Экономиканың қазіргі жағдайында банк ұсынатын қызметтердің ролін арттыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 23:18, курсовая работа

Описание работы

Банктік қызметтер нарығы – тауар нарығының құрылымдарының бірі болып табылады. нарықтық экономиканың жалпы заңдылықтарының айналасында дамып және соған бағына отырып, оның банктік қызметтерге тән өзіндік ерекшеліктері мен ережелері бар. Жалпы, банктік қызмет көрсетулер бұл банк (қызметті өндіруші мен сатушы) және клиент (қызметті тұтынушы) арасында пайда болатын экономикалық қарым-қатынасты анықтайтын экономикалық категория болып табылады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................4-5
Бөлім 1 ҚР нарық жағдайындағы банктік қызметтер нарығының теориялық
аспектілері
1.1. ҚР банктік қызметтер нарығының мәні мен ерекшелігі...................6-8
1.2. Банктік қызмет түрлерінің ерекшеліктері және олардың жіктелуі..8-13

Бөлім 2 Нарық экономикасы жағдайындағы банктік қызмет тәжірибесін
талдау
2.1. ҚР-дағы банктік қызметтер нарығындағы банк үлесін анықтау және қазіргі жағдайын талдау....................................................................14-21
2.2. Банктің инновациялық қызметтерінің нарыққа енгізілу жағдайын талдау..................................................................................................21-27

Бөлім 3 Экономиканың қазіргі жағдайында банк ұсынатын қызметтердің
ролін арттыру жолдары
3.1. Бүгінгі таңдағы банктік қызметті реттеуге арналған заңдарды тиімді
реттеу және дамыту.............................................................................28-31
3.2. Банктердегі қызмет көрсету сапасын стандарттау жүйесі..............31-33

Қорытынды....................................................................................................34-35
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................

Работа содержит 1 файл

Нарық экономикасы жағдайындағы банктік қызмет тәжірибесін талдау.doc

— 349.00 Кб (Скачать)

 

Кесте  7

В–банкінің қаржы ресурстарын тартудағы қызметінің                          нәтижелері.

 

Ресурсты жеткізушілер

Сомасы, мың теңге

Өсу деңгейі

Жылдың басы

Жылдың соңы

Кәсіпорындар мен мекемелер

89 187

171 080

1,9

оның ішінде:

 

 

 

Ағымдағы есеп-шоттар

6 301

103 043

16,3

Жедел салымдар мен депозиттер

82 886

68 037

0,8

Жергілікті халық

5

58

11,6

Басқа да банктер

420

50 000

119,0

Өзге кредиторлар

438

7 650

17,5

Барлығы

90050

228 788

2,54

             

 

 

 

Кесте  8

С–банкінің қаржы ресурстарын тартудағы қызметінің                          нәтижелері.

Ресурсты жеткізушілер

Сомасы, мың теңге

Өсу деңгейі

Жылдың басы

Жылдың соңы

Кәсіпорындар мен мекемелер

33 683

501 359

14,8

оның ішінде:

 

 

 

Ағымдағы есеп-шоттар

10 243

340 824

33,3

Жедел салымдар мен депозиттер

23 440

160 535

6,8

Жергілікті халық

6 550

25 468

3,9

Басқа да банктер

8 760

86 400

9,9

Өзге кредиторлар

1 253

33 497

26,7

Барлығы

50 246

646 724

12,9

 

   Кестелерден көріп отырғанымыздай, берілген аймақтағы қызмет етуші ба-нктердің ішінде қаржы құралдарын тарту саласында белсенді банк ретінде С-банкі танылып отыр. Осылайша, мәселен, С-банкінің кәсіпорындар мен мекемелерден тартылған қаржы ресурстарының өсу деңгейі – 14,8 %-ды құ-раса, бұл көрсеткіш А-банкінде – 0,9% және В-банкінде – 1,9%- көрсеткен. Сондай-ақ, С-банкі халық салымдарын тартуда белсенді саясатты ұстаған, оның сомасы бір жылда 3,9 есеге өскен. Сонымен қатар, С-банкі өткен жы-лы басқа да кредиторлардан тартылған ресурстар көлемі жағынан да ең үл-кен нәтижеге (26,7%) жетіп, жоғары өсу деңгейін көрсеткен.

    В – банкі бір жыл ішінде берілген аймақтағы жеткізушілерден тартылған ресурстар сомасын ұлғайтты: соның ішінде кәсіпорындар мен мекемелер-ден тартылған ресурстар – 1,9%, жергілікті халықтан – 11,6%, басқа да кре-диторлардан тартылған ресурстар – 17,5% өсті. Бұл жерден көріп отырғаны-мыздай, банктегі халық салымдарындағы қаржы сомасы болымсыз деңгейде ғана ұлғайған.

    А – банкі кәсіпорындар мен мекемелерден тартылған ресурстардың қыс-қаруына жол беріп алған. Кәсіпорындардың жедел салымдары мен депози-ттеріндегі сомаларының күрт төмендеуінің нәтижесінде оларды тартылған халық салымдарының ресурстары ретінде пайдалана алмады. Ал басқа да кредиторлардан тартылған қаржы ресурстары өзге екі банкпен салыстырға-нда ең аз көрсеткіштерді көрсетті.

    Басқа да банктерден алынған несиелердің өсім деңгейі А,В және С бан-ктерінде тиісінше – 28,4%, 119,0%, 9,9% көрсетті. Қаржы ресурстары тарту-дың басқа көздеріне қарағанда қымбатырақ түсетін мұндай несиелерге ең аз қажеттілік С-банкінде туындаған, бұл банктің берілген аймақтағы жеткізу-шілерден қаржы көздерін тартудағы жүргізілген оңтайлы саясатымен байл-аныстырылады.

    9-кестеде қарастырылып жатқан банктердің банктік қызметтер нарығын-ың қаржы көздерін тарту саласындағы үлестері көрсетілген.

 

 

Кесте  9

Банктік қызметтер нарығындағы банк үлесі.                                          % пайыз

 

Қаржылық ресурстарды жеткізушілер

 

Кәсіпорындар мен мекемелер

Жергілікті халық

Өзге де банктер

Басқа да кредиторлар

барлығы

Ағымдағы есеп-шоттар

Салымдар, депозиттер

А – банкі

 

 

 

 

 

 

Жыл басы

0,73

0,4

0,75

-

0,6

0,93

Жыл соңы

0,3

0,12

0,51

-

0,74

0,71

Өсу деңгейі

0,42

0,3

0,69

-

1,23

0,76

В – банкі

 

 

 

 

 

 

Жыл басы

0,2

0,23

0,19

0,001

0,02

0,02

Жыл соңы

0,18

0,2

0,14

0,002

0,09

0,05

Өсу деңгейі

0,9

0,87

0,74

2,0

4,5

2,5

С- банкі

 

 

 

 

 

 

Жыл басы

0,07

0,37

0,06

0,999

0,38

0,05

Жыл соңы

0,52

0,68

0,34

0,998

0,17

0,24

Өсу деңгейі

7,43

1,84

5,67

0,999

0,45

4,8

 

    Кестеден көріп отырғанымыздай, С – банкі бір жыл ішінде банктік қызм-еттер нарығындағы ақша қаражаттарн тарту саласында айтарлықтай нәтиж-елерге қол жеткізген: кәсіпорындар мен мекемелерден тартылған қаржы кө-здер 0,07 пайыздан 0,52 пайызға қол жеткізген, ал өзге де кредиторлардан тартылған ақша ресурстары 0,05-тен 0,24-ке көбейген, осылайша халық сал-ымдарын тарту саласында өзінің монопольді жағдайын сақтап қала алды.

    10-кестеде банктік қызметтер нарығының несиелендіру саласындағы әр бір банктің үлестері көрсетілген.

Кесте  10

Банктік қызметтер нарығының несиелендіру

саласы бойынша банктер үлесі.

 

 

Несиелер, барлығы

Қысқа мерзімді несиелер

Орта және ұзақ мерзімді несиелер

А-банкі

 

 

 

Жыл басы

0,77

0,76

0,8

Жыл соңы

0,55

0,53

0,64

Өсу деңгейі

0,71

0,7

0,8

В-банкі

 

 

 

Жыл басы

0,14

0,16

0,11

Жыл соңы

0,14

0,16

0,07

Өсу деңгейі

1,0

1,0

0,64

С-банкі

 

 

 

Жыл басы

0,09

0,08

0,09

Жыл соңы

0,31

0,31

0,29

Өсу деңгейі

3,44

3,88

3,22

 

    Осылайша, белгілі бір аймақ банктерінің баланстарының ашық түрде жа-риялануының негізінде олардың банктік қызметтер нарығындағы үлесін ан-ықтауға болады. Сондай-ақ, осындай анализдің көмегімен банк басшылығы таңдап алынған стратегия бойынша шешімдер қабылдауға, маркетингтік қызметтегі қажет болатын өзгерістерді орнатуға мүмкіндік алады. Банктік қызметтер нарығындағы банк үлесін бұдан әрі толығырақ зерттеу үшін бәс-екелестердің іс-әрекеті туралы нақты әрі тың ақпараттардың бар болғаны өте маңызды. Егер мұндай ақпаратты алу кейбір себептермен мүмкін болмаса, онда банктік қызметтер нарығындағы банк үлесін анықтау тек жа-нама түрде бағалануы мүмкін (мысалы, статистикалық есептеулермен салыстыру арқы-лы).

 

2.2.   Банктің инновациялық қызметтерінің нарыққа енгізілу жағдайын талдау

 

    Қазақстандағы банк ісінің дамуымен байланысты, клиенттердің қажеттіліктерінің өсуіне және сыртқы орта шарттарының қатаңдануына байланысты банктер алдында банктік қызметтер порфелін инновациялық банктік қызметтерді енгізу жолымен кеңейту мәселесі туындады. Инновациялық банктік қызметтерді қолдану олар үшін ең алдымен, стратегиялық мақсатқа жету жолындағы қатаң нарықтық экономикалық жағдайда қолданылатын инновациялық тұтқа болды.

   ҚР-дағы инновациялық банктік қызметтерді ққалыптастыру мен ендіруде мынадай жағдайлар әсерін тигізді:

      банк құрылымдары арасындағы бәсекелестіктің күшеюі;

      кәсіпкерлік қызметтің тоқтаусыз ағыны;

      Қазақстанның Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіруге талпынуы;

      ЕурАзЭС интеграциясы;

      Банк жүйесінің ЕуроОдаққа интеграциялануы;

      Екінші деңгейлі банктер ісін реттеудің қатаңдануы;

      Отандық банктер санының артуы;

      Инновациялық банктік қызметтер мен қолданыстағы банктік қызметтер арасындағы қозғалыстағы ақша қаражаттары негізінде тәуекел диверсификациясы;

      Қазақстандық банктердің әлемдік масштабтағы ірі банктермен серіктестігі;

      Шетел банктерінің қазақстандық банк нарығына енуі;

      Ақпараттық және тағы да басқа технологиялардың жетілуі.

    Алдыңғы қатарлы қазақстандық банктердің қызметін зерттеу негізінде инновациялық банктік қызметтердің есебінен тұтынушыларға ұсынылатын банктік қызметтердің түрі кеңейтілгені мәлім болды. Бұл мәліметтер 11-кестеде көрсетілген. 2001-2005 ж.ж. арасында алдыңғы қатарлы қазақстандық банктерде әр түрлі инновациялық банктік қызметтердің даму үрдісі байқалған. Бұл тенденция банктердің өздерінің қызмет көрсету сапасын жоғары деңгейде жетілдіруімен, сондай-ақ тұтынушылардың әлемдік стандарттарға сай банктік қызметтерге деген сұранысының артуымен түсіндіріледі. Зерттеулер көрсеткендей, банктік қызметтер саласында инновациялық қызметтерді енгізуде мына банктер белсенді түрде әрекет еткен: Казкоммерцбанк, БанкТуранӘлем, ХалықБанкі, Каспийский банкі, Альянс банкі т.б.

Информация о работе Экономиканың қазіргі жағдайында банк ұсынатын қызметтердің ролін арттыру жолдары