Көлеңкелі экономиканың Қазақстан экономикасына әсері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 21:22, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін алғаннан кейін жас мемлекеттің дамуында жағдай күрт өзгерді. Осы кезеңнен ел экономикасын әлемдік экономикаға интеграциялау белсенді жүрді. Бұл ұлттық экономика қызметінің нәтижелерін сипаттайтын халықаралық практикада қолданы-латын көрсеткіштерге өтуді талап етті. Бұның себебі мынада да еді: елдің әлеуметтік экономикалық дамуының көрсеткіштерін басқа елдердің осындай көрсеткіштерімен салыстырудың объективті қажеттілігі туды.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3

1 Көлеңкелі экономика: негізгі тенденциялар және даму кезеңдері

1.1 Көлеңкелі экономика анықтамасы.......................................................................5

1.2 Пайда болу себептері және даму көздері............................................................6

1.3 Көлеңкелі экономиканың дамуының факторлары мен кезеңдері...................11

2 Көлеңкелі экономиканың әлеуметтік-экономикалық салдарлары

2.1 Көлеңкелі экономикалық іс-әрекеттің көрсеткіштері.....................................15

2.2 Президенттің жолдауына сәйкес көлеңкелі экономиканы заңдастыру.........20

2.3 Елдің экономикалық қауіпсіздігіне көлеңкелі экономиканың әсері..............21

3 Көлеңкелі бизнесті шектеудің бағыттары .....................................................23

Қорытынды..............................................................................................................26

Пайдалынған әдебиеттер тізімі.............................................................................28

Работа содержит 1 файл

КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКА.doc

— 241.00 Кб (Скачать)

    Ортаңғы қабат өкілдері  негізінен өндірілетін  табыстардың иелері болып табылады және олар табыстарды салықтан «қашырып»  әкетеді. Көбіне оларға бұдан басқа  амал жоқ: айыппұлдар мен пайыздарды төлеу олардың ісіне қауіп төндіреді. Келісімдерді жүзеге асыру үшін судья-арбитр ретінде криминалдық структуралардың өкілдерін тартады: келісімдер тіркелмеген, ал келісімді орындамаған жағдайда сотқа жүгіну мүмкін емес.

    «Пирамиданың» криминалдық қабаты көлеңкелі күшеюіне мүдделі. Себебі оның өкілдері кәсіпорындар мен ұйымдардың 90%-ын экономиканың бақылайды. Және бұл заңсыз табыстарды алудың негізгі аясы.

    Көлеңкелі шаруашылықтар үшін қазіргі ситуация жақпайтыны түсінікті: олар екі оттың арасында қалады: бір жағынан криминалдық құрылымдар, екіншісінен – құқық қорғаушы органдар. Сонымен қоса бір-бірінің алдындағы келісімдерді орындауға байланысты жауапкершілік.  

    1.3 Қазастандағы көлеңкелі экономиканың даму факторлары мен этаптары 

    Көлеңкелі экономиканың қалыптасуының өз даму тарихы бар және оны шартты түрде  бірнеше этаптарға бөлуге болады.

    1 этап (1980 жылдары) көлеңкелі экономика  дамуы мен қалыптасуы тенденцияларының  пайда болуымен сипатталады, сонымен  қатар кооперативтік сектордың пайда болуымен сипатталады. (1989 г.) КСРОдағы кооперативті секторда жұмысбасстылардың саны 1988 жылы 152000 адамды құрады. (88000 адам  1987 жылы); 5 млн. адамға дейін күрт өскен.

    2 этап - 1989—1992 жылдар, бұл этаптың  басты ерекшелігі өнеркәсіптің және сауданың криминализациясы, салық жеңілдіктері бар қайырымдылық қорлар секілді ұйымдарға  криминализацияның экспансиясы.

    3 этап - 1992—1993 жылдар. Көпшілік приватизацияның  басына қарай (1993 г.) көлеңкелі  экономика орбитасына тек сауда  коммерциялық, сонымен қатар қаржылық құрылымдар( банктер, инвестициялық қорлар мен компания) тартыла басталды.

    4 этап – 1993 жылдың соңы—1998 жыл.  Бұл этаптың сипатты белгісі  басқару сферасындағы коррупция.  Экспорттық сұрау негізінде коррупция  мына салаларда анағұрлым дамыған:

    Әкімшілік шаруашылық (министрліктер және ведомстволар) - 1 орын (75%);

    Шаруашылық  экономикалық (ұлттық компаниялар, мемлекеттік кәсіпорындар) – II орын (66,3%);

    —құқықтық (сот құқық қорғау және салық органдары) - III орын (55%).

    5 этап — 1999 жылдан осы уақытқа дейін. Көлеңкелі экономика мәселесі ұлттық масштабтағы сипаттағы.

    Қазақстандағы көлеңкелі сектордың дамуының негізгі  көздері мен себептері:

    Мемлекеттегі  жұмыссыздық, қылмыс, өмір сүрудің төмен  деңгеәмен сипатталатын жалпы әлеуметтік экономикалық жағдай, кәсіпкерліктің даму базасының нормативті құқықтық кемшіліктері, салық заңнамасының толымсыздығы:

    Бақылау ревизиялық, құқық қорғаушы органдардың  әрекетінің.

    Көлеңкелі экономиканы ығыстырудың негізінде  оны тудыратын себептерді жою  болып табылады.

    Заңсыз  шығындар екі түрге бөлінеді: [10,17б].

    Біріншісіне жалпы қылмыстық сипаттағы шығындар жатады. Олар коррупция, есірткіні сату, ұрлық, рэкет, контрабанда секілді проблемаларымен байланысты. Әлемде олар әлеуметтік қауіпті болып саналады және мемлекеттік, халықаралық ұйымдармен қудаланады.

    Екіншісіне, мемлекет регламентіне жатпайтын, заңды  бұзумен байланысты шаруашылық қызметтен  түсетін табыстар жатады.

    Жоғарыда  айтылып кеткен «тіке» және «жанама» әсер етудің тағы да басқа түрлері  бар:

    А. «тікелей әсер» факторлары:

    -Атқарушы биліктің тиімсіз басқару іс-әрекеттері;

    -Бақылау-ревизиялық органдардың біліктілігінің жеткіліксіз деңгейі;

    -Мемлекет саясатындағы басымдылықтар мен стратегиялық бағыттар,

    -Геосаяси жағдай мен сыртқы экономикалық қатынастар;

    -Басқару органдарының  жемқорлықтың деңгейі;

    -Халықтың мүліктік жағдайындағы айырмашылық.

    Б. «Жанама әсерлердің» факторлары:

    -Тұрғындар табыстары арасындағы үлкен айырмашылығы;

    -Халық менталитетінің ерекшеліктер.

    -Көлеңкелі экономика дамуына тән факторлар:

    -Әлеуметтік салаға шығындардың азаюы;

    -Қазақстандық капиталды шетелге шығару;

    -Аймақтардың дамуының тепе-теңдігінің бұзылуы;

    -Қоғамның криминализациялануы, экономикалық қылмыстың артуы;

    Қоғамның  мемлекетке сенімінің жоғалуы.

    Көлеңкелі экономиканы шектеу тәжірибесінде белгілі бір механизмдер жұмыс істейді. Мұнда қылмыстық жағымен ғана емес сонымен қатар құқықтық әдістерді де енгізу керек. Капиталды ел экономикасына қызмет еткізу үшін:

    а) салық мөлшерін азайту және оларды алу процедурасын жеңілдету;

    ә) кәсіпкерлікті тиімсіз ететін заңдардағы құқықтық олқылықтарды жою;

    б) өндірісті кеңейту мен жаңа жұмыс орындарын ашуға кететін табысты салықтық қысымнан босату;

    в) жинақтар мен капиталдардың сақталуын мемлекеттік қамтамасыз ету. 

    Индикатор  1. Кіріс 

    Сарапшылардың бағасына сәйкес 1991 жылы Қазақстанда материалдық қиын жағдайда халықтың 10% құрады, ал 1993 жылдың басына қарай   Қазақстандағы халықтың 50% кедейшілік белгілерінен төмен болды, осыған сәйкес халықтың әр түрлі топтардың өмірлік деңгейінде шапшаң өсе берді.                

    Қазақстан үшін халықтың өмір сүруі үлкен мәселеге айналды, өмір сүру деңгейімен салыстырып қарағанда. Сонымен әр жанға шаққандағы орта мәні 1994жылы халықтың кірістері  республика көлемінде орташа бағасы 408 тенге жылына; сонын ішінде қалалық тұрғындар – 560 теңге, ал ауыл тұрғындары – 257 теңге. Өндірістік бөлікте ғана минималды тұтынушылық бюджеттің құның орта мәні 1170 теңге. Осылайша, әр жанға шаққандағы кірістер 17,4% құрады, бюджеттің тұтыну минималды құынан.

    Соңғы он жылда Қазақстанда еңбек ақы мәселесі жан басына шаққанда орташа айлық еңбек ақысы тұрақты түрде сипаттайды. Айлық еңбек ақыны көтеру өндірістің көлемін ұлғайту және шынайы түрде секторда қызмет жасауды өсіруді [11,4б].

    Индикатор 2. Жұмыссыздық

    1994 жылдың басында Қазақстан Республикасында 536,4 мың жұмыссыз адам тіркелген. Олардың санының шырқау шыңы 1996—1999 жылдарға тұспа-тұс келді, 970 мыңға жуық жұмыссыздар саны тіркелген кезде.  Бұл алғашқы жылдардағы реформалардың ұйымдардың ұдайы өндірістерге байланысты: жұмыс уақытысының азаюы, жұмыссыздықтың уақыттық формасы, жұмысшылардың санының азаюы, яғни жұмыссыздардың санын асыруы. 2004 жылдың аяғына қарай республикада жұмыссыздар саны 660,8 мың адамға азайды. 1991 жылы 282,4 мың адам жағдайының жақсарғандығы жайында тіркелді, ал олардың халықтың экономикалық белсенділігі – 4,2% құрады. Соңғы жылдары жұмыссыздардың тіркелген үлесі халықты азайғандығы жайында байкалады, бірақ 2% шамасында қазігі таңда шайқалып тұр.

    Жұмыссыздар деңгейі білім деңгейіне байланысты ажыратылады, жұмыссыздар санының көп бөлігі жоғарғы білім ұяларында байқалады, сонымен қатар жоғарғы оқу орнын аяқтамағандар мен орта оқу орындарын аяқтағандар жатады. Сонымен оны келесі графиктен байқаймыз және оған  көңіл аударайық 2001жылы жоғарғы білімі бар жұмыссыздар саны 100,4% мың адамға жетсе, орта білімі бар жұмыссыздар саны 200,3% мың адамды құраса, бастауыш мамандықтар саны 57,7% мың адамды құраса, және сонымен жалпы орташасы 421,9% мың адамды құрады. 2004 жылдың аяғына қарай экономикадағы структуралық реформаның жұмысқа деген сұраныстың көбеюне, қайта мыңдаған адамды жұмыспен қамтылуына байланысты жағдайлар едәуір өзгерді.

    Индикатор 3. GINI коэффициенті

    GINI коэффициенті —қарастырылып отырған  белгінің біркелкі емес деңгейін  сипаттайтын статистикалық көрсеткіш, GINI коэффициенті Лоренц қисығының көмегімен есептеледі, яғни абсолютті теңдеу сызығы мен Лоренц қисығынан құралған фигура ауданының абсолютті теңдеу сызығының астындаңы үшбұрыштың ауданына қатынасына тең. GINI коэффициенті толық теңдеудің  идеалды жағдайында 0-ге тең, ал абсолютті теғсіздіктің идеалды жағдайында 1-ге тең. GINI коэффициенті неғұрлым жоғарылаған сайын, соғұрлым теңсіздік көбейеді. Сондықтан GINI коэффициенті қатысты көрсеткіш. Қазақстанда 2004 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 0.3 шамасын құрады.

    Индикатор 4. Жұмыспен қамту

    Мемлекетте  экономикалық қызметтің жандануы, жаңа өндіріс орындарының құрылуы, нарықтық инфрақұрылымдарының дамуы, кіші бизнесті қолдау жұмыссыздар санын салыстырмалы түрде азайтты.

    Индикатор 5. Экономика саласындағы өзгерістер

    Өтпелі  кезең – бұл экономика эволюциясындағы  ерекше кезең, яғни бір жүйенің тарих  сахнасынан кетуі екінші жаңа жүйені тудырады және орнықтырады, сондықтанда  өтпелі экономиканың дамуы айрықша  сипатталады. Бұрынғы КСРО ыдырағаннан  кейін Қазақстан терең экономикалық және  әлеуметтік дағдарыстан шығудың жаңа жолы өзінің экономикасының  базалық салаларын нығайту деп тапты. Қазақстандағы реформалар 1992 жылдан басталды.

    Көлеңкелі экономиканың дамуына әртүрлі факторлар  әсер ететіні сөзсіз. Мемлекеттік орган қызметкерлерінің кәсіпкерлермен, бизнес өкілдерімен қарым-қатынасы да бұл бағытта аз рөл атқармайды. Осы орайда, «Экономикалық зерттеулер институты» РМК-ның анкеталық зерттеулері мәліметін оқырман назарына ұсына кеткенді жөн көріп отырмыз. Бұл билік өкілдеріне көлеңкелі бизнес көлемін қысқарту үшін енді қандай бағыттарда жұмыс жүргізу керектігінен бағыт-бағдар берері сөзсіз. Сонымен, аталмыш институттың 2010 жылғы анкеталық зерттеулеріне назар аударайық. Бір ескерер жай, сұрақтарға экономикаға қатысы бар тұлғалар аты-жөндерін жасырмай жауап берген. Яғни, ешкімнен қорқып сескенбей, өздерінің ойларын ашық білдірген.

    Анкеталық сұраққа мыңдаған адам жауап берсе, соның 9 пайызы мемлекеттік қызметкерлердің  білім-білігі төмен деп есептейді  екен. Ал, 12 пайызы қажетті заңнамалық актілерді түсінудің өте қиын екенін айтыпты. Сондай-ақ, 14 пайызы жекелеген заң актілері екі түрлі ойды білдіреді деп қынжылыс танытқан. Сұрауға қатысушылардың 15 пайызы қоғамда қорқытып алушылық бар деп есептейді. Осыны растағандай, 27 пайызы мемлекеттік орган қызметкерлері өз өкілеттігін асыра пайдаланады деген пікір ұстанады. Енді 23 пайызы мемлекеттік қызметкерлерге қарсы уәж айтып иліктіру қиын деп санайды.

    2.  Көлеңкелі экономиканың қызметінің механизмі 

    2.1 Көлеңкелі экономиканың  әс-әрекеттің көрсеткіштері 

    Механизмді  екі үлкен классқа бөлуге болады. Бұлар – негізгі және қосымша  механизмдер.  Схемалар:

    Бірінші. Кәсіпорындар жанында шектеулі жауапкершілікті  серіктестіктер құрылады (немесе жабық түрдегі акционерлік қоғамдар). Құрылтайшылрдың қатарына базалық кәсіпорынның басқарушы қызметкерлері де кіреді. Ресурстар, құрал-жабдықтарды сатып алу аралық серіктестіктер арқылы жүзеге асады: ресурстар кәсіпорынға тіке тасымалдағаннан қымбатқа түседі, бірақ серіктестіктер мүшелері нәтижесінде табыстарын өсіреді. Схема симметриялық, яғни екі жақты әсер етеді: шикізат пен материалдарды шетке шығару осы ұйымдардың қатысуымен жүреді және олар бұдан да пайызын алады. [12,8б].

    Екінші. Бір коммерциялық структура базалық  кәсіпорыннан, зауыт өніміне ұқсас  өнімдерді өндіре отырып,  өндірістік күштерді жалдайды.  Бұл құрылымдағы  жұмыскерлердің құрамына зауыттың өткізу бөлімінің «параллельді кәсіпорындарға» неғұрлым тиімді тапсырыстарды қайта жіберетін қызметкерлер кіреді.

    Үшінші. Базалық кәсіпорын НПО немесе ҒЗИ түрінде болады. Олар ғылыми-зерттеу  жұмыстары үшін мемлекеттік бюджеттен  қаржы алады. Бұл қаражаттар кәсіпорынның бюджеттік шотынан коммерциялық банктің жинақтық шотына түседі. Депозиттік келісім бойынша және ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарланған  уақыты өткен соң, ақшалар жұмыс атұарған нақты адамдарға төленед(бұған дейін олар тегін қызмет етеді), бюджеттік және днпозиттік шоттар «тазаланады», ал депозитік пайыз «ғылыми қызметкерлер» жұмыс істеген сәйкес коммерциялық құрылымдарға құйылады.

    Механизмдердің  жоғарыда айтылған үш механизмі алынған  табысты мемлекеттік салықтан жасырудың  операцияларын қамтиды. Осы жерде  жоғарыда айтылған келісімдердің «аяқтары»  жоғалады: активтерге немесе валютаға айнала отырып табыстар жылжымайтын  және жеке мүлікке салынады немесе шет елдерге ауыстырылады. Келісімдердің мұндай шеңберін тіркеу және зерттеу – оңай шаруа емес, ал отандық банктік жүйенің тез дамуы осындай операцияларды жүзеге асырумен тікелей байланысты.

Информация о работе Көлеңкелі экономиканың Қазақстан экономикасына әсері