Автор: b***************@bk.ru, 28 Ноября 2011 в 13:42, курсовая работа
Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік-еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады.
КІРІСПЕ .......................................................................................................................3
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Еңбек ақының мәні, атқаратын қызметтері және ұйымдастыру қағидалары ........................................................................................................................5
Еңбек ақыны ұйымдастырудың нысандары мен жүйелерінің экономикалық мазмұны ................................................................................................................8
Қазақстан Республикасында еңбек ақыны мемлекеттік реттеу …………...12
2 «ГазҚұрылыс» АҚ ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
2.1 «ГазҚұрылыс» AҚ тарихы мен қызметінің қысқаша сипаттамасы ...............15
2.2 «ГазҚұрылыс» АҚ-нда еңбек ақыны ұйымдастыру ерекшеліктерін
талдау .........................................................................................................................18
3 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың шет ел тәжірибесі ..............................23
3.2 «ГазҚұрылыс» АҚ-нда еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары .....................................................................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........
Соңғы кездерде Батыс Европа
елдерінде жалданушы еңбекті
төлеуде мәнді өзгерістер
Қазіргі уақытта еңбек ақыны ұйымдастыру мемлекеттік реттеуді қажет етеді. Реттеудің келесі себептері бар:
- Қазақстанда жұмысшы күшіне төмен бағаның болуынан себепті;
- Еңбек ақының ең төменгі деңгейін тағайындауда;
- Жұмыссыздық жайлы нақты мәліметтерді көрсететін жұмысшы күшінің ұсынысы мен сұранысын жайлы нарықтың болмауы;
- Еңбек ақының келісім шарт реттеудің тиімді механизмінің жоқ болуы;
- Еңбек ақы төлеудің заңды базасын құрудың толық мәліметінің жоқ болуы;
Қазақстанда еңбек ақыны мемлекеттік реттеудің негізгі бөлігі ол халықаралық нормаларын сақтау. Біріншіден ол халықаралық еңбекті ұйымдастыру Конвенциясына қатысты.
Сонымен №95 Конвенция «Еңбек ақыны қорғау туралы» онда «ақшалай жалақы сол елде заңды күші бар және айналыста болатын ақша төленеді». Кейде жалақыны заттай алады, ол төменгі жағдайларға байланысты:
- бұл заттай төлем жұмысшының және оның жанұясының тұтынуына кетеді.
- бұл төлем заңды және еңбекақыға тең болу керек.
Жұмыс
берушілер қызметкерлердің
Қазақстанда мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары:
- халықты құқықты және әлеуметтік қорғау;
- өмір сүру минимумы сай келетін жалақының минималды деңгейін құру;
- шет ел жұмысшы күшінің кіруін реттейтін шаралар қолдану;
- шаруашылық субъекті жұмысшылар еңбек ақысына тиімді салық салу жүйесін құру;
- зейнетақыны, стипендияны, қосымша төлемді есептеу үшін орнатылған есептеу көрсеткіштері;
- кедейлік сызығын анықтау және халыққа әлеуметтік көмек көрсету;
Мемлекеттік ретеудің қағидалары болып төмендегілер табылады:
- заңнамалық және нормативтік актілер негізінде мемлекеттің еңбек ақыны сатып алу қабілетінің төмендеуін ары қарай болдырмау;
- еңбек ақының ынталандырушы функциясын орындауға мемлекеттік әсерді күшейту;
- макроэкономикалық үрдіске әсер ету;
- еңбек ақының минималды ставкаларын
бекіту;
Сонымен бірге осы кодекс Қазақстан Республикасында еңбек қызметін жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында,заңдарында және ҚР бекіткен халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, ҚР аумағында орналасқан, құрылтайшылары немесе меншік иелері (толық немесе ішінара) шетелдік жеке немесе заңды тұлғалар болып табылатын ұйымдарға қолданылады.
Кодексте жұмыс уақыты түрлері мен ұзақтығы анықталған. Жұмыс уақыты қалыпты, қысқартылған және толық емес болады.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауы керек. Жұмыс беруші әрбір қызметкердің нақты істеген жұмыс уақытының есебінен жүргізугі міндетті.
Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы мынадай уақытқа қысқартылады:
Қызметкер мен жұмыс берушінің келісімі бойынша жұмысқа орналасқан кезде, сондай-ақ жүкті әйелдердің, он төрт жасқа дейінгі баласы бар (он алты жасқа дейінгі мүгедек баласы бар) ата-аналарының (қамқоршысының, қорғаншысының) біреуінің, сондай-ақ медициналық қорытындыға сәйкес отбасындағы науқас отбасы мүшесіне күтім жасайтын адамның өтініші бойынша толық емес жұмыс күні немесе толық емес жұмыс аптасы белгіленуі мүмкін.
Жұмыс уақытының барынша ұзақтығы 36 сағаттық жұмыс аптасы кезінде – 8 сағаттан, ал 30 сағаттық және одан да аз жұмыс аптасы кезінде – 6 сағаттан асыруға болмайды.
Түнгі уақыттағы жұмысқа 22 сағаттан таңғы 6 сағатқа дейінгі уақыт жатады. Жұмыстың ұзақтығы түнгі уақытта бір сағатқа азайтылады.
Ең төменгі жалақы ең төменгі күнкөріс негізіндегі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен Қазақстан Республикасының барлық уақытына белгіленеді.
Қазіргі
уақытта кәсіпорында жалақының
қорын мемлекеттік реттеу ретінде
әлеуметтік салық орын алады.
2 – сурет
Қазақстанда еңбек ақы төлеуді
реформалаудың жолдары
Оны кәсіпорындар, құрылымдық бөлімшелер, ерекше кәсіпорындар, заңгерлер төлейді. Мұнда салық салу объектісі ретінде жұмыс берушінің шығындары, ол табыстың әр түрімен төленеді, төмендегілерді есептемегенде:
-Жұмысшылардың
зейнетақы қорына төленетін
-Кәсіби
оқу үшін мемлекеттік
-Екі
қабат әйелдерге төленетін
-Іс-сапарға төленетін компенсация
-Вахталық жұмыста тұрмыс жайды жалға алуға кеткен шығын
-Дәрігерлік қызмет үшін материалды көмек.
Мүгедектер
жұмыс істейтін арнайы ұйымдарда
мүгедектер үшін әлеуметтік салық төлейді.
2 «ГазҚұрылыс»
АҚ ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІН
ТАЛДАУ
2.1 «ГазҚұрылыс»
АҚ тарихы мен қызметінің қысқаша сипаттамасы
«ГазҚұрылыс» акционерлік қоғамы жекешелендірудің екінші сатысы шеңберінде «Мемлекет иелігінен шығару және жекешелендіру туралы» ҚР Заңына сәйкес «ГазҚұрылыс» өндірістік бірлестігінің негізінде 1994 жылдың 13 мамырында бекітілді. «ГазҚұрылыс» АҚ қызметі Құмкөл кен орнында мұнай өндіру мен өңдеуге негізделген. Өнеркәсіптік пайдалануға кен орны 1990 жылдың мамырында жіберілген.
«ГазҚұрылыс» АҚ бастапқы жарғылық қоры бір акцияның атаулы құны 20 теңгені құрайтын 90959820 теңгені құрады, және ол келесідей түрде үлестірілген:
жарғылық қордың шамасының 10%
артықшылығы бар акция түрінде
қайтарымсыз негізде еңбек
жарғылық қордың шамасының 90% қарапайым акция түрінде мемлекеттік пакетті құрады, ол толық көлемде «Мұнайгаз» Мемлекеттік холдингтік компаниясынының жарғылық қорының иелігіне, пайдалану мен басқаруға жария ету құқығысыз (билік ету құқығысыз) берілді.
Кейіннен, 1995 жылдың 9 маусымындағы мемлекеттік мүлікті басқару бойынша ҚР Мемлекеттік Комитетінің қаулысы негізінде «Мұнайгаз» МХК- дегі мемлекеттік пакеті кері шақырылып мемлекеттік мүлікті басқару бойынша Қызылордалық территориялық комитетке берілді.
«Қараөзек» шаруашылық серіктестігінің құрылтайшыларының хаттамасына сәйкес, мемлекеттік мүлік бойынша ҚР Мемлекеттік комитетінің шешімімен «Қараөзек» ЖШС – і құрылымдық бірлік ретінде заңды тұлға құқықтарында «ГазҚұрылыс» АҚ құрамына кіргізілген. Осыған байланысты Қоғамның жарғылық қорына өзгерістер енгізілген, ол бір акциясының номиналды құны 20 теңге болатын 91460480 теңге мөлшерінде анықталған.
1996 жылдың 15 тамызындағы мемлекеттік
мүлікті басқару бойынша
1996 жылдың 28 тамызында жекешелендіру
бойынша ҚР комитетімен
«ГазҚұрылыс» АҚ өнімі болып мұнай өнімдеріне (бензин, мұнай отыны, мазут, керосин) деген қажеттілікті қамтамасыз етуге бағытталған шикі мұнай табылады.
«ГазҚұрылыс» АҚ- ның келесідей өндірістік құрылымы бар:
Аталған саланың ерекшелігі
Жасап шығарудың басынан
Материалдық базасын күшейту және өмірдің әлеуметтік деңгейін арттыру мақсатында 2003-2010 жылдарға әлеуметтік сфера объектілерінің құрылысы бойынша шаралар жасап шығарылған.
«ГазҚұрылыс» АҚ негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері 1-кестеде көрсетілген.
Кестеде көрсетілгендей, 2010ж. тауарлық өнімнің шығарылуы 2008 жылдағы шығарудың 99,2% -ын құрады, яғни 5191005 мың теңгеден 5150543 мың теңгеге дейін төмендеді. Бұның себебі электроэнергияны бермегендіктен жылдың басында тоқтап қалулардың себебінен шығарылатын мұнай көлемінің төмендеуі табылады. Осылайша, 2010ж. 19944,7 мың тонна, ал 2010ж. 1930,8 мың тонна өндірілді. 2010 жылы 1857 мың тонна мұнай өндіру жоспарланған болатын, ал нақты түрде 1930,8 мың тонна өндірілді, ол жоспарланғаннан 4% жоғары, мұның себебі мұнай өндіру үшін нақты енгізілген скважиналардың саны олардың жоспарлы көлемінен асып түсті.