Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 11:53, курсовая работа
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 – наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды.
КІРІСПЕ……………………………………………………………….3
І – БӨЛІМ. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны………………………..6
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі……………...……6
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері…………………………………………10
1.3. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері…………….…….12
ІІ–БӨЛІМ. Кәсіпкерлік қызметтегі франчайзинг жүйесін дамыту….14
2.1. Франчайзингтің мәні мен мазмұны ……………………...14
2.2. Франчайзингтік қатынастар жүйесі ……………………16
2.3.Қазақстанда франчайзингтің даму мүмкіншіліктері…………19
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………..3
Бизнесті ұйымдастырудың франчайзингтік формасы кәсіпкерлер қызметінің белсенділігін арттырады. Ал бұл жағдай сәйкесінше әріптестер арасында басқару функциясын үлестіру бойынша, өзара қатынастың қағидасы мен мәдениеті бойынша, бірігіп қызмет атқарудың барлық үрдісінің ақпараттық қамтамасыз етілудің негіздемесі мен әзірлемесін қажет етеді.
Қазіргі кезеңде Еуропада франчайзингті таза американдық қалыптасушылық деп танылуда. Бірақ оның тарихына көз жіберсек, ол өз бастауын Еуропа елінде, нақтырақ айтсақ, ортағасырлық Францияда пайда болған. «Френчайз» – жалға-сынша барлық Еуропа бойынша және көптеген қала басшылары франшизаны нарықтық саудагерлерге белгілі бір нарықтық шекте қандай да бір тауарға қатысты сауда жүргізуге ерекше құқықты ұсыну. 1840- жылдары немістік сыра өндірушілер осындай құқықты кейбір таверналар мен барларға өздерінің сыраларын сатуға және сыра өндірушілердің символикаларын қолдануға рұқсат берген. Соңында 1851 жылы атақты немістің «Зингер» тігін машинасын өндіруші компаниясы өзінің өнімдерін арнайы таңдап алынған дистрибьюторларға ерекше құқықты ұсыну арқылы сатуға рұқсат еткен. Франчайзингтің бүгінгі таңдағы формасы осындай құбылыстардан бастау алды. 1880-жылдардан бастап ерекшеліктер мен жеңілдіктер автомобильдік, құрылыстық, су құбырлары, көгілдір отын, электр қуаттылығы компанияларында қолданыла бастады.
Өткен жүзжылдықтың айналымын құраған мұнай және мұнай өңдеуші компаниялары, автомобиль зауыттары өз өнім-дері мен қызметтерін өткізуде ерекше құқықты ұсына бастады. Франчайзинг эволюциясының бұл кезеңінде өндірушілер тауарды сатып, таратуға құқықтарды беруге ынталылығымен сипатталады. Америкада франчайзингтің әйгілі болуы екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуына байланысты миллиондаған американдық солдаттардың экономикалық сахнаға қайта оралуымен және сол кездегі «балалар бумымен» байланысты, он мыңдаған американдықтар әйгілі американдық компаниялардан франчайзиды қолданып, өздерінің меншікті бизнестерін құра бастауымен тығыз байланысты болды. Тек өздеріне ғана сенімділік білдіретін және де өте ойлы түрде тәуекелдікке бара отырып, қаржылық тәуелсіздікті иемденгісі келетін адамдар үшін франчайзинг бизнесті табысты бастаудың жаңа формасы болды.
Франчайзинг Американың көптеген жұмысшылары мен қызметкерлері үшін шағын бизнес саласын ірі табыс көзі ретінде танытты. Жыл сайын Америка Құрама Штаттарында франчайзингтік кәсіпорындар желісі арқылы өнімдер мен қызметтерді өткізуден түсетін табыс 760 млрд долл. құрайды. Бүгінгі таңда АҚШ-та жүз компанияның әр үшеуі франчайзи бола отырып, осы азғантай ұлттық бизнестің үш пайызы АҚШ территориясындағы барлық сатылым көлемінің 34%-ын құрайды.
Франчайзинг
идеясы бүкіл әлемдегі талапты, іскерлі,
болашаққа сенімділікпен
Жұмыссыздық
ұлттық деңгейдегі ауыртпашылық болып
саналатын Ұлыбританияда
Франчайзингілік заңдылықтың үлгісі ретінде Жапонияның, АҚШ-ның заңдарын алуға болады.
Үлкен
фирмалар (франчайзерлердің) технологияның,
«ноу-хау»-дың иелерінің өзінің әріптестеріне
көмек (франчайзи) көрсетуді ұйымдастыруда
қолданылған іс-қимыл
Кәсіпкерлік бизнесте франчайзингілік іс-әрекеттер үлкен және шағын компаниялардың арасында жүргізіледі. Сонымен қатар негізгі келісімшартпен бірге субфранчайзингілік келісімдер болуы мүмкін. Бұл келісімдер франчайзерлердің рұқсатымен франчайзингке тән талаптардың орындалу негізінде басқа тұлғаларға қайта берілуіне рұқсат етеді.
Франчайзингтің мынадай түрлері болады:
1.
Франчайзерлердің
2.
Франчайзердің өндіретін
Франчайзингтің көптеген түрлері болады және оның ішінде ең көп тарағандары:
а) аймақтық франчайзинг;
б) дамушы франчайзинг.
Жоғарыда көрсетілген франчайзингтің басқа франчайзинг түрлерінен айырмашылығы франчайзинг келісімшарттың ұзақ-тығымен, қарым-қатынастардың деңгейімен және жарналардың төлем деңгейімен анықталады. Қажетті мөлшерде қаржының жеткілікті болмауынан және белгілі деңгейде жұмыс күштерінің жеткіліксіздігінен франчайзер өзінің іс-қимылын ұйымдастыру үшін, тиімді аймақтық франчайзингті таңдап, франчайзерден көмек сұрайды.
Негізгі франчайзи аймақтық дилерлік жұмысты ұйымдас-тыру барысында франчайзерлерден болашақ табыстан роялти негізінде өз үлесін келісімшартта көрсетіп алуы қажет. Субфранчайзинг кезінде франчайзи франчайзерлермен шектел-ген қарым-қатынаста болады. Мысалы: «Дока-пицца» (Ресей) фирмасының жаңа қондырғысы мен технологиясын немесе ТV сервистік қызмет көрсету аймақтық франчайзинг пен субфранчайзинг арқылы іске асырылып отырады.
Авторлық құқы бар тұлға қолданудан пайда болған табыстан емес франчайзингтің түсімінен өзіне тиесілі бөлігін алады. Сонымен қатар франчайзингтен табылған табыстар келі-сімдегі өлшемдерге сәйкес франчайзингке қатысатын субъекті-лерге бөлініп беріледі. Франчайзингтің негізгі ерекшелігі сапалы тауар немесе қызметі ғана емес, франчайзингке қатысу-шылардың кәсіпкерлік деңгейі нақтылығымен анықталады және олардың қарым-қатынастары келісімшарт негізінде құрылуы қажет.
Бизнесті ұйымдастыру кезінде жарнама өте үлкен рөл атқарады. Жарнаманың шығыны өте көп болады. Сондықтан франчайзерге келісімшарт кезінде кететін шығынның көп бөлігін франчайзи жарнама жұмысы атқарады. Сонымен қатар франчайзер үшін маркетингтік зерттеулер жүргізіп, маркетинг-тік ақпараттарды жинайды. Франчайзи франчайзерден басқаруға қажетті кеңесті алып нарықты зерттеуді, бизнесті басқарудың басқа да аспектілерін және ақшалай көмек алуға мүмкіндігі болады.
Франчайзингілік
бнзнестің негізгі
В.Довгань
«Бизнес жолын кеңейтуші –
франчайзинг» деп аталатын өз шығармасында:
фирмалардың жартысы франчай-
Халықаралық франчайзингілік ассоциация өз мүшелері арасында банкроттарды өте аз мөлшерде тіркейді, франчайзинг экономикалық мазмұнына сәйкес корпорациялық және ассоциациялық мазмұнды қажет етеді.
Жапониядағы
франчайзингтің қалыптасу және даму
үрдісі өте баяу қарқынмен жүргізілуде.
2-кесте
– Соғыстан кейінгі жылдар
Жылдар | 1994 | 1995 | 1996 | 1997 | 1998 | 1999 | 2000 | 2001 | 2002 | 2003 | 2004 |
Өткізу көлемі (%) | 32 | 32 | 32 | 32 | 33 | 33 | 33 | 32 | 33 | 34 | 34 |
Жапонияда франчайзингтің тез дамуы халықаралық нарықтарды тез меңгеруге мүмкіндік береді. Франчайзингілік белсенділіктің құрлықтары мен аймақтарда әр түрлі деңгейде таралғандығымен анықталады. Даму қарқындарының өзгеше-ліктері елдегі іскерлік климатын, азаматтардың ұлттық психологиялық ерекшелігін, ақшаны табу, жұмсай білу қабілетін және мемлекеттің құқықтық – саяси жағдайын көрсетеді.
Сонымен
қатар франчайзингілік бизнес басқа
аймақтардан қосымша адамдарды фирмаға
жалдау мүмкіншілігімен анықталмайды.
Бұл өзіндік ерекшелігі бар бизнес. Көп
қаражат қажет етпейтін және авторлар
франчайзердің көмегін керек ететін белгілі
талаптардың негізінде тәртіпті жүзеге
асатын үрдіс. Бұл талаптар франчайзингілік
басты компанияның франчизаны сатқанда
басқару (жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру
және бақылау) мәселелерінде, кадрларды
оқытуда, жарнама шығындарын азайтуда
және көптеген жеңілдіктерді беру кезінде
жүзеге асырылады. Сондықтан франчайзингілік
бизнестің оң ерекшеліктерімен қолдана
отырып, коммерциялық табысқа жету үшін
мүмкіндіктер іздеу керек.
2.2. Франчайзингтік қатынастар жүйесі
Республикамыз үшін шағын бизнестің негізін қалау формаларының ішінде, жаңа бизнес құрудан басқа франчайзинг пен жанұялық бизнес формалары ең өзекті деуге болады. Алғашқы франчайзинг келісім XIX ғасырда тігін машинасын өндіретін компания мен оның диллері арасында жасалды. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін франчайзинг принциптері фармацевтикалық бизнес, бөлшек сауда және қонақ үй кешені саласында кең қолданыла бастады.
Франчайзинг компаниясы өзінің франчайзи – мүшелеріне фирма атын, сауда маркасын, өнімін, технологиясын және т.с.с. пайдалану құқығын береді. Франчайзинг жаңадан бастаушы кәсіпкерлер үшін жаңа бизнеске, бүгінгі күндегі кәсіпорын мен оның жұмысшылары жинақталған үлкен тәжірибелерді пайдалануға мүмкіндік береді, сондықтан шетелдегі әрбір 12-ші кәсіпорынның франчайзингтік болуы кездейсоқтық емес. Франчайзингтік қатынастар жүйесі – тек қана бізде емес, сондай-ақ шет елде де айтарлықтай жаңа құбылыс, сондықтан бұл түсініктің терминологиясына толығырақ тоқталу қажет.
Франчайзингтік қатынастың 3 типі бар:
Маркетингтік көмектің мәні – бұл франчайзи тарапынан франчайзердің жақсы танылған және айтарлықтай кең ауқымды тұтынушылары бар сауда маркасы мен атын пайдаланылуы болып табылады. Франчайзидің жарнамаға және тауардың алға жылжуына қосымша шығын жұмсауының керегі жоқ, себебі онымен франчайзер фирмасы айналысуда. Франчайзер оқытып, әзірлеу процесінде бизнесті басқарудың негізгі әдістерін де жиі үйретеді. Франчайзер фирмасының мұндай арсеналын иеленген Франчайзи бұрыннан бері жинақтаған тәжірибесін пайдалана отырып, тек бизнесті тез бастауға ғана емес, сондай-ақ бизнестің ең басынан табысты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болады.
Франчайзингтік
қарым – қатынастардың
жүйесі
Франчайзингтік
қатынастардың негізгі
Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтегі франчайзинг жүйесін дамыту