Кәсіпорынның айналым қаражаттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 10:19, курсовая работа

Описание работы

Қоғамымыз “Қазақстан – 2030” стратегиясында ұзақ мерзімді мақсат ретінде нарықтық экономиканы дамытуға негізделген экономикалық өсу, денсаулық сақтау, білім беру, халықтың әл-ауқаты мен жағдайын көтеру салаларын дамытуды алдына қойған. Қазақстан әлемдік тауарлар, қызметтер, еңбек ресурстары, капитал, осы заманғы идеялар мен технологиялар рыногынын шын мәнінде ажырағысыз да серпінді бөлігіне айналуы үшін біз бірнеше міндеттерді шешуіміз тиіспіз. Ол міндеттерді бірі-экономиканың тұрлаулы дамуын жай қамтамасыз етіп , ұстап тұру емес, оның өсуін басқару. Экономиканың тұрақты дамуы бізге реформалардың әлеуметтік бағытталығын күшейтуге мүмкіндік береді.»-деп айтып кеткен еді Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев 2010ж. Қазақстан халқына арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында. /1, 4-5 б/

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
1. Кәсіпорын аҚШАЛАЙ қаражаттар АЙНАЛЫСЫН басқарудың теориялық негіздері
1.1 Кәсіпорынның айналым қаражаттарын басқарудың мәні ............................5
1.2 Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы ...................................11
1.3 Кәсіпорынның айналым қаражаттарының айналысы ................................17
1.4 Айналым қаражаттарын қалыптастыру көздері ..........................................21
2 КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ (“АСТАНА ТРЭЙД ИНТЕРНЭШНЛ” АҚ МЫСАЛЫНДА)
2.1 Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайын талдау ....................24
2.2 Кәсіпорынның айналым капиталындағы жоспарлық
қажеттілігін анықтау ..........................................................................................27
3. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
3.1 Айналым қаражаттарын қолдану тиімділігі ................................................36
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................40
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................42

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның айналым қаражаттары Арай АЭК 2011-0.doc

— 478.50 Кб (Скачать)

  Ескертпе  – 2010 жылдың 1 қаңтары  бойынша “Астана  Трэйд Интернэшнл” АҚ қаржылық есептемесінен  алынды. 

  Осы есепті кезеңге кәсіпорын мүлігінің  жалпы көлемдегі айналым активтерінің үлесі 87.75 %-дан 91.53 % -ға дейін (тармақтың 3.78 %) өсті, ал айналымнан тыс активтердің үлесі, керісінше, 12.25 %-дан 8.46 %-ға (тармақтың 3.79 %) кеміді, бұл кәсіпорын активтерінің осы есептік кезеңге өткен жылғымен салыстырғанда айналымының аздап  жеделдеуі туралы мәлімдейді. /12, 180б/

  1. Материалдық қор. Есептік кезеңге  қор 4107 мың теңгеге өсті,  толықтай материалдар қорының ұлғаюы есебінен 4186 мың теңгеге (6103 мың теңгеден  10289 мың теңгеге дейін) өсуінен болды. Барлық талдау кезеңдерінде кәсіпорын өндірістік базаны ұлғайтуды жалғастыруда және өндірістік қызметтің ерекшелігі болып табылса да, бұл айналым қаражатының айналуына теріс ықпал етеді. Дайын өнімнің саны ширекке жуық -23.75 % (320 мың теңгеден    244 мың теңгеге дейін) қысқарды. Кәсіпорынның қоймадағы дайын өнім қорының төмен деңгейін қолдайды, себебі негізінде жеке тапсырыспен (былғарының түрі мен фактурасына сатып алушы тапсырыс береді) жұмыс істейді.

  Жаңа  құрал-жабдықты игеру шығындары  мен өнімнің жаңа түрлерін өндіру (алдағы кезең шығындары) 3 мың теңгеге  қысқарды, бұл оң өзгеріс болып  саналмайды. Сатып алуға қосымша құн салығының 4 есе (311 мың теңгеден   1135 мың теңгеге дейін) өсуі, дұрысында, материалдарды сатып алумен байланысты.

  Айналым активтері құрылымындағы есепті кезеңге қордың үлесі тармақтың 14,09 % (62,33 %-дан 76,42 %-ға дейін) көбейді, бұл  теріс өзгеріс, ол айналым активтерінің барынша неғұрлым өтімсіз нысанға ие болуын білдіреді және бұл олардың айналымының баяулауына әкеп соғуы мүмкін.

  Материалдық қор құрылымында есепті кезеңге  мынадай өзгерістер болды. Материалдар  үлесі (тармақтың 15.57 %) өсті және дайын өнімдердің үлесі (тармақтың 1.31 %) кеміді. Егер кәсіпорын жыл сайын өндірістік базаны ұлғайта түссе, бұл өнеркәсіптің саналы саясаты және осы жерде теріс тенденция деп санауға болмайды. Қоймадағы дайын өнімдердің аздап азаюы дебиторлық берешектің (айналым активтерінің үлесінде 16.95 %-ға) елеулі қысқаруымен жүреді, бұл оң тенденция және алаңдатушы қаржының босатылуы туралы хабарлайды. Аяқталмаған өндіріс және тиелген тауарлар, алдыңғы есепті кезеңдердегі тәрізді, теңгерімде жоқ.

  2. Дебиторлық берешек. Кәсіпорынның айналым активтерінде, өткен кезеңдерде сияқты, тек қысқа мерзімді дебиторлық берешек бар. Есепті кезеңге ол 3593 мың теңгеден 2064 мың теңгеге (1,5 млн. теңгеге) өсті. Бір жағынан алғанда, бұл оң тенденция және дебиторлық борыш есебінде алаңдататын қаржының жоқтығын және олардың айналымға қайтарылуы туралы дәлелдейді, осының салдарынан айналым қаражатының өтімділігі артады. Келесі жағынан алғанда, бұл өнімге сұраныстың төмендеуі және оны өндірудің көлемі мен өткізуі туралы айта алады.

  3. Қысқа мерзімді қаржылық салымдар. Осы есепті кезеңге, өткен кезеңдерде де, қысқа мерзімді қаржылық салымдардың көрсеткіші жоқ. Осыдан кәсіпорын тек өндіру қызметімен айналысуды жалғастыруда және өз капиталын инвестицияламайды деген қорытынды шығаруға болады.

  1.Ақша  қаражаттары. Талдау кезеңіне  ұйымның ақша қаражатының жалпы  сомасы 55 мың теңгеге (14-тен 69 мың  теңгеге) өсті. Бұл өзгеріс жалпы  жағдайға байыпты әсерін тигізбесе  де (ақша қаражатының үлесі 1 %- дан аз болса – айналым қаржысының  жалпы көлеміндегі төмен көрсеткіш) оң деп бағаланады. Ақша қаражаты үлесінің өсуі айналым капиталының өтімділігі мен оның айналуының  аздап арттыруы тиіс. Кәсіпорын инвестициялаумен айналыспайтындықтан ( қысқа мерзімді қаржылық салымдары жоқ) бұл өзгеріс оң деп бағаланады. /13, 34-38б/

  2007 жылдан 2010 жылға дейінгі кезең  бойы қордың жалпы мөлшері  (3291-ден 13317 мың теңгеге дейін)  артты, бұл материалдар қорын  (3202-ден 12940 мың теңгеге дейін)  тұрақты артуының салдарынан  болды (сурет 3-ті  қараңыз), осы  кезеңде айналым активтеріндегі материалдық қорлардың үлесі (32,48 %-дан 75,72 %-ға) артты. Талдау кезеңіне дайын өнімнің көлемі (719-дан 221 мың теңгеге) кеміді, бұл өнім қарқынының төмендеуі туралы мәлімдейді.    2008 жылдың басына дайын өнімнің өсуінің (2102 мың теңгеге дейін) артуын атап өтуге болады, бұл қордың жалпы өсімінен көрінді. Материалдық қордың мөлшері шамамен 4 есе, ал олардың үлесі – 2,5 есеге жуық артты. Бұл айналым активтерінің неғұрлым өтімсіз нысанға ие болуын көрсетеді және бұл кейін олардың айналымының баяулауына әкеледі. /15, 88б/ 

  

  Жыл басында 

  Сурет 6. Қорлардың  абсолютті мәндерінің серпіні 

     2007 жылдан 2010 жылға дейін дебиторлық  борыш мөлшерінің өзгеруі кему  жағында болды. Кәсіпорынның айналым  активтерінде тұтас талдау кезеңінде тек қысқа мерзімді дебиторлық борыш бар, бұл оң деп бағаланады және ұйымның өткізу саясатымен анықталады. 4 жыл ішінде дебиторлық борыш тұтас алғанда оның өзгеруі циклдық сипатта болса да, 5911-ден (2007 жылдың басына) 1158 мың теңгеге (2010 жылдың соңына) кеміді (сурет 4-ті қараңыз). Айналым қаражатының жалпы көлемдегі дебиторлық борыштың үлесі де (59,97 %-дан 6,77 %-ға кеміді). Дебиторлық берешектің азаюы қаражаттың айналымға қайтарылуы мен оны қолданудың тиімділігі туралы, сатып алушылармен есеп-қисап кезеңінің қысқартылуы мен өткізу саясатының жақсаруын дәлелдейді, бірақ осы жағдайда өндірістің төмендеуі мен нарықта сұраныстың азаюы салдарынан дайын өнімді өткізудің төмендеуін және айналым қаражатына қатысты сол кәсіпорынның тиімсіз шаруашылық саясатын білдіреді /16, 17-29б/

    «Астана Трейд Интернэшнл» АҚ-нің  айналым қаражатындағы кажеттілік  есебі кесте-8 берілген. 
 

  Кесте-8

  2010 жылға арналған «Астана Трейд  Интернэшнл» АҚ-ның айналым 

  құралдарына қажеттілікті есептеу   

  Көрсеткіштер   2009ж.   2010ж. Абсолюттік өзгерістер (+,-)
  1. Қорлардың орташа қалдығы,мың теңге. 10591 13317 +2726
  2. Дебиторлық қарыздың орташа қалдығы,    мың теңге. 2064 1158 -906
  3. Кредиторлық қарыздың орташа қалдығы, мың теңге    7276 10326 +3050
  4. Айналым активтеріне қажеттілік, мың теңге (1+2-3) 5379 4149 -1230
  5. Сатудан түскен кіріс, мың теңге 98666 96848 +182
  6. Сатудан түскен кіріске айналым активтерінің қажеттілігі,  %-бен (4/5*100) 5,4 4,3 - 1,1

  Ескертпе  – 2010 жыл  бойынша “Астана Трэйд  Интернэшнл” АҚ қаржылық есептемесінен алыны, құрастырылды. 

  Кесте-8-нің  деректері бойынша, 2010 жылға қордың 2726 мың теңгеге және кредиттік  берешектің 3050 мың теңгеге өсуі салдарынан, ұйымның айналым активтеріндегі қажеттілігі 1230 мың теңгеге кемуі  тәрізді, орташа дебиторлық берешек 906 мың теңгеге азайды. Бұл «Астана Трейд Интернэшнл» АҚ-нің айналым активтерін басқару саласында айналым қаржатын мөлшерлеу тәжірибесін жүргізуде екенін дәлелдейді. /18, 193б/ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

  3. КӘСІПОРЫННЫҢ АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТАРЫН  БАСҚАРУ СТРАТЕГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ 

  3.1 Айналым қаражаттарын қолдану тиімділігі 

     Кәсіпкерлік қызметтің және оның қаржы жағдайының тиімділігін арттыруға бағытталған  шаралар жүйесінде басты орынды айналым қаржылары рационалды қолдану  сұрағы туындайды. Қаншалықты кәсіпорынның қаржылық жағдайы айналым қаржыларыне тәуелді болса, соғұрлым корорация айналым қаржыларын тиімді қолдану және ұйымдастыруға ынталы болып келеді.

     Айналым қаржыларын тиімді қолдану сипаты өз кезегінде экономикалық көрсеткіштер жүйесінен құрылады, әсіресе олардың негізінің бірі айналым қаржыларының айналым жылдамдығы көрсеткіші болып табылады.

     Айналым қаржыларының айналым жылдамдығы экономиканың өнеркәсібі, өндіріс және қызмет көрсету  салаларында әр түрлі деңгейде болып  табылады. Мысалы, ауыр өнеркәсіп және машина жасау салаларында капиталдың айналым мерзімі ұзақтау болады. Ал жылдамдығы шапшаң айналым қаржылары салалары тамақ және шикізаттық салалар болып табылады. Қазіргі шетелдік инвестициялардың 80%-ы шикізат бағытына бағытталуының себебі осы шикізат саласына салынған өндірістік инвестициялардың қайтарымы және өнімі жылдам, әрі нақты, яғни бұл салаларда айналым қаржыларының айналым жылдамдығы жоғары болады.

     Корпорациялардың  айналым қаражаттары – бұл  өндірістік және өнімді өткізудің үздіксіз процесін қамтамасыз ету  мақсатымен өндірістік айналым капиталдары мен айналыс капиталдарын жасау және пайдалануға авансыланған ақша жиынтығы. Кәсіпорындардың айналым қаражаттарын қалыптастырудың көздері келесілер болып табылады: табыс немесе пайда,  кредиторлық берешектер, банктік және коммерциялық несиелер.

     Корпорациялардың  коммерциялық қызметі вексель жүзінде  жасалады. Вексель – бұл айналым қаражаттарын молықтырудың нағыз қөзі, анағұрлым арзан несие болып табылады.

     Жалпы кәсіпорын деңгейінде айналым қаржыларын талдап, оның тиімділігін анықтау тұрақты дамудың кепілі екені белгілі. Айналым қаржыларының күн бойынша бір айналым ұзақтығы келесі 1-ші формуламен есептелінеді.

           О = С: Т / Д     (1)

     Мұндағы, С – айналым қаржыларының қалдығы;

                 Т – тауарлы өнім көлемі;

                 Д - қарастырылған кезеңдегі күндер саны.

      Кәсіпорынның  айналым қаржыларының айналым жылдамдығы қалыптастырудың бірден-бір жолы айналым қаржыларын қоданудың тиімділігін арттыру болып табылады. Айналым қаржыларындегі айналым коэффиценті келесі 2-ші формула арқылы анықталады:

      К0 = Т / С    (2)

      Мұнда коэффицент неғұрлым жоғары болған сайын  соғұрлым айналым қаржыларды қолданудың тиімділігі артады. Активтердің айналымдағы ауыртпалығы (Кз) айналым коэффицентіне кері жағдай болып отыр:

      КЗ = С / Т   (3)

      Сондай-ақ осы аталған әдістерден басқа кәсіпорынның пайдаларының негізінде қалыптасқан айналым қаржыларының қалдығы немесе үстеме пайдасы басты көрініс табуы мүмкін.  Айналым қаржыларын тиімді қолдану көптеген ішкі және сыртқы факторларға байланысты.

      Қазіргі таңда кәсіпорынның айналым қаржыларының өзгерісі негізгі факторларын қалай қолданғанына байланысты. Оларға төлем қабілетіндегі дағдарыс, салық жағдайының деңгейң, банктік несиелердің жоғары пайыз қойылымы. Осы аталған жағымсыз факторлардың кері әсері қаржылардың айналым жылдамдығын баяулатады. Енді осы корпорация айналым қаржыларыне әсер ететін факторларды жинақтап келесі суреттен көруге болады: 

     Көзі:  Бочаров В.В. Корпоративтные финансы.

     Сурет-7–  Айналым қаржыларыне әсер ететін факторлар 

     Корпорациялардың  айналым қаражаттары – бұл  өндірістік және өнімді өткізудің үздіксіз процесін қамтамасыз ету  мақсатымен өндірістік айналым капиталдары  мен айналыс капиталдарын жасау  және пайдалануға авансыланған ақша жиынтығы. Кәсіпорындардың айналым қаражаттарын қалыптастырудың көздері келесілер болып табылады: табыс немесе пайда,  кредиторлық берешектер, банктік және коммерциялық несиелер.

     Сонымен қатар, кәсіпорының айналым қаржыларын басқарудың негізі айналым қаржыларын тиімді қолдану мен пайдалану әдістерін анықтау болып табылады. Оның іске асуын келесі суреттен көре аламыз:  
 

       

       

     

       
 

      Көзі:  Бочаров  В.В. Корпоративтные финансы.

     Сурет-8–  Айналым қаржыларын басқарудың тиімділігін анықтау 

     Мұндағы айналым қаржыларының жылдамдығын  анықтауда белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның салынған капиталдарының қайтарылуы және үстеме пайда әкелу аралығы сипатталады, яғни осындай ұдайы ұлғаймалы өндірістен неше айналым болғандығын сипаттайды. Егер неғұрлым айналым қаржыларының айналу жылдамдығы көбірек болған сайын, соғұрлым олардың экономикалық қызметінің тиімділігі көрініс табады және бұл өнімге сұраныс та арта береді.

Информация о работе Кәсіпорынның айналым қаражаттары