Экономиканың қазіргі жағдайында банк ұсынатын қызметтердің ролін арттыру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 23:18, курсовая работа

Описание работы

Банктік қызметтер нарығы – тауар нарығының құрылымдарының бірі болып табылады. нарықтық экономиканың жалпы заңдылықтарының айналасында дамып және соған бағына отырып, оның банктік қызметтерге тән өзіндік ерекшеліктері мен ережелері бар. Жалпы, банктік қызмет көрсетулер бұл банк (қызметті өндіруші мен сатушы) және клиент (қызметті тұтынушы) арасында пайда болатын экономикалық қарым-қатынасты анықтайтын экономикалық категория болып табылады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................4-5
Бөлім 1 ҚР нарық жағдайындағы банктік қызметтер нарығының теориялық
аспектілері
1.1. ҚР банктік қызметтер нарығының мәні мен ерекшелігі...................6-8
1.2. Банктік қызмет түрлерінің ерекшеліктері және олардың жіктелуі..8-13

Бөлім 2 Нарық экономикасы жағдайындағы банктік қызмет тәжірибесін
талдау
2.1. ҚР-дағы банктік қызметтер нарығындағы банк үлесін анықтау және қазіргі жағдайын талдау....................................................................14-21
2.2. Банктің инновациялық қызметтерінің нарыққа енгізілу жағдайын талдау..................................................................................................21-27

Бөлім 3 Экономиканың қазіргі жағдайында банк ұсынатын қызметтердің
ролін арттыру жолдары
3.1. Бүгінгі таңдағы банктік қызметті реттеуге арналған заңдарды тиімді
реттеу және дамыту.............................................................................28-31
3.2. Банктердегі қызмет көрсету сапасын стандарттау жүйесі..............31-33

Қорытынды....................................................................................................34-35
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................

Работа содержит 1 файл

Нарық экономикасы жағдайындағы банктік қызмет тәжірибесін талдау.doc

— 349.00 Кб (Скачать)

   

      Банктік қызмет көрсету нарығы сыртқы ортамен үнемі белсенді қарым -қатынаста болады және ол ашық жүйе болып табылады. Жалпы, нарықтық экономикада банк жүйесі үш түрлі ролді атқарады. Біріншіден, жетілген банк жүйесі төлем жүйесін басқарады. Нарықтық қатынастарда коммерциялық келісім-шарттардың көпшілігі электрондық немесе чектік төлемдер арқылы жасалады. Екіншіден, басқа да қаржылық делдарман қатар, банктер несие саясатының аясында, халық салымдарын әртүрлі проекттерге жұмсайды. Мұндай инвестициялық процесстің тиімділігі негізінен банк жүйесінің заимшыларды дұрыс таңдай білу қабілеттілігіне байланысты. Үшіншіден, коммерциялық банктер Орталық банктің ақша-несие саясаты бойынша іс – қимыл жасайды, әртүрлі экономикалық жүйеде айналыста жүрген ақша көлемін реттеу процессіне қатысады.

             

1.2   Банктік қызмет түрлерінің ерекшеліктері мен жіктелуі

 

     «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңның 1-бабына сәйкес, «банк – осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға.»  Банктік қызмет – бұл банктік операц-ияларды жүзеге асырумен байланымты қызметті білдіреді. Аталған Заңның 30 – бабына сай банктік операцияларға мыналар жатады:

      заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

      жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;

      банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспонденттік шоттарын ашу және жүргізу;

      заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;

      кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;

      аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;

      есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттелерін есепке алу (дисконт);

      заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімен белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;

      заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде, корресподент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;

      сенім (траст) опереациялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;

      клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;

      сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарын сақтау қызметтерін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бөлмелерді жалға беру;

      ломбардтық операциялар; тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктері кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;

      төлем карточкаларын шығару;

      банкнота мен монеталарды және бағалы қағаздарды инкассациялау және жөнелту;

      шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

      төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);

      чек кітапшаларын шығару;

      бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;

      аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;

      ақшалай формада орындалуды көздейтін, банктік кепіл-хаттарды беру;

      үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.

    Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:

      брокерлік – мемлекеттің бағалы қағаздарымен;

      дилерлік – мемлекеттің және өзге де бағалы қағаздармен;

      кастодиандық;

      клирингтік.

     Осы аталған қызмет түрлеріне Ұлттық банктен жекелеген және кешенді (бірнеше қызметке) лицензиялар беріледі. Сонымен қатар, ҚР-дағы екінші деңгейлі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкіл-діктері, жинақ кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.

     Банктің қызметтері жөнінде экономикалық басылымдарда әр түрлі пікірлер айтылады. Көбінесе банктің қызметі олардың жүргізетін операцияларымен теңестіріледі. Олардың бәрін талдап, мынауы дұрыс, мынауы дұрыс емес деп жату бұл жұмыстың мақсатына жатпайды. Сондықтан банктің барлық сыртқы орталықпен жасайтын қарым-қатынастарының банк операцияларына тән ерек-шеліктерін ескеріп, банктің негізгі үш қызметі бар деп түсінген жөн. Оның біріншісі, кәсіпорындардың және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қа-ржыларын олардың банктегі шоттарына, депозитке, әр түрлі салымдарға шоғырландыру болып табылады. Сөйтіп, банктер басқа кәсіпорындарына, жеке тұлғаларға несие беру үшін тиісті ресурстар жинайды. Бұл банктердің несие қызметін жүргізуінің басты жағдайы.

     Сонымен қатар, басқа субъектілер де, маңызды шараларын іске асыру үшін қаржы жинаулары мүмкін. Бірақ мұнай ақша жинау мен банктің ақша шоғыр-ландыруының арасында біраз айырмашылықтар бар. Біріншіден, банк өз ақ-шасы немесе басқалардың бос ақша қаржыларын жинайды. Екіншіден, банк, жи-наған ақшасын өзінің тікелей қажетіне жұмсамайды, оны клиенттерге, олар-дың керегіне жұмсауға береді. Үшіншіден, шоғырланырылған ақша банктің меншігі бола алмайды, ол банкіге салған субъектілердің меншігі болып қала береді. Төртіншіден, басқа заңды немесе жеке тұлғалардың уақытша бос қар-жыларын шоғырландыру,банкке заңды түрде бекітілген құқық.

       Банктің екінші негізгі қызметі болып ақша айналымын реттеу болып табылады. Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің, бүкіл елдің төлем айналымы банктер арқылы өтеді. Ол үшін банктер әр түрлі төлем құралдарын (еліктемелерді)шығарады, несиелер береді. Осының нәтижесінде ақша айнал-ымы жөнге салынып отырылады. Бұл да банктің ақша-несие ретіндегі Заңмен бекітілген құқығы.

       Банктің үшінші қызметі – делдалдық. Банктер өнімін немесе қызметін сатушы мен сатып алушының ортасында, олардың жұмысы делдалдық болып көрінеді. Банктің делдалдық жұмысы несиелік ресурстарды шаруашылық жү-ргізуші субъектілердің арасында, шаруашылықтың әртүрлі салаларының ара-сында аусып жүруінен көрінеді және олардың тиімді пайдаланылуы мен бар-лық шаруашылық қызметтерінің жақсартылуына үлкен әсер етеді. Өйткені, олардың біреулері бос ақшасын банкіге салып, олардан пайыз түрінде сыйақы алады, ал екіншілері, уақытша, қосымша қаржыға қажеттігін банкіден алған несиемен жауып, өндіру мен өткізу процесстерінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Екі жағдайда да банктің клиенттері ұтыста болады.

       Банктің мазмұны мен қызметтері оның экономикадағы маңызын көрсетеді. Банкті маңызы деген сөзді оған жүктелген міндеттер деп түсіну керек, яғни,ол не үшін керек, неге қолданылады, не үшін дамиды. Банктің қызметтері сияқты оның маңызы да ерекше. Банктің айырбастау саласында істейтіндігін ескерсек, оған жүктелген міндеттер мен оның экономикаға тигізетін ықпалын осы сала арқылы қарау керек. Солай болса, банкіге жүктелген міндеттер мыналарды қа-мтамасыз етеді:

      Өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті бос капиталды, ресурстарды шоғырландыру;

      Ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау.

       Уақытша бос ресурстарды шоғырландыру атқарымынан көрінгендей, бан-ктер бір жағынан уақытша бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды басқа уақытша қосымша қаражатқа мұқтаж, шаруашылық жүргізетін субъектілерге беруші. Банктер, уақытша бос ақшаның тозаңдай ағымын жина-стырып, ақша ресурстарының орасан зор ағымына айналдырады. Оларды шоғ-ырландыру және өндірі пен айналымның керегін қамтамасыз етуге бағыттау, банктердің экономикалық орталықпен қарым-қатынасы, онымен әрекеттесті-лігінің ең маңызды атрибуты.

    Банктердің ақша-қаражатын шоғырландыру, кеіннен оларды қайта бөлу, өн-діріс пен айналымның үздіксіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, бүкіл ұдайы өндірістің процессін жеделдетеді.

    Капиталдың, тауардың, ақша айналымының өсу негізінде пайда болған бан-ктер, ақша айналымын тәртіпке салу, оны рационализациялайтын, басқа ешкі-мде жоқ қасиетке ие. Банк ісінің ерте сатысының өзінде банктер ақша қаржы-сын сақтауды, ішкі және сыртқы экономикалық айналымдардағы сауда опера-цияларына сәйкес аударуды, қамтамасыз еткен және олар, бір елдің ақша бел-гісін, екінші елдің валютасына айырбастаушы болып көрінген. Әрине, одан бері банк ісінің технологиясы және көлемі айтарлықтай өзгерді.

       Есеп айырысудың ежелгі, банкирлік үйлер қолданған, қарапайым нысанда қазіргі электрондық тораптардың негізінде ұйымдастырылған есеп айырысу, шаруашылықтарға айналым уақытын жеделдетіп, тауар өндірушілердің ара-сында шаруашылық байланыстарды кеңейтуге мүмкіншілік алды. Сондықтан, банктер экономикалық өмірдің бөлінбейтін атрибутына айналды. Банксіз еш-бір кәсіпорын, ешқандай бірлестіктер, бөлек заңды және жеке тұлғалар өмір сүре алмайды деуге де болады.

      Сөйтіп, банктің мазмұнында, қызметтерінде қамтылған жағдайларға және оның экономикадағы міндеттеріне сәйкестігі, банктің маңызын суреттейді. Сонымен қатар, банктің маңызын анықтауға сан және сапа жағынан қарау керек. Сан жағынан қарағанда, банктің көрсететін немесе нарықта сататын, қызмет-терінің қанша түрде және қанша көлемде екендігімен бағаланады. Мысалы, шаруашылық жүргізуші субьектілерге, жеке тұлғаларға, оның ішінде эконо-миканың маңызды салаларына, қанша несие берілгендігі ескеріледі.

     Қазақстан экономикасының қазіргі жағдайында, шағын және орта бизнес-тердің, ауыл шаруашылық өндірістерінің дамуы маңызды. Сондықтан банктің маңызын сан жағынан бағалағанда, осы салаларға қанша несие берілгендігіне көңіл аудару қажет. Бұл жөнінде қанша Үкімет қаулылары болса да, арнаулы мемлекеттік қорлар құрылып жатса да, шағын және орта бизнесті дамытуға несие беру, бұрынғыға қарағанға көбейгенімен, әлі де ойдағыдай емес. Ресми деректерге сүйенсек, 2001 жылдың басында баолық экономикаға салынған ба-нк ресурстарының 26,5% осы мақсатқа берілген. Кейде іс жүзінде мынандай да жағдайлар орын алуы мүмкін. Банктің берген несиесі үлкен сомада. Бұл жөнінде банктің бедел көрсеткіші жоғары. Бірақ, ол соманың басым көпшілігі сатып алу, қайта сату, (коммерция) үшін беріліп, өнім өндірушілер қаржы жа-ғынан тапшылық көріп жатса, банктің ел экономикасын дамытудағы маңызын төмен болды деуге болады.

      Егер банктің маңызын сапа жағынан қарау керек болса, оның әрекеттерін-ің елдің және бөлек субьектілердің экономикасының өсуіне қандай дәрежеде ықпал еткенін бағалау керек. Мысалы, банкіден алған несиені пайдаланудың нәтижесінде Отандық өндірушіленр қанша қандай сапада өнім шығарады, қа-нша жұмыс орнын құрды, халыққа және шаруашылықтарға керекті өнімдер қаншаға өсті, банктің несиесін және де басқа да банк қызметтерін пайдалану нәтижесінде қанша пайда түсті деген мәселелерді қарау керек. Мұның бәрі елдің кіші экономикадағы банктің маңызы болып абылады. Банкінің үлкен экономикадағы маңызын елдің басқа да жалпы экономикалық көрсеткіштер-мен байланыстырып бағалау төтенше көңіл аударарлық мәселе.

       Дәстүр бойынша, банктер ұдайы өндіріспен тікелей байланысты. Сондықтан, олардың маңызын бүкіл экономиканың көрсеткіштерімен байланысты-рып бағалау, банктердің шаруашылықтарға, өздерінің қызметтерін көрсете отырып, қандай нақты көмек көрсеткендерін суреттейді.

       Мысалы, банктің төлем құралдарын шығаруы, сонымен бірге ақша бірлі-гінің тұрақтылығына, өндірістің тиімділігіне әсер етеді. Банк айналымға ақша шығара отырып, оның бүкіл өндіріске және айналымға қалай ықпал ететіні мен байланыстыруы керек. Өйткені, айналымға артық ақша шығып кетсе, ұлт-тық ақша бірлігінің сатып алу қабілеті кемиді, инфляциялық ахуал туындауы мүмкін, капитал мен жиналған құндылықтардың құны төмендейді, ал айналы-мдағы ақша жиынының жеткіліксіздігі - өндірілген өнімді өткізуді қиындыққа апарады, өйткені төлем құралы жетіспегентіктен оны сатып алушылар уақы-тында төлей алмайды, соның салдарынан өндірісті қысқартуға тура келеді, ал оның салдарынан жұмыссыздық пайда болады. Сонымен, банктің жұмысына көбінесе ( басқа да себептермен қатар), ақша бірлігінің тұрақтылығы тәуелді, ал мұның өзі банк жұмысының, оның экономикадағы міндеттеріне қаншалық-ты сәйкес екендігін дәлелдейтін маңызды компоненті.

          Айырбастау саласында істейтін болғандықтан, банктер қоғамдық өнімді өндіру, бөлу, пайдалану процестерінен қашық тұра алмайды. Сондықтан үл-кен экономика деңгейінде банктің маңызын бүкіл экономикаға қандай әсер ет-кені арқылы ашу керек.

        Жоғарыда, банктің маңызын сан жағынан да бағалау керек дегенбіз. Бірақ, тек несие көлемінің өскені жағдайды толық суреттей алмайды. Банк әр уақыт-тада несиені көбірек беруге ұмтылмайды. Өндірістің даму бағытын, нарықтың жағдайын ескермей есепсіз несие берілсе, өндірісте де, банктің жұмысында да жағымсыз жағдайлар туыуы мүмкін. Сондықтан несиенің қайтпай қалу қаупі банкті сабырлы несие саясатын ұстауға мәжбүр етеді. Дегенмен, қаншалықты қиын болса да, банк неге арналғанын ұмытпау керек, өзінің жеке мүддесін, бү-кіл қоғамның мүддесімен байланыстыруы керек. Өйткені, банктің өзі сол қоғ-амдық мүдделерден пайда болған.

    Өкінішке орай, қазіргі банктердің осыны ұмытып кеткендері  анық. Олар-дың өз мүдделері қоғам мүддесінен жоғары, ол тек пайда табу үшін істейді және кез келген жолмен (кейде арам айла-амалмен). Сондықтан Қазақстан экономикасының осы уақытқа дейін (тәуелсіздік алғанымызға он жыл өтті) дағдарыстан толық шығып кете алмай отырғаны, тікелей банктердің жұмыс-ымен байланысты деуге болады. Олардың бүгінгі күнгі экономикадағы маң-ызы өте төмен, ішкі мазмұндары, экономикалық субьектілер ретінде, неге ар-налғандығына сәйкес келмейді. Көптеген банктердің жабылып жатқанының бір себебі осында. Өйткені, арам айла-амалдардың жолы қысқа, ұзаққа бара алмайды.

        Сонымен қатар, дүние жүзілік практикадан белгілі, кейбір елдердің банк-терінің өз мүдделерін, әдісін тауып, қоғам мүдделерімен байланыстырып, елі-нің экономикасын  өркендуіне үлкен әсер еткені. Оған мысал ретінде, дүние жүзілік соғыстан қирап шыққан Германия мен Жапонияның қысқа мерзімде, ірі банктердің көмегімен, экономикасы өркендеген елдердің қатарына қосылғ-андықтарын келтіруге болады.

Информация о работе Экономиканың қазіргі жағдайында банк ұсынатын қызметтердің ролін арттыру жолдары