Қазақстандағы банк жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 13:01, курсовая работа

Описание работы

Банк – ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар, мекемелер мен жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен қүнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операцилар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................3

1 Банк жүйесінің мәні мен мазмұны....................................................4
1.1 Банктің нарықтық экономикадағы ролі............................................4
1.2 Банктік қызметті ұйымдастырудың негізі........................................8
1.3 Банктік қызметті бақылау мен қадағалау.......................................10

2 Қазақстан Республикасының банк жүйесі......................................13
2.1 Қазақстанның банк жүйесінің қызметі...........................................13
2.2 Коммерциялық банктердің қызметі................................................17
2.3 Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының Орталық
банкі...............................................................................................21

3 Қазақстан Республикасындағы банк жүйесін жетілдіру...................24
3.1 Қазақстандағы банк жүйесін жетілдіру
(«БанкЦентрКредит» мысалында)......................................................28
Қорытынды............................................................................................31

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................33
Қосымшалар..........................................................................................34

Работа содержит 1 файл

Қазақстандағы банк жүйесі.docx

— 88.58 Кб (Скачать)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

  Кіріспе.....................................................................................................3

   

  1. Банк жүйесінің мәні мен мазмұны....................................................4

  1.1 Банктің нарықтық экономикадағы ролі............................................4

  1.2 Банктік қызметті ұйымдастырудың негізі........................................8

  1.3 Банктік қызметті бақылау мен қадағалау.......................................10

  

  2   Қазақстан Республикасының банк жүйесі......................................13

  2.1 Қазақстанның банк жүйесінің қызметі...........................................13

  2.2 Коммерциялық банктердің қызметі................................................17

  2.3 Ұлттық Банк - Қазақстан Республикасының Орталық

       банкі...............................................................................................21

 

  3   Қазақстан Республикасындағы банк жүйесін жетілдіру...................24

  3.1 Қазақстандағы банк жүйесін жетілдіру

          («БанкЦентрКредит» мысалында)......................................................28

 

  Қорытынды............................................................................................31

 

  Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................33

 

  Қосымшалар..........................................................................................34

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Банк – ақша қаржылары мен қорларын жинақтау, кредит беру, мемлекеттер, кәсіпорындар, мекемелер мен жеке адамдар арасындағы өзара төлемдер мен ақшалай есеп айырысуда делдалдықты жүзеге асыру, ақшаның белгілі бір түрін айналымға қосу, ақша мен қүнды қағаздар шығару, алтынмен, шетелдік валютамен түрлі операцилар жасау және басқа да қызметтер атқаратын қаржы мекемесі. Банктің пайда болуы мен дамуы тауар-ақша қатынастарының дамуымен тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың, фирмалардың, компаниялардың, сонымен қатар тұрғындардың уақытша пайдаланылмай бос тұрған қаражаттарын жинақтап, қажет етушілерге өсім мен уақытша кредит беру арқылы қаржы мұқтаждығын өтейді. Сөйтіп, банктер аралық қызмет атқарып, ақша пиасасында тауарға айналатын жаңа талап пен міндеттемені қалыптастырады. Міндеттеме талаптың пайда болу процесі қаржылық-делдалдық қызметтің негізін құрайды.

  Банк – ерекше кәсіпорын. Егер кәдуілгі кәсіпорын қызметінде ақша төлем рөлін атқарса, ал банк қызметінде ол тауар орнына жүреді. Банктер уқытша пайдаланылмай тұрған бос ақша қаражаттарын өзіне жинақтау, клиенттерге есепшот ашып, кассалық қызмет көрсету, қысқа және ұзақ мерзімге несие беру, кредит бөлу, инвестициялық қызмет атқару, т.с.с. өзіндік арнаулы қызметтерге қоса, нарықтық экономика жағдайында лизингтік, факторингтік, трастық, кеңесшілік, ақпараттық, т.б. қызметтерді де атқарады.

«Қазақстан Республикасындағы банк жүйесінің дамуы» тақырыбындағы курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы банк жүйесінің даму ерекшелігін анықтау, банк жүйесінің негізгі мәселелерін зерттеу арқылы оларды шешу жолдарын ұсыну.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • банк жүйесіне теориялық тұрғыдан сипаттама беру;
  • банктің экономикадағы роліне тоқталу;
  • Қазақстандағы банк жүйесін талдау;
  • Қазақстанның банк жүйесінің дамуындағы мәселелерді анықтау.

Курстық жұмыс 3 бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде банк жүйесінің  мәні мен мазмұны, банктің экономикадағы  ролі теориялық тұрғыдан қарастырылса, екінші бөлімде ҚР-ның банк жүйесінің  ерекшелігіне жан-жақты талдау жасалады, ал, үшінші бөлімде «БанкЦентр Кредит» мысалында банк жүйесін дамытудағы мәселелер мен даму перспективалары қарастырылады.

 

 

 

 

 

1 Банк жүйесінің мәні мен мазмұны

1.1 Банктің нарықтық  экономикадағы рөлі

 

       Банктік жүйе - нарықтық экономиканың  ең маңызды және біртұтас құрылымдарының  бірі.

        Банктердің және тауарлы-ақшалай  қарым-қатынастардың дамуы тарихи  тұрғыдан қатарлас жүрді және  де олар бір-бірімен өзара тығыз  байланысты. Банктер халық шаруашылығы  қызметінің барлық деңгейіндегі  басқарумен тікелей байланысты  болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс  үрдісіне қатысушыларының экономикалық  мүдделерін қанағаттандыру жүзеге  асырылады. Осы кезде банктер  қаржылық делдал ретінде шаруашылық  органдардың капиталдарын, халықтық  жинақтарын және шаруашылық қызметтің  үрдісінде босаған басқа да  бос ақша қаражаттарын тарта  отырып, қарыз алушылардың уақытша  пайдалануына береді, ақшалай есеп  айырылысу жүргізеді және экономика  үшін басқа да көптеген қызмет  көрсетеді, соның арқасында өндірістің  тиімділігі мен қоғамдық өнімнің  айналасына тікелей ықпал етеді. 

        Қаржылық делдалдар осылай қоғамға  ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизмін қамтамассыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.

         Банктің атқаратын кейбір қызметтеріне  тоқталып кеттік, ал енді «банктің  қызметтері» деген түсінікке  анықтама беріп кетейік. 

           Экономикалық кітаптарда бұл  терминге әр түрлі көзқарас  тұрғыдан талқылау жасалынады.

 «Қазақстан  Республикасының банктер және  банктік қызметі туралы» заңында  мынадай анықтама беріледі: Банк  операцияларын жүзеге асыру, сондай-ақ  банктердің және банк операцияларының  жекелеген түрлерін жүзеге асыратын  ұйымдардың осы бапта белгіленген  өзге де операцияларды жүргізуі  банк қызметі болып табылады. Ғ.С.Сейітқасымовтың «Ақша, Несие,  Банктер» кітабында «Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін  белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын  сипаттауға болады. Кез келген  банк өніміні негізінде қандай  да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру  жатады» делінген.

            "Банктік қызмет - клиенттің қажеттілігін  қанағаттандыру нысаны, банк клиентіне  қызмет көрсетудің нәтижесі. Банк  өнімі - банк клиентіне кызмет  көрсету әдісі, клиентке қызмет  көрсетудің бірыңғай технологиясымен  біріктірілген операцияларды орындаудың  құжаттандырылған регламенті (ережелердің  тәртіпке келтірілген жиынтығы). Банк операциясы - клиенттің үшінші  тұлғалармен немесе банктің өзімен  жасасқан мәмілені (трансакция) іске  асырудың мақсаттары, орны және  уақытысы бойынша тәртіпке келтірілген  банктегі персоналдар әрекеттерінің  жиынтығы. Осы түсініктердің өзара  байланысы банк технологиясының  мазмұнын анықтайды. 

        Аталған қызметтерді тек езіне  ғана тән ерекшелігі бар арнайы  қаржылық мекеме атқарады. Осы  мекеменің өзіне тоқтала кетсек.

       Банк - заңды және жеке тұлғаларда  шоғырландырылған ақша ағымдарының  қозғалысымен байланысты ерекше  өнімді өндіретін, осы қаржы  құралдарының есебінен банк қызметтерін  көрсететін арнайы экономикалық  институт.

         Банк кызметінің қорытынды нәтижесін  анықтау үшін «банк» түсінігінің  мәні және клиент - банк - клиент  схемасы қарастырылған болатын. 

         Егер материалдық өндіріс сферасында  қызмет нәтижесі дайын өнім  болса,банк сферасында қызмет  нәтижесі банк қызметі болып  табылады.

           Экономикалық ғылымда қызметтер  деп материалдық игіліктерді  өндірмейтін, бірақ тек процесс  ретінде пайдалы еңбектің өзгеше  әсері түсіндіріледі. [2.25].

         Қызмет - бұл жұмысты орындау процесінде жаңа, бұрын болмаған материалдық-заттай өнім өндірілмейтін, бірақ жасалған өнімнің сапасы өзгеретін еңбек түрі. Басқаша айтқанда, қызмет бұл еңбек нәтижелерінің немесе өнімдерінің ерекше түрі ретіндегі материалдық емес игілік. Яғни, бүндай кызмет әсерінің нәтижесі тұрғысынан банктердің операциялары - бұл клиенттерге қызмет көрсету. Тек клиенттердің көлемі банк операциясының оның қызметіне айналуын алдын-ала анықтайды.

 Клиенттің  ниетіне байланысты банк клиент  пайдасына өзінің операциясын  жүргізе отырып, оған белгілі  бір қызметті ұсынады. Клиенттің  банкте орналастырылғын ақша  қаражаттарының ролі, әрине, банк  үшін маңызды болса да, клиенттің  өзінің пассивтік операцияларға  қатысу дәрежесі үлкен емес. Банктер  активтік операциялар кезінде  клиенттерге ұсынатын қызметтерге,  яғни несие беруден басқа өзінің  жеке саясаты шеңберінде және  де клиент тапсырмасы бойынша және шот есебінен банктің жүргізетін бағалы қағаздармен операцияларына (қор операциялары) маңызды назар аударады. Іс-жүзінде келесідей банк операцияларының тобында клиентгің толық қатысуы орын алады: клиенттің тапсырмасы бойынша және комиссиондық бастамаларда жүргізілетін сенімді және комиссиондық-делдалдық операциялар. Барлық осы операциялар клиент банк - клиент схемасына жауап береді және «банктік қызмет» түсінігіне тең мағыналы. Банктің клиент қаражаттарын тартудағы мақсаты тек тікелей пайда табу емес, сонымен қатар төлемдердің қоғамдық қажетті қызметін орындай отырып, болашақта пайдалану мақсатымен берілген қаражаттарды шоғырландыру мүмкіндігі болып табылады. Операцияларды орындай отырып, өз клиенттеріне ұсынатын қызметтері үшін банк , әдетте, сыйақы алады. Сонымен, мынадай қорытынды жасауға болады: банк - бұл банк қызметтерін көрсететін кәсіпорын. Ал банктік қызмет ретінде клиенттің тапсырмасы бойынша және клиенттің пайдасына белгілі бір төлем үшін жүргізілетін банк операцияларын айтуға болады.

 

Қазақстан Ұлттық банкінің қырағылық бақылауымен  соңғы төрт жылда шапшаң дамып  келе жатқан банктік секторы ұзамай жаңа қадағалаушыға ие болмак.

Осы оқиғаның келесі қадамы не берер екен?

Қазақстанның  банктік активтері, бәлкім, жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) үштен бірін ғана құрап отырған болар, бірақ сектордын өзі соңғы төрт жыл ішінде жылына 50 пайыздық карқынмен өсіп келеді.

"Ел жедел  дамып келеді, - деп мәлімдеді  осы елде жұмыс істейтін батыстық үш банктің бірі, Қазақстаңдағы НSВС-нің Бас әкімшісі Рей Уэббер.— Қазақстандық векселъдер көбінесе белгіленген бағадан асып түседі, ал бөлшек сауданың активтері бас айналарлық жылдамдықпен өсіп келеді".

Қатаң бақылау — Қазақстан банкінің құпиясы, міне, осында.

Қазақстанның  Ұлттық Банкі 90-жылдардын ортасындағы  секторды тазарту кезінде шешуші рөл атқарды. 2004 жылғы қаңтарда елдің қаржылық секторына бақылау Қаржылық қадағалау агенттігіне, осы орғанның екінші мерзімге жұмыс істеген кезінде Ұлттық Банк төрағасының орынбасарлығына тағайындалған А.Сәйденовке берілді,

"Жергілікті  банктерді басқару жақсы жүріп  келеді және жақсы капиталданған.  Оларда батыстық банктердегідей  қызмет көрсетулердің толық секторы  жоқ, бірақ олар ондай қызметтер  көрсету үшін консервативтік  практиканы пайдаланады. Банктік  бақылау өте қатаң тіпті мүлдем қатаң дер едім, бірақ мен басқасынан гөрі осыны тәуір керемін", — дейді АВN Аmrо Қазақстан филиалының менеджері Дуглас Кеннеди.

Бүтінгі күнде Қазақстанның кейбір нормативтері Халықаралық Есептесу жөніндегі Банк (ХЕБ) ұсынып отырған нормативтерге карағанда едәуір қатаң. Мәселен, ХЕБ негізгі капиталды қамтамасыз етудің 8 пайыздық ең теменгі коэффициентін ұсынса, Қазақстанның Ұлттық Банкі 12 пайызды талап етеді.

"Дамушы елдердің  қаржы рыноктарымен салыстырғанда  Қазақстан неғұрлым басқаруға  икемді банк секторына ие болып  отыр. Мұндай үзілді-кесілділіктің ерекшелігі дамушы елдер үшін бірегейлік болып табылатын, акционерлермен байланысты қарыз алушыларға кредит беруге шек қойылатындығында.

Банктер Кеңес  Одағы ыдырағаннан кейін пайда  болған аласапыран заманда гүлденді. 1993 жылғы ең шарықтау кезінде олардың саны 230-ға жетті", — дейді ING Саріtаl Маrкеts-тің талдаушысы Стефан Эванс. "Шарттар белгіленбеді, қарыздар жіктестірілмеді және осы банктердің үлкен бөлігі үкіметтік бағалы қағаздармен валюталық рыноктарда бактарын сынады", — дейді Ұлттық Банктің басқарушысы Григорий Марченко.

1995 жылғы жаңа  салық заңы банктердің белгілі  бір резервтер қалыптастыруына жағдай жасады. "Бұған дейінгі уақытта банк секторының кірістілігі қолдан жасалып келді және үкімет осы кірістерден салықты қуана-қуана сыпырып отырды.

Осының бәрін  тексере келгенде, әлгі банктердің. көпшшігі шығынға белшеден батып  отырғандығы және жетісілікгі капитал  тартуға немесе құруға мүлдем қабілетсіз екендігі анықталды," — деп еске алады Г.Марченко.

Информация о работе Қазақстандағы банк жүйесі