Кәсіпкерлік қызметтегі франчайзинг жүйесін дамыту

Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 11:53, курсовая работа

Описание работы

Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 – наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды.

Содержание

КІРІСПЕ……………………………………………………………….3
І – БӨЛІМ. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны………………………..6
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі……………...……6
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері…………………………………………10
1.3. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері…………….…….12
ІІ–БӨЛІМ. Кәсіпкерлік қызметтегі франчайзинг жүйесін дамыту….14
2.1. Франчайзингтің мәні мен мазмұны ……………………...14
2.2. Франчайзингтік қатынастар жүйесі ……………………16
2.3.Қазақстанда франчайзингтің даму мүмкіншіліктері…………19
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………..3

Работа содержит 1 файл

Newkursovaya.doc

— 311.00 Кб (Скачать)

   Франчайзинг, біздің ойымызша, қазақстандық нарыққа  өте оңды болып табылатын, тауар  мен қызметтерді үлестірудің  және маркетингтің бірегей жүйесі болып  табылады. Франчайзинг франчайзермен (табысты қызмет атқарушы компания) франчайзи (тәуелсіз кәсіпкер не компания) арасындағы әріптестік қарым-қатынасты бекітуден басталады. 

   Ең  алдымен, бұл жағдай сауда-саттық және әр түрлі қызмет көрсету аясына тән  сипатқа ие болуда. Франчайзингтің франчайзер үшін артықшылығының түпкі  мәні – бизнесті кеңейтіп, тармақтаудың ең тиімді жолы болып саналуы. Франчайзи үшін артықшылық – олардың әріптестерінің беделі, тәжірибесі және қалыптасқан жетістігін атап айтуға болады.

   Франчайзер  және франчайзи бірге жұмыс істей  отырып, бір-бірінің жетістігін алмастыру  арқылы және жіберген қателіктерін төмендету шарасында бизнеске инвестиция жасап, пайда алады.

   АҚШ, Канада, Ұлыбритания сияқты елдердің бюджетінің үшке жуық бөлігін ШБО-тары арқылы қызмет атқарушы франчайзингтік компаниялар қамтамасыз етуде. Жақын  арада Халықаралық франчайзингтік ассоциация осыған дейінгі қарқыннан да жоғарғы деңгейде дамитыны сөзсіз. Франчайзерлер шет елдерде, сонымен қатар Қазақстанда, әлеуетті франчайзиларды іздестіруде, ал көптеген жеке тұлғалар мен фирмалар өздеріне белсенді түрде басқа елдерден әйгілі, лайықты компаниялардың лицензиясы мен құқықтарын, олардың қаржылық демеушілігінің арқасында, өндіріс пен қызмет көрсету технологиясын игеру кезінде пайдалы бизнес құру үшін франчайзерлерді іздестіруде.

   Соңғы уақыттан бері Қазақстанда франчайзингтік формада дамуға шешім қабылдаған кәсіпкерлер ортасы белсенді түрде калыптасуда. Үш жыл ішінде оңтүстік астанада осындай компаниялардың бірнешеуі құрылып, жалпы елімізде әйгілі фраичайзннгтік брэнділер пайда болып, сәтті түрде тіршілік танытуда. Мысалы, «1С», «МахМага», «Ваllу», «Dоlсһе & Gаbbana», «Патио Пицца», «Планета Суши», «Американский Бар и Гриль», «Хесбургер», «Баскин 31 Робинс», «Wогld Сlass» – фитнес клуб, Вrіtіsһ Аіrwауs, Еuго Саr т.б. атап өтуге болады.

   Франчайзинг шартында өз бизнесін интернациолдандыруда келесі талаптарды қолдануы мүмкін: шетелде орналасқан фирмаға франчайзингілік келісімді құруға құқық беру. Ол үшін арнайы елшіліктер франчайзер және оның тауары туралы қажетті мәліметтерді білуі керек және ол келесі қадамдардан тұрады:

   Франчайзимен келісім жасау мүмкіндігі бар басқа 
елде тәуелді фирма ашу мүмкіншілігінің болуы.

   Бірнеше елде франчайзерлермен тікелей келісімге  отырып, басқа мемлекетте франчайзимен келісім жасау мүмкіншілігінің  болуы .

   Бірлескен кәсіпорын құру, оның бөлімшесі шет 
елдердің біреуінде франчайзинг принципі негізінде жұмыс 
істеу мүмкіншілігінің болуы .

   Халықаралық франчайзингілік келісімдер құру кезінде  көптеген мәселелерді ескеруі қажет. Сондықтан шетелдік юристік фирмалар және Қазақстан республикасының  Сыртқы істер министрлігі коммерциялық негізде франчайза келісімін құруға құқығы міндетті түрде тіркелуі қажет. Қажетті заңды негізді құрғанда халықаралык тәжірибені, франчайзингтің Халықаралық ассоциациясының этикалық кодексін ескеру керек және оның негізгі принциптері төмендегідей:

   - франчайзер өз жұмысын білікті,  нақты және әділ түрде жүргізуі мүмкіншілігінің болуы;

   - франчайзер мемлекеттік органдар, тұтынушылармен және франчайзимен  операция жасаған кезде моральдық  этиканы сақтап, саналы түрде  жүргізуі мүмкіншілігінің болуы;

   - франчайзер барлық іскерлік операциялар  кезінде өз жұмысын белгілі  бір заңдарға және тәртіптерге  сәйкес жасау мүмкіншілігінің  болуы;

   - франчайзер франчайзинг жүргізгенде  ұлттық ерекше-ліктерге қарамай,  әйелдер мен мүгедектерге –  барлығына тең жағдайлар ұсынуы мүмкіншілігінің болуы.

   Франчайзингтің  халықаралық ассоциациясының этикалық кодексі алпыс бес мемлекет территориясында  міндетті болып саналады және моральдық  нормаларды қатал орындауды талап  етеді. Сонымен қатар франчайзинг  принциптері негізінде әрекет ететін фирмалардың ерекше бір жарғысы болады. Республика ішінде франчайзингілік операциялар мына тұлғалардың арасында жүзеге асырылады:

   - көтерме сауда кәсіпорындары  мен индустриялық кәсіп-орындар  арасында;

   - бөлшек сауда кәсіпорындар мен  өндірушілер арасында;

   - көтерме және бөлшек саудагерлер  арасында;

   - бөлшек сауда кәсіпорындары арасында.

   Осылай  республикада әр түрлі меншіктегі фирмалардың  арасында франчайзингті кең дамыту негізі пайда болады.

   Сонымен Қазақстан Республикасында франчайзерлер  өз атымен, бөгде маркалы тауарды және қызметті пайдалана отырып дами алады. Франчайзингілік бизнесте үлкен және шағын бизнестің артықшылықтарының қосылуы орын алады. Бұл елдегі кәсіпкерліктің дамуына оң әсерін тигізері сөзсіз.

   Франчайзинг бизнесмен үшін кең мүмкіншіліктер береді. Ешқандайда тәжірибені иемденбей, кішігірім алғашқы капиталды игере отырып, ол бастау алған жерден тез арада қарқынды өріс алады.

   Бірақта бизнесті жүргізудің кез келген түрі сияқты, франчайзингте өзінің артықшылықтары мен кемшіліктері орын алған. Франчайзингтің тез дамуы мен кең таралу мүмкіншілігі келесілерде анықталады:

   1. Франчайзер үшін, сонымен қатар франчайзи үшін де өзара табысты болып саналады.

   2. Салық салыну базасының қысқаруы.  

   А. Франчайзер үшін мүмкін кездесетін артықшылықтар:

   - өткізу нарығының жылдам кеңеюі, сату көлемінің ұлғаюы мен  бизнестің территориалдық түрде  таралуы;

  • шұғыл басқару қажеттілігінен босатылуы;
  • меншіктік капитал салымдарының төмен деңгейі;

     – лицензияны сатудан табыс;

     – франчайзи төлемінің есебіне  қосымша табыстар иемдену;

   - меншіктік сауда желісі арқылы өткізу бойынша шығын-дардың қысқаруы;

  • жалданбалы жұмысшыларға қарағанда тәуелсіз бизнес-мендер сәттілікке күштірек ынталандырылған.

     Б. Франчайзер үшін мүмкін кездесетін кемшіліктер:

  • өзінің кәсіпорнына қарағанда франчайзидан алатын пайда деңгейінің төмен болуы;
  • франчайзидің біреулерінің лайықты дәрежеге беделінің сай келмеуі, сапаны лайықты бақылаудың болмау есебінен франчайзердің өзінің беделіне кесірін тигізуі мүмкін;
  • франчайзидің қаржылық есеп беруінің шынайлығын бақылау қиыншылығы;
  • франчайзи бизнесі негізіндегі жеткілікті таңдау қиыншылығы;

   - франчайзиді оқыта, үйрете отырып, франчайзер өзіне болашақ мүмкін  бәсекелесті даярлау мүмкіншілігі;

   - жүйе ережесіне бағынбайтын франчайзимен  қарым-қатынасты доғару мүмкіншілігінің болмауы;

   - коммерциялық құпияның сақталыну  қиыншылықтары.

   В. Франчайзи үшін мүмкін кездесетін артықшылықтар:

  • шағын бастапқы капиталмен меншіктік істі бастау мүмкіншілігі;
  • дайын «қуыс», франчайзи фраичайзермен жан-жақты сыналған, дайын бизнесті сатып алады;
  • материалдар, шикізаттар, құрал-жабдықтар, жабдықтау-шылар, өткізу жүйесі, жалпы жұмыс жүргізу әдістері мен тәсілдері турасында мазмұнды ақпаратты иемденетін нақты нұсқаулардың толық жинағын меңгеру;
  • бизнес және менеджментті жүргізу технологиясындағы франчайзер көмегі.

   Г. Франчайзи үшін келесі кемшіліктерді қарастыруға болады:

  • қызмет ету бостандығының шектелінуі;
  • сервистік төлем;
  • кызмет етуде икемділіктің жетіспеушілігі;

   - франчайзер компанияға қатысты жағымсыз сипаттама-лардың франчайзи-кәсіпорын үшінде тән болуы;

  • франшизаны иемденгендегі құрылған жоспарлар ойдағы-дай іс жүзіне аса бермейді.

   Жоғарыда  аталған себептерге байланысты қорытынды  жасайтын болсақ, елімізде франчайзингтің дамып, кең етек алуы келесі жетістіктерге  жетелейді:

   - инвестицияның сыртқы және ішкі ағымын күшейтеді;

   - жаңа технологиялардың, құралдардың,  бағалы ноу-хау-лардың пайда болуына  септік етеді;

  • бар өндірістерді дамытып және жаңа өндірістерді қалыптастыру, сәйкесінше жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсер етеді;
  • шағын және орта кәсіпкерлік аясының кеңеюі мен бекітілуіне тұғыр болады;
  • жұмыс күшінің біліктілігін жетілдіреді; елімізді сапалы тауарлар мен қызметтерге қанықтыруды жылдамдатады;
  • қазақстандық өнімді жаңа нарықтарға өткізуге мүмкіндік тудырады.

   Қорыта келгенде, франчайзинг механизмі дамуының негізгі бағыттары франчайзерге неғұрлым төмен шығындармен аз уақыт аралығында жылдам мүмкіндік береді.  
 
 
 
 
 
 
 
 

     Қорытынды

     Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің  басым бөлігі сауда саласында  қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес басқа бизнес түрлеріне қарағанда жақсы дамыған. Бұнның дәлелі, Қазақстан қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны. Ұзақ мерзімде кәсіпорындар тек саудамен ғана емес, экономиканың әр саласында жұмыс істеуі қажет. Сол үшін мемлекеттік органдар кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты көмек көрсетуі қажет.

   Кәсіпкерлік – ел экономикасының жандануы мен одан әрі қарай дамып, тұрақты өсуінің қамтамасыз етілуін жүзеге асырушы тұтқасы ретінде бизнестің әр алуан түрлері мен ұйымдық формаларынан тұратын нарықтық шаруашылықты қалыптастыру мен оның жұмыс істеуінде үлкен маңызға ие. Ол шешім қабылдау және іс-қимыл қолдану жылдамдылығына, икемділігіне және өзгермелі нарықтық жағдайларға тез бейімделуіне байланысты теңдессіз артықшылықтарының мүмкіншілікке, нарықтық экономиканың бейімді және нәтижелі бөлігіне, оның құрылымдық және бәсекелестік нарықтық тетігінің маңызды интеграциялық элементіне жатады. Нарыққа бейімделген құрылымсыз кәсіпкерліктің нәтижелі жұмыс істеуге мүмкіншілігі азаяды. Кәсіпорындардың жұмысшыла-рының санының тұрақсыз динамикасы және өндірісіндегі үлесінің төмендігі, инновациялық іс-әрекеттерінің аздығы кәсіпкерліктің дамуына теріс ықпал етеді. Сондықтан салықтық жеңілдіктер, лизинг, франчайзинг және т.б. құқықтық-нормативтік құжаттарда кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру үшін қарастырылуы қажет. Сонымен қатар шағын және орта кәсіпкерлікті үлкен бизнеспен кооперация негізінде үйлестіру орталығы арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Сондықтан дамыған нарықтық экономикасы бар елдерде кәсіпкерліктің, әсіресе, шағын, орта және ірі бизнес сияқты түрлеріне деген қызығушылық азаюдың орнына арта түсуде. Мұны бизнестегі жеке сектордың кеңеюі де растайды, бұл сол елдерде сол экономиканың анағұрлым үлкен секторын алып жатыр және оның үлесіне жалпы ішкі өнім мен экономикалық белсенді тұрғындардың айтарлықтай бөлігі жатады.

     Франчайзинг жүйесі кәсіпкерліктің  дамуына оң ықпал етеді. Ол  бизнесті тұрақты дамыта отырып, қосымша мүмкін-шіліктерге қол  жеткізеді. Франчайзинг негізінде  әр түрлі операцияларды жүзеге асыра отырып, шаруашылық субъек-тілерге экономикалық тиімділікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда жеке дара фирмалар ғана франчайзингті қолданады. Олар өз тәжірибесін басқа фирмалармен бөліспейді. Ұсынылған жұмыста франчайзингтердің өз франчайзалығына ұсынылатын жеңілдіктерін қарастырады. Сонымен қатар франчайзингтің мүмкіншіліктерін қолдана отырып, бизнесті дамыту тәсілдері көрсетілген. Құқықтық, экономикалық, мәдени-этикалық негіздерді қалыптастыру арқылы Қазақстанда франчайзингті қолдану және дамыту мүмкіншілігі пайда болады. Сонымен қатар салықтық заңдарда өзгерістер енгізілуі арқылы франчайзингтің оң көзқарас қалыптастырып, дамуына ықпал жасайды. Франчайзингті келісімшарт негізінде де дамытуға болады. Бірақ сәйкес заңдардың болуы бұл бизнесті барынша аяқталған түріне айналдыратыны айқын. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтегі франчайзинг жүйесін дамыту