Экономикалық өсудің Қазақстандағы үлгісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 18:49, курсовая работа

Описание работы

Сонымен осы курстық жұмысымның мақсатына тоқталатын болсақ, ол халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін, өндіріс тиімділігін арттыра отырып, экономикалық өсудің әсеріне талдау жасау және тұрақты экономикалық өсуге жетуде шаралар жасау болып табылады.
Осы мақсатқа байланысты курстық жұмысымның міндеттері келесідей:
Экономикалық өсуге теориялық талдау жасау;
Өндіріс тиімділігі мен халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерін зерттеу;
Қазақстанның экономикалық өсуінің үлгісін көрсету;
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына талдау жасау.

Содержание

Кіріспе.

І – тарау. Экономикалық өсудің теориялық аспектілері.
1.1.Экономикалық өсу сипаты мен әсер етуші факторлар.......................................................................4-10
1.2. Экономикалық өсу модельдері мен кезеңдері......................................................................10-20

ІІ – тарау. Экономикалық өсу – ел болашағы.
2.1.Қазақстандағы экономикалық өсудің негізі - өндіріс тиімділігін талдау..................................20-28
2.2.Экономикалық өсудің Қазақстандағы үлгісі...................................................................28-37

Қорытынды............................................ ............37-38

Пайдаланған әдебиеттер.

Работа содержит 1 файл

Экономикалык өсу новый 2009.doc

— 1.63 Мб (Скачать)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Т. Рысқұлов  атындағы қазақ экономикалық университеті

 

 

 

 

 

К У Р С Т Ы  Қ    Ж Ұ М Ы С

«ЭКОНОМИКАЛЫҚ  ТЕОРИЯ» КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

МАКРОЭКОНОМИКА

пәнінен

 

  Тақырыбы: Экономикалық өсудің Қазақстандағы үлгісі

 

 

 

 

 

 

                                                                                    

 

 

 

                                                                          Орындаған: Әбілсейіт Гауһар

                                                                    

                                                                        Мамандығы, тобы: Е ж/е А 241 топ

 

                                                            Қабылдаған: Құспанов А.И

 

                                                                                                                                                                                           

                                                                        

 

 

 

 

Алматы   2012

 

  Жоспар

 

  1. Кіріспе.

     

  1. І – тарау. Экономикалық өсудің теориялық аспектілері.

         1.1.Экономикалық өсу сипаты мен әсер етуші факторлар.......................................................................4-10

         1.2. Экономикалық өсу модельдері мен кезеңдері......................................................................10-20

 

  1. ІІ – тарау. Экономикалық өсу – ел болашағы.

2.1.Қазақстандағы экономикалық өсудің негізі - өндіріс тиімділігін талдау..................................20-28

2.2.Экономикалық өсудің Қазақстандағы үлгісі...................................................................28-37

 

  1. Қорытынды............................................ ............37-38

 

    Пайдаланған  әдебиеттер.

 

 

                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          КІРІСПЕ

 

Экономикалық өсу қоғамды  дамыту мен әлеуметтік мәселелерді  шешудегі маңыздылығымен бірнеше жүз  жылдар бойы зерттелуде. Кез келген мемлекет халқының тұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын жақсартуда және ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. Ал бұл міндетті атқару үшін ұлттық экономиканың, халық шаруашылығының әлеуметтік-экономикалық дамуына қол жеткізу қажет.

Қазақстан Республикасының  Президентінің «Қазақстан – 2030»  Бағдарламасында Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикалық дамуында тұрақты экономикалық өсуге, жоғары индустриалды қоғамды қалыптастыруға, халықтың өмір сүру деңгейін, әл-ауқат жағдайын көтеруге қол жеткізу мақсаттары көрсетілген. Яғни Қазақстанда әлемдік тауар және қаржы рыноктарында бәсекелесе алатын, халқының өмір сүру деңгейі жоғары, әлеуметтік бағытталған рыноктық экономиканы, бәсеке қабілетті жоғары индустриалды экономиканы қалыптастыруға бағытталған.

Қазақстанның  2003-2015  индустриалық-инновациялық  даму бағдарламасында жеті негізгі ұзақ мерзімді приоритетті мақсаттар мен жүзеге асыру стратегиялары көрсетілген. Оларды атап өтетін болсақ, олар келесідей: ұлттық қауіпсіздік; ішкі саяси тұрақтылық; ішкі жинақтар мен шетел инвестицияларына негізделген экономикалық өсу; қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және амандығы; инфрақұрылымды дамыту және кәсіпқой мемлекетті қалыптастыру. Қазіргі кезде «экономикалық өсу сапасы» деген ұғым бар. Ол халықтың материалдық әл ауқатын жақсарту, тұлғаның үйлесімді дамуының негізі ретінде бос уақытта көбейту, әлеуметтік инфрақұрылым салаларын дамыту, адам капиталына инвестиция бөлу, жұмыссыздарды еңбекпен қамту сияқты негізі құраушылармен сипатталады.

Сонымен осы курстық  жұмысымның мақсатына тоқталатын болсақ, ол халықтың әл-ауқатын, өмір сүру деңгейін, өндіріс тиімділігін арттыра отырып, экономикалық өсудің әсеріне талдау жасау және тұрақты экономикалық өсуге жетуде шаралар жасау болып табылады.

Осы мақсатқа байланысты курстық жұмысымның міндеттері келесідей:

  • Экономикалық өсуге теориялық талдау жасау;
  • Өндіріс тиімділігі мен халықтың өмір сүру деңгейінің көрсеткіштерін зерттеу;
  • Қазақстанның экономикалық өсуінің үлгісін көрсету;
  • Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына талдау жасау.

 

 

1. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

 

1.1  Экономикалық өсу сипаты мен әсер етуші факторлар.

Экономикалық өсу –  барлық елдің экономикасының негізгі  міндеттерінің бірі. Ұлттық экономиканың дамуы,халықтың өмір сүруі деңгейі  туралы және ресурстарды ұтымды пайдалану (олардың шектеулі жағдайында) мәселесінің қалай шешіліп жатқандығы туралы экономика өсуінің динамикасы бойынша қорытынды жасалады. Экономикалық өсу адамдардың ұзақ мерзім бойы өмір сүру деңгейін көтерудің басты көзі болып табылады. Өндірістің өсуі ұзақ уақытта салыстырмалы түрде тұрақты болады. Экономикалық өсуді жиынтық сұраныс көлемінің , дәлірек айтқанда,потенциалды өндіріс көлемінің динамикасының ұзақ мерзімдік аспектісі деп қарастыруға болады.Экономикалық өсу дегеніміз – бұл қоғамдық өндірістің өсуі және сапалы түрде жетілдірілуі. Экономикалық өсу белгілі бір уақыт аралығындағы ұлттық-экономиканың дамуын сипаттайды, яғни нақты ұлттық табыстың, нақты ЖІӨ-ң артуы кезіндегі ұлттық шаруашылықтың дамуы. Мағынасы бойынша, экономикалық өсу өз құрамына өндіріс нәтижелерімен қоса жаңа прогрессивті пропорциялардың қалыптасуын қосатын, экономикалық даму процесінің бір формасы болып табылады. Экономикалық дамуға оң және теріс экономикалық динамикалар жатады. Ал экономикалық өсу экономикалық дамудың оң динамикасын сипаттайды.

Оны графиктік түрде де көрсетуге болады (1-сурет).

 


ЖҰӨ

 

                                 экономикалық                                                                                  бумы                                          өсу


 

                        бум                            


                                                      жандану  


 

                             құлдыр. тоқырау


                                                                      t  (жылдар)


                                    

 

       1-сурет. Экономикалық дамудың динамикалары.

 

Адамдардың әл ауқаты ұлттық табыстың деңгейіне тәуелді. Бай  елдер өзінің азаматтарына кедей  елдердің тұрғындары қол жеткізе  алмайтын өмірлік стандарттарды  қамтамасыз ете алады. Ұзақ уақыт  қашықтықтар аралығында шамамен барлық елдерде жан басына шаққандағы табыстар орта есеппен өседі. Әрбір келесі ұрпақ алдындағы ұрпаққа қарағанда әдетте ұзақ табыс ала алады.

Экономикалық өсу дегеніміз-белгілі бір кезең аралығында нақты өндіріс көлемінің ұлғаюы. Елдің экономикалық потенциялының өзгеруін бағалау үшін ЖҰӨ немесе ЖІӨ жылдық өсу қарқындары қолданылады.

Экономикалық өсу ол ұзақ мезімді құбылыс. ЖІӨ жоғарылауы мен төмендеуі ұзақ мерзімді тренд  маңында орын алады. Жалпы ұлттық өнім немесе жалпы ішкі өнім елдің тұтасында экономикалық даму деңгейін сипаттайды. Ал халық әл ауқатының дәрежесін бағалауға халықтың жан басына шаққандағы ЖҰӨ және ЖІӨ алынады.

Жалпы түрде жан басына шаққандағы ЖҰӨ ел азаматтарының  әл ауқатын толығымен көрсетпейтіндігімен  барлық экономистер келіседі. Бұл көрсеткіш қоршаған ортаның ластануын, бос уақыттың бар болуын, өмірдің ұзақтығын әлеуметтің қамсыздандыру дәрежесін есепке алмйды. Халықтың жан басына шаққандағы жоғары ЖҰӨ деңгейі бар елде кедейшіліктің жоғары деңгейі бар болуы мүмкін. Кедейшілік бұл игіліктерді бөлу проблемасы. Бірақ та, экономикалық өсу халықтың тұрмыс деңгейін арттырудың шарты болып табылады.

Сонымен экономикалық өсу дегеніміз – экономикадағы нақты табыстың (жалпы ұлттық табыстың,жалпы ішкі өнімнің немесе ұлттық табыстың) артуы,сонымен қатар жан басына шаққандағы нақты өндіріс көлемінің артуы.

Экономикалық өсудің басты  мақсаты – ұлттық байлықты арттыру және халықтың әл-аухатын көтеру. Елдің өндірістік потенциалы артық және экономикалық өсудің қарқыны жоғары болған сайын өмір сүру сапасы мен деңгейі соғұрлым жоғары болады.

Белгілі американдық экономист,Нобель сыйлығының лауреаты Роберт Лукас экономикалық туралы кезінде былай деген болатын: «экономикалық өсу төңірегіндегі мәселелердің адамзаттың әл-аухаты үшін маңыздылығы соншалық – бұл мәселе туралы бір рет ойлағаннан кейін басқа нәрсе жөнінде ойлау мүмкін емес» .

Экономикалық өсу жалпы ішкі өнімнің өсуінің жылдық қарқыны,жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің өсуінің жылдық қарқыны,сонымен қоса, жалпы немесе жан басына шаққандағы нақты өндіріс көлемінің абсолютті өсімі арқылы өлшенеді. Негізінен,практикада жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы көрсеткіштерін қолдану экономика қарқыны туралы неғұрлым толық ақпарат береді. Келесі формулалар арқылы ЖІӨ-нің абсолютті өсімі мен өсу қарқынын есептеуге болады:

 

∆ Y = Yt – Yt-1 немесе Yt=∆Yt/Yt-1        (1)

мұндағы: Yt – есепті жылдағы нақты ЖІӨ көлемі, 

Yt-1 – өткен кезеңдегі ЖІӨ көлемі,

t- уақыт индексі.

 

Макроэкономикада экономикалық өсудің үш түрі қарастырылады: экстенсивті,интенсивті және аралас экономикалық өсу.

Егер экономикалық өсу  қосымша ресурстарды тарту есебінен жүзеге асырылса және қоғамдағы орташа еңбек өнімділігін өзгертпесе, ол экстенсивті экономикалық өсу деп аталады. Ал, интенсивті өсу жетілдірілген өндіріс факторлары мен өндіріс технологиясын қолданумен байланысты, яғни ресурстар нарығының көлемін арттыру есебінен емес, олардың қайтарымдылығын арттыру есебінен жүзеге асырылады. Интенсивті өсу халықтың әл-аухатының көтерілуіне негіз болады.

Нақты өмірде экономикалық өсудің бұл түрлері «таза» түрінде кездеспейді. Олар аралас түрде болады.

Аралас өсу – өндіріс  қуаттылықтарының қолоданылатын өндіріс  факторларының санын арттыру  және техника мен технологияны жетілдіру  нәтижесінде артуы.

 

Америка ғалымдары К.Макконелл мен С.Брю экономикалық өсу факторларын үш тобын көрсеткен :

а)ұсыныс факторлары;

ә)сұраныс факторлары;

б)бөлу факторлары.

 

Кез келген мемлекеттің  өсуі негізгі  төрт фактордан тәуелді. Олар:

1) Табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі.

2) Еңбек ресурстарының сапасы мен саны

3)Негізгі капитал қорының көлемі.

4) Технология

Экономикалық өсуіне әсер етеін осы төрт факторды ұсыныс факторлары деп айтуға болады.

Дәл осылар өндірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалы ресурстар және технологиялық әулет бірігіп нақты өнім көлемін өндіруді ұлғайтады.

 

 

Сұраныс факторларына өндірілген өнімге қоғамның жиынтық сұранысын арттыратын және оның өсімін ынталандыратын факторлар жатады:

  • жалақы – ол неғұрлым жоғары болған сайын, төлем қабілетті сұраныс та соғұрлым жоғары болады;
  • мемлекеттің фискалдық саясаты – салықтық ставка деңгейі жоғары болған сайын, халықтың,фирмалардың табысы төмен болады, сәйкесінше, сұраныс пен экономикалық өсу де төмен болады;
  • халықтың жинақтауға бейімділігі нақты сұранысты төмендетеді, бұл, -сәйкесінше, экономикалық өсу төмендейді деген сөз.

 

Экономикалық өсуіне ісер ететін сұраныс және ұсыныс факторлары бір бірімен тығыз байланысты.

Өндіріс көлемінің ауытқуы  жиынтық сұраныстың өзгеруімен түсіндіріледі (Кейнс кресі, ІS – IM үлгісі). Жиынтық ұсыныс қысқа мерзімді кезеңде қарастырылады. Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы және циклдік тербелістерге байланысты экономиканың тепе-теңдік жағдайынан ауытқуын экономикалық саясат тұрақтандыруға тырысады. Бірақ өнім көлемінің қысқа мерзімді ауытқуы, жұмысбастылық деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты. Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады. Оның факторларының және заңдылықтарының талдауы макроэкономикалық теорияның басты сұрақтарының біреуі болып табылады.

Бөлу факторлары өнімнің өсуі үшін ресурстардың бөлінуінің дұрыс ұйымдастырылуына жауап береді. Оларға жататындар:

Информация о работе Экономикалық өсудің Қазақстандағы үлгісі