Қазақстандағы Ислам

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 16:03, реферат

Описание работы

Кеңес үкіметі құлаған соң қазақ халқы ұстанған бағыт-бағдарынан қайта жаңылып, экономикалық, саяси және дүниетаным дағдарысына бір мезгілде ұшырады. Қалыптасқан тұрмыс салты бұзылып, қол жеткізген бар игіліктерінен қағыла бастады. Жариялық пен бостандықтың нәтижесінде небір қылмыстар мен азғындықтарға бой алдырып, ішімдік пен есірткіге де бой ұра бастады. Мұндай жағдайда қазақ халқының дінмен айналысуға мұршасы да, ықыласы да болмайтындай көрінгені рас.

Работа содержит 1 файл

ислам.docx

— 35.83 Кб (Скачать)

     ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМ ДІНІ

     Кеңес үкіметі құлаған соң қазақ  халқы ұстанған бағыт-бағдарынан қайта  жаңылып, экономикалық, саяси және дүниетаным дағдарысына бір мезгілде ұшырады. Қалыптасқан тұрмыс салты  бұзылып,  қол жеткізген бар игіліктерінен  қағыла бастады. Жариялық пен бостандықтың нәтижесінде небір қылмыстар мен азғындықтарға  бой алдырып, ішімдік пен есірткіге де бой ұра бастады. Мұндай жағдайда қазақ халқының дінмен айналысуға мұршасы да, ықыласы да болмайтындай көрінгені рас.

     Бірақ, дін ұстанған ұрпақ сабақтастығы  үзіліп, діннен мүлдем бейхабар жаңа буын қалыптасып үлгерсе де  өз алдына ел болған кезден бастап қазақ халқы  дінге шұғыл бетбұрыс жасады. Соның  ішінде де үгіт-насихаты қарқынды жүргізіліп жатқан өзге діндерді емес, тиымдары мен  шектеулері көп, құлшылықтары қиын болып  келетін Ислам дінін таңдады. Бұл қаласаң да, қаламасаң да мойындауға тура келетін нақты шындық. Сонымен  қатар, Ресейге қосылғаннан кейін  православиялық христиан діні пайда  болды. Кеңес өкіметі жылдарында Қазақстанға ондаған басқа халық  өкілдері келіп коныстанды. Дәстүрлі түрде олар әр түрлі діндерді ұстанды.

     Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет. Конституция  ар-ұждан еркіндігін дәріптейді: азаматтардың кез келген дінді қстануға немесе мүлдем ұстанбауға құқы бар. Қазіргі  уақытта елімізде рухани өмір қайта  жанданып, қоғамдағы діннің ықпалы өсуде. Діни ұйымдар бейбітшілік  пен келісімді нығайтуға өз үлестерін  қосуда.

     Қазақстандағы дінге сенушілердің ішінде сүнниттік  ислам (70%) сандары басым. Қазақ, өзбек, татар, түрік, ұйғыр, күрд, төжік, башқұрт, қырғыз, чешен, ингуш, дүнгендердің басым  көпшілігі мұсылман-сүнниттер. Әзірбайжандардың біразы исламның басқа бағыты - шиитті ұстанады. Орыс, украин, белорус, болгар, молдаван, грек, шуваш, мордва, удмурт пен  марийліктерде православие діні таралған. Неміс христиандары арасында негізінен протестанттар мен  католиктер көп. Көрістер негізінен  протестанттар, ал поляктар - католиктер. Армяндар христиан дінінің ежелгі, ерекше тармағына табынады. Христиандар  барлық облыстарда, негізінен —  солтүстікте, шығыста және орталықта  таралған.

     Сонымен, Қазақстанда халықтың полиэтникалық  және көп конфессиялық құрылымы қалыптасты. Осындай ерекше мәдени бірлестіктер бейбітшілікте, келісімде және өзара  сыйластықта өмір сүруге жағдай жасайды. Қазақстанда қазіргі уақытта 4551 діни бірлестік әрекет етеді, оның 2815-і  исламдық, 306-сы православтық, 1283-і протестанттық, 118-і католиктік, 25-і иудейлік және 4-еуі буддистік. Дербес талдамалы  орталық болып табылатын Саяси  шешімдер институтымен жүргізілген  зерттеулердің деректері бойынша  қазақстандықтардың 93 пайыздан астамы қандай да бір дінді ұстанады екен. Бұл ретте исламды қазақстандықтардың 64 пайызы ұстанса, христиан дінін ұстанатындар 29 пайызды құрайды, ал қала тұрғындарының 6 пайызы өздерін атеист санайды.

     Осылайша, өзін қандай да бір конфессияны ұстанамын  деушілер мен ғибадат үй­леріне  баратын және діни нұсқамаларды орындайтын дінге сенушілердің саны арасында айырмашылық  бар деуге болады. Бұл үрдіс  тек Қазақстан үшін емес, сондай-ақ әлемнің басқа да елдері үшін қалыпты  жағдай және қазіргі қоғам өмірінің қарқынымен байланысты.

     Қазақстанда байсалды ислам тұжырымдамасын жасау  жөнінде шешімге келуімізге еліміздегі қазіргі діни ахуал тікелей себеп  болып отыр. Өздеріңізге белгілі, Қазақстан тұрғындарының 70 пайызын мұсылмандар құрайды. Сондықтан біздің ислам дініне ерекше көңіл бөлуіміз заңды да. Қазір елімізде 2752 мұсылман діни бірлестігі бар, 2414 мешіт салынған. Елдегі мұсылмандардың негізгі бөлігі - ханафи мазхабын ұстанатын сүнниттер. Бұл - бүгінгі ахуал.

     Енді  төл тарихымызға көз жүгіртелік. Біз тәуелсіздік алғалы бері ғана мұсылман болған жоқпыз. Қазақ - мың  жылдан бері мұсылман халық. Ислам діні бүгінгі Қазақстан территориясына VІІІ ғасырдың соңынан тарала бастағанын бәріңіз білесіздер. Түркі-ислам өркениеттерінің тоғысы нәтижесінде туған топырағымыздан Әбу Насыр әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари секілді мұсылман Ренессансына елеулі үлес қосқан даңқты тұлғалар шықты. Қазақ ұлты мен мемлекеттігі ислам діні аясында, ислам шариғаты шеңберінде қалыптасты. Халқымыздың рухани-моральдық құндылықтарына мұсылмандық қағидалар тірек болды. Йассауи, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп тәрізді рухани тұлғаларымыз ұлтымыздың діни көзқарастарын ислами ағартушылық тұрғысынан жүйелеп берді. Қазақтың барлық салт-дәстүрлері ислам шариғатымен біте қайнасып кетті. Бір сөзбен айтқанда, мұсылмандық біздің өмір салтымызға айналды.

     Қазір біз үшін ислам діні біріншіден, мемлекет құраушы қазақ ұлтының діні ретінде, екіншіден, республикамыздағы көптеген өзге ұлт өкілдерінің ата діні ретінде ерекше орынға ие. Бүгінгі таңда Қазақстан ислам әлемінің ажырамас бөлшегіне айналып отыр.

     Қазақстанда байсалды ислам тұжырымдамасын жасаудың осындай тарихи негіздері бар. Бірақ  бұл Тұжырымдаманың жасалуы елімізде тек ислам дінінің мүддесін жоғары ұсталады дегенді білдірмейді. Белгілі бір тараптың мүддесін көтеру екінші тараптың мүддесін аяқ асты ету деген сөз емес. Республикамыздағы өзге ұлт, өзге дін өкілдерінің де бүгінгі қоғамымызда, мәдениетімізде, рухани өмірімізде өзіндік орны бар. Зайырлы, демократиялық даму жолындағы мемлекетіміздің заңнамасы олардың құқықтарын да өз орнымен заң жүзінде қорғап келеді.

     Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2011 жылғы 28 маусымда Астана қаласында өткен ИЫҰ СІМК-нің 38-сессиясында сөйлеген сөзінде  дін саласына қатысты бірқатар бағыттарды айқындады. «Қазақстан - мұсылман халқы басым болып отырған зайырлы мемлекет. Біз барлық мұсылмандарды бір-біріне, сондай-ақ басқа дін өкілдеріне ағартушылық, ымырашылдық, толеранттылық көзқарас таныту негізінде бірігуге шақырамыз. Әртүрлі халықтардың мәдени-діни дәстүрлерінің ерекшеліктерін сақтай отырып, біз әлеуметтік-экономикалық модернизация мен халық әлеуетінің әрі қарай жоғарылауын басты орынға қоямыз» деді Президент өз сөзінде.

     Бүгінгі күні өкінішке қарай, исламды өз мақсаттары үшін пайдаланып отырған радикал  күштер аз емес. Билік үшін күресте түрлі саясат өкілдері Құранның түсіндірмелерін қажетінше бұрмалап та пайдалануда. Елбасымыздың Бүкіләлемдік ислам форумындағы: «Біз барлығымыз бірігіп, исламның бейбітшілік, адамгершілік, төзімділік пен әділеттік діні ретіндегі жағымды бейнесін жасауымыз қажет» деген сөздерінің астарында осындай үдерістерге деген алаңдаушылық жатыр.

     Қазір Қазақстан тұрғындарының діншілдік деңгейі қарқынды түрде артып келеді. Лайықты баламаның жоқтығынан көпшілік тұрғындар рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін фанатизм, экстремизм, төзімсіздік пен дінаралық алауыздықты тудыратын ағымдарға бой ұруда. Конфессиялық кеңістіктегі соңғы онжылдықта орын алған құрылымдық өзгерістер де жағымсыз салдарлар мен тенденцияларды тудырып отыр. Рухани және ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін жайттар жоқ емес: тұрғындардың этноконфессиялық бірегейлігі жойылуда, діни бірлестіктердің атын жамылған шетелдік күштердің мүддесін қорғайтын түрлі деструктивті және экстремистік ұйымдар елімізде кеңінен таралып, діни прозелитизм белсенді түрде жүргізілуде.

     Осы үдерістердің барлығы ислами ортада айқын көрініс тауып отыр. Бұл жағдай мемлекет тарапынан қатаң қадағалауға алынбаса, орын алып отырған қайшылықтардың Қазақстанды әлемдік державалардың саяси, экономикалық және идеологиялық мүдделері жолындағы күрес алаңына айналдыру қаупі бар. Рухани саладағы жағымсыз үдерістер ішкі тұрақтылығымызға нұқсан келтіріп, еліміздің 20 жылдық тәуелсіздік тарихында қол жеткізген игі нәтижелерін жоққа шығаруы мүмкін. Сондықтан мемлекет ислам саласына қатысты мәселелерді жолға қою бастамасын қолға алуы қажет.

     Айта  кету керек, мемлекет пен діни бірлестіктердің  ынтымақтасу саясаты шетелдік зайырлы  мемлекеттерде кеңінен пайдаланылады. Әлеуметтік мәселелерді шешуде мұндай ынтымақтастық екі жаққа да тиімді. Біз де мемлекет пен діни бірлестіктердің ынтымақтастығын күшейтуіміз қажет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен мемлекетіміз арасында тиімді келісімдер жасалып, күш біріктіре жұмыс жүргізілсе, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың орнықты түрде іске асуына үлкен септігі тиері сөзсіз.

       «Байсалды ислам» ұстанымы - қазақ  қауымы үшін жаңалық емес. «Қазақ  мың жылдан бері мұсылман ел»,  «Қазақ халқының мың жылдық  толеранттылық тәжірибесі бар» деген сөздерді біз негізсіз айтып жүрген жоқпыз. Осы мың жылдық мұсылмандық-толеранттылық тәжірибеміз қазақ дүниетанымын, қазақ болмысын нағыз шектен шықпайтын, орта жолды ұстанған, байсалды, мәмілегер болмыс ретінде қалыптастырды. Ислам ілімін жетік меңгеріп, қазақы дүниетаныммен астастыра білген ұлтымыздың көрнекті тұлғаларының еңбектері, халқымыздың діни танымын, рухани құндылықтары мен ұстанымдарын танытатын шығармашылық мұралары осы айтылғандарға дәлел бола алады.

     Кез келген халықтың болашаққа бағытталған  бағдарламасы оның ғасырлар бойы жинақтаған рухани тәжірибесін тірек етуге  тиіс. Сырттан таңылған ешбір идея қаншалықты жаңашыл, ілгерішіл болса да ұлттың тарихи дәуірлерде қалыптасқан құндылықтарымен үйлеспесе, ұлт болмысына сіңбей, жат идея күйінде қала бермек. Сондықтан Қазақстанда байсалды исламды дамыту тұжырымдамасын жасау барысында ең алдымен қазақ және өзге мұсылман ұлттар менталитетіндегі діни-рухани құндылықтарды екшеп алу қажет деп білеміз.

     Қазақта дін мәселесінде ешқашан шектен шығушылық көзқарастар, іс-әрекеттер  орын алмаған, Алланың парызын, Пайғамбардың сүннетін тәрк етіп, күпірлікке салыну фактілері де болмаған. Қазақы ислам ғасырлар бойы өзінің орнықты арнасымен дамыған. Әрине, «Бес саусақ бірдей емес», адасушылықтар мен сауатсыздықтар жекелеген адамдар мысалында орын алған болуы мүмкін, бірақ мұндай келеңсіздік ешқашан топтық деңгейге көтеріліп көрген емес. Сондықтан «Қазақстанда байсалды исламды дамыту» тұжырымдамасын біз бабалар салған жолдың жалғасы, ұлтымыздың рухани тәжірибесінің жемісі ретінде қабылдағанымыз жөн.

     Қазақстан - көп этникалы мемлекет. «Қазақстандық ұлт» деген терминді біз әзірге қабылдай қойған жоқпыз, біз үшін «ұлт» деген ұғым «этникалық топ» деген мағынаны білдіреді. «Бір ұлт - бір дін» тезисі бүкіл Қазақстан халқы бір дінге бірігуі керек дегенді білдірмейді, керісінше әрбір ұлт өзінің тарихи дәуірлерде қалыптасқан ата дінін ұстануы қажет дегенді білдіреді. Кез келген ұлттың ата діні - сол ұлт өкілдерінің тарихи таңдауы болып табылады. Ал бір ұлт өкілдерінің түрлі діндерді, әсіресе, жат идеологиялық ағымдарды ұстанып, жік-жікке бөлінуі қандай ауыр зардаптарға ұшырататынын біз тарихтың ащы сабақтарынан білеміз. Дін бірлігі ұлттың бірегейлігін сақтайды, оның өз болмысын, ділін, рухани құндылықтарын қорғауға септігін тигізеді.

     Ұлттың  дүниетанымы оның дәстүрінен танылады. «Дәстүрлі дін» деген ұғымның өзі ең алдымен «дәстүрге айналған, дәстүрмен тұтасып кеткен, ұлттың рухани-мәдени құндылықтарына негіз болған дін» дегенді білдіреді. Қазақстан үшін дәстүрлі дін - елдегі әрбір халықтың өз дәстүрімен сабақтасып жатқан ата діні деген сөз. Қазақстанда өмір сүріп отырған қазақ, өзбек, ұйғыр, татар, түрік, әзірбайжан, күрт, тәжік, шешен, қырғыздардың барлығының ата діні - ислам. Олардың әрқайсысы исламды өздерінің ежелден келе жатқан салт-дәстүрлерімен бөліп-жармай бірге қабылдайды. Сол секілді Қазақстандағы көптеген славян халықтарының ата діні - христиан дінінің православие тармағы болып табылады. Бүгінгі буыны мен болашақ ұрпағы елдің санасын сан тарапқа тартқылаған жат ағымдардың жетегінде кетпеуі үшін әрбір дәстүрлі дін өкілдері өздерінің ата дінінің дамуына мүдделі болуға тиіс. Сондықтан «Бір ұлт - бір дін» қағидасы көпшілік тарапынан дұрыс түсініліп, қолдау табатынына біз сенімдіміз. Өздеріңіз де аңғарып отырған боларсыздар, бұл ұстаным мемлекеттің бір дінге ерекше басымдық беруінің белгісі болып табылмайды. Әр ұлт өзінің ата дінін ұстанғанда ғана ғасырлар бойы қалыптасқан рухани тұтастығын, ішкі бірлігін сақтап қала алады. Ал әрбір ұлттың ішкі тұтастығы сақталса, мемлекеттің тұтастығы сақталады. Демек, «Бір ұлт - бір дін» қағидасы ең алдымен мемлекеттің тұтастығын, бірлігін көздейді.

     Қазақстанда ислам дінін жаңғырту үдерісі  басқа конфессиялардың қызметі  мен еркін дамуына ешқандай кедергі  жасамайды. Біздің көпұлтты мемлекетіміздің шамамен төрттен бір бөлігін құрайтын православие дінінің өкілдері саны жағынан елімізде екінші орынды алады. Сонымен қатар католиктік, протестанттық, иудаизм, буддизм және басқа да діни ілімдердің еліміздің рухани өміріндегі игілікті рөлін ешкім жоққа шығара алмайды. Барлық діни бірлестіктер Қазақстанда өз қызметтерін еркін жүргізуде үлкен мүмкіндікке ие болып отыр. Көпконфессиялы және көпұлтты мемлекет ретінде Қазақстан әлемдік және дәстүрлі діндердің гуманитарлық-адамгершілік әлеуетін пайдаланып, дінаралық келісім мен рухани көшбасшылар сұхбатын әрі қарай жандандыра бермек. Ислам руханиятын дамыту мәселесі де Қазақстан мәдениетін дамыту шеңберінде жүзеге асырылады.

     ҚР  Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» делінген. Бірақ алдымен осы «зайырлы» ұғымының астарын ашып алайық. Конституциялық негіздегі «зайырлы» ұғымы мемлекеттің барлық салаларда, соның ішінде дін саласында да ашық, айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, дін мен мемлекеттік саясатты араластырмайтынын білдіреді.

     Бірақ біз бір нәрсені анық түсініп  алуымыз керек: «Зайырлы» ұғымы  мемлекет пен дін бір-бірінен  толық ажыраған, мүлде байланыспайды  деген ұғымды білдірмейді. Мемлекеттің саясаты діннен бөлінгенімен, тұрмыс-тіршілігі діннен бөліне алмайды. Өйткені дін тек сенім мәселесіне емес, мораль мәселесіне де тікелей қатысты. Дін - адамзат тарихында жасалған барша рухани құндылықтарды жинақтайтын ұғым. Дін дегеніміз - мәдениет, тарих, тіл мен діл.

     Әлемнің көптеген елдерінде мемлекеттің  зайырлы болуына қарамастан дәстүрлі діни ұйымға конституциялық тұрғыдан ерекше мәртебе беру тәжірибесі қолданылады. Норвегия, Израиль, Аргентина, Ұлыбритания және т.б. бірқатар мемлекеттердің заңнамаларында белгілі бір дінге мемлекеттік мәртебе бекітілген. Мысалы, Норвегия мемлекеті Конституциясының 2-бабына сәйкес евангельдік лютеран діні Норвегияның мемлекеттік ресми діні болып табылады.   Сондықтан мемлекеттегі Норвегия шіркеуін басқаруға қатысты барлық шығындарды мемлекеттік салық есебінен мемлекет және муниципиалдық билік көтереді. Тұрғылықты халықтың 83%-ы Норвегия шіркеуіне тұрақты түрде барып тұратын дінге сенуші қауым болып табылады. Норвегияның мемлекеттік балабақшалары мен мектептері заң бойынша «Мораль және христиандық тәрбиені» оқытуға міндетті. Осыған қарамастан ешкім бұл мемлекетті «діни», «тоталитарлы» немесе «клерикалды» мемлекет деп атамайды.

Информация о работе Қазақстандағы Ислам