Көлеңкелі экономиканың Қазақстан экономикасына әсері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 21:22, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін алғаннан кейін жас мемлекеттің дамуында жағдай күрт өзгерді. Осы кезеңнен ел экономикасын әлемдік экономикаға интеграциялау белсенді жүрді. Бұл ұлттық экономика қызметінің нәтижелерін сипаттайтын халықаралық практикада қолданы-латын көрсеткіштерге өтуді талап етті. Бұның себебі мынада да еді: елдің әлеуметтік экономикалық дамуының көрсеткіштерін басқа елдердің осындай көрсеткіштерімен салыстырудың объективті қажеттілігі туды.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3

1 Көлеңкелі экономика: негізгі тенденциялар және даму кезеңдері

1.1 Көлеңкелі экономика анықтамасы.......................................................................5

1.2 Пайда болу себептері және даму көздері............................................................6

1.3 Көлеңкелі экономиканың дамуының факторлары мен кезеңдері...................11

2 Көлеңкелі экономиканың әлеуметтік-экономикалық салдарлары

2.1 Көлеңкелі экономикалық іс-әрекеттің көрсеткіштері.....................................15

2.2 Президенттің жолдауына сәйкес көлеңкелі экономиканы заңдастыру.........20

2.3 Елдің экономикалық қауіпсіздігіне көлеңкелі экономиканың әсері..............21

3 Көлеңкелі бизнесті шектеудің бағыттары .....................................................23

Қорытынды..............................................................................................................26

Пайдалынған әдебиеттер тізімі.............................................................................28

Работа содержит 1 файл

КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКА.doc

— 241.00 Кб (Скачать)

    -Желілік  маркетинг саласындағы салықтың  ұйымдастырушылығы тұлғаларды арттыру;

    -Салықтық  есептік тиімді жүргізу жұмыстарын  жалғастыру

    Кедендік бақылаудан өту процесін жетілдіру.

    Бұл салада:

    -кедендік  орындарды халықаралық талаптарға  сай реконструкциялау, кешенді бақылау жүргізетін бірыңғай бақылау пунктерін елдің кедендік шекараларында салуды жүзеге асыру;

    -кедендік  төлемақыларды жеңіл әрі тез  түрде жүргізу үшін Еуразиялық Экономикалық одаққа мүше елдер микропроцессорлық пластикалық карталар қолдану;

    -кедендік  бақылау стратегиясы бар «электронды  кеден» ақпараттық жүйесін енгізу;

    -халықаралық серіктестік кеңейту мақсатымен көршілес шекаралы елдермен ендендік қызметті белсенді ету.

    Заң шығарушы және мемлекеттік жүйені ұйымдастыруды  жетілдіру.

    Ұйымдастырушылық  барьердің ң үлкен көлемді  түрі ұйымдастырушылық заң бұзушылықтар туралы нормалар болып табылады. ҚР ұйымдастырушылық заң бұзу туралы Кодекс ұйымдастырушылық заң шығарудың еркіндігі емес, керсінше кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы қоғамдық – құқықтық қарым – қатынастарда үлкен қатаң жағдайлар тудырады, жемқорлық заң – бұзушылықтардың жаңа түрлерін тудырды.

    Соңғы уақытта ведоствалық және аймақтық деңгейде кәсіпкерлікті бақылау жүйесін ұйымдастыру Кодекс арқылы жүргізілді. Дамуға мүмкіндік бермейтін кәсіпкерліктің елдегі деңгейі және жоғары деңгейдегі сыбайлас жемқорлық ҚР «ұйымдастырушылық заң бұзушылықтар» туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қажет етеді.

    Заң бұзушылық жұмыстарында ұйымдастырушылық басқаруды жетілдіру үшін заң  шығаруды қайта қарау, кәсіпкерлікті  бақылаудың мемлекеттік жүйесі, сондай-ақ заң бұзушылық деңгейіне қарай  айыппұлдардың мөлшеріне сай  анықтау қажет. [22,97б].

    Көлеңкелі экономиканы төмендетуде кәсіпкерлікке  рұқсат ету, қолдау жұмыстары үлкен  рас атқарады.

    Бұл жағдайда нарық субъектілеріне өзінің экономикалық қызметтерін жүзеге асыруда  мемлекет тарапынан біржолғы лицнзия  беру (рұқсат алудың қарапайым түрі), лицезиялау, мемлекеттік монополия, сертификация, стандартизация, аккредитатация берілді.

    Берілген  мемлекеттік бақылау секторында (рұқсат беру жүйесінде) айқын емес рұқсат етілген процедуралар күтіледі, сонымен қатар күрделі және шиеленіскен  заң шығарушы, заңдық актілер нормалары да орын алады.

             

 

     Қорытынды 

    Сонымен көлеңкелі экономика саяси, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық салаларына да әсерін тигізбей қоймайды. Көлеңкелі экономика  қоғамның құрылымын және жағдайын қиындатады. Оның себебі, әлемдік экономикада кірістерді жасыру себептері, тәжірибеде бірдей, бірақ сұранысқа тәуелділіктен нақты бір елдер даму деңгейлері әр түрлі болады. Көлеңкелі экономиканың қалыптасуының өз даму тарихы бар және оны шартты түрде бірнеше этаптарға бөлуге болады.

    1 этап (1980 жылдары) көлеңкелі экономика дамуы мен қалыптасуы тенденцияларының пайда болуымен сипатталады, сонымен қатар кооперативтік сектордың пайда болуымен сипатталады. (1989 г.) КСРОдағы кооперативті секторда жұмысбасстылардың саны 1988 жылы 152000 адамды құрады. (88000 адам  1987 жылы); 5 млн. адамға дейін күрт өскен.

    2 этап - 1989—1992 жылдар, бұл этаптың  басты ерекшелігі өнеркәсіптің  және сауданың криминализациясы, салық жеңілдіктері бар қайырымдылық  қорлар секілді ұйымдарға   криминализацияның экспансиясы.

    3 этап - 1992—1993 жылдар. Көпшілік приватизацияның  басына қарай (1993 г.) көлеңкелі  экономика орбитасына тек сауда  коммерциялық, сонымен қатар қаржылық  құрылымдар (банктер, инвестициялық қорлар мен компания) тартыла басталды.

    4 этап – 1993 жылдың соңы—1998 жыл. Бұл этаптың сипатты белгісі басқару сферасындағы коррупция. Экспорттық сұрау негізінде коррупция мына салаларда анағұрлым дамыған:

    Әкімшілік шаруашылық (министрліктер және ведомстволар) - 1 орын (75%);

    Шаруашылық  экономикалық (ұлттық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар) – II орын (66,3%);

    -құқықтық (сот құқық қорғау және салық органдары) - III орын (55%).

    5 этап — 1999 жылдан осы уақытқа  дейін. Көлеңкелі экономика мәселесі  ұлттық масштабтағы сипаттағы. 

    Көлеңкелі капиталды, мүлікті, ақша қаражаттарын   заңдастыру бюджетті толықтыру мен ел экономикасын дамытуды тездетудің тиімді құралы бола алады. Қазіргі кезде кәсіп керлер қаражатты өндірісті одан әрі дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін емес, жылжымайтын мүлік (жер учаскесі) сатып алуға жұмсайды. Жер учаскілерін, әсіресе, қалада сатып алу инвестициялық процестің, өндіріске инвестициялауға мүмкін болған ақша қаражаттарыны  тоқтауына әкеледі. Бұл тенденция елде қор рыногын қалыптастыруды тежейді. Егер көлеңкеден заңдастырылмаған мүлік пен капиталды шығарып, шаруашылықтық айналымға салсақ, бұл еліміздің тұрақты экономикалық өсіміне қосымша импульс береді.

    Көлеңкелі экономика жемқорлықты көрсетеді. Жемқорлықтың қанат жаюы экономиканың күйі мен дамуына кесірін тигізеді, іскерлік климаты бұзады, әлемдік шаруашылық ортасында Республиканың потенциалдық тартымдылығына теріс әсер көрсетеді. Жемқорлық әрекеттерге пара алушылықпен қатысты қылмыстар, біреудің мүлкін пайдалану, қызмет бабын теріс пайдалану жатады.

    Осындай жағдайларда Республиканың көлеңкелі экономикасының қауіп төндіруші масштабтары жайлы ақпараттар керек, оны мемлекеттік органдардың, саяси және қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдардың, кей жағдайда халықаралық ұйымдардың қатысуымен шешеді. Көлеңкелі экономиканың әрекетіне қарағанда заңды әрекеттер неғұрлым пайдалырақ болтын осындай шарттарды тудыру қажет. Қазақстандаы экономикалық өсу көлеңкелі белсенділікпен қатар жүрмеуі керек. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін көлеңкелі экономикаға қарсы белсенді әрекетке Қазақстан қоғамы қатысуы керек. Экономикалық және әлеуметтік берекелік пен тұрақтылыққа қол жеткізу, жағымды шарттар мен бизнес көлеңкелі экономиканың төмендеуіне алып келеді.

 

     ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

  1. 2007 ж 9 сәуірдегі ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтің халыққа жолдауынан// Казахстанская правда-10. 04.2007 ж.
  2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 сентября 2005 года № 969 О Программе «Основные направления экономической политики и организационных мер по сокращению размеров теневой экономики в Республике Казахстан на 2005-2010 годы»
  3. Алимбаев Г. «Объективные индикаторы экономической трансформации: позитивные и негативные тенденции в развитии экономики и общественной системы»// Саясат- 2007 ж. №1
  4. Бурливаева А. «Көлеңкелі экономика: себебі, факторлары және шектіктегі басымдылық»// Саясат – 2006 ж. № 5
  5. Денисов Ю. «Как вывести бизнес из «тени»// Мысль- 2006 ж.№ 8
  6. Джанкуразова Г. К. «Көлеңкелі экономика» Алматы: 2000 ж.
  7. Карагусова «Көлеңкелі экономика: үрдістері және дамуы»Алматы : 2004
  8. Ахметов Д. К. «Нарықтық экономикада мемлекеттің экономикалық деңгейін қауіпсіздендіру» Алматы: 2003 ж.
  9. Завельский М. Г. «Теневая экономика и трансформационные процессы»// Социальный исследователь -2003 ж. № 3
  10. Никифоров Л., Кузнецов Т., Фельзенбаум В. «Теневая экономика: основы возникновения, эволюции, ослабления»// Вопросы экономики – 2004 ж. - №1.
  11. Глинкина С. «Теневая экономика в современной Казахстане»// Саясат – 2007 ж. - №3
  12. Макаров Д. «Экономические и правовые аспекты теневой экономики в Казахстане»// Финансы Казахстана – 2005 - №3
  13. Лисова Н., Суиндыков Ж. «Преступления, разрушающие экономику»// Мысль – 2006 - №12
  14. Толибаев М. «Челночник как социальное явление»: Экспресс – 31.07.2003
  15. Шен В. «Налоговая культура против теневого бизнеса»: Казахстанская правда – 03.12.2004 ж.
  16. Нуриев Р.М. Основы экономической теории: Микроэкономика. Учебник для вузов. М: 2004ж.
  17. Борисов В. Г. «Экономическая теория» Оқулық. М.: 200жг
  18. Агапова Т.А., Серегина С.Ф. Макроэкономика.Учебное пособие М: 2004
  19. Амосова Н. «Экономическая теория» Оқулық М.: 2004ж.
  20. Базилива Е. «Экономическая теория» Оқулық М.: 2005ж.
  21. Булатова А. С. «Экономическая теория» М. : 2004ж.
  22. Долан, Эдвин Дж.,Линдсей, Девид Е. Макроэкономика. М.: 2005ж.

Информация о работе Көлеңкелі экономиканың Қазақстан экономикасына әсері