Автор: b***************@bk.ru, 28 Ноября 2011 в 13:42, курсовая работа
Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік-еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады.
КІРІСПЕ .......................................................................................................................3
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Еңбек ақының мәні, атқаратын қызметтері және ұйымдастыру қағидалары ........................................................................................................................5
Еңбек ақыны ұйымдастырудың нысандары мен жүйелерінің экономикалық мазмұны ................................................................................................................8
Қазақстан Республикасында еңбек ақыны мемлекеттік реттеу …………...12
2 «ГазҚұрылыс» АҚ ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
2.1 «ГазҚұрылыс» AҚ тарихы мен қызметінің қысқаша сипаттамасы ...............15
2.2 «ГазҚұрылыс» АҚ-нда еңбек ақыны ұйымдастыру ерекшеліктерін
талдау .........................................................................................................................18
3 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың шет ел тәжірибесі ..............................23
3.2 «ГазҚұрылыс» АҚ-нда еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары .....................................................................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........
4.
Ресурсты-орналастырушы
5.
Төлем қабілеті бар халық
1-сурет
Еңбек ақының атқаратын қызметтері
және ұйымдастыру қағидалары
арасындағы байланыс
Көбінде жалақыны ұйымдастыру қағидаларын атқаратын қызметтерімен бірге қарастырады. Себебі бұл қағидалар қызметтерін жүзеге асыру үшін бағытталған. Әр қағида бір емес бірнеше қызметтерімен байланысты. Бірақта бір басты атқаратын қызметін бөліп көрсетуге болады. Оны орындауға нақты қағида бағытталған. Бұны біз, яғни қағидалардың жалақының атқаратын қызметтерімен байланысын 1 суреттен көрдік.
1.2 Еңбек
ақы нысандары мен
Әр түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда еңбекке ақы төлеудің кең тараған нысандары: кесімдік және мерзімдік .
Кесімді нысаны - өнімнің әрбір
данасына төлем немесе
Кесімді
және мерзімді еңбек ақы төлеудің
нысандарын жүйелі түрде көрсетуге
болады.
Еңбекақының төлеудің жүйелері мен нысандары | |
Кесімді | Мерзімді |
Қарапайым кесімді | Қарапайым мерзімді. Ол: |
Кесімді сый ақылы | а) Сағаттық |
Жанама кесімді | ә) Күндік |
Аккордтық | б) Апталық |
Кесімді үдемелі | Мерзімді сый ақылы |
Жеке дара | Ұжымдық |
Көптеген жағдайларда еңбек ақы төлеудің керекті нысандарын таңдап алған жөн.
Кесімді еңбек ақыны қолдану жағдайлары:
- нақты жұмысшыға байланысты жұмысшының сандық көрсеткішінің болуы.
- орындалған жұмыстарды дәл есептеуге мүмкіндіктің болуы.
- нақты бөлімдегі өнім шығаруды немесе жұмыс атқаруды көбейту мүмкіндіктің болуы.
- нақты өндірістік бөлімшеде жұмысшыларды өнім көлемін немесе атқарылатын жұмыстарды көбейтуге ынталандырудың керектігі.
Кесімді еңбек ақыны қолдану төмендегі жағдайларға әкелсе, онда оны қолдану тиімсіз болады:
- өнімнің сапасының төмендеуіне;
- технологиялық режимнің бұзылуы;
- құрал-жабдықтарды күтудің төмендеуі;
- техника қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы;
- шикізат пен материалдың үлкен шығыны;
Мерзімді еңбек ақыны қолданудың жағдайлары:
- өнім шығаруды көбейту мүмкіндігінің жоқтығы;
- өндірістік процестің қатаң уақыты белгіленген;
- жұмысшының функциясы технологиялық процесті бақылауға негізделген;
- өнім шығаруды көбейту немесе сапасының төмендеуіне алып келеді;
Енді еңбек ақы формасы қолданғанда еңбек ақы қалай анықталатының қарастырайық.
Тікелей кесімді жүйеде немесе қарапайым кесімдіде еңбек өндірген өнімнің бір данасына бағамен төленеді.
Өнімнің бір данасына жеке кесімді баға былай анықталады:
Зед
= Зч х Tн ;
мұнда, Зч - орындалатын жұмыстың разрядына сәйкес белгіленетін сағаттық тарифтік ставка, теңге/сағ.;
Вч - берілген өнімді өндірудің сағаттық нормасы;
Tн - өнімнің бір данасына уақыт нормасы, сағ.;
Жұмысшының жалпы еңбек ақы кесімді бағаны өндірген өнім көлеміне көбейту арқылы анықталады.
Кесімді-сыйақылы жүйеде жұмысшы еңбек ақының тікелей кесімді баға және қосымша сыйақыны алады. Бірақ бұл үшін сыйақы берілетін көрсеткіштер нақты көрсетілуі керек, олар әрбір атқарушыға белгілі болуы шарт. Жұмысқа қайта алынған адамдар осы туралы хабардар болуын қадағалау керек. Және де жұмысты орындағаны және асырып орындағаны үшін сыйақы көлемі белгіленуі керек. Бұлар еңбек өнімділігі көрсеткішінің өсуі; өндіріс көлемінің ұлғаюы; техникалық дәлелденген жұмыстар нормасын орындау және нормаланған еңбек сыйымдылығының төмендеуі; өндірістік тапсырмаларды орындау; стандарттарды, нормативті-техникалық құжаттамаларды қолдану; шикізатты, материалдарды, аспаптарды және тағы басқа материалдық құндылықтарды үнемдеу .
Көрсеткіштер санын
Жанама-кесімді жүйеде жұмысшының еңбек ақысы кесімді жұмысшылар еңбек көрсететін еңбек нәтижесіне тікелей байланысты. Бұл жүйе негізгі емес, көмекші жұмысшылардың еңбек ақысын есептеу үшін қолданылады.
Жанама-кесімді баға Зк
Зк
= Зч / Вчр ;
мұнда, Зч - қызмет көрсетілетін жұмысшының сағаттық тарифтік стафкасы;
Вч - өнімнің данасына байланысты қызмет көрсеттін жұмысшының сағаттық өнім шығару нормасы;
Р - қызмет көрсететін жұмысшылар саны қызмет көрсету нормасы.
Жалпы
табыс жұмысшы ставкасын қызмет көрсететін
кесімді жұмысшылардың қызмет көрсету
нормасының орташа пайызына көбейту
арқылы немесе жанама кесімді бағаны қызмет
көрсетілетін жұмысшылардың нақты өнім
көлеміне көбейту арқылы есептелінеді:
Зжал = Зч
х Фкөм Y / 100 ;
(3)
мұнда, Зжал – жұмыстың жалпы еңбек ақы, теңге;
Зч - жұмысшының жалпы тарифтік ставкасы;
Фкөм – берілген жұмышының нақты істелінген адам-сағат саны;
Y – берілген жұмысшының қызмет көрсетуінің нормасын атқарудың орташа проценті;
Аккоррдтық кесімді еңбек ақыда қолданылып жүрген уақыт нормасы мен бағалау негізінде баға жұмыстың барлық көлеміне белгіленеді (жеке операцияға емес). Еңбек ақының бұл жүйесінде жұмысшыларғы жұмысты атқару уақытын азайтқаны үшін сыйақы беріледі, ал бұл болса еңбек өнімділігінің өсуін күшті ынталандырады, яғни жұмыс көлемі алдын-ала белгіленеді, сол жұмыстың еңбек ақысы алдын ала анықталады.
Кесімді прогрессивті жүйеде жоспардан көбірек жасалған өнімге жоғары расценкалар пайдаланылады. Жұмысшының еңбегі тікелей кесімді баға арқылы атқару нормасы шегінде төленеді, ал норманы асыра орындағанда жоғарлатылған бағамен.
Кесімді прогрессивті жұмысшының еңбек ақысы Зсп қабылданған прогрессивті төлеу жүйеге байланысты (барлық жұмыс көлемі немесе оның бір бөлігін асыра орындау) келесі формуламен анықталады.
Зсп = Pтс+[ Зтс (jн-jбаз)gпр]/jн ; (4)
мұндағы, Зтс – тікелей кесімді бағамен есептелген жұмысшының негізгі еңбек ақысы;
Зтп – жұмыстың бір бөлігіне тікелей кесімді бағамен есептелген кесімді- жұмысшының кесімді еңбек ақысының сомасы.
Jn – жұмысшылардың норманы орындауы,
%;
jбаз – норманың базалық деңгейі, бұдан жоғары болған сайын жоғарлатылған бағамен төленеді, %;
qпр – белгіленген нормадан асыра орындағанын көрсететін коэффициент;
Кесімді прогрессивті еңбек
Еңбек ақының кесімдік формасы нақты бір жұмысшыға, керек десе ұжымға қолданылуы мүмкін.
Мерзімді еңбек ақыда жұмысшы атқарылған уақыт көлеміне байланысты ақша алады, бірақ еңбек қарапайым және күрделі болуына байланысты еңбекті мөлшерлеу керек, бұл тарифтік жүйенің көмегімен іске асырылады. Тарифтік жүйенің құрама элементтері болып табылады:
- тарифтік ставка уақыт бірлігіне байланысты әртүрлі топтағы және категориядағы жұмысшылардың еңбек ақысының көлемі. Бастапқысы болып минималды тарифтік ставка есептелінеді, немесе бірінші разрядтық тарифтік ставкасы. Ол неғұрлым қарапайым еңбектің ақысын анықтайды. Тарифтік ставкалар сағаттық, күндік болуы мүмкін.
- Тарифтік торлар біліктілік деңгейіне байланысты еңбек ақы қатынасына белгілеу мүмкін үшін қолданылады. Бұл тарифтік разрядтардың жиынтығы және соларға сәйкес тарифтік коэффициенттер.Тарифтік коэффициент ең төменгі разрядқа бірге тең. Келесі разрядтағы тарифтік коэффициенттер бірінші разрядқа қарағанда қаншама жоғары екендігін көрсетеді.
Мерзімді еңбек ақының екі жолы бар: қарапайым мерзімді және сыйақылы мерзімді.
Жұмысшының еңбек ақысы қарапайым мерзімді жүйеде Зп берілген разрядтағы жұмысшының тарифтік ставкасының сағаттық (күндік) көрсеткіші ретінде көрсетілеуі:
мұнда, Зм – жұмысшының айлық мерзімдік еңбек ақысы, теңге;
tж – берілген айда график бойынша жұмысшылар сағаттар саны;
t'ж – жұмысшы нақты жұмсаған сағаттар саны
Назарды мынаған аударуды айта
кеткен жөн, шетелдік