;

  3) Айналым қаражаттарының қалыптасу  көздеріне байланысты – меншікті  капитал және қарыздық айналым  капитал;

  4) Өтімділігіне (ақшалай қаражаттарға  айналу жылдамдығына) байланысты  – жоғары өтімді қаражаттар, тез  өтімді айналым қаражаттары және баяу өткізілетін айналым қаражаттары;

  5) Капиталды салу тәуекелінің дәрежесіне  байланысты – салымдардың минималды  тәуекелі бар айналым қаражаттары,  салымдардың аз тәуекелі бар  айналым қаражаттары, салымдардың  орташа тәуекелі бар айналым  қаражаттары, салымдардың жоғары тәуекелі бар айналым қаражаттары;

  6) Есеп стандарттары мен кәсіпорын  балансында көрсетілуіне байланысты  – қорлардағы айналым қаражаттары,  дебиторлық қарыз, қысқа мерзімді  қаржылық салымдар, ақшалай қаражаттар, тағы басқа айналым активтері;

  7) Материалдық-заттай мазмұнына байланысты  – еңбек құралдары, дайын өнім  мен тауарлар, ақшалай қаражаттар, шоттардағы қаражаттар. /4/

  Айналым қаражаттарының құрылымы деп айналым  қаражаттарының жалпы соммасындағы элементтердің арасындағы қатынасты атайды./2/

  Айналым қаражаттарының құрылымы мен құрамы экономиканың әр түрлі салаларында  бірдей емес. Олар өндірістік, экономикалық және ұйымдастырушылық тәртібіндегі көптеген факторлармен анықталады.

  Сондықтан өнеркәсіптік кәсіпорындарға  қатысты  негізгі ерекшелік олардың айналым қаражаттарында тауарлы-материалдық құндылықтар қорлары мен дебиторлық қарыздың көн бөлікті алатыны болады./5/

    Айналым қаражаттарын ұйымдастырудың  негізгі қағидаларының бірі болып  нормалау табылады. Бұл қағиданы  жүзеге асыру меншікті айналым қаражаттарының қажетті көлемін экономикалық дәлдікпен анықтауға және соның арқасында  өндірістік және төлем-есептік қызметтерді табысты орындау үшін қолайлы жағдайды туғызуға мүмкіндік береді.  Айналым қаражаттарын нормалаудан бас тарту болып табылатын жағымсыз қате тәжірибе – төлем – есептік тәртіптің дағдарыстық жағдайының себептерінің бірі.

  Айналым қаражаттарын дұрыс ұйымдастырудың маңызды қағидасы оларды қатаң мақсатты бағыттылығы бойынша қолдану  болып табылады. Шығындарды, шаруашылықсыз негіздегі шығыстарды жабу, ссудалар бойынша жоғарғы банктік пайыздарды төлеу, салық төлемдерін бюджетке аудару үшін өндірістік айналыстан авансталған  айналым қаражаттарын бөліп алу арқылы бұл қағиданың бұзылуы төлем-есептік тәртіптің дағдарысына, бюджетке салық төлемдері бойынша, еңбек ақы бойынша жұмысшылар мен қызметкерлер алдындағы, жеткізілетін дайын өнім мен шикізат үшін жабдықтаушылар алдыңдағы қарыздардың өсуіне әкелді.

  Айналым қаражаттарын ұйымдастырудың негізгі  қағидасы олардың сақталуын қамтамасыз ету, рационалды пайдалану мен айналымдылығын жылдамдату болып табылады. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын  ұйымдастыру статистикалық мәліметтер, жедел және бухгалтерлік есеп негізіндегі зерттеулер мен ревизия арқылы қолдану тиімділігі мен сақталуына жүйелі бақылауды қамтиды.

  Көптеген  кәсіпорындардағы айналым қаражаттарына  деген жеткіліксіздік себептерінің бірі шикізат келіп түсуінің тұрақты  болмауы болып табылады. Бұл шикізатты  тұтынудың тәуліктік нормасынан кейде 30-50 есе көп сатып алуына әкеп соғады. Яғни көптеп төлеу орын алады, сондықтан, көп айналым қаражаттар қажет./6/

  Кәсіпорын айналым қаражаттарын талдау жүйесінде  негізгі орынды олардың ағымдық  жағдайын және пайдалану интенсивтілігі мен экстенсивтілік көрсеткіштерін зерттеу болып табылады. 

  

           

    

    
 
 
 

    

  

  

  

  

     

    

  

    

    

    

  

  

  

  

  

    

  

    
 
 
 
 

  Сурет 2. Кешенді экономикалық талдау жүйесінің  схемасы

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  Сурет 3.  Айналым капиталын талдау 

  Капитал жағдайын, қозғалысын және оның қызметінің нәтижелігін бейнелейтін коэффиенттерді есептеу кезінде қолданылатын баланстық әдістер қаржылық бухгалтерлік есеп мәліметтеріне негізделеді. Бұл жағдай ақпаратты қолданудың нақтылығы жағынан маңызды болып келеді, өйткені кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде оның мүліктік, қаржылық жағдайы мен қызметінің ақшалай көрінісіндегі нәтижелері бойынша мәліметтер құқықтық және шоттық позициясынан жүйелі және нақты көрініс табады.

  Кәсіпорын қызметінің шаруашылығында ағымдық  активтердің барлығы тұтынылмайды. Ақшалай қаражаттар кәсіпорынмен тікелей тұтынылмайды, ал орнына тауарлар мен қызметтер алуға болады. Қысқа мерзімді қаржы салымдары қаржы нарықтарында айналатын және кәсіпорын қызметінің барысында тұтынылмайтын еркін ақшалай қаражаттар болып табылады. Сондықтан оларды басқару операциялық менеджментке жатқызылмайды, бірақ ақшалай қаражаттарды басқаруға қатысты болады. Ағымдық активтерді  ақшалай қаражаттар мен қысқа мерзімді қаржы салымдарының соммасына азайтып, операциялық менеджмент компетенциясына жататын активтер бөлігін көрсететін таза ағымдық активтерді аламыз. Сонда ағымдық пассивтерді (АП) қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар (ҚҚ) мөлшеріне азайтады және таза ағымдық пассивтер немесе жұмыс капиталы пайда болады.

  АП – ҚҚ = ЖҰМЫС КАПИТАЛЫ                             ( 1 )

  Ақшалай қаражаттар, қысқа мерзімді қаржылық салымдар, қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар несие позициясында ескеріледі. Несиелік позиция –  кәсіпорын қызметін қаржыландыру үшін қолданылатын тартылған несиелердің  нақты соммасын көрсететін мөлшер.

  Айналым қаражаттарының айналымын жылдамдату олардың өндірістік циклінің барлық кезеңдерінде орналасқан уақытына байланысты болады. Айналымның жылдамдауының маңызды резервтері қоймаларда іріктелетін өндірістік қорларды сақтау кезеңінде жинақталған. 

  1.2 Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы 

     Айналым қаражаттары - бұл кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың өндірістік қорларының бір өндірістік айналымда түгел тұтынылып және өзінің құнын дайындалатын өнімге толық көшіретін бөлігі. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.

     Айналым қаражаттарының құрылымы деп барлық жиынтығындағы олардың бөлек  элементтерінің арақатынасын айтады. Кәсіпорындардағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны  жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды.

     Кәсіпорында айналым қаражаттарының құрылымы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен  өзгеріп отырады. Әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражатының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы, өндірістік сипаты мен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т.б. байланысты болады.    

     Айналым қаражаттары 2 бөлімнен тұрады:

     өндірістік  айналым қорлары;

     айналыс қорлары; 

Кесте-1 Айналым қаражаттары 

Айналым қорлары Айналыс қорлары
өндірістік  запастар Аяқталмаған өнадіріс Болашақ кезең  шығындары Қоймадағы дайын  өнімдер Жөнелтілген, бірақ  ақысы төленбеген тауарлар Есептеулердегі  ақша құралдары Ақша және т.б. қаражат айналымы
Жоспарланған Жоспарланбаған
 

    Өндірістік  айналым қорлары- өндірістік процессте  бір рет қолданылады және өзіндік  құнын толығымен өндіріетін өнімге аударады. Өндірістік айналым қорлары  өнеркәсіптегі айналым қорларының ең негізгі бөлігі болып табылады. Олар барлық айналым қорларының өнеркәсіпте 70%, машина өндіру мен мелалл өңдеуде 80% аса бөлігін құрайды.

    Өндірістік  айналым қорларына шикізат, негізгі  және қосымша материалдар, комплекттік  бұйымдар, өндірісте аяқталмаған  өнім, отын, тара және басқа еңбек құралдары.

    Өндірістік  айналым қорлары мынадай топтарға бөлінеді:

  • Өндірістік запастар. Оларға- шикізат, негізгі материалдардың, отынның, қосалқы бөлшектердің қалдығы, бағасы 100 тенгеден кем құнсызданғыш және тозғыш заттар, арнайы құрал- саймандар жатады.
  • Аяқталмаған өндіріс. Оның ішінде өз ішінде шығарылған жартылай дайын өнімдер.
  • Болашақ кезеңдердің шығындары- жаңа өнімдерді әзірлеуге және игеруге еткен шығындар.

     Айналыс қорлары- запастағы дайын өнімдер, әлі бағасы төленбеген, бірақ жөнелтілген тауарлар, есептеу құралдары және кассадағы ақша қорлары. 

     Сонымен, айналым қорлары-бұл өндірістік айналым қорлары мен айналыс  қорларын құруға арналған, кәсіпорынның ақша қорлары.

     Кәсіпорынның  айналым капиалының құрылымы әр түрлі  себептерге байланысты үнемі өзгеріп отырады. 

      Мысал: Кен өндіру өнекәсібінің айналым қаражаттарының құрылымы

Кесте-2

Айналым қаражаттарының элементтері Олардың үлестері,%
1

2 

3 

4

5

6

7

Өндірістік  запастар

Аяқталмаған өндіріс және өзіндік өндірістегі  жартылайфабрикаттар

Болашақ кезеңдер шығындары.

Айналым қорлары (п.1+п.2+п.3).

Қоймадағы дайын өнімдер.

Жөнелтілген, бірақ ақысы төленбеген тауарлар.

Есептеулердегі  ақша құралдары.

Банк  мекемелеріндегі шот есептеріндегі  және кассалардағы ақша қорлары.

Айналыс қорлары (п.4+п.5+п.6+п.7).

Айналым қаражаттары

57

17 

8

82

5

7

4 

2

18

100

Информация о работе Кәсіпорынның айналым қаражаттары