Автор: b***************@bk.ru, 28 Ноября 2011 в 13:42, курсовая работа
Меншік нысандарының трансформациялануы және әлеуметтік-еңбектік қатынастардың екі жаңа субъектілері – жұмыс берушілер мен жалдамалы жұмысшылардың қалыптасуы сияқты белгілермен сипатталатын Қазақстан Республикасындағы нарықтық өзгерістердің жаңа кезеңі еңбек ақы сияқты көптеген экономикалық категорияларға дәстүрлі қалыптасқан көзқарастарды қайта қарастыруды талап етеді. Сондықтан бүгінгі таңдағы қалыптасқан жағдайларда еңбек ақыны реттеудің нарықтық механизмдерін қалыптастыру проблемасы нарықтық жағдайлардағы еңбек ақының мәнін және оның мөлшерін дифференциациялаудың объективті факторларын анықтау қажеттілігін туындатады.
КІРІСПЕ .......................................................................................................................3
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Еңбек ақының мәні, атқаратын қызметтері және ұйымдастыру қағидалары ........................................................................................................................5
Еңбек ақыны ұйымдастырудың нысандары мен жүйелерінің экономикалық мазмұны ................................................................................................................8
Қазақстан Республикасында еңбек ақыны мемлекеттік реттеу …………...12
2 «ГазҚұрылыс» АҚ ЕҢБЕК АҚЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
2.1 «ГазҚұрылыс» AҚ тарихы мен қызметінің қысқаша сипаттамасы ...............15
2.2 «ГазҚұрылыс» АҚ-нда еңбек ақыны ұйымдастыру ерекшеліктерін
талдау .........................................................................................................................18
3 НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЕҢБЕК АҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Еңбек ақы төлеуді ұйымдастырудың шет ел тәжірибесі ..............................23
3.2 «ГазҚұрылыс» АҚ-нда еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары .....................................................................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ ..........................................................................................................31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........
2010 жылғы жұмыс істейтіндердің саны 1300 адамды құрады, 2009 жылмен салыстырғанда 325 адамға көбейді, және мұнда өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың саны 301 адамға көбейді. Жұмысшылар мен қызметкерлердің санының артуы ҚЖІК мен ЭҚЕПЖЦ, МДҚЦ, ҚҚҰТУ жаңа қондырғыларын енгізумен байланысты жаңа жұмыс орындарын құрумен түсіндіріледі.
2009 жылы НҚ бастапқы құны 2294920 мың теңгені құрады, ал қалдық құны 1644519 мың теңге болды, яғни тозу 650401 мың теңгені құрады. НҚ тозу коэффиценті 28,3%-ға тең болды. 2010 жылы «ГазҚұрылыс» АҚ НҚ құны игерілген капиталы салымдары, оның ішінде жаңа скважиналарды енгізу және құрал-жабдықты сатып алу есебінен 43%-ға өсіп, 3271806 мың теңгені құрады. 2010 жылы НҚ тозу коэффиценті 20,9%-ды құрады, яғни 2009 жылмен салыстырғанда 7,4%-ға төмендеді.
1-кесте. 2009-2010 жж-ғы «ГазҚұрылыс» АҚ негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері
Көрсеткіштер | Өлшем бірлігі | 2009 жыл | 2010 жыл | Ауытқулар
-; + |
2009 ж-ға
2010 ж- ға % |
1. Тауарлық өнім | мың тг. | 5191005 | 5150543 | - 40462 | 99,2 |
2. Мұнай өндіру көлемі | мың тн. | 1944,7 | 1930,8 | - 13.9 | 99,3 |
3. Мұнайдың тауарлық көлемі | мың тг. | 1930,2 | 1914,7 | - 15.5 | 99,2 |
4. Жұмысшылардың саны | адам | 975 | 1300 | 325 | 133 |
оның ішінде ӨӨП | адам | 808 | 1109 | 301 | 137 |
5. Еңбек өнімділігі | мың тг. | 6424,5 | 4644,3 | - 1780 | 72 |
6. Орташа айлық жалақы | теңге | 45756 | 74807 | 29051 | 163 |
7. Негізгі қор құны | мың тг. | 2294920 | 327806 | -1967114 | 143 |
8. Негізгі қорлар тозуы | мың тг. | 650401 | 683807 | 33406 | 105 |
9. Негізгі қордың қалдық құны | мың тг. | 1644519 | 2587999 | 943480 | 157 |
10. Негізгі қордың тозу құны | % | 28,3 | 20,9 | - 7,4 | 73,9 |
11. Қор қайтарымдылығы | теңге | 2,26 | 1,57 | 0,69 | 69,4 |
12. Қор сыйымдылығы | теңге | 0,44 | 0,63 | 0,19 | 143 |
13. Қормен жарақтануы | мың тг. | 2840,2 | 2950,2 | 110 | 104 |
14. Тауарлық өнімнің өзіндік құны | мың тг. | 3103556 | 3607432 | 503876 | 116 |
оның ішінде материалдық шығындары | мың тг. | 2456235 | 2256120 | -200115 | 91,8 |
15. Материал сиымдылығы | теңге | 0,47 | 0,44 | - 0,03 | 93,6 |
16. Тауарлық өнімнің 1 теңгесіне кететін шығындар | теңге | 0,59 | 0,70 | 0,11 | 118,6 |
17.
Өткізілген өнім өндірісіне |
мың тг. | 3604931 | 2820744 | - 784187 | 78,2 |
18. Өнімді өткізуден түскен табыс | мың тг. | 1554954 | 1973533 | 418579 | 126,9 |
19. Басқа да өткізуден түскен пайда | мың тг. | 627771 | 612054 | - 15717 | 97,5 |
20. Өткізу операцияларынан тыс түсетін пайда | мың тг. | -2166 | 402290 | 404456 | - |
21. Баланстық пайда | мың тг. | 2180559 | 2452627 | 272068 | 112,5 |
22. Өткізілген өнімнің рентабельділігі | % | 43,1 | 69,9 | 26,8 | 162 |
2010 жылы НҚ әрбір теңгесі тауарлық өнімнің 1,57 теңгесін түсіретін, ал 2009 жылы қор қайтарымдылығы 2,26 теңгеге тең болды. Осылайша, 2009 жылғы қор қайтарымдылығы 2009 жылдың деңгейімен салыстырғанда 69,4%-ды құрады. Мұны тауарлық өнім көлемінің 2010 жылы 0,8%-ға төмендеуімен, ал НҚ құны 43%-ға өскендігімен түсіндіруге болады.
Өнімнің материал сыйымдылығы,
яғни тауарлық өнімдегі
«ГазҚұрылыс» АҚ тауарлық өнімінің жылдық шығарылуы оны өткізудің жылдық шығарылуымен сәйкес келмейді. Кәсіпорын өнімнің бір бөлігін өзінің мұқтажына, сонымен қатар өндірістік және құрылымдық бөлімшелердің мұқтажына жұмсайды.
Осылайша, 2009 жылы өнімді өткізуден түскен түсім 5159885 мың теңгені, 2010 жылы 4794277 мың теңгені құрады, ол өткен жылдың деңгейінен 7%-ға төмен. Өндірілген өнімді өткізуге кеткен шығындар сәйкесінше 3604931мың теңге және 2820744 мың теңгені құрады, яғни 2009 жылмен салыстырғанда 21,8%-ға төмендеді.
Өнімді өткізуден түскен түсім
мен оның өндірісіне кеткен
шығындар арасындағы айырма
Басқа да өткізулердің
Осылайша, 2009 жылдың баланстық пайдасы 2180559 мың теңгені, ал 2010 жылы 2452627 мың теңгені құрады (өткен жылдың деңгейінен 112,5%).
Қызмет етудің технико-
2.2 «ГазҚұрылыс»
АҚ жұмысшылардың еңбек ақысын ұйымдастыруды
талдау
«ГазҚұрылыс» АҚ басқармасы мен жұмысшылар арасындағы еңбек, әлеуметтік-экономикалық және кәсіби қатынастарды реттеу кәсіподақ комитеті өкілі болып табылатын АҚ еңбек ұжымы мен АҚ басқармасының атынан шығатын президент арасындағы Ұжымдық Келісім арқылы жүзеге асырылады, және ол АҚ құрамына кіретін барлық құрылымдық бөлімшелер үшін бірегей болып табылады. Ұжымдық Келісім өз күшіне қол қойылған күннен бастап енеді және жыл бойы жарамды болады.
«ГазҚұрылыс» АҚ жұмысшыларының еңбек ақысын төлеу қаражаттарының көзі болып компания қаражаттары табылады. Тұтыну қорының мөлшері АҚ басқармасы туралы Ережемен және Қазақстан Республикасының заңдық актілерімен анықталады.
Тұтыну қоры еңбек ақы қоры мен таза пайдадан тұрады. Еңбек ақыны төлеу қоры бойынша 840230 мың теңге жұмсалды, ал жоспарлысы 739402 мың теңге болатын. Еңбек ақы қорын төлеу қорының шығындалуы 100828 мың теңгені құрайды, ол жоспарда көрсетілмеген жұмыс орындарының ашылуымен түсіндіріледі.
Еңбек ақы төлеу қорынан
Орташа айлық жалақы
Өнеркәсіптік-өндірістік
2 –кесте – «ГазҚұрылыс» АҚ бойынша 2010 жылғы жұмысшылардың орташа айлық жалақысы
Цехтар | Жұмысшылардың орташа тізімдік саны, адам | Орташа айлық жалақы , теңге |
1. МГӨЦ | 121 | 71706 |
2. МДКЦ | 58 | 66423 |
3.ҚҚҰТУ | 177 | 65786 |
4.ҚМБАБ және СКЖБ | 67 | 69788 |
5. АЖБӨБ | 123 | 63456 |
6. ҚЖІК мен ЭҚЕПЖЦ | 80 | 63291 |
7. Құмкөл цехындағы ЖС және К | 60 | 58776 |
8. Қызылорда қаласындағы ЖС және К | 50 | 56974 |
Барлығы | 736 | 64525 |
2-кестеден көрініп тұрғандай, жұмысшылардың санында пластты қысымды ұстау цехының үлес салмағы ең үлкен -24%, содан кейін автоматика және байланыстың өндірістік басқармасы – сәйкесінше 17% және 16%, ал жылу және сумен қамтамасыз етудің және канализация цехының үлес салмағы ең төмен (6,7%). Жұмысшылардың орташа айлық жалақысы - 64525 теңге, өнеркәсіптік-өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысының 79,4 %, ал ӨАБ жалақысының 65,8%. Ең жоғары жалақы мұнай мен газ өндіру цехында байқалады (71706 теңге) және ол жалақысы кесімді нысанда төленетін және еңбектің ең күрделі және қиын жағдайында жұмыс істейтін жұмысшылар жұмыс істейдітіндігімен түсіндіріледі.
Жұмыс уақытының қорын пайдалануды талдау 3-кестеде көрсетілген.
Бұдан көрініп тұрғандай,
3-кесте – «ГазҚұрылыс» АҚ 2009-2010 жылғы жұмыс уақытының балансын пайдалану
Көрсеткіштердің аты | өлшем бірлігі | 2009 жыл | 2010 жыл |
Орташа тізімдік саны | адам | 975 | 1300 |
Календарлық күндердің саны | адам/күн | 355875 | 475800 |
Календарлық жұмыс емес күндерінің саны | 110175 | 146900 | |
Календарлық жұмыс күндерінің саны | 245700 | 328900 | |
Белгілі бір себептер бойынша жұмысқа келмеу | 27037 | 45770 | |
Жұмыс уақытының жоғалтулары | 526 | 303 | |
Нақты түрде жұмыс істегені | адам сағ | 218137 | 282827 |
Жұмыс уақытының орташа ұзақтығы | сағат | 8,2 | 8,2 |
Жұмыс уақытының нақты ұзақтығы | 8,15 | 8,17 |
Жұмыс уақытының қолда бар қоры 2010 жылы 283130 адам/күнін (жұмыс уақытының номиналды қоры мен белгілі бір себептер бойынша жұмысқа келмеу арасындағы айырмашылық), 2009 жылы – 218663 адам-күнін құрады. Жұмыс уақытының пайдалы қоры 2010 жылы 282827 адам-күн (қолдағы бар қор мен жұмыс уақытының жоғалтулары арасындағы айырмашылық), ал 2009 жылы 218137 адам-күнін құрады. Бұл берілгендерді талдай отырып, келесідей қорытындылар жасауға болады: жұмыс уақытының календарлық қорын пайдалану коэффиценті – 2009 жылы 0,88, ал 2010 жылы 0,86 құрады (3,4%-ға төмендеді), жұмыс уақытының қолда бар қорын пайдалану коэффиценті 2008 жылы 0,99 және 2010 жылы да 0,99-ды құрады, яғни өзгермеген. Адам-күндердің нақты түрде (жұмыс уақытының пайдалы қорын жұмыс күнінің нақты ұзақтығына көбейту) 2009 жылы – 1777817 және 2010 жылы – 2310697 құрады. Жұмыс уақытының балансын пайдалануды талдау көрсеткендей, бір жұмысшыға деген жұмыс уақытын жоғалту бұл жылы 0,29 адам-күнді құрады, ал өткен жылы 0,54 адам-күн болған, ол еңбек тәртібінің жақсарғанын және еңбек нәтижелеріне деген материалды қызығушылықты білдіреді.
«ГазҚұрылыс» АҚ-да еңбек ақы төлеудің екі нысаны қолданылады: бригадалық-кесімді және мерзімді-сыйақылы. Бірінші нысан бойынша тек мұнай мен газды өндірудің негізгі цехтарының жұмысшыларына және скважиналарды капиталды жөндеу және пласттардың мұнайды жеткізуін арттыру бойынша басқарма жұмысшыларының бір бөлігіне төленеді. Қалған персоналға мерзімді түрде төленеді.
Кәсіпорында 20 разрядты тарифтік тор қолданылады. Келісіммен орнатылған тарифтік ставкалар мен айлықтар 41 сағатқа тең жұмыс аптасының қалыпты ұзақтығын есептеуден шыққан.
Нақты жалақыға шығындар
1) тарифтік бөлігі;
2) шаруашылық қызметтің нәтижелері бойынша сыйақылар;
3) еңбек заңнамасымен негізделген және еңбек қызметімен байланысты жеке ынталандырушы төлемдер (уақыттан тыс жұмысты, демалыстарды, мейрам күндерін және т.б. төлеу).
Еңбек ақының тарифтік бөлігі мыналардан тұрады:
1) тарифтік ставка (жалақы);
2) кәсіби
шеберлігі үшін тарифтік
3) еңбек
жағдайлары үшін тарифтік