Экономикалық өсудің Қазақстандағы үлгісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 18:49, курсовая работа

Описание работы

Сонымен осы курстық жұмысымның мақсатына тоқталатын болсақ, ол халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін, өндіріс тиімділігін арттыра отырып, экономикалық өсудің әсеріне талдау жасау және тұрақты экономикалық өсуге жетуде шаралар жасау болып табылады.
Осы мақсатқа байланысты курстық жұмысымның міндеттері келесідей:
Экономикалық өсуге теориялық талдау жасау;
Өндіріс тиімділігі мен халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерін зерттеу;
Қазақстанның экономикалық өсуінің үлгісін көрсету;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына талдау жасау.

Содержание

Кіріспе.

І – тарау. Экономикалық өсудің теориялық аспектілері.
1.1.Экономикалық өсу сипаты мен әсер етуші факторлар.......................................................................4-10
1.2. Экономикалық өсу модельдері мен кезеңдері......................................................................10-20

ІІ – тарау. Экономикалық өсу – ел болашағы.
2.1.Қазақстандағы экономикалық өсудің негізі - өндіріс тиімділігін талдау..................................20-28
2.2.Экономикалық өсудің Қазақстандағы үлгісі...................................................................28-37

Қорытынды............................................ ............37-38

Пайдаланған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Экономикалык өсу новый 2009.doc

— 1.63 Мб (Скачать)

 k


 

 

3 – сурет. Солоу үлгісіндегі жиынтық сұраныстың инвестиция және тұтыну мен анықталуы.

 

Y=f(k), i = s*f(k), c = (1-s)*f(k)

 

Мұндағы:

і – бір жұмыс басты адам басына шаққандағы инвестиция.

с – бір адам басына шаққандағы тұтыну.

с = (1-s)y

s –қор жинағы

y = c+і = (1-s)y+i

i=s*y      

       Өз моделінде Солоу экономиканың үздіксіз өсуінің себептері ретінде халық санының өсуі, техникалық прогресс алынады.

       Өз  моделінің негізіне технологияның  даму деңгейін (Т) енгізе отырып, қарапайым өндірістік функцияны қарастырады:

                       Y=f(K,L,T) Y=Tf(K,L)

       Әрі  қарай ол технологияның даму  деңгейі еңбек пен капиталға  бірдей ықпал етедідеп тұжырымдады.  Функция бұл жағдайда келесі  түрде болады:

                       Y=Tf(K,L).

        Р.Солоу  өз моделінде америка экономисі  Э.Фелпс ұсынған жинақтаудың «алтын ережесін» қолданды. Алтын ереженің мәні мынада: әрбір ұрпақ өзінің болашақ ұрпағы үшін алдыңғы ұрпақтарынан алып қалғантабысының бөлігін жинақтауы тиіс. Басқаша айтқанда, пайыздық ставка халықтың өсу қарқынына тең болуы тиіс.

        Осы  «ережеге» сәйкес, Солоу «капиталдың кетуі(амортизация) қолда бар капитал арқылы құрылған шекті өнімнен артық болмауы керек» деп тұжырым жасады.Р.Солоу моделі қазіргі экономикалық өсу теориясындағы үздік модель болып табылады. Алайда, оның кемшіліктері де жоқ емес. Олардың қатарына: 

-модельдің тек ұзақ мерзім үшін қолданылуы;

-модельдеу барысында  өсуді шектейтін кейбір ресусртық,  экономикалық,әлеуметтік шығындардың ескерілмеуі;

-өндіріс факторларының  капитал мен еңбектен басқа  факторларының ескерілмеуі.

 

       70-ші жылдардың орта кезіндегі мұнай дағдарысы Дж.Робинсон ұсынған (Кембридж,Ұлыбритания) экономикалық өсудің жаңа теориясының пайда болуына әкелді. Дж.Робинсон ұлттық табысты бөлу мен капиталды жинақтау көлеміне тәуелді қоғамдық өнімнің өсу қарқынын арттыруды ұсынды. Дж.Робинсон капиталдың жинақталу жылдамдығы пайда нормасы мен оның ұлттық табыстағы үлесін анықтайды деп атап көрсетеді.

        Неоклассикалық модельдердің талдау құралдарының арасында Кобб-Дугластың өндірістік функциясы екреше мәнге ие. Қарапайым өндірістік функция өнім өндірісінің өсіміне екі фактордың – еңбек пен капиталдың ықпалын зерттеді. Бұл функцияны ХХғ. 20-шы жылдарында америка экономисі П.Дуглас  пен математик Х.Кобб ашқан болатын. Олар АҚШ-тағы астық өндірісінің статистикалық мәліметінің негізінде «капитал шығынын 1%-ға көбейтпей-ақ, еңбек шығынын 1%-ға арттырып, өндірісті 3 еселеуге болады» деген қорытынды жасады. Осы эмпирикалық зерттеудің нәтижесі кәсіпкерге қосымша капитал тартқаннан гөрі еңбекті қолдануды жетілдіру тиімді екендегін көрсетті. Осыған байланысты дамыған нарықты экономикалы елдерде еңбек қызметін мотивациялаудың тиімділігін арттыратын әзірлемелер кеңінен қолданыла бастады.

Неоклассикалық бағыт  төмендегілерге негізделген.

а) өндірістің әрбір факторы  өндірілетін өнімге сәйкес үлесін қамтамасыз етеді.

б) өнім құны шекті факторлармен жасалады.

в) экономика еркін бәсеке процесі кезінде тепе теңдікті автоматты  түрде қалпына келтіру үшін қажетті алғы шарттарға ие.

Бұл модельдің зерттеу  объектісі ретінде экономикалық өсу факторлары табылады, яғни еңбек, капитал, ресурстар, ҒТП, уақыт, экологиялық, ақпараттық фактор, адам капиталы. Олар сапалы анализ позициясы жағынан  зерттейді: ғылымның, білім беру деңгейінің өсуін, өндірісті ұйымдастыруды жақсарту, т.б.

Неоклассиктер нашар дамыған  экономикада нақты дуанизмді  есепке алуда оның екі компонентін  бөліп көрсетеді: дәстүрлі ауыл шаруашылық және қазіргі заманғы өнеркәсіптік сектор (2-кесте).

Дәстүрлі сектор – нашар дамыған экономика канонды вариантта. Оған жергілікті әдет-ғұрыпқа негізделген, қарапайым технология мен шаруашылық тәжірибесіне негізделген квази тұрақты тепе-теңдік тән.

 

  1. кесте. Дуанистік экономика теориясы

 

Авторлар

Экон секторлары

қазiргi кездегi

дәстүрлi

У.А. Льюис

капиталистiк

капиталистiк емес

А.О. Хирисман

дамыған солтүстiк

артта қалған оңтүстiк

С. Шатц

тауарлы

натуралды


Түсініктеме: ҚӘБ [3. 263б]

 

Қазіргі секторға ҒТП жоғарғы  қарқыны коммуникацияның барлық түрлерінің тез қорқынды дамуы, әлемдік рынокпен тығыз байланыс тән. Мұнда халықтың жан басына шаққандағы табысының жоғарлау тенденциясы байқалады.

 

 

 

                            


Орташа жан         Y 

басына шақ-                                            P 


қандағы                                                    N     G               


табыстардың                                                                  мультипликатор

күтiлетiн өсу                                      E        F               әсерi          


қарқыны                                              

                                                                       

 

                                           C                   D           


                                                             

                                                                         

                            A                                         кәсiпкерлiк кызметiнiң

                    4%         45º         B                    ұлғаю қисығы (Р)


            L        K                                                


                                jm                                                                    Х

                                                                                 кәсіпкерлік қызметтің

                                                                                ұлғаю деңгейі       

 

3-сурет. Шаруашылық объектілерінің санының өсуі.[3. 263 б]

 

Халықтың орташа табысының  өсуі сұраныс пен халықтың сатыпалушылық қабілетін өсіреді. Сұраныстың өсуі кәсіпкерлік қызметтің дамуына стимул береді, ол өз кезегінде мультипликатор әсерін тереңдетеді ( немесе одан -не ауысу)

Неоклассикалық және неокейнсиандық модельдердің өзара айырмашылығына қарамастан, олар ұқсас методологияға негізделген. Институцияналдықтың олардан өзгешелігі сапалық басқа теориялық негіздерге сүйенеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Табыстың              Y                            G1 G2 G3


күтiлетiн


өсiмi

                                                                 

                                                              E         F       


 

                                                    C           D                   акселератор әсерi


                                                A


                                                        B  

 

 

                                                                     шаруашылық субъектiлерiнiң


                                     45º                           санының өзгерiсi  

                                                                                                            Х


 

4-сурет. Шаруашылық субъектiлерiнiң санының өсуi.[3. 263 б]

 

Әлемдік экономикалық дамуды талдай отырып, экономикалық өсудің қарқыны мен көздері бойынша қоғамдық өндірісті ірі төрт кезеңге бөлуге болады. Ол 1-кестеде көрсетілген.

 

  1. кесте Экономикалық өсу кезеңдері мен приоритетті көздері

 

Кезеңдер

Өсуге әсер ететiндер

I: ХIХ ғ. дейiн

Халықтың өсуi, кәсiпкердiң  мотивациясының күшеюi

II: ХIХ–ХХ ғ. бас кезi

Еңбек өнiмдiлiгiнiң өсуi, оның капиталмен ауыстырылуы

III:  ХХ ғ. ортасы

Интенсивтi факторлар (ақпараттық және ғылымды қажетсiнетiн технологияларды  игеру)

IV: Х Хғ соңы

Әлемдiк экономикасының интерпритациясы мен глобализациясы


Түсініктеме: ҚӘБ [6. 263б]

 

Қазіргі кезде Кеңес  одағы ыдырағаннан кейін дүниежүзілік ірі державаның бірінің «ІІІ әлем»  елдеріне айланып бара жатқаны мәлім. Ол үшін әртүрлі бағыттар мен мектептердің экономикалық ойлары мен көзқарастарын игеру қажет. Ең алдымен біз үшін теориялық жағынан ғана емес, сонымен бірге тәжірибелік жағынан да қызықтыратын экономикалық өсу модельдеріне қатысты.

Даму – бұл көп  өлшемді процесс, ал өз құрамына техникалық экономикалық, әлеуметтік, саяси сферадағы терең түбегейлі өзгерістерді қосады.

Дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық пікіріне швед ғалымы Гуннар Мюрдальдың (1898-1987) еңбегі елеулі әсер етті. Ол батыстың «үшінші әлемді» талдау бағытын  сынға алды. Өйткені олардың методологиясын, нәтижесін, дамыған елдердің жобасына дамушы едерге көшіре салу қате деп білді. Іс жүзінде экономикалық анклавты типін – европалық өнеркәсіптің тар секторын құру болса, кең алғанда ішкі емес, сыртқы рынокпен байланысты европалық типтес экономика құруға ұмтылады.

Осы бағытта экономикалық өсудің негізгі элеметтерін сынау  қолданылады: нашар дамуды жою үшін технологиялық дамуды шешуші фактор ретінде қарастыру; рынок экономикалық дамудың автоматты реттеушісі ретінде; жоспарлау әлеуметтік мәселелерді  шешу құралы ретінде. Шын мәнінде бұл факторлар технологиялық тәуелділіктің күшеюіне, экономиканың дезинтеграциясына, коррупцияның өсуі мен мемлекеттік бюрократизмнің күшеюіне жағдай жасайды.

Өндірістік мәселелерді  шешудің қиыншылығы нақты себептерге: нашар тамақтану мен әлсіз денсаулыққа, өмір деңгейінің төмендеуіне; институционалдық жағдайлар мен еңбек рыногының жетілмегендігіне байланысты. Оның ойынша, кейнсиандық бағытты бұл елдерге қолдауға болмайды. Мюрдаль бойынша дамуы төмен болудың себебі – шетелдік капиталдың жетіспеушілігінде емес, еңбек ресурсын толық пайдаланбауда болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ – тарау. Экономикалық өсу ел болашағы.

 

Қазақстандағы экономикалық өсудің негізі - өндіріс тиімділігіне талдау.

 

 ҚР индустриялық-инновациялық  дамудың 2003-2015жылға арналған стратегиясы бойынша: Экономикалық өсудің негізгі мақсаты болып халықтың материалдық әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету табылады. Материалдық әл-ауқатты көтеру экономикалық өсудің басты мақсаты ретінде келесі негізгі құраушылармен нақтыландырылады:

- Халықтың орташа жан басына шаққандағы табысы. Бұл мақсатқа қол жеткізу өз көрінісін жан басына шаққандағы ұлттық табыстың (ҰТ) өсу қарқынынан табады.

- Бос уақытты көбейту. Бұл мақсат елдің нақты ЖҰӨ немесе ҰТ көрсеткiштерiнде көрiнбейдi, бiрақ қажеттi игiлiктiң бiрi болып табылады. Сондықтанда бұл мақсатты бағалау кезінде жұмыс күнінің немесе аптаның белгілі бір қарастырылып отырған уақытта қысқаруын, қызметкерлердің еңбек қызметтің ұзақтығын ескеру қажет.

- Халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары арасында ҰТ-ң бөлінуін жақсарту. Егер нақты ҰТ өсіп, дұрыс бөлінбесе, онда экономикалық өсу халықтың көпшілік бөлігі үшін тиімсіз болар еді, себебі олардың        әл-ауқаты бір қалпында қалады немесе одан да нашарлай түседі. Сондықтанда экономикалық даму процесінде әлеуметтік қорғаушылық принципі ұсталынуы керек.

- Өндірілетін тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту және әртүрлендіру. Бұл көрсеткіш те нақты ҰТ-ға тікелей көрініс алмайды. Бірақ жоғары сапалы және дифференцияцияланған тауарлар тұтынушылық қажеттіліктердің қанағаттандырылу деңгейін жоғарлатады, ол өз кезегінде тауарлар мен қызметтерге шығыстауды көбейтеді, ал олардың жиынтық мөлшері өндірілген ҰТ көлемiн сипаттайды.

Экономикалық өсу мақсаттары өндірушілер мен тұтынушылардың мінез-құлықтың мотивтерін сипаттайды. Өндіруші үшін ұзақ мерзімде экономикалық пайда алу болса, үй шаруашылығы үшін өз әл-ауқатын көтеру. Осы мақсатқа жету үшін олар, біріншіден, табыстарының бір бөлігін жинақтайды, екіншіден, өндіріс факторларының сапасын жақсарту үшін табыстарының бір бөлігін инвестицияға жұмсайды.

Информация о работе Экономикалық өсудің Қазақстандағы үлгісі