Автор: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2012 в 11:53, курсовая работа
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 – наурыздағы №3398 «Шағын кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту шаралары туралы» және 1998 жылғы 27-сәуірдегі №3928 «Жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне деген құқығын қорғау туралы» жарлықтары кәсіпкерліктің дамуына жаңа күш берді. Осы жарлыққа орай, Қазақстанда шағын бизнесті дамыту жөніндегі алғашқы арнайы орган ретінде сауда және экономика министрлігінің құрамында шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі агенттік құру және оның жұмысын ұйымдастыру ұйғарылды.
КІРІСПЕ……………………………………………………………….3
І – БӨЛІМ. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны………………………..6
1.1. Кәсіпкерліктің мәні, экономикалық негізі……………...……6
1.2. Кәсіпкерліктің түрлері…………………………………………10
1.3. Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері…………….…….12
ІІ–БӨЛІМ. Кәсіпкерлік қызметтегі франчайзинг жүйесін дамыту….14
2.1. Франчайзингтің мәні мен мазмұны ……………………...14
2.2. Франчайзингтік қатынастар жүйесі ……………………16
2.3.Қазақстанда франчайзингтің даму мүмкіншіліктері…………19
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………35
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………..3
Фирма қызметінің аумақтық өрісін кеңейтуі көбіне оның негізгі өсу жолы болып табылады. Дегенмен дәл осы фактор франчайзингтік шартта шектеуші факторға айналады. Франчайзи тек шартта көрсетілген аумақта ғана әрекет ете алады.
Көрсетілген кемшіліктерге қарамастан франчайзингтік нысан бүкіл әлемде бизнесті ұйымдастырудың толық құқықты түрі болып есептеледі. Оның үстіне соңғы жылдары оның одан әрі қарай таралу тенденциясы байқалуда. 1970 жылдан 1990 жылға дейін франчайзингтік фирмалар арқылы жүзеге асырылған сатылым көлемі 10-нан 15%-ға дейін өсті. Шағын бизнесті ұйымдастырудың бір нысаны ретінде франчайзингтің кең ауқымдық сипатқа ие болғандығы жайлы келесі сандардан көруге болады. АҚШ-та франчайзингтік жүйе арқылы жүзеге асырылған сату мен қызмет көрсету көлемі 758 млрд долларды құрады, франчайзерлердің саны 2177, ал франчайзи 542000 бірлікке тең. АҚШ-та 374 франчайзердің шет елде 35000 франчайзилері бар, олардың 75% - Канадада, Жапонияда, Шығыс Еуропада және Австралияда. Франчайзингтік қатынастардың интернационализациясы туралы айтқан кезде, ең алдымен оның салған капиталы жоғары дәрежеде пайда әкелетін, бөлшек және сервистік желісі дамыған елдерге ұмтылатындығын атап кету қажет. Сонымен қатар әлеуеті жоғары нарықтарды жаулап алып, ол жерде өз әсерін орнатуға деген ұмтылыс франчайзер үшін басты дәлелдеуші факторға айналады. Халықаралық франчайзинг ұстанатын факторларға шетелге шығумен байланысты шығындар жатады. Бұл жерде франчайзер әрине нарықтық стрстегиясын өзгертуді қажет етпейтін және табыс табу деңгейі бұрынғыдай болатын елдерді табуға ұмтылады. Интернационалдық франчайзингтің дамуын тоқтататын факторларға, шығындардан басқа көбінесе халықаралық менеджменттегі тәжірибенің жеткілікіздігі және басқа мемлекеттер тарапынан белгіленген заңды тосқауылдар жатады.
Қазақстандық кәсіпкерлер үшін халықаралық франчайзинг ең алдымен біріккен кәсіпорын, лицензия сатып алу, тікелей инвестиция және мемлекеттік деңгейдігі келісім түрінде болуы мүмкін. Көп нәрсе осы бағтта іске асырылуда, бірақ өкінішке орай батыс бизнесмендерінің қолдарындағы Қазақстан нарығы оның әлеуеті мен дамуы туралы алған мәліметтері аз. Шетелдік франчайзерлер үшін арзан жұмысшы күші мен жоғары білікті мамандардың болуы, қолда бар ресурстар, оңтайландырылған инфрақұрылым, саяси тұрақтылық және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік саясат ұтымды факторлар бола алар еді.
Шағын бизнестің негізін қалаудың төртінші жолы – бір отбасы мүшелерінің күшімен негізі қаланып, жұмыс істеп жатқан отбасылық бизнес. Отбасылық бизнестің көбісі – шабын, бірақ отбасылық бизнестің ірі кәсіпорынға айналып, отбасылық болып қала беретін мысалдары да іс жүзінде аз кездеспейді.
Кез келген отбасылық бизнес – бұл отбасы мен бизнестің симбюзы. Отбасының мақсаты – балаларды тәрбиелеу және отбасы мүшелеріне қарау. Бизнестің мақсаты - өндіріс жолымен немесе тауар сатып, қызмет көрсетіп пайда табу. Бұл екі мақсат көбінесе бір-бірін толықтырып отырады, бірақ ұрыс-керіс жағдайлар да болуы мүмкін. Менеджер қызметкерді жұмысқа кешігіп келгені үшін сөгуі мүмкін, бірақ сол кешігіп келген қызметші өз отбасының мүшесі болса, онда бұл проблематикалық жағдайға айналады.
Отбасылық бизнестің басты артықшылығы – кез-келген қиыншылықтарға қарамастан бизнесті жүргізуге көмектесетін туыстық байланыстың беріктігі. Отбасы мүшелері бизнесті ағымдағы қажеттіліктері үшін өздерінің еңбек ақылары мен дивиденттерін жиі құрбан етеді. Жұмысқа берілгендік, жоғары әдептік нормалар, тұтынушылар үшін тікелей жауапкершілік – отбасылық бизнестің негізгі критериялары екендігі белгілі. Кәсіпорын отбасылық бизнестің тағы бір артықшылығына, ірі корпорацияларымен салыстырғанда жұмысшыларға қарау деңгейінің жоғарылығы жатады.
Отбасылық бизнес кәсіпорындары көлемдері бойынша, ұсынатын өнімдері мен қызмет түрлері бойынша әр алуан болуымен ерекшеленеді. Отбасының бизнеске қатысу деңгейі бойынша былай айыруға болады:
Франчайзингтік
қарым-қатынастардың
терминологиясы
№ | Термин | Анықтама |
1 | Франчайзинг | Бір тарап (франчайзер) өз құқықтарының бір бөлігін (сауда маркасын, технология, «ноухоу» өнімдерін және т.б.) екінші фирмаға (франчайзи) белгілі төлемақыға беретін екі тарап арасында келісімнің жасалуын ұйғаратын нарықтық өзара қарым-қатынас жүйесі. |
2 | Франчайз | Құқық беретін
(франчайзер) фирма мен осы құқықтарды
алатын (франчайзи) фирма арасындағы
арнайы келісімде ескерілетін |
3 | Франчайзи | Арнайы келісімде анықталған құқықтарды алатын кәсіпорын. |
4 | Франчайзер | Өз құқықтарын
басқа кәсіпорынға беретін |
5 | Франчайзингтік шарты | Франчайзи мен франчайзер арасындағы заң және құжат. |
6 | Франчайзингтік өнім және сауда маркасы | Бұл франчайзердің франчайзи фирмаға пайдалалануға беретін құқықтары, өнім және сауда маркасы |
7 | Бизнестің Франчайзингтік моделі | Франчайзер пайдалану құқығын тең өнімге, қызмет көрмсету, сауда маркасына ғана емес және де бизнес концепциясының өзін де беретіндігін көрсететін келісім. |
8 | Бөлшек Франчайзинг | Ірі дүкендердің (франчайзер) бөлшек сауда құқығын басқа фирмаға (франчайзи) беруі. |
9 | Франчайз сатылымы бойынша қызмет | Франчайзерлер мен қажетті кеңестерді жүзеге асыру және оларға франчайзингтік операциялар құқығын беретін лицензия сату жүргізу мақсатында франчайзер атынан әлеуетті франчайзерлерді іздестірумен айналысатын фирма немесе жеке агенттер. |
10 | Мультифранчайзи | Фирма франчайзи, өз кезегінде, бірнеше бөлімдерден тұрғанда және франчайзингтік қарым-қатынастардың жүйесін өзінің барлық бөлімдеріне таратқанда пайда болады. |
2.3.Қазақстанда
франчайзингтің даму
мүмкіншіліктері
«Дока-хлеб», «Дока-пицца» фирмалары ретінде Қазақстан-да, «Макдональдс» және «Пицца-хат» ресторандары Ресейде, ал Пекинде «Кентукки Франд Чикен» және «Холидейс-Иннс» фирмаларының филиалдары ретінде франчайзинг пайда болады. Бизнестің басқа компаниямен әріптестік қатынаста бола отырып, табыс табу жолы қиындайды. Белсенділігімен, өзінділігімен, шынайылығымен көзге көрінетін кәсіпкерлер үшін бұл үрдіс ауыр тиеді. Сондықтан франчайзингтегі өзара келісімді қалыптастыру өте қиын жұмыс. Қазақстандағы көптеген кәсіпкерлер Шығыстың рухында тәрбиеленгендіктен, бұл үрдіс одан да қиынға түседі. Әсіресе, елдің қылмыс деңгейінің жоғарылығы және экономикалық жағдайының нашарлығы республика кәсіпкерлеріне шын және шынайы қарым-қатынас құруға мүмкіндік бермейді. Өйткені франчай-зинг экономикалық мазмұнына сәйкес корпорациялық және ассоциациялық мазмұнды қажет етеді.
Франчайзингілік жұмыс жасау үшін төмендегідей қадам-дарды жасаған дұрыс:
-
белгілі нарықтық кеңістіктегі
бәсекенің деңгейін анықтап
- тауардың ерекшелігін табу;
- сұраныс пен ұсынысты анықтау;
- нарықтың сыйымдылығын нақты белгілеу;
- инвесторлар түрінде франчайзерлердің тарту мүмкін-шілігі.
Осыларға жауап тапқан кезде ғана франчайзер де, сол сияқты франчиза да келісімшартқа отыруға болады. Франчайзинг жаңа техниканы пайдалануға, бухгалтерлік қызметтерді көрсетуге, жүкті тасымалдауда және тағы сол сияқты жұмыстарда өте ыңғайлы болып табылады. АҚШ-та франчайзинг, әсіресе, сауданы, көпшілікті тамақтандыруда, ұйымдастыру мәселелерінде тиімді болып есептеледі.
Кесте
3-ден франчайзинг
Егер де франчайзер тауардың жабдықтаушысы болса, онда франчайзи ұсынатын негізгі жеңілдіктер:
- күшті жарнама
- қоғамдық мойындау
- бастапқы кезеңде үйрету, көмектесу
- орталықтандырылған сауда
- франчайзингілік кәсіпорынды дайындау және оның орналасу жерін таңдау
Кесте 3 – Әлемдік кеңістіктегі франчайзингті қолдану масштабтары (салқын сусындар мен
автомобильдік
бизнестен басқа)
Мемлекет атаулары | Мәлімет-тер түскен жылдар | Басты фирма-лардың саны (франчай-зерлер) | Операторлар, кәсіпорын-дардың саны (франчайзи) | Өткізу көлемі (млн $ АҚШ) |
Австрия | 1995 | 320 | 1360 | - |
Австралия | 1997 | 230 | 1033 | - |
Бельгия | 1995 | 77 | 4045 | 2,0 |
Канада | 1998 | 1000 | 45000 | 38,4 |
Дания | 1999 | 60 | 500 | 3,31 |
Франция | 2001 | 675 | 19698 | 10,0 |
ФРГ | 2001 | 180 | 9000 | 3,38 |
Италия | 2001 | 197 | 11560 | 2,10 |
Жапония | 2002 | 812 | 122450 | 32,7 |
Голландия | 1998 | 244 | 8252 | 3,6 |
Норвегия | 1999 | 120 | 850 | 0,3 |
Испания | 2001 | 215 | 20000 | - |
Швеция | 2001 | 60 | 1000 | 1,5 |
Ұлыбритания | 2002 | 385 | 19800 | 5,5 |
Бұл тізімнің қатары өзара келісімшартта толықтырылуы мүмкін. Көптеген жағдайда франчайзи жаңа жабдықты немесе оны қолдануды сатып алса, техникалық көмек пен қызмет көрсетуді талап етуге мүмкіншілігі болады. Франчайзи бірнеше жылдан кейін бұл бизнес туралы франчайзерлермен тең дәрежеде меңгеріп, қарым-қатынастарда қайшылықтар мен келіспеушілікпен қатар, бәсекелестік пайда болуы мүмкін.
Франчайзинг батыс нарығы үшін бизнестің көптен бері етене таныс формасы болса, Қазақстан үшін жаңа форма болып табылады. Кәсіпкерліктің бұқаралық топтары қалыптасып, жүздеген адамдары өзінің бизнесімен айналысуға ұмтылыс білдіріп жатқан біздің ел үшін франчайзинг тәжірибесі өте маңызды. Олар (кәсіпкерлікпен шұғылданбақшы тұлғалар) бастапқы кішігірім капиталдың бар болуымен, бірақта білімдері, тәжірибелері, алдын ала сақтандырулары жағынан жетіспеуші-лікпен сипатталынады. Бүгінгі таңда ел экономикасында франчайзинг бизнесті ұйымдастырудың біріккен формасы бола отырып, негізгі ілімдік және әдістемелік тұрғыларын өңдеу қажет болып табылатын салыстырмалы түрде құбылыс болып саналады.
Біздің ел қатарлы нарықтық экономикасы дамушы елдерде лайықты, әйгілі тауарлармен меңгеріліп, қолданылған технологиялардың иегерлері – әйгілі фирмалар шегінде, өздерінің құқықтары үшін белгілі бір сыйақыға келісушілік танытып, басқа жеке-дара кәсіпорынға осы технологияны және өзінің тауар маркасын сол тауарларды сату мен қызмет көрсету үшін рұқсат беру қатынасының жүйесі кең таралуда. Осы қатынас франчайзингтік қатынасты білдіреді.
Қазақстан Республикасында франчайзингті іс жүзіне асырумен байланысты қатынастарды 2002 жылдың 24 маусымындағы қабылданған «Кешендік кәсіпкерлік лицензиясы (франчайзинг) туралы» (18) заң реттейді. Осы заңмен қоса Қазақстанда франчайзингті дамыту және франчайзингтік компаниялар мен оған қызығушылық, мүдделік танытушы заңды тұлғаларды біріктіру мақсатында 2002 жылдың ақпанында Қазақстандық франчайзинг ассоциациясы (ҚФА) құрылды.
Ассоциацияныц
негізгі міндеті –
Біздің ел үшін бизнесті жүргізудің тұжырымды түрде жаңа форматы – франчайзингпен біріктірілген жаңа бизнес-қауымдастығын құру арқылы республиканың шағын және орта бизнесін дамытуға әрекет ету. ҚФА-ның бүгінгі әріптестерінің арасында ҚР-да франчайзингті дамытуға мүдделі экономикалық ұйымдар, консалтингтік және басқа да мекемелер бар.
Информация о работе Кәсіпкерлік қызметтегі франчайзинг жүйесін дамыту