Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 11:53, курсовая работа
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 – наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды.
КІРІСПЕ……………………………………………………………….3
І – БӨЛІМ. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны………………………..6
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі……………...……6
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері…………………………………………10
1.3. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері…………….…….12
ІІ–БӨЛІМ. Кәсіпкерлік қызметтегі франчайзинг жүйесін дамыту….14
2.1. Франчайзингтің мәні мен мазмұны ……………………...14
2.2. Франчайзингтік қатынастар жүйесі ……………………16
2.3.Қазақстанда франчайзингтің даму мүмкіншіліктері…………19
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………..3
Елді сөзсіз қамшылаған және өзінің интернационалдан-дырылған «аю бұрышының» ғасырлар бойғы өркениетті орталығынан қолы үзілген қазақстандықтардың алып ұшпа көңілі ұмтылысынан эксклюзивтік шикізат табыстары мен онда құрылған ақшаның салыстырмалы түрде қайта артылуы Қазақстан Республикасын қайта өзгертті. Бір кезде Ұлы дала деп аталған оның кең байтақ территориясы әлемдік және ресейлік алпауыттар үшін басымдық негіздегі қызығушылық болып қалыптаса береді. Әрі Қазақстандағы ресейліктердің артықшы-лығы географиялық жақындығынан, тілдік кедергінің жоқтығы-нан және тұрғындардың менталитетінің ұқсастығынан тұрады.
Франчайзингтік қатынастар бұл жылдам өспелі сегмент, ол егжей-тегжейлі талқыланбаған, әлсіз қамтамасыз етілген заңды базамен реттелінеді. Ол өзі арқылы кешенді кәсіпкерлік лицензия деп аталатын заңдарды және интеллектуалды жеке меншікті қорғау туралы заңдарды және сонымен қатар Азаматтық кодексі арқылы реттеледі.
Қазақстан Республикасының «Кешенді кәсіпкерлік лицен-зия туралы» (франчайзинг) № 330-2 Заңы 2002 жылы 24 маусымда қабылданған болатын. Ол мемлекеттік аппаратты франчайзингтік қатынастарды қолдау және дамыту жөніндегі арнайы бағдарламаларды талдауға, олардың субъектілеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер ұсынуға, нормативтік актілерді жетілдіруге, интеллектуалдық меншікке деген айрықша құқықты қорғауға бағыттайды. Патерналистік мемлекет тіпті өзіне «кешенді кәсіпкерлік лицензиясы келісімшарты бойынша лицензиармен берілетін айрықша құқықты сақтау үшін» бақылау функциясын да өз мойнына алады. Дегенмен, тәжірибеде, әлемнің барлық жеріндегідей, ол ең алдымен серіктестердің өздері келісетін ісі. Және де келісімге келмей жатып олар құзыретті мемлекеттік органдарға қарайды. Және әйтсе де: интеллектуалды меншіктің көптеген объектілеріне деген франчайзерлердің айқын құқығы тек олардың Қазақстанда мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін шығады және осы сәтті елемеудің қажеті жоқ. Шаруашылық субъектілері даулы мәселелерде оларды қандай да бір дәрежедегі өзінің беделімен «шешетініне» және сондай-ақ франчайзингтің қазақстандық ассоциациясымен байланысына сеніп қалуы да мүмкін. 2002 жылдың ақпанында заңнамалық базалардың дәрменсіз жағда-йында, франчайзингтің қазақстандық ассоциациясы барлық елеулі тартыстарды интеллектуалды меншіктің Дүниежүзілік ұйымының Халықаралық арбитраж орталығындағы жасасқан келісімшарт негізінде шешуді ұсынады. Бұл орталықта пайда болған тартыстарды орыс тілінде қарастыру мүмкіндіктері бар.
Егер де франчайзер мен франчайзидің мүдделері тұрғысынан шаруашылық сферасын реттеуші заңдар жинағын тұтас бағалауға талаптанып көретін болсақ, біріншісінің құқығы көбірек, ал екіншісініңкі – міндеттмелер болып табылады. Әйтсе де көп нәрсе, әрине, өздерінің арасындағы келісімшарттарды талқылауға байланысты. Бірақ ең бастысы – заңдылықтардағы басқа да ақаулар қалай болғанда да бірте-бірте түзеледі, ал қабылданған заңдарды орындаудың өзінде кемшіліктері болады. Коррупция деңгейі, соның ішінде жоғары дәрежелі шенеуніктердің арасында да төтенше деп айтуымызуға болады. Кейде бір-біріне қарсы келетін рулық үш жүздің ішінен біреуіне тиісті қазақстандық элиталардың әулеттік ұйымы көп мәнді жобаларды іске асыруда күтпеген қиыншылықтарға алып келеді. Франчайзингтік келісімшарттар ұлттық заңдылықтар мен жергілікті жағдайларға бейімделе бастаған шақта (ал бұл уақыт таудың арғы жағында емес) және «екі жақты есеп» пен құқықты иеленуші интеллектуалды пайдаланымының ұрлығы мәселелерін орындап шығуға мүмкіндік бере бастаған кезде франшизалар Ұлы Даланы қалыңдата жауып тастайды.
Ең бастысы, Қазақстанға мақсатпен қарайтындар – бұл сәт-ті қалт жібермейді. Шынын айтқанда, Қазақстан Республикасы-ның кен өндіруші өнеркәсібіне тым ертерек қол жеткізген шетел инвестицияларының франчайзингтік тәжірибесі осы сфераға ену, тіпті 3 жыл бұрынғыны салыстырғанда да бірнеше рет қиындағаны байқалғандығын көрсетеді. Өте ірі инвесторлардың өзі ұсыныстарын қарап талқылау үшін кезекке тұрды, ал ресми бас тартулар жағдайы оларға дағдылы іс болып та қалды.
Барлық
заңды мәселелер мен
Министрліктер, әкімдер және т.б. ведомстволар жылдан-жылға мол бюджеттік салымдарды игере алмай жатыр, сол үшін де олар үнемі үлкен сынға ұшырайды. Қаржыгерлер несиелеу және инвестициялау объектілерін үнемі іздестіру үстінде. Республикадағы ірі «АТФ Банк» жақын уақыттан бері әлемдік деңгейдегі компаниядан франшизаны сатып алып, қазақстандық компанияларға мақсатты несиелерді бере бастады. Бұл несиелеу бағдарламасы тек франчайзи үшін тағайындалған, кепілдік ретінде сатып алатын франшизаның өзі немесе ұзақ мерзімдік активтерді жіберу үшін алынған құрал-жабдықтар мен/немесе 6 түріндегі жылжымайтын мүліктің болуы мүмкін. «АТФ Банк» таяудағы 2-3 жылда өзінің несиелік портфеліндегі шағын және орта бизнестің үлесін қазіргі 35%-дан 50%-ға дейін арттыруды ниет етуде.
Осы өсімнің айтарлықтай бөлігі «Қазақстандағы Франчай-зинг» – жаңа бағдарламасымен байланысты болуда, яғни оны банкирлер франчайзингтің қазақстандық ассоциациясымен бір-лесе отырып жүзеге асырууға кіріскен. Қазақстан Республика-сының 11 қаласында банктің филиалдары жұмыс істейтінін атап өткеніміз орынды. Айтылған мақсатты бағдарламалар шағын және орта бизнес кәсіпорындарының франшизалардың өзінен сатып алуды және оның жіберілуі үшін айналым капиталын қаржыландыруға қаражаттар алуына мүмкіндік береді. РАФ президенті А.Захаровтың мәліметі бойынша несиелеу мерзімі нарықтан төмен мөлшерде 5 жылдан 7 жылға дейінгіні құрайды. Бұл бағдарлама бойынша банктің лимиті жоқ – ол жақсы құрылымданған жобаларына несиенің шексіз санын ұсынуға дайын.
Қазақстанда франчайзингтік қатынастардың орын алғанына 10 жылдан асты, алайда отандық экономика үшін осы бизнестің кең дамыған ұйымдық нысаны әлі де жаңа құбылыс болып табылады.
Қазақстандағы франчайзингтің дамуындағы бірінші кезеңі (1994-1999ж.ж.) жекелеген кәсіпкерлердің отандық экономикада жаңадан қалыптасып келе жатқан нарықтық қатынастардағы франчайзингтік қатынастар жүйесін (ФҚЖ) пайдаланудағы талпыныстарымен сипатталады. Бұл кезеңде франчайзинг та-мақтандыру саласында, пиццериялар мен шағын наубайханалар-ға арналған құрал-жабдықтар саласында дами бастады. Өндірістік және сервистік франчайзинг қалыптаса бастады.
1994
жылы Қазақстанның сусындар
Алайда, маманданған кадрлар және франчайзинг бойынша толық ақпараттың болмауынан, көптеген фирмаларда бұл іс эксперимент жүзінде ғана қалып қойды.
Жоғарыда
атап өткен сервистік франчайзингтің
Қазақстан-дағы тағы бір нысаны ретінде
«Kodak» компаниясының қызме-
Қазақстан нарығында «Kodak» компаниясы 1997 жылдан бастап қызмет етеді.
Франчайзингтің
тағы бір мысалы 1999 жылы ресейлік «Дока»
компаниясының желілерінің
Франчайзингтің дамуының екінші кезеңі (2000-2004жж.) – Қазақстанға ірі франчайзингтік фирмалардың келуімен, қазақ-стандық франчайзингтік заңнамасының қабылдануымен, соның нәтижесінде қазақстандық франчайзингтік қауымдастығының қалыптасуына себеп болған бүкіл елдің кәсіпкерлері мен аймақ басшыларына франчайзингтік семинарларын жүргізу бойынша USAID шараларының жүзеге асырылуымен байланысты [4].
Осы жылдары франчайзинг экономиканың әр түрлі салаларында қалыптасты: қоғамдық тамақтандыру, ақпараттық технологиялар, бөлшек сауда, туризм, мұнай өндіру, денсаулық сақтау тауарлары мен қызметтері, биологиялық белсенді қоспалар, емдік косметика.
Осы кезеңнің орта шенінде 2002 жылдың ақпан айында Қазақстан Франчайзинг Қауымдастығы құрылды. Қауымдас-тықтың миссиясы Қазақстан Республикасында франчайзингті дамыту, қолдану ауқымдарын кеңейту және қолдау. Қауымдас-тықтың мақсаты – франчайзингтің танымалдығын жоғарлату және жылжыту, қауымдастық мүшелерінің мүдделерін қоғам-дық, мемлекеттік және халықаралық ұйымдарда қорғау [5].
2002
жылдың 24 маусымында Қазақстан
Франчайзингтің дамуының осы кезеңінде Қазақстан нарығында мынадай франчайзингтік кәсіпорындар өз қызметін жүзеге асырды: «ІС» – бағдарламалық жабдықтау; «World Class» – фитнес клуб; «Scot Holland Estates» – жылжымайтын мүлік, рекрутинг, «Business Consult» – консалтинг; «Баскин 31 Роббинс» – балмұздақ; «Пятерочка» – азық-түлік дүкендерінің желісі; «MaxMara», «Sela» – киім сату дүкендері; «II Patio», «Планета Суши», «Американский Бар и Гриль» – қоғамдық тамақтандыру.
Үшінші кезең 2005 жылдан басталып осы кезеңге дейінгі уақытты қамтиды. Қазіргі уақытта мамандардың берген бағасы бойынша қазақстанда 100-ге жуық оператор – фирмалармен іскерлік қарым-қатынас жасайтын, қазақстандық франчайзинг қауымдастығына біріктірілген, 15-20-ға дейінгі бас фирмалар қызмет етеді. Сервистің салалары бойынша франчайзингтік қатынастар жүйесінің таралу аумағы алуан түрлі, бірақ тұтастай алғанда жалпы әлемдік тенденцияларға сәйкес келеді. Әлемде франчайзинг бойынша дамып келе жатқан 70-тен астам бизнес түрі бар. Алайда, Қазақстанда франчайзинг жеткілікті дәрежеде әртараптандырылмаған (диверсификацияланбаған), ол негізінен жылдам тамақтандыру, мейрамханалық бизнес, сауда және қызмет көрсету салалары жүйесіндегі кәсіпорындарды қамтиды.
Франчайзингтің дамуының үшінші кезеңінде оның қолдану салаларының кеңейе түскенін байқаймыз. Франчайзинг әдеттегі қоғамдық тамақтандыру, бөлшек саудаға қосымша, тұрмыстық қызмет көрсету саласында да қолданыла бастады.
Қазақстандағы франчайзингтік негізде қызмет етуші фирмалардың қызметін және даму эволюциясын талдау, оның нарықтағы атқарылатын келесідей рөлін сипаттауға мүмкіндік береді:
-Қосымша жұмыс орындарымен қамтамысыз ету;
-Инновацияларды
өндіріс қызметіне енгізу
-Кәсіпорын
қызметіне жаңа ойлар мен
Мемлекеттік бюджетті толықтыру. Франчайзингтің отан-дық баламалары сауда мен халыққа қызмет көрсету салаларын-да пайда болып, дами бастады, ол бизнес жүйесінің экономи-калық, құқықтық, мәдени-әлеуметтік жағынан даму деңгейінің төмендігіне қарамастан, қазақстандық жағдайларға бейімделу қабілетінің негізінде өз тиімділігін көрсетті. Еліміздегі дербес франчайзингтік қатынастар техника-технологиялық, материал-дық және тұтынушылардың мәдени-әлеуметтік даму ерекшелік-терін ескеретінін экономика салаларының қажеттілігіне сәйкес пайда болуда.
Қазақстандағы франчайзингтің дамуының бірқатар ерекшеліктерін атап өтуге болады:
Біріншіден, елімізде бөлшек саудадағы франчайзинг қарқынды даму үстінде болса, ал батыс елдерінде іскерлік франчайзингтің үлесі басым. Оған мысал ретінде «Пятерочка» бөлшек сауда дүкендерінің желісі, «Sela» киімдер дүкені, «DIXIS», «Евросеть» байланыс дүкендерін келтіруге болады.
Екіншіден,
отандық франчайзинг нарығының
сублицензия-лық сипаты, халықаралық
франчайзерлердің қазақстандық нарыққа
әлі де болса сенімсіздікпен қарап,
тікелей қарым-қатынастардың
Үшіншіден, Қазақстан нарығында шетелдік франшизалар саны басым, Мысалы, «РосИнтер Алматы», «English First», «Lefutur» компаниялары және т.б.
Жоғарыда аталған ерекшеліктерді бағалау барысында еліміздің шетелдік франчайзерлердің Орта Азия нарықтарына шығуының себепшісі болу мүмкіндігі айқындалды. Мұнда отандық кәсіпкерлердің де өзіндік үлесі болатыны анық. Соны-мен бірге еліміздегі ірі шағын бизнес арасындағы ішкі франчайзингтік қатынастардың дамымауы оның басты кемшіліктерінің бірі болып тұр. Бұл кемшіліктердің алдын алу үшін ірі мемлекеттік компаниялар аймақтық даму бағдарлама-сында шағын және орта бизнес субъектілеріне франчайзинг жүйесі арқылы қызметті жүргізудің технологиясы мен әдістерін ұсынуды қарастыру негізінде қол жеткізуіне болады. Қазіргі кезде осы бағдарлама аясында ұлттық байланыс операторы «Қазақтелеком» компаниясы кәсіпкерлерге Интернентегі уақытты жалға беру франшизасын, «Қазақстан темір жолы» франчайзинг негізінде темір жолдарды жөндеу шеберханаларын жеке меншікке ұсынуда.
Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтегі франчайзинг жүйесін дамыту