Экономиканың қазіргі жағдайында банк ұсынатын қызметтердің ролін арттыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 23:18, курсовая работа

Описание работы

Банктік қызметтер нарығы – тауар нарығының құрылымдарының бірі болып табылады. нарықтық экономиканың жалпы заңдылықтарының айналасында дамып және соған бағына отырып, оның банктік қызметтерге тән өзіндік ерекшеліктері мен ережелері бар. Жалпы, банктік қызмет көрсетулер бұл банк (қызметті өндіруші мен сатушы) және клиент (қызметті тұтынушы) арасында пайда болатын экономикалық қарым-қатынасты анықтайтын экономикалық категория болып табылады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................4-5
Бөлім 1 ҚР нарық жағдайындағы банктік қызметтер нарығының теориялық
аспектілері
1.1. ҚР банктік қызметтер нарығының мәні мен ерекшелігі...................6-8
1.2. Банктік қызмет түрлерінің ерекшеліктері және олардың жіктелуі..8-13

Бөлім 2 Нарық экономикасы жағдайындағы банктік қызмет тәжірибесін
талдау
2.1. ҚР-дағы банктік қызметтер нарығындағы банк үлесін анықтау және қазіргі жағдайын талдау....................................................................14-21
2.2. Банктің инновациялық қызметтерінің нарыққа енгізілу жағдайын талдау..................................................................................................21-27

Бөлім 3 Экономиканың қазіргі жағдайында банк ұсынатын қызметтердің
ролін арттыру жолдары
3.1. Бүгінгі таңдағы банктік қызметті реттеуге арналған заңдарды тиімді
реттеу және дамыту.............................................................................28-31
3.2. Банктердегі қызмет көрсету сапасын стандарттау жүйесі..............31-33

Қорытынды....................................................................................................34-35
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................

Работа содержит 1 файл

Нарық экономикасы жағдайындағы банктік қызмет тәжірибесін талдау.doc

— 349.00 Кб (Скачать)

 

Кесте 11

Қазақстандық коммерциялық банктердің

инновациялық банктік қызметтері.

 

Инновациялық банктік қызметтің атауы.

Инновациялық қызметтің қысқаша сипаттамасы.

Инновациялық қызметті ұсынушы банктер.

1

Қазақстан аумағында жедел электрондық аударымдар.

Заңды және жеке тұлғалардың қазақстандық банктердің филиалдары бойынша арнайы есеп-шотын қажет етпейтін электронды ақша аударымдары

Халықбанкі, АТФ банкі, Банк Центркредит, Валют-Транзит банкі, Каспийский банкі,т.б.

2

ТМД елдері аумағында жедел электрондық аударымдар

ТМД елдерінің заңды және жеке тұлғаларының арнайы есеп-шотты ашуды қажет етпейтін электронды ақша аударымдары.

 

Банк Центркредит, Каспийский банкі, АТФ банкі.

3

«Western Union» жүйесі бойынша аударымдар

10 минут ішінде «Western Union» халықаралық жүйесі бойынша жедел аударымдар. Бұл жүйе бойынша арнайы есеп-шот пен несие карточкасын ашудың қажеті жоқ.

Казкоммерцбанк, БанкТуранАлем, Альянс Банк, АТФ банкі, Центркредит банкі, Каспийский банкі, т.б.

4

«Money Gram» жүйесі боынша аударымдар

«Money Gram» жүйесі боынша заңды және жеке тұлғалардың ақшасын бүкіл елге аудару мүмкіндігі. Маниграмма-бұл 15 минут ішінде қаржыны аудару мүмкіндігі, сондай-ақ мұнда кішігірім сөйлем-текстті де жіберуге болады.

Халық банкі

5

Қолма-қол ақшаны жөнелту бойынша жедел қызмет көрсетулер.

Қазақстан аумағы бойынша қолма-қол ақшаны жөнелту мен бақылаудың жаңартылған жедел жүйесі.

ЦентрКредит банкінің «Быстрая выручка» жүйесі, Альянсбанкінің «Экспресс-выручка» жүйесі

6

Микропроцессорлы төлем карточкалары

Микропроцессор орнатылған жаңа төлем карточкалары (чиптік) арқылы қызмет көрсету, Чиптік карточкалар әр түрлі операцияларды жедел әрі оңай жүргізеді,

Казкомецбанк, ТұранӘлемБанкі, Халықбанкі, АТФ банк, ЦентрКредит банкі, Каспийский банкі, Альянс банкі

7

Телебанкинг

Банк қызметтері мен өнімдерін дистанционды телефон жүйесі арқылы пайдалану. Төлем арнайы карт-шотты телефондар,интернет жүйесі арқылы жасалады, және оның қатаң қорғаныс жүйесі бар.

Казкоммецбанк, ТұранӘлемБанкі, Халық банкі, Альянс банкі

8

Интернет-банкинг, home banking

Операцияларды электрондық дистанционыдық жолмен жүргізу. Банктік қызметтер мен ақпаратты интернет жүйесіне қосылған кез-келген компюьтердің көмегімен алу

Казкоммерцбанк, Халық банкі, Центркредитбанкі, т.б.

9

Жобалық несиелендіру (қаржыландыру)

өнімді сатудан түскен табысқа негізделген, жоғары тәуекелдік қасиеті бар инвестициялық жобаларды қаржыландырудың жаңа формасы, мұнда тәуекел көлемі жобаға қатысушылар арасында теңдей етіп бөлінеді. 

ТұранӘлемБанкі, ЦентрКредитбанкі, АТФ банкі, т.б.

10

Сауданы қаржыландыру

Сыртқы экономикалық қызметті қаржыландыру (тауарлар мен қызмет көрсетулердің мемлекетаралық шекарадағы қозғалысы), бұл сыртқы экономикалық келісім-шарттар, импортердан экспортерға дейінгі қаржы ағымы, коммерциялық және қаржылық іс-қағаздардағы тәуекел мөлшеріне тікелей байланыстырылады.

Казкоммерцбанк, ТұранӘлемБанкі, ХалықБанкі, АТФ банкі, ЦентрКредит банкі, Каспийский банкі, Альянс банкі, және т.б.

11

Форвардтық қызмет көрсетулер

Сыртқыэкономикалық қызметті несиелендіру формасы. Форвардтық келісімдер – болашқтағы бағасына байланысты нақты тауарға келі-сімдер, оның ұзақтық мерзімі биржа арқылы тағайындалады.

ТұранӘлемБанкі, Казкоммерцбанк

12

Фьючерстік қызмет көрсетулер

Фьючерстік келісім-шарттар бойынша қызмет көрсету. Қызметтің бұл түрі көлшілік жағдайда ережелері алдын-ала және стандартты түрде жүргізілетін валюта және қор биржаларында жасалады.

ТұранӘлемБанкі, Казкоммерцбанк

13

Опциондық келісім-шарттар

Форвардтық келісім-шарттың жедел түрі бұл-опциондық болып табылады. Форвардтық опцион- бұл екі контрагент арасында жасалған келісім-шарт, олардың бірі опционды шығарып сатады, ал екіншісі оны сатып алады.

Казкоммерцбанк

14

Факторингтік қызмет көрсетулер

Сауда-коммисиондық операциялардың клиенттің айналыстағы капиталын несиелендірумен байланысты түрі.

Тауар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызметке төленбеген төлем-талаптармен  байланысты операциялар.

ТұранӘлемБанкі, Казкоммерцбанк, Банк центркредит, Каспийский банкі, Альянс банкі

15

Форфейтингтік қызмет көрсетулер

Тауарды сатуда экспортерлерді (сатушыларды) несиелендіру формасы, сыртқыэкономикалық операцияларда қолданылады.

ТұранӘлемБанкі, Центркредит банкі

16

Аддерайтинг

Нарықта облигациялық заимды немесе акциялар пакетін гарантияландырылған түрде орналастыру. Келісім-шарт эммитентпен келісілген арнайы сыйақы бойынша жасалады.

ТұранӘлемБанкі, ХалықБанкі

17

Корпоративтік қаржыландыру

Клиенттің қызметінің өсуіне жоғары квалификацияландырыл-ған көмек түрі. Оған жататында қаржылық консультациялар, нарықтық зерттеулер жүргізу, компанияларды бөлу және қосу бойынша жобаларды әзірлеу, т.б.

ХалықБанкі, АТФ банкі

18

Фидуциарлық қызмет көрсетулер

Клиенттің мүлкін сенімді басқару. Фидицуарлар – бұл белгілі бір тұлғаның мүлкін басқаратын немесе соған жауапкершілік алатын заңды немесе жеке тұлға.

Казкоммерцбанк

 

    Инновациялық банктік қызметтердегі жаңалықтар, ең алдымен, аударым жүйесінің жеңілдетілуімен байланысты. Осылайша, Центркредит банкі 2004 жылы аударым саны 50,5 мыңнан асқан, 2005 жылы аударымдардың жалпы саны 37 мыңды құраса, ақшалай аударымдардың көлемі 1,4 млрд. теңгені көрсетіп, жыл аяғында 2 млрд. теңгені құрады.

    Қазақстандық банктер әлемдік деңгейдегі «Western Union» және «Money Gram» ақшалай аударымдар жүйесінің мүшелері болды. 2004 жылы Қазақстандағы«Western Union»жүйесі бойынша ақшалай аударымдар 109 000 болды, 77 мыңнан астам аударымдар төленген. Сондай-ақ, Қазақстаннан шетелге 32 мыңнан астам аударымдар жасалған.

    Үлкен көлемдегі қолма-қол ақшалармен жұмыс жасайтын клиенттер үшін Қазақстан бойынша қолма-қол ақшаны тиімді әрі оперативті түрде жинақтайтын жаңа қызмет түрі пайда болды. Зерттеулер көрсеткендей, инновациялық қызметтің бұл түрін бірнеше банктер іс жүзінде қолдануда. Оның ішінде Центркредит банкінің «Быстрая выручка» және Альянс банктің «Экспресс выручка» жүйелерін атап өтуге болады.

    Банк дамуына үлкен әсерін тигізетін инновациялық банктік қызметтерге жататындар: телебанкинг, call-орталықтар, интернет-банкинг, home-banking. Бұлар банктердің тұтынушыларға қызмет көрсетуінің жаңа электрондық деңгейін орнатады, бұл жүйе бойынша шығындарда аз жұмсалады деп көзделген. Мәселен, интернет-банкингті дамыту мәселесімен Казкоммерцбанк белсенді түрде айналысуда, ол 2003 жылдың басында ғана 10 000 пайдаланушыны тіркеген. Халық банкі бұл жылы-6000 тұтынушы, ал Центркредит банкі-1200 тұтынушыны тартқан. Зерттеулер көрсеткендей, жоғарыда аты аталған қызмет көрсетулердің кемшілігі – бұл тұтынушыларға ұсынылатын қызметтің тым аздығы. Ал телебанкинг қызметін жүзеге асыру үшін қолданушыға операцияларды орындауда ондаған цифрларды теруге тура келеді. Сондай-ақ, банк серверлерінің қауіпсіздік мәселелері де өздерінің осалдығын көрсетуде. Бұл ретте Қазақстанда жаңа электрондық банктік қызметтердің қорғанысы жөнінде заң қажеттігі айқын көрінуде.

    Сондай-ақ, қазіргі заманның актуальды мәселелерінің бірі – бұл экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарды ұзақ мерзімді инвестициялау болып табылады. Елдің 2015 жылға дейінгі инновациялық – индустриялық даму Бағдарламасының қабылдануы бұл мәселенің шешілуіне оң әсерін тигізді. Осыған байланысты, қазақстандық банктердің тәжірибесінде банктердегі инвестиициялық жобаларды қаржыландырудың жаңа әдісі жобалық несиелендіру жүзеге асырыла бастады.

    Банктердегі клиенттердің сыртқы экономикалық қызметтін несиелендіруімен байланысты инновациялық қызметінің бірі – бұл сауданы қаржыландыру қызметі болып табылады. Қызметтің бұл түрін көптеген банктер жүзеге асырады. Соның ішінде Казкоммерцбанк, АТФ банкі, Центркредит банкі, ТұранӘлемБанкі, Каспийский банкі, тағы басқалары.

    Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруі, Еуроодаққа интеграциялану, бұлардың барлығы экономикалық субъектілердің бизнесін еуропалық стандарттарға сай жүргізілуін талап етеді. Осыған байланысты, қазақстандық банктердің жаңа қызмет түрлерінің бірі – бұл корпоративтік қаржыландыру болып табылады, бұл қызмет түрі шетелде кеңінен қолданылады.

 

 

 

 

Бөлім  3.  Экономиканың қазіргі жағдайында банк ұсынатын қызметтердің ролін арттыру жолдары

 

3.1  Бүгінгі таңдағы банктік қызметті реттеуге арналған заңдарды тиімді реттеу және дамыту.

 

    Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стратегиялық күшті ілгерілеуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» халыққа Жолдауында.

    Қазақстандағы банктік қызмет аясын реттеуге бағытталған заңдардың жүзеге асу процессі өтпелі нарықтық кезеңдегі күрделі экономикалық реф-ормалар мен ұзаққа созылатын мемлекеттік қаржы, валюта, ақша – несие, жалпы экономиканың кез келген саласына қатысты болатындығын естен шығармаған дұрыс.

    Бүгінгі таңда нарықтық қатынастардың дамуына орай аса көңіл бөлетін мәселелердің қатарына банктік қызмет саласын реттейтін заңдарды дамыту жатады. Ал банктік қызмет аясының жоғарғы деңгейде дамып, халықаралық деңгейге сәйкес болуы осы саланы реттеуге арналған заңдардың тиімді түрде жүзеге асуымен тығыз байланысты. Елімізде банктік қызмет аясын реттеуге арналған заң актілерінің қатарына ең алдымен республикамызда құқықтың негізгі қайнар көзі болып табылатын Қазақстан Республикасының Конституциясын, «ҚР Президенті туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, «ҚР Парламенті туралы» ҚР Заңын және тағы да басқа заң актілерін жатқызсақ болады. Сонымен қатар, Конституцияның нормаларынан Республикамызда құқықтың қайнар көзі ретінде халықаралық құқық нормаларының да қолданылатынын көреміз. Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасында қол-данылатын құқық Конституциясының, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республик Конституциялық Ке-ңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады.

    Жоғарыда біз бірқатар заң актілеріне көз жүгіртіп өттік, ал халықаралық нормаларға тоқталатын болсақ, олардың қатарына жататын бірқатар кон-венцияларды атасақ болады, олар: «аударма және жай вексельдердің бірың-ғай заңы туралы» 1930 жылғы Женева Канвенциясы, «Чектердің бірыңғай заңы туралы» 1931 жылғы Женева Конвенциясы, «халықаралық лизинг туралы» 1998 жылғы УНИДРУА Конвенциясы.

    Банктік қызмет аясын реттеуге арналған арнайы заң актілерінің қатарына кешендік құрылысы бойынша мынадай актілерді жатқызамыз: «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы», «Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызметтер туралы», «Қазақстанның Даму банкі туралы», Қазақстан Республикасының үй құрылысы жинақ Банкі туралы», «Ақша төлемі мен аударымы туралы», «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі туралы», «Қаржы лизингі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Инвестициялар туралы», «Валюталық реттеу туралы» және тағы да басқа Қазақстан Республикасының Заңдарын жатқызамыз.

    Қазіргі кездегі еліміздің банктік жүйесінің ерекшелігі – ол банктік іске жаңа технологияларды енгізе бастаумен, нарықтық үлгіге негізделген бан-ктердің пайда болуымен, банктік қызметті реттеуге бағытталған заңнамалар жүйесінің ілгері қарай дамуымен сипатталады. Сол себептен де банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі болып табылады. Ал банктік жүйенің тиімді түрде және тұрақты сипатта қызмет атқаруы тікелей оны реттеуге бағытталған заңдардың қоғам талаптарына және халықаралық стандарттарға сәйкес болып, тәжірибеде тиімді және дұрыс жүзеге асуымен байланысты десек те қателеспейміз. Сондықтан да банктік қызметті дамытуға және банк ісіне қатысты көптеген мемлекетаралық немесе халықаралық келісімдер жасалып жатады. Олардың қатарына: 19 қыркүйек 1996 жылғы Қазақстан Республикасы Үкі-меті мен Ислам Даму Банкісінің өкілдігін Алматыда құру жөніндегі келісімді, 8 шілде 1994 жылғы Қазақстан Республикасы және Өзбекстан республикасы арасындағы Ортаазиялық даму банкін құру жөніндегі келісімді және басқаларын жатқызамыз. Бұл келісімдердің маңыздылығы өте жоғары болып келеді, себебі банктік қызмет тек қана бір мемлекеттің территориясында ғана жүзеге асырылмайды, бұл қызмет кез-келген мемлекет үшін маңызды барлық салалармен тығыз байланыста жатыр.

    Алайда осы аталған заң актілерінің көпшілігі жалпылық сипатқа ие екендігін атау қажет, сондықтан да олар толығымен банктік қызмет аясын, банктік құқықтық қатынастарды реттей алмайды. Заңдарда өз реттеуін то-лығымен таппаған банктік құқықтық қатынастар арнайы актілермен реттеуді талап етеді. Ондай актілердің қатарына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған нормативтік актілерін және жаңадан құрылған Қа-зақстан республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттіктің шығарған нормативтік актілерін жат-қызамыз.

    Бұл ретте біз «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу мен қадағалау-дың бірыңғай жүйесін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 10 шілде 2003 жылғы Қазақстан Республика-сының Заңына сәйкес Ұлттық Банкінің қаржылық реттеу мен қадағалау жөніндегі өкілеттіліктерінің  және норма шығару құқығының жаңадан құр-ылған Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымда-рын реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттікке беріліп отырғандығын ес-кергеніміз жөн.

       Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 31 желтоқсандағы № 1270 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының Қаржы нар-ығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттігі туралы» ережесінің 1-тарауына сәйкес: «Агенттік өзінің құзіретіне жатқы-зылған мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңдары негізінде және оларды орындау үшін барлық қаржы ұйымдарының, қаржы қызметт-ерін тұтынушылардың, басқа да заңды және жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының аумағында орындауы үшін міндетті нормативтік құқық-тық актілерді шығарады. Агенттіктің нормативтік құқықтық актілері «Қар-жы хабаршысы», «Финансовый вестник» атты ресми басылымында мемле-кеттік және орыс тілдерінде жарияланады.

    Бүгінде құрылған Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі Агенттігі банктік қыз-метті реттеуге арналған мәселелер бойынша бірқатар құқықтық актілер шығарып отыр. Олардың қатарына мынадай актілерді жатқызсақ болады: 2005 жылдың наурыз айында қабылданған «Банктің, сақтандыру ұйым-дарының және жинақтаушы қорлардың уақытша әкімшіліктерінің есеп бе-ру және ақпарат беру тәртібіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» инс-трукциясын, «Банктің акцияларын мәжбүрлі түрде сатып алу және оны мі-ндетті түрде инвесторларға сату туралы» ережені жатқызсақ болады.

    1 желтоқсан 2005 жылғы мәліметтер бойынша республикамызда 35 екін-ші деңгейдегі банк қызмет етіп оыр. Елімізде шетелдік капиталдың қатыс-уымен 15 банк және екінші деңгейдегі банктер қатарына жатпайтын АҚ «Қазақстан Даму Банкі» қызмет атқарып жатыр.

    Осы аталған екінші деңгейдегі банктер ішінде 26 банктің филиалдық құ-рылымдары бар, олардың жалпы саны 398 жетіп отыр. Нақты тоқталатын болсақ, «Қазақстан Халық Банкі» Акционерлік қоғамының 148 филиалы, «Касспийский Банкі» Акционерлік қоғамының 38 филиалы, «Казкоммерцбанк» Акционерлік қоғамының 23 филиалдары республикам-ыздың территориясында қызмет атқарып отыр. Сонымен қатар, банктің ор-наласқан жерінен тысқары орналасқан 24 банктің есеп-кассалық бөлімше-лері, ал жалпы республикамыздың территориясында 1148 есеп-кассалық бөлімшелері орналасқан.

Информация о работе Экономиканың қазіргі жағдайында банк ұсынатын қызметтердің ролін арттыру жолдары