Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 21:22, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін алғаннан кейін жас мемлекеттің дамуында жағдай күрт өзгерді. Осы кезеңнен ел экономикасын әлемдік экономикаға интеграциялау белсенді жүрді. Бұл ұлттық экономика қызметінің нәтижелерін сипаттайтын халықаралық практикада қолданы-латын көрсеткіштерге өтуді талап етті. Бұның себебі мынада да еді: елдің әлеуметтік экономикалық дамуының көрсеткіштерін басқа елдердің осындай көрсеткіштерімен салыстырудың объективті қажеттілігі туды.
Кіріспе.........................................................................................................................3
1 Көлеңкелі экономика: негізгі тенденциялар және даму кезеңдері
1.1 Көлеңкелі экономика анықтамасы.......................................................................5
1.2 Пайда болу себептері және даму көздері............................................................6
1.3 Көлеңкелі экономиканың дамуының факторлары мен кезеңдері...................11
2 Көлеңкелі экономиканың әлеуметтік-экономикалық салдарлары
2.1 Көлеңкелі экономикалық іс-әрекеттің көрсеткіштері.....................................15
2.2 Президенттің жолдауына сәйкес көлеңкелі экономиканы заңдастыру.........20
2.3 Елдің экономикалық қауіпсіздігіне көлеңкелі экономиканың әсері..............21
3 Көлеңкелі бизнесті шектеудің бағыттары .....................................................23
Қорытынды..............................................................................................................26
Пайдалынған әдебиеттер тізімі.............................................................................28
Қазіргі кездегі іскерлік белсенділік деңгейі көптеген өндірістік, құрылыстық және транспорттық кәсіпорындарға ең болмағанда өндірістік күштерін сақтауға мүмкіндік бермейді. Шығындарды өнімнің бағасына енгізуіне тырысуы өнімнің қымбатсуына әкеледі. Соның салдарынан қызметтерді аралық «кіші кәсіпорындарға» жүктеу орын алады.
Көлеңкелі іскерлікті жүргізудің жалпы құрылымы
Ортақ «көлеңкелі іскерлікпен» айналысатын топтың құрылымы.
-
тауарлық және өндірістік
- банк;
- «қауіпсіздік қызметі»;
- байланыстар.
Бұл элементтердің әрқайсысының мәні неде? Бір шаруашылық қазақстандық кәсіпкерлермен бірнеше фирма арқылы жүргізіледі. Тармақталған құрылым көмегімен иелердің негізгі тобына өздерінің әріптестерінің іс-әрекетін бақылау оңайырақ.
Банк ақшаны қолма-қолға ауыстыру және басқа да операцияларын еш қиындықсыз жүзеге асыруға көмектеседі. «Қауіпсіздік қызметі» әр түрлі формада болады: қарапайым оққағарлар, спорт секциялары, мемлекеттік басқару органдарының «крышасы», т.б.. Байланыстар да (связи) әр түрлі болады: туыстар (алыс, жақын), партиялық, комсомолдық ұйымдар мен мемлекеттік органдардағы бұрынғы ортақ қызмет, жерлестік, этникалық сипат.
Көлеңкелі экономиканың тамырлары 80 жж. әкімшілік жүйенің толық деградациясы кезеңінде кеңінен дамыды. Кеңес үкіметінің жаңа басшылары «билікті меншікке айырбастады».
Қоғам реформалар нашар жүргізілетіндігі туралы тайталас жүргізе отырып айдан анық шынайы жағдайды - өте жоғары деңгейде криминалдық экономикалық қатынастардың қалыптасуы жағдайын естен шығарады. Бұл, бәрінен бұрын «көлеңкелі» сектордың – ресми емес және құқықтық емес қатынастардың үлкен мөлшері. Бұл – экономикадағы кландардың пайда болуы. Бұлар – тұрақты биліктік-шаруашылықтық құрылымдар. Олардың тірегі - әр түрлі жолмен жиналған капиталдың үлкен сомаларын бақылайтын және кең көлемді коммерциялық іскерлік жүргізетін белгілі бір мемлекеттік билік органы. [13,9б].
Криминалдық кландардың қалыптасуының салдары
Осындай кландардың пайда болуының салдарлары –қаржы нарықтарын-дағы, негізгі туарлар тобы нарығындағы және сыртқы саудадағы бәсекелестіктің әрекетсіздендіру. «Кландардың» қалыптасуының тағы бір қайғылы жағы – халықтың көп бөлігінің кедейленуі.
Үшінші
салдар – бюджеттік жүйенің
Төртінші салдар – ұлттық табысты элиталық топ арасында бөлу. Осындай жағдайдың өсуімен қатар ұлттық шаруашылық саласының әл –ауқатының құрдымға келеді(денсаулық сақтау, білім саласы).
Тағы біреуі – қазақстандық капиталдың шет елдерге ағып кетуі. Бұл жүүйенің қайта қайта жүзеге асуының басты механизмі - «кландар» жалпы мемлекеттік экономикалық-саяси шешімдерді қабылдауға да қатысады. Ал нарықтық экономикаға сәйкес заңды негізде жұмыс істейтін және мерзімінде салығын төлейтін, билік органдарында тірегі жоқ кәсіпорындардың банкроттыққа ұшырауы ғажап емес.
Мемлекеттік аппараттың сыбайлас жемқорлығы
Мемлекеттік аппараттың таңдаулы кландардың мүдделеріне бағынатынына далел – бюджеттік кеңейтудің, мемлекеттік қарызды өсірудің үкіметтік саясаты, сонымен қатар нақты коммерциялық құрылымдардың тапсырысымен жасалынатын жекешелендіру саясаты. Бұл ситуацияда барлық бюджет сәйкес мүдделерге қызмет етуге бағытталған.
Басқа жағынан - әлеуметтік-мәдени қажетіліктерге, денсаулық сақтау мен қорғанысқа арналған соңына дейін қаржыландырылмайтын шығындар. Осындай түрдегі экономикалық жүйе экономика тарихында жаңа нәрсе емес. Оның аналогтары Ресей, Украина және басқа посткеңестік мемлекеттерде де бар. Әлемдік тәжірибе мұндай тұзақтан шығудың оңай еместігін көрсетті.
Нағыз нақты рецепт – барлық әлеуметтік-экономикалық процестерді демократияландыру, сот жүйесін және құқық қорғау органдарын күшейту, мемлекеттік аппараттағы жемқорлықпен күрес.
Бизнестің
криминализациялануы
Көлеңкелі экономиканы заңдастыру отандық өндірістің өмірін қамтамасыз етуге қажетті негізгі факторға айналып отыр. «Көлеңкелі экономиканың» ортаңғы қабаты өздерінің табыстарын заңдастыруға мүдделі. Егер мемлекет нормалар мен заңдарға өзгерістер енгізіп олардың табыстарына амнистия жарияласа, Қазақстан экономикасы біршама инвестицияларға ие болар еді. Экономикалық дағдарыстан инвестицияларсыз шығу мүмкін емес. Ал кризис, әсіресе, инвестиция саласында айқын байқалады: салымдар көлемі қысқарады.
Шетел инвесторларына, несиелер мен халықаралық қаржы институттарының көмегіне сүйену керек пе? Мысалға, біздің базар сатушыларын алайық. Бизнестің қиын жағдайына қарамай олар республика импортының 20-25%-ын қамтамасыз етеді. 1995 жылы елге $9 млн. есептелетін тауар әкелінді. Осындай сатушылардың іскерлігі шетелдік өндірісті дамытады – Түркия, Қытай, Польша және басқа елдерде жаңа жұмыс орындары пайда болады. [14,48б].
Әлем елдерінің ең бір осал жері – көлеңкелі экономика. Небір өркениетті елдердің өзі осы көлеңкелі мәселеге келгенде күмілжіп қалады. Әсіресе, бұрынғы кеңестік елдерде бұл сала «құлпырып» тұр. Соның ішінде Ресейде, тіптен, «асқынып» кеткен көрінеді. Оларда көлеңкелі экономика кеңестік кезеңнен мұраға қалғандай. Неліктен? Өйткені, Ресей бірнеше қоғамдық формациялардың ауысуын басынан өткерді және бұл ел осы өзгерістердің ядросына айналды. Сонау Горбачев заманында халық жоғары билікке қалай құлай сенсе, кейіннен билікке солай мүлдем сенбейтін болды. Сол кезде халық пен билік арасына түскен сына қазір ұлғайып кетті. Бұл елдегі бизнес өкілдері, шаруашылық иелері және басқа табыс көздерін ашқандар мүмкіндігінше биліктен аулақ болғысы келеді. Билікке беймәлім болып қалғанды жөн санайды. Сондықтан, бұл елде көлеңкелі экономика мейлінше «гүлденіп» жатыр.
Ресейде көлеңкелі бизнестің қанат жаюына ең бірінші «экономикалық бостандық» себепші болған тәрізді. Кеңес өкіметі құлап, қоғам нарықтық қатынасқа көшкенде бәріне бірдей берілген экономикалық бостандықты сол кездегі билік басындағы шенеуніктер сәтімен пайдаланды. Олар ірі өндіріс орындарын өздеріне басып қалып, мемлекеттік тіркеуге келгенде барынша жасырып бақты. Тіркеуге алынғандарының өзі көпе-көрінеу көлемі азайтылып көрсетіліп, табысын барынша тасаға тықпалады. Ресейдегі көлеңкелі экономиканың басымдау үлес салмағы осындай тіркеудегі кәсіпорындарға тиесілі екен. Ірі деген кәсіпорындардың өзі осылай жасап жатқанда, ұсақ-түйектеріне, тіпті, құдай беріп жатқан сияқты. Ресейдің экономикалық сарапшылары осыны айтқанда етектері жасқа толады. Олардың пікірінше, көлеңкелі экономиканың кесірі сыртқы экономикалық байланысқа да салқынын тигізіп жатыр. Ел бюджетіне түсуі тиіс табыстың бір бөлігі көлеңкелі жолдармен әлдебіреулердің қалталарын қампитады. Ресейдегі көлеңкелі экономиканың жалпы үлес салмағы 75 пайызды құрайды. Көлеңкенің көр түпкіріне кеткен елдің қазіргі уайымы – бұл шыңыраудан шығар жол табу. [15,27б].
Ал,
біздің еліміз осы бір саланы ауыздықтауда
айтарлықтай табысқа қол
Мәселен, Африка елдеріндегі жалпы ішкі өнімнің 60 пайызы көлеңкелі экономиканың үлесі саналса, Чехияда бұл көрсеткіш 18, Украинада 50 пайызды құрайды. Жалпы, өзге елдерде де көлеңкелі табыстың үлесі осындай болып келеді. Ал, Қазақстанда қанша? ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин көлеңкелі табысты әлдеқашан мұқият есептеп, шотқа қағып, нақты сомасына дейін шығарып қойыпты. Елімізде көлеңкелі бизнестің үлесіне республикалық бюджеттің 15-20 пайызы тиесілі екен. Бұл теңгеге шаққанда тура 250 миллиардқа жетіп жығылады.
Бұл соманы төмендетуге әрбір қазақстандық өз үлесін қоса алады. Оған, тіпті, бізден айрықша күш-қуат, қосымша жұмыстану талап етілмейді. Бар болғаны, сауда жасаған кезде сатушыдан кассалық аппараттың чегін талап етсек те жеткілікті көрінеді. «Бұл өзі ұсақ-түйек, қарапайым нәрсе сияқты көрінеді. Алайда, әрбір сауда жасаушы адам кассалық аппарат чегін талап ететін болса, көлеңкелі экономика көрсеткіштерінің азаюына үлкен үлес қосқан болып шығады. Қандай ауру болмасын, алдымен осындай ұсақ-түйектен басталатынын ұмытпауымыз керек. Кассалық аппарат чегіне тіркелмеген табыстардың өзінен миллиондаған қаржы көлеңкеге кетеді. Тіпті, елімізде «Кассалық аппарат чегін талап етейік» акциясын ұйымдастырса да артық болмас еді».
Осы орайда, «Нұр Отан» ХДП-ның «Өзіңнен баста!» шарасын айта кеткен орынды. Бұдан үш-төрт жыл бұрын жүргізілген «мүлікті заңдастыру» шаралары да жақсы нәтиже берді. Еліміздегі әртүрлі деңгейдегі шенеуніктер халық алдында өздерінің табыстарын жария етті. Мүлікті заңдастыру бойынша көптеген бай азаматтар өздерінің табыс көздерін, мүліктерін, қаржыларын тасадан шығарып заңдастырды. Ерікті салық төлеушіге айналды. Мемлекеттік деңгейде жүргізілген осындай шаралардың нәтижесінде көлеңкеден миллиондаған қаржы шығарылып, ел бюджетінің толығуына өз үлестерін қоса бастады. Еліміздегі осындай акцияларды шетелдік сарапшылар жоғары бағалап, экономиканың ашықтығын қамтамасыз етуге сеп болатынын атап өткен болатын. Арада үш-төрт жыл өткенде бұрынғы арнаға қайта бұрыла бастаған сияқтымыз. Еліміздің бас салықшысы осыны БАҚ беттерінде орайы келгенде айтып қалады. Әсілі, осындай шараларды екі-үш жыл сайын қайталап отырған дұрыс-ау. Сонда елімізде көлеңкелі экономиканың көрсеткіші кемігеннің үстіне кеми түсер еді.
Көлеңкелі экономиканың дамуына әртүрлі факторлар әсер ететіні сөзсіз. Мемлекеттік орган қызметкерлерінің кәсіпкерлермен, бизнес өкілдерімен қарым-қатынасы да бұл бағытта аз рөл атқармайды. Осы орайда, «Экономикалық зерттеулер институты» РМК-ның анкеталық зерттеулері мәліметін оқырман назарына ұсына кеткенді жөн көріп отырмыз. Бұл билік өкілдеріне көлеңкелі бизнес көлемін қысқарту үшін енді қандай бағыттарда жұмыс жүргізу керектігінен бағыт-бағдар берері сөзсіз. Сонымен, аталмыш институттың 2010 жылғы анкеталық зерттеулеріне назар аударайық. Бір ескерер жай, сұрақтарға экономикаға қатысы бар тұлғалар аты-жөндерін жасырмай жауап берген. Яғни, ешкімнен қорқып сескенбей, өздерінің ойларын ашық білдірген. [16,43б].
Анкеталық
сұраққа мыңдаған адам жауап берсе,
соның 9 пайызы мемлекеттік қызметкерлердің
білім-білігі төмен деп есептейді
екен. Ал, 12 пайызы қажетті заңнамалық
актілерді түсінудің өте қиын екенін айтыпты.
Сондай-ақ, 14 пайызы жекелеген заң актілері
екі түрлі ойды білдіреді деп қынжылыс
танытқан. Сұрауға қатысушылардың 15 пайызы
қоғамда қорқытып алушылық бар деп есептейді.
Осыны растағандай, 27 пайызы мемлекеттік
орган қызметкерлері өз өкілеттігін асыра
пайдаланады деген пікір ұстанады. Енді
23 пайызы мемлекеттік қызметкерлерге
қарсы уәж айтып иліктіру қиын деп санайды.
Осындай әртүрлі зерттеулер жүргізудің
нәтижесінде институт бақылаусыз, яғни,
көлеңкелі экономиканың көтерілуі төмендеу
динамикасын жасап шығарған екен. Ол динамикаға
назар салсақ, 2002 жылы 24,7 пайыз болған
көлеңкелі экономиканың көлемі 2010 жылы
15-19 пайыз шамасында деп көрсеткен. Әлем
бойынша алып қарайтын болсақ, бұл жаман
көрсеткіш емес.
Экономикасы дамыған мемлекеттердің банктерінде
өз валютасында салымдар көп болады. Ал,
енді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің
мәліметіне сенсек, теңге түріндегі салымдар
57 пайызға жеткен көрінеді. Жыл басынан
бері шетелдік валютадағы салымдар 3,5
пайызға төмендеген. Бұдан он шақты жыл
бұрын шетелдік валюта түріндегі салымдар
жетпіс пайызға жуықтап қалатын. Қазір
43 пайыздан аспайтын болып қалды. Мамандардың
айтуынша, еліміздің банктеріндегі шетелдік
валюта түріндегі салымдар кемігеннің
үстіне кеми түсетін болады.
2.2
Н.АНазарбаевтың жолдауына
сәйкес көлеңкелі экономиканы
заңдастыру
Мүлікті заңдастыру – тиімді экономиканы құрудың маңызды элементі.
Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің есебі бойынша заңдастырылмаған мүліктің 30%-ын заңдастырғанда бюджетке заңдастырғанда бюджетке 3,7 млрд. тенге қаражат түскен. Эксперттердің есептеуі бойынша көлеңкелі экономика айналымы ЖІӨ-нің 25-30%-ын құрайды.
Қазіргі кезде Қазақстанның көлеңкелі секторында айтарлықтай капитал мен табыстар бар. Бұлар экономиканың заңды капиталдануының деңгейін біршама өсіре алады, соған сәйкес ел экономикасындағы сапалы өзгерістердің, оның құрылымы мен ұзақ перспективаға тұрақты өсу темптерінің қаржылық негізі бола алады. [17,207б].
Көлеңкелі капиталды, мүлікті, ақша қаражаттарын заңдастыру бюджетті толықтыру мен ел экономикасын дамытуды тездетудің тиімді құралы бола алады. Қазіргі кезде кәсіп керлер қаражатты өндірісті одан әрі дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін емес, жылжымайтын мүлік (жер учаскесі) сатып алуға жұмсайды. Жер учаскілерін, әсіресе, қалада сатып алу инвестициялық процестің, өндіріске инвестициялауға мүмкін болған ақша қаражаттарыны тоқтауына әкеледі. Бұл тенденция елде қор рыногын қалыптастыруды тежейді. Егер көлеңкеден заңдастырылмаған мүлік пен капиталды шығарып, шаруашылықтық айналымға салсақ, бұл еліміздің тұрақты экономикалық өсіміне қосымша импульс береді.
Информация о работе Көлеңкелі экономиканың Қазақстан экономикасына әсері