Кәсіпорындағы еңбекақыны ұйымдастыру

Автор: b***************@bk.ru, 28 Ноября 2011 в 13:42, курсовая работа

Описание работы

Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік-еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................................3
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Еңбек ақының мәні, атқаратын қызметтері және ұйымдастыру қағидалары ........................................................................................................................5
Еңбек ақыны ұйымдастырудың нысандары мен жүйелерінің экономикалық мазмұны ................................................................................................................8
Қазақстан Республикасында еңбек ақыны мемлекеттік реттеу …………...12

2 «ГазҚұрылыс» АҚ ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
2.1 «ГазҚұрылыс» AҚ тарихы мен қызметінің қысқаша сипаттамасы ...............15
2.2 «ГазҚұрылыс» АҚ-нда еңбек ақыны ұйымдастыру ерекшеліктерін
талдау .........................................................................................................................18
3 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың шет ел тәжірибесі ..............................23
3.2 «ГазҚұрылыс» АҚ-нда еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары .....................................................................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорындағы еңбекақыны ұйымдастыру Нархоз 2010-00.doc

— 516.00 Кб (Скачать)

      Мемлекеттің еңбек ақыны аймақтық деңгейде реттеу саясаты территориялық айырмашылықтар мен аймақтық коэффициенттерді белгілеуді анықтаудан тұратыны белгілі, ол негізгі жалақыны толықтырып, әділетті еңбек ақы қағидасын қамтамасыз етеді. Ал жұмыс берушілер мен жұмысшылар рөлі, олар әлеуметтік серіктестік қағидасы негізінде жалақы проблемаларын шешу үшін оларды территориялық өзгешеліктерін біріктіруде жатыр. 2010 жылдағы еңбек ақының жоғары деңгейі Маңғыстау облысында байқалған (44369). Еңбек ақы төлеу бойынша айтарлықтай бөлінетін Атырау облысы (48338 тенге) және Астана, Алматы қалалары (33002 теңге және 32622 теңге). Еңбек ақының төмен деңгейі аймақтарға Ақмола облысы (14954 теңге) және Алматы облысы (15933теңге) жатады.

      Салалық аспектіде еңбек ақы төлеу  өзгешелігінің талдауы тағы да республикада еңбек ақы көлемінің өзгешеліктерінің тенденциясының күшеюін көрсетеді.

     1998-2010 жылдары ҚР-да орташа еңбек ақының 77%-ға өсуі байқалады, сонымен қатар осы кезеңде тауар және ақылы қызметтердің тұтыну бағасы 46%-ға өскен. Бұндай еңбек ақы және баға өсімінің қатынасы еңбек ақының сатып алу қабілеттілігін 27,5%-ға өсіреді.

     Орташа  және минималды еңбек ақы деңгейінің динамикасын, 1998-2010 жылдар өмір сүру минимумының мөлшерін талдау, орташа және минималды еңбек ақы арасындағы, орташа еңбек ақы мен өмір сүру минимумы арасындағы алшақтық жыл сайын өсіп барады, 2010 жылы бұл көрсеткіштер сәйкесінде 5,13 және 3,43-ке дейін жетті.

     Мемлекеттен минималды еңбек ақы мөлшерін белгілеу кедейлікті жоюға кері әсер етеді. Сондықтан, мемлекетке еңбек  ақыны белгілеу жүйесіне мемлекеттік әсер ету шараларына, олардың экономикалық тиімділігіне кері әсер етуін есепке ала отырып, өте мұқият қарау керек.

     Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы жолдауында  еңбек ақы төлеуге үлкен мән берілген.  Онда Қазақстан Республикасындағы барлық бюджет саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің, яғни мұғалімдердің, дәрігерлердің  еңбек ақысы көбейетіні туралы айтылған. Сонымен қатар минималды  еңбек ақыны көбейетінін жеткізген. 2010 жылы бұл айтылғанның бәрі жүзеге асты, минималды еңбек ақы 9200 тенгеге жетті.

     Қазіргі кезде еңбек ақыны белгілеудің  бүкіл жүйесі жеке жұмыс беруші қарамағында. Сондықтан еңбек ақы саласындағы  үрдістер стихиялы сипатта жүреді, ол еңбек ақы жұмыс күшінің  бағасы ретінде өзінің негізгі - ұдайы  өндірістік, ынталандырушы және реттеуші функцияларын орындауды қойды.

     Еңбек ақының ынталандырушы функциясын дұрыс  түсіну үшін оның жұмысшыларға әсер ету  күшінің жолдары мен әдістерін  анықтау үшін келесі жағдайларды  көңілге алудың маңызы зор.

     Еңбек ақы төлеуге пайдаланылатын, өндірілген өнімдегі үлесті көбейту мәселесі ұжымдық шартта еңбек ақының әрбір өскен пайыздық өсімінің көрсеткіштерін белгілеу жолымен де табысты шешілуі мүмкін. Аталған көрсеткіштердің артықшылықтары, олардың өндіріс тиімділігінің өсуі негізінде қосымша өндірілген құнның қай бөлігі жұмысшылардың тұтыну деңгейін жоғарлатуға бағытталғанын санмен анықтай отырып, өндірілген өнімдегі еңбек ақы төлеудің үлесін көтеру мәселесін шешуге жол беретіндігінде.

     ҚР-сы мен РФ-сы экономикасының көптеген факторларының, атап айтқаанда, экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, жұмыссыздықтың болуы, әлеуметтік еңбек қатынастарын реттеудің қолданылмайтын жүйесі екі республикаға да еңбек ақыны жоғарыда келтірілген бағыттар бойынша ұйымдастыруға жол береді.

     Дамыған елдердің тәжірбиесі еңбек ақыны ұйымдастырудың саласындағы мәселелерді шешудің әдістерін көрсетуі мүмкін.

ҚР-да еңбек  ақы азаматтардың игіліктерінің  негізгі көзі және еңбек қызметінің ынтасы болу үшін, менің ойымша келесі міндеттерді шешу керек:

      1) кепілденген минималды еңбек ақыны нақты өмір сүру минимумының деңгейіне дейін сатылап өсіруді жүргізу, ал кейіннен минималды тұтыну бюджетінің деңгейіне, содан кейін үнемді бюджет деңгейіне дейін жеткізу;

      2) кәсіпорын табысын еңбек пен капитал, кәсіпкер мен жұмысшы, пайда мен еңбек ақы төлеу арасында әділ бөлуді белгілеу;

      3) сала, кәсіп және аймақ бойынша минималды және орташа еңбек ақы арасындағы қатынасты, өнеркәсіпте және әлеуметтік аядағы жұмысшылардың еңбек ақысын төлеудегі экономикалық және әлеуметтік анықталмаған дифференциясын қысқарту;

      4) еңбек ақы мөлшері мен құрылымында инфляция қарқыны мен бағаның өсу қарқынын, жұмысшының отбасы құрамын, үй шығындарын, білім беру, медициналық қызметкөрсету, көлік және т.б. әлеуметтік қызмет көрсету шығындарын есепке алу;

      5) салық органдарының, жұмысшының еңбек ақысын мемлекеттік бюджет табысына айналдыруға жол беретін, қолданыстағы заңдардағы кері әсерді жою, еңбеккер адамның еңбек ақысына тимеу керек.

     Әлеуметтік  және экономикалық сұрақтарды шешуде үш тараптың - үкіметтің, кәсіподақтың және жұмыс берушінің келісімі қажет. Бұл міндетті қажеттілік бүгінгі нақтылық. Жүйені жұмыс жалпымен ортақ қабылданған халықаралық нормаларға және стандарттарға, ең алдымен адам құқығының жалпыға бірдей декларациясына, еңбекті халықаралық ұйымдастыру конвенцияларына негізделуі мүмкін. үш жақты келіссөздегі басты міндеттердің бірі – бұл кәсіпорындарда және салаларда ондағы нақты экономикалық жағдайды есепке ала отырып еңбек ақыны өсірудің бағыттарын келістіру.

Өз елінің азаматы, негізгі салық төлеуші бола отырып, әрбір жұмысшы өзінің тікелей жеке меншігі болып табылатын жұмыс күшінің нарықтық құнына сәйкес еңбек ақыны дер кезінде және толық алуға құқылы.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 
  1. «Қазақстан  халқының әл-ауқатын арттыру мемлекеттік  саясаттың басты мақсаты» Н.Назарбаев 2009 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, Ақорда, 2009 ж. 5 ақпан.
  2. “Ең төменгi күнкөрiс деңгейi туралы” Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы заңы // Егемен Қазақстан, 1999 ж. 19 қараша.
  3. “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы заңы // Егемен Қазақстан, 2001 ж, 30 қаңтар.
  4. С.Әкiмбеков, А.С.Баймұхаметова, У.А. Жанайдаров / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2006. – 446 б.
  5. Жұмамбаев С.К.   Еңбек рыногы экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2007 – 171 б.
  6. Рынок труда. Учебник / под. ред. проф. В.С. Буланова и проф. Н.А.Волгина. – М.: МГУ, 1996 г.
  7. Мейiрбеков А. Қ., Әлiмбетов Қ.Ә. Кәсiпорын экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2007. – 252 бет.
  8. Әубәкiров Я. Ә.   Экономикалық теория негiздерi. Оқулық. – Алматы, “Санат”, 1998. – 479б.
  9. Мэнкью Н.Г.  Принципы экономикс.– СПб: ПитерКом, 1999. – 784 с.
  10. Джумамбаев С.К.  Рынок труда в казахстанской экономике. – Алматы: Ғылым, 2009 г.
  11. Берешев С.  Регулирование заработной платы в республике Казахстан. – Алматы: ТОО “Баспа”, 2009 г.
  12. «Қазақстан – 2030 Стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде» // Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 28 ақпан, 2008 жыл.
  13. Журнал // Экономика и права Казахстана, 2009 г. № 10.
  14. Статистический ежегодник. Алматы. – 2009г. – 465 стр.

Информация о работе Кәсіпорындағы еңбекақыны ұйымдастыру