Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 21:22, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін алғаннан кейін жас мемлекеттің дамуында жағдай күрт өзгерді. Осы кезеңнен ел экономикасын әлемдік экономикаға интеграциялау белсенді жүрді. Бұл ұлттық экономика қызметінің нәтижелерін сипаттайтын халықаралық практикада қолданы-латын көрсеткіштерге өтуді талап етті. Бұның себебі мынада да еді: елдің әлеуметтік экономикалық дамуының көрсеткіштерін басқа елдердің осындай көрсеткіштерімен салыстырудың объективті қажеттілігі туды.
Кіріспе.........................................................................................................................3
1 Көлеңкелі экономика: негізгі тенденциялар және даму кезеңдері
1.1 Көлеңкелі экономика анықтамасы.......................................................................5
1.2 Пайда болу себептері және даму көздері............................................................6
1.3 Көлеңкелі экономиканың дамуының факторлары мен кезеңдері...................11
2 Көлеңкелі экономиканың әлеуметтік-экономикалық салдарлары
2.1 Көлеңкелі экономикалық іс-әрекеттің көрсеткіштері.....................................15
2.2 Президенттің жолдауына сәйкес көлеңкелі экономиканы заңдастыру.........20
2.3 Елдің экономикалық қауіпсіздігіне көлеңкелі экономиканың әсері..............21
3 Көлеңкелі бизнесті шектеудің бағыттары .....................................................23
Қорытынды..............................................................................................................26
Пайдалынған әдебиеттер тізімі.............................................................................28
1.такырыптагы сурактар ишиндеги сурактармен сайкес келмейди, мазмунында баска ишинде баска!
2. Малиметтер аз!
3. Коленкели
экономиканын ЖІӨ-ги асери
4. Отандык салалардын
коленкеленуи
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
1 Көлеңкелі экономика: негізгі тенденциялар және даму кезеңдері
1.1 Көлеңкелі
экономика анықтамасы....................
1.2 Пайда
болу себептері және даму көздері.......................
1.3 Көлеңкелі
экономиканың дамуының факторлары мен
кезеңдері...................11
2 Көлеңкелі экономиканың әлеуметтік-экономикалық салдарлары
2.1 Көлеңкелі
экономикалық іс-әрекеттің көрсеткіштері.................
2.2 Президенттің жолдауына сәйкес көлеңкелі экономиканы заңдастыру.........20
2.3 Елдің
экономикалық қауіпсіздігіне көлеңкелі
экономиканың әсері..............21
3
Көлеңкелі бизнесті
шектеудің бағыттары ..............................
Қорытынды.....................
Пайдалынған
әдебиеттер тізімі........................
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін алғаннан кейін жас мемлекеттің дамуында жағдай күрт өзгерді. Осы кезеңнен ел экономикасын әлемдік экономикаға интеграциялау белсенді жүрді. Бұл ұлттық экономика қызметінің нәтижелерін сипаттайтын халықаралық практикада қолданы-латын көрсеткіштерге өтуді талап етті. Бұның себебі мынада да еді: елдің әлеуметтік экономикалық дамуының көрсеткіштерін басқа елдердің осындай көрсеткіштерімен салыстырудың объективті қажеттілігі туды.
Қазақстанда қысқа уақыттың ішінде ұлттық шауашылық балансынан ұлттық есептерге көшумен байланысты біршама жұмыс істелді. Қазіргі кезде өндіріс пен ЖІӨ-ді пайдаланудың тоқсандық есептері жүргізіледі, алайда жаңа экономикалық көрсеткіштерді қалыптастыруда қиындықтар бар. Олар барлық салада көлеңкелі экономиканың дамуына байланысты объективті және нақты мәліметтерді алумен байланысты.
Соңғы жылдары экономикалық қылмыстар, ұйымдасқан қылмыстық топтар, көлеңкелі экономикаға байланысты мақалалармен көптеген басылымдар жарық көрді. Бірақ бұларды ғылыми негізде зерттеуге жол қойылған жоқ. Бұл маселелер бойынша мемлекеттік деңгейдегі ғылыми зертеу бағдарламалары, министрліктер мен ведомстволардың, академикалық институттардың, ҚР ІІМ-нің жоғары мектептері белсенді қатысуы қажет [1].
Қылмыстық
кодекс бойынша азалануы тиісті шаруашылық
іс-әрекет авторлардың көбімен «
Қара бизнес жүргізу елде көлеңкелі экономиканың дамуына әкеледі. Көлеңкелі экономика елде заңды кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар болмағанда пайда болады. Дамыған елдердің ешқайсысы бұл құбылысты басынан өткізбей қоймаған, себебі кез келген елдегі экономикалық жүйе заңды және заңсыз, көлеңкелі экономикалық іс-әрекеттің синтезі болып табылады. Заңсыз, жасырын экономика заңды экономикамен бірге қызмет атқарады, сонымен қатар кейбір елдерде көлемі бойынша заңды экономикадан да еш қалыспайды. Көлеңкелі экономиканың масштабтарында айырмашылық болуы мүмкін, алайда ешбір ел одан толық арылмаған. Бұны қылмыспен салыстыруға болады: құбылыс масштабын азайтуға болады, бірақ толық жою мүмкін емес. Көлеңкелі экономиканың көптеген атаулары бар – әр елде әр түрлі: “ресми емес”, “жасырын” (ағылшын авторлары); “жер астылық”, “формальді емес” (француз авторлары); “құпия”, “су астылық” (итальян авторлары); “көлеңкелі” (неміс авторлары) – бірақ бұдан мәні еш өзгермейді. Алайда шет елдік экономикалық және социологиялық әдебиеттерде бұл құбылысты анықтайтын бірегей термин ғана емес, сонымен қатар бұл феноменді түсіндіретін бір түсінік жоқ.
Көлеңкелі экономика – бұл табыстарды жасыру, салықтарды төлемеу, контрабанда, наркотиктер сату, жалған қаржылық операциялар. Бұндай іскерліктен түсетін табыс өте көп, олар ондаған миллиардтай доллар ақшадан артық болмаса кем емес. Құқық қорғау органдары арқылы жолы кесілетін іскерлік әрекеттер үлкен мұзтаудың тек ұшы ғана. Сол себепті көлеңкелі экономиканың мәні неде, ол қайдан шықты, ол қаншалықты күшті деген сұрақтарға жауап іздеу мәселесі туады.
Курстық жұмыстың мақсаты: ҚР территориясындағы көлеңкелі экономиканың дамуының ерекшеліктерін көрсету және оны сипаттау.
Осыны ескере отырып келесі міндеттер қойылды:
-Көлеңкелі экономиканың пайда болуының себептерін анықтау;
-Қазақстанағы көлеңкелі экономиканың даму кезеңдері мен факторларын сипаттау;
-Көлеңкелік айналымды шектеудің механизмдерін көрсету.
Осылайша менің мақсатым – құбылыс ретінде көлеңкелі экономиканы зерттеу, оның макроэкономикалық салдарларын және онымен күресу әдістерін зерттеу. Осы мақсатқа жету үшін келесі мәселелерді қарастыру қажет:
-Көлеңкелі экономика ұғымын, формаларын және түрлерін анықтау;
-Көлеңкелі экономиканың пайда болуының алғышарттарын табу;
-ТМД елдеріндегі көлеңкелі экономиканың масштабтарын талдау;
-Онымен күресу жолдарын анықтау.
Зерттеу нысаны. Қазақстан Республикасындағы көлеңкелі экономика.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бөлімдердің атауы, құрылымы және мазмұны жұмыстың тақырыбына, мақсатына және міндеттеріне сәйкес келеді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі. Қазақстан Республикасы Конституциясы басқа да заңдар мен нормативтік құқықтық актілер мен әлемдік экономика ғылымының классиктерінің, Ресей және Қазақстандық ғалым-экономистер мен маман-практиктердің еңбектері, қарастырылып отырған мәселеге байланысты әр түрлі нысандағы есептілік мәліметтері қолданылған.
Ақпараттық
базасы. Курстық жұмыста ғылыми конференциялар
мен кезеңдік баспалар материалдары кеңінен
қолданылды. Сонымен бірге осы қарастырылып
отырған мәселеге тиесілі шеңберіндегі
арнайы материалдарға, жалпы экономикалық
және құқықтық әдебиеттерге жүгініп негізделінген.
1
Көлеңкелі экономика:
дамудың негізгі
тенденциялары және
кезеңдері
1.1
Көлеңкелі экономика
анықтамасы
Көлеңкелі экономика дегеніміз не деген сұраққа әр түрлі жауаптар беріледі.
Көлеңкелі экономика – бұл заңға қарсы экономикалық іскерлік, яғни әр түрлі ауырлық деңгейіндегі қылмыстарды «қоректендіретін» заңға қайшы шаруашылық іскерліктердің жиынтығы. Келесі бір пікір бойынша көлеңкелі экономика деп ресми статистика арқылы есептелмейтін және қоғаммен бақыланбайтын өндіріс, тұтыну, айырбас және материалдық игіліктерді бөлу. Үшінші көзқарас – адамдарда пендешілікке итермелейтін қажеттіліктерді қалыптастыруға және қанағаттандыруға бағытталған барлық іс-әрекет түрлері. [3,15б].
Көлеңкелі
экономиканың ішкі құрылымын шаруашылықтың
феодалдық түрі ретінде қарастыратын
көзқарас бар. Мұнда қарым-қатынастардың
иерархиясы және табыстарды жоғарыдан
төмен бөлудің монополиялық-ренталық
механизмі байқалады. Билік институттарымен
байланыс орнатылған кезде «мемлекеттік-монополистік-
Әр көзқарас өзінше дұрыс және экономикада болып жатқан нақты процестерді көрсетеді. Олар көлеңкелі экономиканы әр жағынан қарастырады және бір біріне қайшы келмейді.
Халықаралық тәжірибеде көлеңкелі экономиканың келесі анықтамалары бар: [4,38б].
-Экономикалық іс-әрекеттердің жарияланбаған және жасырын түрлері;
-Ресми статистикамен есептелмейтін және салық салынбайтын экономи-калық іс-әрекеттердің барлық түрлері;
-Қоғаммен бақыланбайтын өндіріс, бөлу, айырбас және тауарлар мен қызметтерді тұтыну.
Бақыланбайтын экономиканың көлемдерін бағалауда кең таралған – ұлттық есепшот жүйесіне (ҰЕЖ) негізделген есептік-статистикалық әдіс.
Бақыланбайтын экономика бақыланатын негізгі сегменттер:
-Ресми емес іс-әрекет – статистика және салық салу органдарымен тіркелмеген жеке тұлғалар өндіретін тауалар мен қызметтер;
-Жасырын іс-әрекет – ресми тіркелген кәсіпорындардың тауарлар мен қызметтер өндірісін статистикалық есептен салық төлемеу мақсатында жасыруы;
-Заңсыз (заңға қайшы) іс-әрекет – заңмен тиым салынған тауарлар мен қызметтерді өндіру (есірткі, қару, дам сату, т.б.), сонымен қатар заңмен рұқсат етілген, бірақ бұнымен оған рұқсаты жоқ тұлғалар айналысқанда заңсыз сипатқа ие болатын өндіріс.
Көптеген елдерде заңсыз іскерліктен түсетін табыстар экономикалық дамудың жетістігі ретінде қарастырылмайды. Бұл табыстар ЖІӨ құрамына енгізілмейді және мемлекеттің табыстарын өсіру резерві ретінде қарастырылмайды. Қазақстанда заңсыз іскерлік көлемі ЖІӨ құрамына кіргізілмейді.
Ұрлық, көзбояушылық, әр түрлі жолдармен ақша суыру сияқты құқыққа қарсы экономикалық іскерлікке жатпайды және көлеңкелі экономика көлемін зерттегенде статистикалық органдармен есептелмейді, себебі:
-осындай іс-әрекеттер барысында жаңа тауарлар мен қызметтер шығарылмайды, тек экономикалық активтердің қайта бөлінуі жүреді;
-
бұл іс-әрекеттер
1.2
Пайда болу себептері
және даму көздері
Жаһандық экономикадағы табыстарды жасырудың себептері белгілі бір елдің дамуына байланысты жалпы процеске әр түрлі әсер етеді. Бұл себептерді келесі блоктарға біріктіруге болады: [5,12б].
-Экономиканың дамуының және халықтың әл-ауқатының төмен деңгейі;
-Табысты мемлекет пен басқа экономика арасында бөлуді регламенттейтін заңның кемшілігі;
-Жемқорлықтық іс-әрекетті тудыратын бизнесті ашу және жүргізудің тым реттеліп қоюы;
-Жасырын экономиканы бағалау және мемлекеттік органдар арасындағы мәлімет алмасу әдістерінің толымсыздығы;
-Әкімшіліктік және экономикалық қылмыстармен күрес органдарының материалды-техникалық базасының дұрыс дамымауы;
Бұлардың толығырақ сипаттамасы:
Экономиканың дамуының және халықтың әл-ауқатының төмен деңгейі. Ел дамуының деңгейін келесі көрсеткіштермен көрсетуге болады: жан басына шаққандағы жиынтық ішкі өнім, адами даму индексі, жұмыссыздық деңгейі; кедейшіліктің минимумынан төмен өмір сүріп жатқандар, т.б..
Әлеуметтік экоомикалық дамудың төменгі деңгейіндегі көлеңкелі экономиканың болуының себептері:
Жұмыссыздықтың жоғары деңгейінде және жалақының төменгі деңгейінде қалай да болса тірі қалу қажеттілігі;
Өндірістің техникалық және ұйымдастыру деңгейінің төмендігі. Бұл салықтарды төлегеннен кейін сыртқы бәсекелестік жағдайында тауарлар мен қызметтердің рентабельді өндірісін қамтамасыз ете алмау;
Информация о работе Көлеңкелі экономиканың Қазақстан экономикасына әсері