Көлеңкелі экономиканың Қазақстан экономикасына әсері

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 21:22, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін алғаннан кейін жас мемлекеттің дамуында жағдай күрт өзгерді. Осы кезеңнен ел экономикасын әлемдік экономикаға интеграциялау белсенді жүрді. Бұл ұлттық экономика қызметінің нәтижелерін сипаттайтын халықаралық практикада қолданы-латын көрсеткіштерге өтуді талап етті. Бұның себебі мынада да еді: елдің әлеуметтік экономикалық дамуының көрсеткіштерін басқа елдердің осындай көрсеткіштерімен салыстырудың объективті қажеттілігі туды.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................................................3

1 Көлеңкелі экономика: негізгі тенденциялар және даму кезеңдері

1.1 Көлеңкелі экономика анықтамасы.......................................................................5

1.2 Пайда болу себептері және даму көздері............................................................6

1.3 Көлеңкелі экономиканың дамуының факторлары мен кезеңдері...................11

2 Көлеңкелі экономиканың әлеуметтік-экономикалық салдарлары

2.1 Көлеңкелі экономикалық іс-әрекеттің көрсеткіштері.....................................15

2.2 Президенттің жолдауына сәйкес көлеңкелі экономиканы заңдастыру.........20

2.3 Елдің экономикалық қауіпсіздігіне көлеңкелі экономиканың әсері..............21

3 Көлеңкелі бизнесті шектеудің бағыттары .....................................................23

Қорытынды..............................................................................................................26

Пайдалынған әдебиеттер тізімі.............................................................................28

Работа содержит 1 файл

КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКА.doc

— 241.00 Кб (Скачать)

    Жалған  және контрафактілі өнімдерге сұраныстың көптігі;

    Экономиканың  бәсекелестігінің төмендігі, қаржы  және кредиттік рыноктардың дамуының проблемалары, қаражатты қайтармау  мүмкіндігіне байланысты  кредиттік  ресурстардың жетімсіздігі;

    Қазақстанда ірі және кіші мекемелер арасындағы өндірістік кооперация жеткілікті дамымаған. Дамыған экономикаларда ірі бизнеспен  серіктестік  кіші және ірі мекемелер  үшін табыстың негізгі көзі болып  табылады. Қазақстан үшін кіші және ірі мекемелер арасындағы өзара әсерлесу процестерінің тағы бір маңыздылығы – тұрақсыздық жағдайында кіші және ірі бизес арасындағы ресурстардың ағымы оларды пайдаланудың тиімділігіне әкелуі тиіс.

    Табысты мемлекет пен басқа экономика  арасында бөлуді регламенттейтін заңның кемшілігі.  Мемлекет табыстары мен қалған экономика арасындағы тепе-теңдігі келесі көрсеткіштермен сипаттауға болады: кәсіпорын мен халыққа салықтың жалпы деңгейінің ауырлығы, түгел  экономика мен бөлек салалары бойынша тауарлар мен қызметтер  өндірісінің рентабельділігі, еңбек өнімділігінің артуы мен жалақы деңгейін салыстыру. Қазақстандық салық төлеушілер көлеңкеге салықтардың жоғарылығынан емес, көбіне олар өндіретін өнімнің бәсекелестігінің төмендігінен кетеді.

    Көлеңкелі экономиканы осы блок бойынша  өсіретін себептер: [6,15б].

    Салық салудың негізсіз жоғары ставкалары(тауарлар мен қызметтерді кеңінен өндіруге мүмкіндік бермейді);

    Жеке  тұлғалар мен кіші кәсіпорындарда өндірісиі  үлкейту мен оны ұйымдастырудың жоғары формасына өту үшін салықтық және несиелік стимулдардың жеткіліксіздігі;

    Негізсіз  жоғары кеден тарифтері және басқа  алымдар.

    Кедергілердің пайда болуы нормативтік-құқықтық базаның жеткіліксіз-дігіне байланысты. Заңдар мен актілердің көпшілігі ведомстволық спецификасымен, күрделілігімен, түсініктемелерді қажет ететіндігімен ерекшеленеді. Бұл, әсіресе, кәсіпкерлер мен мемлекеттік органдар арасындағы лицензиялау, стандартизациялау мен сертификациялау, салық салуда білінеді.

    Халық пен кәсіпкерлер коммуналды қызметтер (сумен, жарықпен, жылумен қамтамасыз ету) көрсететін монополистермен арадағы өздерінің құқықтарын қорғауда қиындықтарға тап болады.

    Қызметтер көрсету барысында көптеген органдардың  қызметкерлеріне қызмет мүмкіндіктерін асыра пайдаланып ақша талап етуі тән. Тұтынушылардың ойынша мұндай сорақылықтар фискалдық органдарынан (салық және кеден қызметкерлері), әкімшіліктер мен өрттен қорғау мекемелерінен көрінеді. Әкімшіліктер қызметкерлеріне кәсіпкерліктерді қайырымдылық көрсетуге, бизнеске тән емес басқа да төлемдерге мәжбүрлеуі тән.

    Халық пен кәсіпкерлер керек кезде мемлекетік қызметкерлердің әрекеттерін дәлелдей алмайтындығы сияқты күрделі жағдайда қалады. Бұған дәлелді мынадан көреміз: сұралғандардың 4%-ы ғана қызметтерге қолы жете алмағандығына және 1.5%-ы оларға шенеуніктер тарапынан жағымсыз қытынасқа та болғандығына шағымданған. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс қабылданғанмен, онда көзделген мақсаттарға әлі күнге дейін жету мүмкін болмай отыр.

    Кәсіпкерлер мен халықтың ойынша мемлекеттік  қызмет өкілдерінің сұраулары субъективтік сипатқа ие. Бұл олардың маңыздылығын анықтайтын инструкциялар мен нормативтердің толымсыздығынан болып отыр. Тұтынушылардың айтылған органдардың әрекеттерін түсіндіретін, өкілеттігін, жауапкершілігін, екі жақтың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын ережелер, нормативтер, инструкциялар және басқа да құжаттармен танысатын мүмкіндіктері жоқ. 

    Жемқорлықтық  іс-әрекетті тудыратын бизнесті ашу  және жүргізудің тым реттеліп қойылуы. Себептердің осы блогы бойынша   істер жағдайының көрсеткіштері  болып мыналар табылады: лицензияланатын іскерліктер түрінің тзімінің көлемі, қызметтерге тарифтердің деңгейі; тіркеу, салымдарды және басқа алымдрды төлеу мен тіркеу процедуралары бойынша компьютерлендіру жағдайы; мемлекеттік қызметтер мен функцияларды құжаттау процедураларын іске асыратын тұлғаларды салықтық тіркеу.

    Осы блок бойынша көлеңкелі экономиканың дамуының негізгі сеьептері:

    Заңды және жеке тұлғалардың қысқа уақыт  ішінде және төмен төлемге дамудың  процедуралық мәселелерін шешуге ұмтылуы;

    Тексеруші ұйымдар тапқан заң бұзушылықтар салдарынан іскерлікті тоқтатуды болдырмауға ұмтылу (стандартизациялау, сертификациялау, өрт және басқа да инспекциялар);

    Тауарлар  мен қызметтер өндірісіне мемлекеттік  тапсырыстарды алуға (беруге) заң  бұзушылық арқылы ұмтылу.

    Жасырын экономиканы бағалау және мемлекеттік органдар арасындағы мәлімет алмасу әдістерінің толымсыздығы.

    Себептердің бұл блогында көлеңкелі экономика  жағдайын бағалау көрсеткіштері  мыналар: тұтынудың бекітілген нормаларына  сәйкес өндіріске кеткен негізгі  материалдар шығыны; өндірістің динамикасы мен электр энергиясын тұтыну; жасырын өндірісті ашу бойынша жергілікті органдардың басқа аймақтар және елдермен салыстырғандағы белсенділік деңгейі; экономика саласындағы құқықбұзушылықпен күресетін органдар және есеп органдары арасындағы ақпарат алмасу.

    Бұл блокта көлеңкелі экономиканы дамытатын  себептер мыналар: [7,9б].

    Жасырын өндіріс есебінен баюға ұмтылу;

    Жасырын цехтар мен мемлекеттен жасырылған табысты анықтауда қорғаныс органдарының жеткіліксіз жұмысы;

    Мемлекеттік қызметкерлердің жасырын өндіріс иелерімен сыбайластығы.

    Халықаралық тәжірибе зерттеулері көрсетуі бойынша  көлеңкелі экономика көлемін  бағалау әр түрлі жолмен жүзеге асрылады. Солардың ішіндегі негізгілері:

    Есептік-статистикалық  бағалау. Оның негізгі критериі –  ресми тіркелген субъектілердің өткен периодпен салыстырғандағы статистикалық есепті бермеу салдарынан экономикалық қатынастарды бөліп қарау;

    Фомальді-құқықтық бағалау. Негізгі критериі – реттеудің  нормативтік жүйесіне қатысты көлеңкелі  экономикалық қатынастарды қарастыру.

    Бұл көзқарастың ерекшелігі: Отличительной  особенностью этого подхода являются: экономикалық ақпаратты ашық бақылау  әдістерімен ала алмау, жасырын  өндіріс пен кәсіпорындардың  ресми тіркеуден қашуы, келісімдерді мемлекеттік реттеудің жоқтығы, заңдар мен ережелерге бағынбайтын немесе басқару мен бақылаудың мемлекеттік органдарынан жасырын экономикалық агенттердің іскерлігі.

    Бірінші екі әдістің критерийлерін қосатын  кешенді бағалау.

    Кешенді бағалау зерттеудің келесі әдістерін  жүргізуді талап етеді:

    Микроәдістер (тікелей әдістер): халық пен эксперттер арасында сауалнама жүргізу, таңдамалы  зертеулер, салық кітаптарындағы жазбаларды талдау, мемлекеттік бақылау мәліметтері.

    Макроәдістер (жанама әдістер): өзара байланысты көрсеткіштерді салыстыру; жұмысбастылық көрсеткіші бойынша әдіс: жұмыс уақытын жұмсауды зерттеу; монетарлық әдіс: ақшаға сұранысты талдау; құрылымдық әдіс: экономика салалары бойынша талдау: физикалық шығындар әдіс: электр энергиясын пайдалану мен өнімді шығару көлемі.

    Қазақстанның  көлеңкелі экономикасының көлемін зерттеуде тек есептік-статистикалық бақылау ғана қолданылады. Ол көлеңкелі экономиканың масштабтары туралы толық ақпарат бермейді: бұл көлеңкелі экономикамен күресудің тиімді әдістерін қалыптастыруға мүмкінік бермейді, әсіресе жасырын өндіріс саласы және табысты жасыруда.

    Әкімшіліктік  және экономикалық қылмыстармен күрес  органдарының  материалды-техникалық базасының дұрыс дамымауы. Бұл блок бойынша көлеңкелі экономиканың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер: салық және төлемдер жинайтын органардың техникалық қамтылуының жағдайы, олардың еңбек жалақысының деңгейі, салық және басқа төлемдер жинайтын мамандар  жұмысын іштей және сырттай бақылау. Көлеңкелі экономиканы өсіретін себептер:

    Жеке  және заңды тұлғалардың табиғи ресурстарды  заңсыз пайдаланунын тоқтатудың мүмкін еместігі (бекіре тұқымдастарды аулау, орманды отау, ұн сату, т.б.);

    ТМД елдерімен мемлекеттік шекараның  айқындығы.

    Көлеңкелі экономика үш ірі блокқа бөлінеді:

    Ресми емес экономика. Мұнда заңмен рұқсат етілген экономикалық іс-әрекеттің барлық түрі жатады. Алайда мұнда статистикамен есептелмей қалатын қызметтер мен тауарлар  өндірісі, бұл істерді салықтан жасыру, т.б..

    Жалған  экономика. Бұл – ұрлық, спекулятивтік  келісімдер, пара алу және ақшаны алу  және берумен байланысты басқа да айлакерлік әдіс-тәсілдер.

    Жасырын экономика. Бұл – заңмен тыйым  салынған экономикалық іс-әрекеттер.

    Қазақстандағы көлеңкелі экономиканың тез қарқынмен  өсуінің объективті себебі – басқару  жүйесінің бюрократиялық, командалықтан  нарықтық басқаруға өтуі. Қоғамдық құрылыстың ауысуы ескі моральдің де ауысуымен қатар жүреді.

    Қызмет  ету көздері.  Бұлардың біріншісі – барлығына белгілі капиталдың, шикізаттық  және энергетикалық ресурстардың сыртқа шы ғарылуы. Алайда мұндағы келісімдердің негізгі бөлігі көлеңкелі емес, яғни заңды негіздерде жүзеге асады: шикізат пен энергетикалық ресурстар көбіне шет елдерге делдалдық компаниялар арқылы арзан бағаға өткізіледі де, ал соңғылардың табысының сәйкес пайыздары (пайдасы) шет елде жиналады [8,27б].

    Көлеңкелі экономиканың екінші және негізгі көзі – мемлекеттік органдармен тіркелмейтін экономиканың барлық саласын қамтитын шаруашылық іс-әрекет. Мысалы, ресми статистикалық мәліметтер бойынша табыстары өмір сүру минимумынан әлденеше аз халықтың 5-6 жыл реформа ішінде қалай өмір сүруі мүмкін?

    Ресми статистикаға сәйкес Қазақстандағы  халық өмірінің деңгейі 1995 жылы 1991жылға  қатысты 60%-ды құрады. 1995 жылдың өзінде нақты жалақы мөлшері 25%-ға кеміді. Алайда жеке меншіктегі жеңіл автомобильдердің саны азайған жоқ, ал шет ел маркаларының автомобильдерінің саны артты: 1998 жылы республикамызға 200  мың автокөлік әкелінді. Бұны тек көлеңкелі фактордың болуымен түсіндіруге болады.

    Жалпы әлемдік масштабта ЖІӨ-дегі көлеңкелі  экономиканың үлесі 5-10% деп есептелінеді. Африка елдерінде бұл көрсеткіш 60%, Чехияда - 18%,  Украинада - 50%.

    40-50% көрсеткіші критикалық нүктеге  жеткенін көрсетеді.  Факторлардың  шаруашылық өмірге әсер ететіні  соншалық  заңды және көлеңкелі  әрекеттердің арасында еш айырмашылық  жоқ және ол экономикалық саланың барлық сфераларында анық білінеді. 

    Көлеңкелі іс-әрекеттің негізгі белгісі  – коммерциялық  келісімдердің  ресми тіркеуінен қашқақтау және олардың мазмұнын тіркеу кезінде  әдейі өзгерту. Бұның барысында  негізгі төлем құралы – қолма-қол  ақша және соның ішінде шетелдік валюта. Ал іскерлік сұрақтарды шешу кезінде «разборкалар» басым.

    Криминалдық «пирамида»

    «Көлеңкелік шымылдықты» ашатын болсақ, оның арғы жағында экономиканың бейресми секторының қозғаушы күштерінің «пирамидасы»  шығады.

    Көлеңкелі экономиканың өзінше бір қозғаушылары – криминалдық элементтері: наркотик, қару сатушылар, автокөлік ұрлаушылар, киллерлер, жеңгетайлар, т.б.. Бұл категорияға  пара алатын және мемлекеттік міндеттер және мүдделерді сататын билік және басқару органдарының өкілдерін жатқызуға болады.

    Ортаңғы деңгейдегілер – көлеңкелік шаруашылықтар: кәсіпкерлер, коммерсанттар, қаржыгерлер, өндірушілер, кіші және орта бизнесмендер. Бұл адамдар – экономикалық іскерліктің «моторы», алайда заңды экономиканың ғана емес.

    Үшінші  топ – физикалық және интелектуалдық еңбек ететін жалдамалы жұмысшылар. Оларға кейбір деректер бойынша табыстарының 60%-ын пара құрайтын сыбайлыс жемқорлықтық мемлекеттік қызметкерлер де жатады.

    «Пирамиданың» барлық  қабаттарының негізгі мүддесі  – «құқықтық шеңберден» тыс қосымша табыс алу. Мүдделерді іске асырудың жалпы формалары да бар. Мысалға шет елге капитал шығару бәріне тән. Алайда, криминалдық және ортаңғы деңгейдегілер бұны көбіне шикізат және стратегиялық материалдармен, импорттық тауарлар, инвестициялар, жалған төлем құжаттарын жасаумен байланысты заңсыз операциялар арқылы іске асырады. Жалдамалы жұмысшылар тек «милары» мен қолдарын ғана ұсына алады [9,15б].

    Криминалдық структуралар негізінен табыстарды бөлу саласында әрекет етеді. Бұл  табыстарды экономикалық емес тәсілдермен алады, соның ішінде күш көрсетумен – қоқанлоқыдан адамды жалдап өлтіруге дейін.

Информация о работе Көлеңкелі экономиканың Қазақстан экономикасына әсері