Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 23:18, курсовая работа
Банктік қызметтер нарығы – тауар нарығының құрылымдарының бірі болып табылады. нарықтық экономиканың жалпы заңдылықтарының айналасында дамып және соған бағына отырып, оның банктік қызметтерге тән өзіндік ерекшеліктері мен ережелері бар. Жалпы, банктік қызмет көрсетулер бұл банк (қызметті өндіруші мен сатушы) және клиент (қызметті тұтынушы) арасында пайда болатын экономикалық қарым-қатынасты анықтайтын экономикалық категория болып табылады.
Кіріспе................................................................................................................4-5
Бөлім 1 ҚР нарық жағдайындағы банктік қызметтер нарығының теориялық
аспектілері
1.1. ҚР банктік қызметтер нарығының мәні мен ерекшелігі...................6-8
1.2. Банктік қызмет түрлерінің ерекшеліктері және олардың жіктелуі..8-13
Бөлім 2 Нарық экономикасы жағдайындағы банктік қызмет тәжірибесін
талдау
2.1. ҚР-дағы банктік қызметтер нарығындағы банк үлесін анықтау және қазіргі жағдайын талдау....................................................................14-21
2.2. Банктің инновациялық қызметтерінің нарыққа енгізілу жағдайын талдау..................................................................................................21-27
Бөлім 3 Экономиканың қазіргі жағдайында банк ұсынатын қызметтердің
ролін арттыру жолдары
3.1. Бүгінгі таңдағы банктік қызметті реттеуге арналған заңдарды тиімді
реттеу және дамыту.............................................................................28-31
3.2. Банктердегі қызмет көрсету сапасын стандарттау жүйесі..............31-33
Қорытынды....................................................................................................34-35
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................
2
Мазмұны
Кіріспе.......................
Бөлім 1 ҚР нарық жағдайындағы банктік қызметтер нарығының теориялық
аспектілері
1.1. ҚР банктік қызметтер нарығының мәні мен ерекшелігі...................
1.2. Банктік қызмет түрлерінің ерекшеліктері және олардың жіктелуі..8-13
Бөлім 2 Нарық экономикасы жағдайындағы банктік қызмет тәжірибесін
талдау
2.1. ҚР-дағы банктік қызметтер нарығындағы банк үлесін анықтау және қазіргі жағдайын талдау........................
2.2. Банктің инновациялық қызметтерінің нарыққа енгізілу жағдайын талдау........................
Бөлім 3 Экономиканың қазіргі жағдайында банк ұсынатын қызметтердің
ролін арттыру жолдары
3.1. Бүгінгі таңдағы банктік қызметті реттеуге арналған заңдарды тиімді
реттеу және дамыту........................
3.2. Банктердегі қызмет көрсету сапасын стандарттау жүйесі..............31-33
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер тізімі........................
ЖОСПАР
Кіріспе
Бөлім 1 ҚР нарық жағдайындағы банктік қызметтер
НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. Қазақстан Республикасының банктік қызметтер нарығының мәні мен
ерекшелігі
1.2. Банктік қызмет түрлерінің ерекшеліктері және олардың жіктелуі
Бөлім 2 Нарық экономикасы жағдайындағы банктік
ҚЫЗМЕТ ТӘЖІРИБЕСІН ТАЛДАУ
2.1. ҚР-дағы банктік қызметтер нарығындағы банк үлесін анықтау және
қазіргі жағдайын талдау
2.2. Банктің инновациялық қызметтерінің нарыққа енгізілу жағдайын
талдау
Бөлім 3 Экономиканың қазіргі жағдайында банк
ұсынатын қызметтердің ролін арттыру жолдары
3.1. Бүгінгі таңдағы банктік қызметті реттеуге арналған заңдарды тиімді
реттеу және дамыту
3.2. Банктердегі қызмет көрсету сапасын стандарттау жүйесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Банктік қызметтер нарығы – тауар нарығының құрылымдарының бірі болып табылады. нарықтық экономиканың жалпы заңдылықтарының айналасында дамып және соған бағына отырып, оның банктік қызметтерге тән өзіндік ерекшеліктері мен ережелері бар. Жалпы, банктік қызмет көрсетулер бұл банк (қызметті өндіруші мен сатушы) және клиент (қызметті тұтынушы) арасында пайда болатын экономикалық қарым-қатынасты анықтайтын экономикалық категория болып табылады. Нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында мұндай қарым-қатынастар келісім – шарт негізінде жасалады және оған мүше бола отырып әрбір жақ өз мақсатын көздейді. Клиент үшін бұл қаржылық қажеттілкті қанағаттандыру болып табылады. Ал банктің негізгі мақсаты – бұл банктік қызметтерді ұйымдастыра және жүргізе отырып табыс алу. Нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында кез-келген банктік қызметтер табыс әкелуі тиіс, себебі әрбір коммерциялық банктің құрылудағы мақсаты – табыс алу болып табылады.
Қазіргі кездегі еліміздің банктік жүйесінің ерекшелігі – ол банктік іске жаңа технологияларды енгізе бастаумен, нарықтық үлгіге негізделген банктердің пайда болуымен, банктік қызметті реттеуге бағытталған заңнамалар жүйесінің ілгері қарай дамуымен сипатталады. Сол себептен де банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылым-дарының бірі болып табылады. Банктердің экономикадағы функционалдық ролі, банктік қызметті заңшығарушылық жолмен қадағалау, банк пен клиент арасындағы қарым-қатынас, бұлардың барлығы тек банкке ғана тән ерекшеліктер жүйесін құрайды. Банктік қызмет көрсету нарығы сыртқы ортамен үнемі белсенді қарым -қатынаста болады және ол ашық жүйе болып табылады.
«ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңның 1-бабына сәйкес, «банк – осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.» Банктік қызмет – бұл банктік операц-ияларды жүзеге асырумен байланымты қызметті білдіреді.
Банктік қызметтер нарығын сегменттеу ең алдымен банктің нарықтағы жағдайын талдау, сондай-ақ банк нарығын бәсекелес банктердің нарығымен салыстыру (бәсекелес банктердің қандай да бір нарық сегментіндегі үлесін анықтау) және де басқарудағы маңызды шешімдерді қабылдау үші өте қажет болып табылады. Банктік қызметтер нарығындағы банк үлесін анықтау маркетингтік қыз-меттің ең маңызды бөлімдерінің бірі болып табылады. Зерттеудің күрделілігі бәсекелес банктер мен басқа да қаржылық мекемелер туралы нақты әрі тың мәліметтердің қажеттілігімен түсіндіріледі.
Қазақстандағы банк ісінің дамуымен байланысты, клиенттердің қажеттіліктерінің өсуіне және сыртқы орта шарттарының қатаңдануына байланысты банктер алдында банктік қызметтер порфелін инновациялық банктік қызметтерді енгізу жолымен кеңейту мәселесі туындады. Инновациялық банктік қызметтердегі жаңалықтар, ең алдымен, аударым жүйесінің жеңілдетілуімен байланысты. Алдыңғы қатарлы қазақстандық банктердің қызметін зерттеу негізінде инновациялық банктік қызметтердің есебінен тұтынушыларға ұсынылатын банктік қызметтердің түрі кеңейтілгені мәлім болды. Қазақстандық банктер әлемдік деңгейдегі «Western Union» және «Money Gram» ақшалай аударымдар жүйесінің мүшелері болды. Сондай-ақ, қазіргі заманның актуальды мәселелерінің бірі – бұл экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындарды ұзақ мерзімді инвестициялау болып табылады. Елдің 2015 жылға дейінгі инновациялық – индустриялық даму Бағдарламасының қабылдануы бұл мәселенің шешілуіне оң әсерін тигізді. Осыған байланысты, қазақстандық банктердің тәжірибесінде банктердегі инвестиициялық жобаларды қаржыландырудың жаңа әдісі жобалық несиелендіру жүзеге асырыла бастады.
Бүгінгі таңда нарықтық қатынастардың дамуына орай аса көңіл бөлетін мәселелердің қатарына банктік қызмет саласын реттейтін заңдарды дамыту жатады. Ал банктік қызмет аясының жоғарғы деңгейде дамып, халықаралық деңгейге сәйкес болуы осы саланы реттеуге арналған заңдардың тиімді түрде жүзеге асуымен тығыз байланысты.
Бөлім 1. Қазақстан Республикасының нарық жағдайындағы банктік қызметтер нарығының теориялық аспектілері
1.1 Қазақстан Республикасының банктік қызметтер нарығының мәні мен ерекшеліктері
Банктік жүйе – нарықтық экономиканың ең маңызды және біртұтас құрылымдарының бірі болып табылады. Банктер нарықтық экономикадағы басты қаржылық делдалдар болып табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды. Осы жаңа міндеттемелер мен талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды. Нарықтық экономикада банктер монополитерге айналады және барлық қаржылық капитал арқылынақты басқарады. Олар тек делдалдық қызметтен шығып, ұдайы өндірістің барлық фазасының аясына ғана кіреді. Банктер өз қызметтерін орындау кезінде функционалдық (экономикалық), салалық (министрліктер, компания, фирмалар) және аумақтарды (жергілікті орган) басқару органдарымен өзара тығыз байланыста жұмыс істейді.
Банктік қызметтер нарығы – тауар нарығының құрылымдарының бірі болып табылады. нарықтық экономиканың жалпы заңдылықтарының айналасында дамып және соған бағына отырып, оның банктік қызметтерге тән өзіндік ерекшеліктері мен ережелері бар. «Банктік қызмет» түсінігінің теориялық мағынасы мен оның «банктік операция» және «банк өнімі» түсініктерімен байланысы отандық және шетелдік әртүрлі экономистердің еңбектерінде зерттелінді.
Банктік операция – бұл меншік және тартылған ресурстарды ұйымдастыру мен орналастыру бойынша екінші деңгейлі банктердің Орталық Банкпен лицензияландырылған қызметі болып табылады. Ал, банктік қызмет көрсетулер бұл банк (қызметті өндіруші мен сатушы) және клиент (қызметті тұтынушы) арасында пайда болатын экономикалық қарым-қатынасты анықтайтын экономикалық категория болып табылады. Нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында мұндай қарым-қатынастар келісім – шарт негізінде жасалады және оғна мүше бола отырып әрбір жақ өз мақсатын көздейді. Клиент үшін бұл қаржылық қажеттілкті қанағаттандыру болып табылады. Ал банктің негізгі мақсаты – бұл банктік қызметтерді ұйымдастыра және жүргізе отырып табыс алу, бұл жедел (мысалы, делдалдық операциялар арқылы қызмет көрсету негізінде) немесе блашақтық (мысалы, несие пайызы) болып бөлінуі мүмкін. Нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында кез-келген банктік қызметтер табыс әкелуі тиіс, себебі әрбір коммерциялық банктің құрылудағы мақсаты – табыс алу болып табылады. Банк пассивтік операцияларды орындай отырып өзінің ресурстық қорын ұлғайтады, сол арқылы болашақ активтік операцияларының негізін құрайды. Банктік қызмет көрсетуде бірқатар ерекшеліктер тән, олар «базалық» және «айрықша» деп екі топқа жіктеледі. «Базалық» ерекшеліктері экономикалық әдебиеттерде кеңінен танымал, сондай-ақ ол қызмет көрсетулердің барлық түрлерінде кездеседі. Банктердің экономикадағы функционалдық ролі, банктік қызметті заңшығарушылық жолмен қадағалау, банк пен клиент арасындағы қарым-қатынас, бұлардың барлығы тек банкке ғана тән ерекшеліктер жүйесін құрайды. Бұл ерекшеліктер өз кезегінде функционалдық, спецификалық және мінездемелік болып жіктеледі. Төменде банктік қызмет көрсетулердің ерекшеліктерінің топтамасы көрсетілген.
Банктік қызмет көрсетулердегі ерекшеліктер:
Базалық ерекшеліктері:
Сақтай алмау мүмкіншілігі.
Сапалық тұрақсыздық.
Ақпарат көзіне тікелей бағыныштылық.
Айрықша ерекшеліктері:
Функционалдық:
1. Экономиканың барлық салаларымен байланыста болу.
2. Экономиканы төлем құралдарымен қамтамасыз ету.
3. Айналыстағы ақша көлемін қадағалау.
4. Универсалды қызмет көрсетуге бағдарлану.
5. Нарықтық қатынастар жағдайындағы мамандандырылғандық.
Спецификалық:
1. Қатаң мемлекеттік қадағалау.
2. Заимдық құралдарды пайдалану.
3. Үшінші тұлғалар алдындағы құпиялылық.
4. Әртүрлі ақша формаларын қолдану.
5. Табыстылық және тәуекелділік.
Сипаттылық:
1. Индивидуалды сипатта болу.
2. Клиент сеніміне тәуелділік және клиент тәуекелімен байланыс жасау.
Осы көрсетілген банктік қызметтердің ерекшеліктері негізінде нарықтық экономикалық қатынастар жағдайындағы банктік қызметтер классификация-сын төмендегі кесте түрінде көрсетуге болады.
Кесте 1
Критерийлер | Қызмет түрлері |
Банктік қызметтің спецификасы | Спецификалық Спецификалық емес |
Банктік операциялардың сипаты | Активтік, пассивтік және делдалдық операциялар бойынша |
Алынатын табыс пен жұмсалатын шығынның түрі | Пайыздық операциялар бойынша Пайыздық емес операциялар бойынша |
Тұтынушылардың категориялары | Жеке тұлғаларға қызмет көрсету Заңды тұлғаларға қызмет көрсету |
Қызмет көрсету деңгейі | Қарапайым қызмет көрсетулер Комплекстік қызмет көрсетулер |
Қызмет көрсетудің индивидуалдық деңгейі | Индивидуалдық қызмет көрсетулер Универсалдық қызмет көрсетулер |
Табыстылық деңгейі | Жедел табыс әкелетін Белгілі бір мерзімде табыс әкелетін Табыс әкелмейтін қызмет түрлері |
Қызмет көрсетуге төлемдер | Ақылы қызмет көрсету Ақысыз қызмет көрсету |
Табыстылық тәуекелінің деңгейі | Тәуекелсіз Тәуекелдің белгілі бір үлесі бар Жоғары тәуекел деңгейі |
Жаңартулар деңгейі | Дәстүрлі Жаңартылған Инновациялық |
Қызмет көрсету деңгейі | Жедел Қысқамерзімді Ортамерзімді Ұзақмерзімді |
Информация о работе Экономиканың қазіргі жағдайында банк ұсынатын қызметтердің ролін арттыру жолдары