Казақстандағы ежелгі тайпалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2012 в 10:03, реферат

Описание работы

Қазақтардың негізгі шаруашылық кәсібі мал өсіру болды. Олар көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ұстанды. Қазақтардың көші-қонының қашықтығы әр түрлі болып келетін. Жаңа қонысқа көшуден бұрын ауылдың тәжірибелі адамдарыжер шолып, малға жайлы жайылым іздестіретін. Онда жерінің шөбі шүйгін, міндетті түрде су көзінің болуы қарастырылды. Аталас туыстар әдетте белгілі бағытта бірлесіп көшетін.

Содержание

1. Қазақтардың шаруашылығы
2. Қолөнері, материалдық мәдениеті
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

жумадилов срс 2.doc.docx

— 44.65 Кб (Скачать)

Әл-Фараби   атындағы  Қазақ  ұлттық  университеті

 

 

 

СӨЖ

Тақырыбы :  Қазақтардың шаруашылығы,қол өнері, рухани  мәдениеті

                        

Орындаған : 

 

Тексерген :  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы  2012

 

Мазмұны :

 

  1. Қазақтардың  шаруашылығы
  2. Қолөнері, материалдық мәдениеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақтардың негізгі   шаруашылық  кәсібі  мал өсіру болды. Олар көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтын ұстанды. Қазақтардың көші-қонының қашықтығы әр түрлі болып келетін. Жаңа қонысқа көшуден бұрын ауылдың тәжірибелі адамдарыжер шолып, малға жайлы жайылым іздестіретін. Онда жерінің шөбі шүйгін, міндетті түрде су көзінің болуы қарастырылды. Аталас туыстар әдетте белгілі бағытта бірлесіп көшетін. Қыс кезінде үйір-үйір жылқылар ашық далада қарды тұяғымен аршып, тебіндеп жайылатын.  Жылқы   тебіндеп жайылған соң ол жерлерге    мүйізді   ірі қара,  түйе   және уақ мал жіберілетін. Мал басы көшпелі қазақтарды ішіп - жем , тағаммен   қамтамасыз етті.  Қой   мен   құлын,  ешкінің иленген терісі түрлі  сырт  киімдер мен  аяқ  киім тігуге пайдаланылды.  Қойдың   және түйенің жүнінен киіз басылды, жіп иіріліп, шекпен тігілді, арқан - жіп есілді, баушулар жасалды, кілем тоқылды. Ешкінің түбіті әдемі де жылы шәлілер тоқуға пайдаланылды. Малшылар серкенің, өгіз бен жылқының терісінен құдықтан су тартатын ыдыс — қауғалар, қымыз ашытатын сабалар мен сусын құятын торсықтар жасады. Қазақтар малдың тезегін отын ретінде пайдаланды. Көшпелі қазақтардың өсіретін малының негізгі түрлері қой-ешкі, жылқы мен түйе болды. XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақтарда сиыр өсіру де елеулі түрде дами бастады.Қой қазақтың ең басты байлығы саналды. Казақтар қылшық жүн ді әрі құйрықты қой тұқымын өсірді. Қой қандай қиындыққа да төзімді түлік. Ол ыстыққа да, суыққа да, аштыққа да шыдамды келеді. Ірі қойлар 2 пұтқа дейін ет, 1 пұтқа дейін құйрық майын, 4 қадаққа дейін жүн бере алады.Қазақ жылқысы тұрқы аласа, кеуделі келеді. Ол жыл бойы өз аяғымен тебіндеп жайылады. Қазақ жылқысы жүйрік әрі өте төзімді, сондықтан да ол ішкі    Ресейден қоныс аударып келген орыстардың арасында өте жоғары бағаланды. Жылқы малы қазақты етпен, қымызбен қамтамасыз етті, салт мінуге және ауыл шаруашылығында  күш көлігі ретінде де пайдаланылды.Сиыр малы қалмақ сиырлары сияқты ұсақтау болып келеді.  Сүтті де көп бермейді. Сиыр елдің солтүстік аймақтарында көбірек өсірілді. Оны қонысаударып келген орыс шаруалары көптеп сатып алатын. Отырықшы және жартылай отырықшы шаруашылықтарда ол жер жырту кезінде соқаға жегілетінкүш көлігі ретінде пайдаланылды. Қазақ байлары өз сиырларын ежелгі дәстүр бойынша кедейлерге сауын ретінде таратып беретін. Кедейлер сиырдың сүтін сауып ішетін. Оның есесіне ол сиырларды жемшөппен қамтамасыз етіп, бағып-күтуді, төлін аман өсіруді өз міндеттеріне алатын. Мәселен, Перовский уезінің атақты байы Біләш жыл сайын өзінің 700-ге тарта сиырын тап осылай «сауынға» беріп тұрған.

Қазақтар ешкіні негізінен тамаша  түбітіне  бола өсіретін. Атақты Орынбор шәлілері қазақ ешкілерінің түбітінен тоқылып келгені белгілі. Қазақта әр отар қойды бастайтын серке болады. Түйе түлігі негізінен айыр өркешті болып келеді. Жалғыз өркешті нар түйелер Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-батысаймақтарында өсірілді. Қазақтар түйені көші-қон, егін шаруашылығында күш көлігі ретінде де пайдаланды. Түйені Ресейден қоныс аударып келген орыс шаруалары аз да болса сатып алып жүрді. Ал 1917 жылға қарай Қазақстандағы алты облыста тұратын қазақтардың қолындағы малдың жалпы саны 18 миллион басқа жуық болатын.Төңкеріске дейінгі кезде қазақтардың шаруашылығының басты саласы мал өсіру болды. Қазақтардың негізгі байлығын қой мен жылқы құрайтын. Көшпелі қазақтың дәулеті мен атағы жылқысының санымен өлшеніп, есептелетін. Жылқының шаруашылықтық маңызы зор болғандықтан көшпенділер үшін оның алатын орны ерекше. Бәрінен бұрын жылқы төзімді әрі жыл бойы жайылып шығуға бейімді жануар болып табылады. Жылқы өсіру көшпелі шаруашылық  жүргізуге аса ыңғайлы етті. Жылқы көшпендіге жаз мезгілінде жақсы сақталатын дәмді де жұғымды ет, көне замандардан күні бүгінге дейін жеткен сүйікті сусынымыз – қымыз әзірленетін сүт, көшпендіге өте қажетті берік арқан есуге керекті қыл, аяқ киім үшін былғары беретін.Ұлы дала төсінде соңғы үш мың жыл бойы салтанат құрған көшпелі өмір  салтының  ең  соңғы  мұрагері  қазақ  халқы. Содан  болар, көшпелі қазақтың  материалдық  және  рухани  мәдениеті  тікелей  байырғы салтпен шендесіп  жатыр. Қазақ  даласынан  табылған  Андронов  заманындағы археологиялық  олжалардың  ішінде  қолөнердің  құрал – жабдықтары   мол  ұшырасады.  Әсіресе  тастан, металдан  жасалған  ұршық  бастары, жауынгерлердің үстіндегі  асыл  металдан   дайындалған  киім  мен  қару – жарақтар   көшпелілер  арасындағы  орныққан  өндіріс деңгейі  мен  өнер  үрдісін  айқын  аңғартады. Облыс аумағынан  архелогиялық қазбалар нәтижесінде  табылған  алтын , күміс , қола , темірден соғылған  өте  құнды  тұтыну  бұйымдары, ат әбзелдері, қару – жарақтар  сапасы  мен  жасалу  шеберлігі  көпшілікті таңдандыруда . Ат әбзелдерінің осындай құнды бұйымдары біздің «Архелогия » залындағы  экспозициядан көрініс тапты. Мұның өзінен осыдан   мыңдаған  жылдар бұрын  өмір сүрген  ата – бабаларымыз  жер қойнауының  құпиясын аша да , оның бар асылын  пайдалана да  білгенін, тұрмысқа  қажетті тұтыну бұйымдарын, сан – алуан  әсемдік әшекейлерді, қару – жарақтарды  жасағанын байқатады.  
Бұл заттар толықтай дерлік  ер адамдардың қолымен жасалған дәстүрлі қолөнер туындылары. Ал шындығында қазақтың дәстүрлі қолөнер кәсібінің  өзі іс саласына қарай әр түрлі түрге бөлінген. Мәселен, ағаш өңдеу өнеріне байланысты шеберлерді ағаш шеберлері деп аталған. Олардың өзі  шеберлердің өндіретін бұйымдарына қарап үйші, ерші, арбашы, ұста (ағаш ұстасы) деп бөлінген. Бұлардың әрқайсысы жеке-жеке өнер түрі болған. Мәселен, киіз үйдің сүйегі мен ішіндегі жасау-жиһаздарын (сандық, кебеже, адалбақан, келі-келсап, ыдыс-аяқ) ағаштан жасайтын шеберлер үйші деп аталған. Кейбір қалаға жақын отырықшы жерлерде, әсіресе ағашы мол жерлерде киіз үй сүйегін жасаушылардың өзі керегеші, уықшы, шаңырақшы деп аталатын мамандықтарға бөлінген. Үйшілер ісі ағаш өңдеу өнерінің ішіндегі аса іскерлік пен қыруар еңбекті, талғамды қажет ететін өнер болған. Киіз үй сүйегі, яғни керегесі мен уықтары көбінесе өзен жағасында өсетін әр түрлі талдан жасалған. Әдетте қайыңнан жасалатын үйлердің көлемі үлкен болуымен қатар оның сүйегі де салмақты және өте берік болған. Киіз үй сүйегіне жарайтын ағашты көбінесе үйшілердің өздері ерте көктемнен бастап әзірлеп, кемінде бес-алты ай,кейде жыл бойы көлеңкеде кептіріп отырған. Ағаштың ұзындығы мен жуандығы керегеге-уық жасауға жарамды болуы қажет, ал олардың қисықтығына онша мән берілмеген. Ал шаңырақ үшін дайындалатын қайың мүмкіндігінше түзу, бұтақсыз болуы қажет болған. Үйшіге  қажетті жабдықтар: тез, жоңғы, балта, қашау, қол ара,ою пышақ, үскі сияқты саймандармен  бірге кереге, уық, шаңырақ жасауға арналған қалыптар мен  кепекен ағашты жібітуга арналған қоз, мор атанатын       «ыстық пештердің» де болуы аса қажет. 
Киіз үй сүйегінің ең күрделісі де, қыруар еңбекті қажет ететіні де  кереге болғандықтан, үйші ең алдымен кереге сағаналарын дайындауға кіріседі. Ең алдымен ағаштың қисық жерлерін тезге салып, түзетіп алады. Одан соң ағаштың жуан басының екі жағын түзу жоңғымен тегістейді. Содан соң кереге сағаналарының ұзына бойын түгелдей қуыс не ойыс жоңғымен жұмырлай жонады. Керегенің бір жағын біртіңдеп ішке тартып, төменгі ұшын тіп – тік  етіп  жасайды. Мұның   өзі   киіз   үй    сүйегінің орнықты және берік болуының басты шарты. Мүсінделген кереге көлеңкеге     қойылып кептіріледі. Содан  соң    42    шыбықтан тұратын кереге ағаштары бір - біріне   біріктірілген. Бұл қанат деп аталған. 
Әдетте киіз  үйдің ең көп тараған негізгі түрі-алты қанат үй. Алты қанат үй дегеніміз - алты керегелі  үй деген сөз. Сонда үйдің үлкен кішілігі оның қанат санына байланысты. Қанат санына қарай кереге бастарының саны, кереге басына қарай  уық саны әр түрлі болып келеді.  Мұнымен бірге кереге көздерінің үлкен кішілігіне қарай тор көз кереге(жұдырық сиятындай), жел көз кереге ( қос жұдырық сиятындай) деп бөлінеді.  
Киіз үйдің жасау-жиһаздарының бірі- тамақ, азық-түлік салу үшін әшекейлеп, оюлап жасайтын ағаш сандық – кебеже. Кебеженің халық тұрмысындағы көшіп-қону кезінде түрлі зат салуға арналған көш кебеже деген түрі де болған. Кебеже -  кімге болса да өте қажет бұйым. Сондықтан ағаш ұсталары оны, көбінесе, ешкімнің тапсыруынсыз   көптеп жасап, шетінен алушыға сата береді екен.  Орта есеппен кебеженің ұзындығы  70-90см, биіктігі-40-50, ені   40 - 45 см шамасында  жасалған. Кебеженің төрт қабырғасы, түбі мен қақпағы төрт қырлы төрт қазық арқылы   біріктіріледі. Мұның бет жағын ғана әсемдейді. Кебеженің бетін оюлап, сырлап көркемдеу Қазақстанның батыс өңіріне тән.Ал кебеженің әлдеқайда үлкен түрі абажа деп аталады. Абажаға ыдыс - аяқтар мен азық - түлік сақтаған.  
Ағаш шеберлері ағаштан ойып, қымызға арналған ожау, тегене,    саптыаяқ, зерен, күбі, табақ, астаулар   (ет  салатын  ағаш   ыдыс), сонымен    бірге бидай, тары түйетін келі мен олардың    қажетті бөлшектері келсап,піспек сияқты бұйымдарды өз жерімізде өсетін ағаш түрлерінен ұқсатып жасай білген. Ағаштан  ойып жасалған кішілеу   ыдыс  тостаған   деп аталса, ас салатын жайпақ ыдыс табақ деп аталған. 
Ал сыйымдылығы мол, 10 - 15 литр шамасында қымыз құйылатын, оны ожаумен сапырып отыруға арналған шұңғыл ағаш ыдыс – тегене деп аталған. Бұйым күмістелген темір әшекейлермен, асыл тастармен безендіріліп те жасалған. Күбіде немесе сабада әбден пісілген қымыз алдымен осындай кең де шұңғыл ыдысқа құйылып, одан әрі аяқтарға құйылып таратылатын болған. Әсіресе көпшілік болған жерде осындай жұмысты атқарушыны аяқшы деген.Тегенеге құйылған қымызды сапырып, аяқ-аяққа құю үшін ұзындау сапты ағаш ожаулар мен шөміштер қолданылады. Тамақ бергенде «сараңдық істеді» мағынасында қолданылатын шөміштен қысты фразеологизмі ыдыстың осындай түріне байланысты шыққан. Ағаштың безінен шауып жасалған сабы бар, бақыраш тәрізді шұңғыл ыдыс саптыаяқ деп аталады. Саптыаяқ жасауға ыстық-суыққа төзімді, үйілі (кейде оны «безі» деп те атайды) берік қайың, қарағаш, үйеңкі сияқты ағаш түрі таңдалған. Алдымен, таңдап алған ағашты тұзды суға   қайнатып, сәл дегдіген соң кептіріп, маймен ысқылайды, ысқылаған сайын ағаштың табиғи өрнегі ашылып, сәнді бола түседі. Көшпелі   тұрмыста саптыаяқты ер адамдар әрдайым өзімен бірге беліне қыстырып, я болмаса аттың еріне байлап алып жүрген. Мәселен, малшылар саптыаяққа қой, ешкінің сүтін сауып, қыздырылған бірнеше малта тасты салып жіберіп, сүтті тез арада пісіріп алған. Бұл бар болғаны 10-20 минут уақытты алған. Көшпелі өмір салтында, оның ішінде малшы өмірінде өндіріс құралы ретінде ер – тұрманның (ат  әбзелдері) алар орны айрықша. Қашанда   шаруа  адамының мінген аты бапты, киімі ыңғайлы ер – тұрманы   сайлы     болса , онда  оның  бойынан   кәсіби  мәдениеттің лебі есіп,   көрер көзді қуантып тұрған. 
Ер - тұрман көне заманнан бері көшпелі халық өмірінің заңды қажеттілігіне сай қалыптасты. Қазақ ері қайыңнан шабылып, екі қас, екі қаптал және орта ағаш деп аталатын бөлшектерден қосылады.Ердің орта ағашы мен екі қапталына қайыңның бұтақсыз түзу кесінділері, ал екі қасына, көбінесе жуандау қайыңның екі айырланған тұсы қолданылады. Бұл үшін бірнеше қайың кесіндісінің қабығын аршып кептіреді немесе шірімеген қайың түптерін топырағынан арылтып, арамен кескілейді. Біраз уақыт жел қағып, дегдігеннен кейін дайындалған кесінділердің барлығын балтамен немесе салмақтылау шотпен жеңілдетіп алып кептіреді.Ер бөлшектері әбден нобайланып шабылып, тек өңдеу жұмыстары қалған уақытта бір қазан тұзды суға бие сауым уақыт қайнатады да, көлеңкеде кептіреді. Ершілердің айтуынша, тұзды  суға қайнатылған ағаш ешқашан жарылмайды, қаңсымайды.Ердің барлық бөлшектері өңделіп, дайын болған соң,оларды арнайы қапқа салып қиыстырады да,  қас етектері мен қапталдардың  астасатын тұстарын қуысқұлақпен тесіп ,шегелейді Шегені әдетте қаңылтырдан немесе жезден түтікше тәріздендіріп жасайды. Сөйтіп қазақ ерінің жалпы қосылу техникасынан жергілікті өзгешеліктер байқалмайды. Бірақ оның сыртқы пішіні мен әшекейлеу тәсілінде айтарлықтай ерекшеліктер бар. Бұл ерекшеліктер әр жерде қалыптасқан ердің жалпы  кескіні мен әшекейлеу тәсілінен байқалады. 
Ер – тұрманның құрамына  ердің жеке басынан басқа тоқым, желдік, терлік, жүген,үзеңгі шідер сияқты заттар да  қосылады. Осылардың бәрін халық күнделікті  өмірде ер-тұрмандары демей, ер-тоқым  деп атайды. 
Қамшы өрімі ірі қараның терісінен илеген қайыс таспалардан өріліп жасалған. Оны әр түрлі етіп өру үшін таспа санын 4-тен 32-ге  дейін өзгертіп отырады. Таспа саны аз болса, өрімге өзек салынбайды, өрім жіңішке, төрт қырлы болып өріледі. Ал, көп таспадан өрілетін өрімге қайыстан өзек салынса, өрім өте әдемі және жуан болып шығады. Өзекті қамшы арнайы жасалған аспаппен өріледі. Ол үшін садақ тәрізденіп иілген ағашқа өзекті керіп қойып, оның сыртынан әр түрлі тәсілмен таңдайлап өре береді. Кейде қамшының өріміне қоса, оның сабын да таспадан өріп шығарады. Мұндай қамшылар, әдетте, ұшынан сабына қарай жуандай береді де, сабына темірден өзек салынады. Сап пен өрімнің ұштасатын жерінен шашақ шығарады. 
Байырғы тұрмыста бұйым жасауға материал ретінде қолданылатын ағаш, тас, сүйек, тері, алтын, күміс, темір, қорғасын т.б. бәрі де шеберлер қолымен өңделіп, әрбір материал түрінен сан алуан бұйым түрлері жасалған. Материал түрі көп болмағанмен, олардан жасалған зат түрлері ондап, жүздеп саналады. Материалдың сапасына қарай қатты-жұмсақ, төзімді-төзімсіз т.б. түрлері болған. Қазақ қолөнерінің белгілі бір түрімен немесе бірнеше түрімен қатар айналысқан, темірді балшықша илеп , одан түйін түйетін  шеберлердің   атын  атамай  «Ұста» деп атаған.   Ұсталар, негізінде, ағашпен, темірмен, ішінара таспен  де жұмыс істеген. Соған байланысты ел ішінде оларды ағаш ұстасы, темір ұстасы деп аталған. Темір өңдеп, зат жасайтын шеберлерді қара ұста, ал, алтын-күміспен, асыл тастармен жұмыс істейтін шеберлерді ақ ұста деп ажыратып айту да болған. Ұсталық  өнер  көшпелілер  өмірінде маңызды  кәсіп  түрінде  ертеден – ақ  пайда болып,  қалыптасып , дамыған. Ұстаның   еңбек  құралдары – көрік , төс , балға , қысқаш , көсеу , қашау , шапқы , тескіш , кескіш , бұрғы , түрпі , әртүрлі  кескіндегі қалыптар,  металл балқытатын  ожау , т , б . Оларды  ерекше  қастерлеп  күтіп  ұстаған. Ұста  ағаш, көмір, сексеуіл шоғы  арқылы темірді қыздырып, балқытып алған соң,  соғып, құйып  қажетті  заттарды  жасай білген. Қаралау, бұрау, түйіндеу, қалыптау, ширатпалау,  шегендеу,  алтынмен  аптап,  күміспен  күптеу  тәсілдерін меңгерген.  Күнi кешеге дейiн ұсталарға ерекше құрмет көрсетiп, төрден орын берген. Адамдар ұсталық дүкендерге кiргенде төске, көрiкке тәуiп етiп, ұстаның батасын алып отырған. Көрiктегi темiрмен ауру-сырқауларды аластап, ұста дүкенiнде түрлі ырым – жоралғылар   жасаған.  
Қазақтар    көршi елдермен жан-жақты байланыстың негiзiнде өздерiнiң әскери iсi мен қару     жарағын  үнемi   жетiлдiрiп   отырды. Бұл    өз      елiнiң бейбiт өмiр сүруi мен қауiпсiздiгi үшiн қажет болды. Қазақ халқының дәстүрлi ұсталық   өнерiнiң сонау ықылым заманнан бүгінгі күнге дейін жетуi – ұста бабаларымыздың теңдесi жоқ өнерi мен тәжiрибесiнiң нәтижесi. Қазақ ұсталары темiрдiң барлық құпиясын жете бiлдi. Уақыт өте келе олардың шеберлiгi шешiмiн таппас жұмбақ құпияға айналды.  
ХҮІІІ ғасырдан   бастап қазақ  ұсталары қару – жарақ  жасауды  да  зор қарқынмен  қолға  ала   бастаған . Қылыш , айбалта , найзаның , жебенің ұштарын  соғып , білтелі мылтықтар құйған .   Қару – жарақ жасайтын  ұсталар аса құрметке ие болған . Ұсталар  бұл  кәсіптің  сыр- қырын  аса  құпия  ұстап , тек  өз  ұрпақтарына  ғана үйретіп, атадан – балаға  мұра   етіп  қалдырып  отырған. 
Қару - жарақ қоғамның даму деңгейіне, көшпелі тұрмыс ерекшелігіне сәйкес дамыған. Ол көрші халықтар мәдениеті, сыртқы елдермен жасасқан сауда-саттық, жаугершілікке қатысты әрдайым өзгеріп отырған. Қазақ халқы қару-жарақ түрлерін жетілдіру мен дамытуда өзіндік ұлттық ерекшеліктерін сақтаған. Ең  әуелі қаруға жалпақ тілмен ат қойылған. Ол қаруларға қазақтың ұлттық ою-өрнектерін қалыптау, зерлеу, күмістеу, соқпалау, термелеу, орамалау, құю, шеку, өру, қақтау, кіріктіру,  дәнекерлеу әдістерімен бастырмалатып жасалған. 
Қолға ұстап қоданылатын қорғаныс жарағы- қалқан байырғы көшпелі халықтарда б.з.дейінгі I-мыңжылдықта қолданыла бастаған.Жасалған материалына қарай сақ қалқандарын негізгі екі топқа бөлуге болады: талдың шыбықтарынан және ағаш тақталардан жасалған қалқандар. Қалқан шыбықтарының терінің арасынан шығып тұратын тұстары түрлі түске боялып әшекейленіп, қалқанның сыртынан геометриялық өрнек құрап тұрады. Қалқандардың сырты оймалау тәсілімен жасалған,тал қалқандардың өрнегіне ұқсас геометриялық өрнекпен әшекейленген.Тал қалқандардың да, ағаш қалқандардың да ортасында қолға ұстауға арналған қайысбау бекітілген,яғни сақ жауынгерлері қалқандарды скифтер сияқты жұдырықта ұстап қолданған. 
Түркі заманынан бастап жебе салынатын қылшан аузы ашық қысқа футляр түрінде жасалған. Қылшандар  немесе қорамсақ  көбіне цилиндр формалы болып, бір немесе екі-үш қабат қайың қабығынан жасалған. Олардың аузы жіңішке, ашық болып келіп, жебесі жоғары қаратылып салынатындықтан, оқтардың қанаттары мыжылмас үшін қылшан түбіне қарай  кеңейтілген..Белдікке ілу үшін қылшанның ауыз тұсында темірден немесе сүйектен жасалған ілгек орнатылды да,оған металл құрсаулар мен темір доға бастары бар қайыс баулар тағылды. Кейде тоз қылшандар сыртынан темірмен қапталып, қызыл немесе қара түске боялды. 
Бастары қысқа кесу құралдары- қанжар мен пышақ көмекші қаруларға жатады. Қанжар- басы қысқа, екі немесе бір жүзді кесу, сұгу арқылы жарақат салатын суық қару. Қазақтарда осындай қанжарларға ұқсас кесу қаруының бір үлгісі, Ш.Уалихановтың айтуынша, «селебе» деп аталған. Қанжарды арнаулы қынына салып, белге іліп жүреді. Қанжар қындары ағаштан жасалып, терімен қапталады.        
Алтын-күміспен, жез үзбелермен безеп жасалған қалталы белбеу кісе деп аталады. Кісенің қын, қынап (пышақ, қанжар, қылыш салынады), қорамсақ (садақ оғы салынады), оқшантай (оқ-дәрі салынады), қандауыр (қан шығаратын үшкір пышақ), дәндәку (шақпақ тас, от тұтатуға арналған білте т.б. салынатын шағын қалта) тәрізді құрамдас бөлшектері болады. Кісенің тіліміздегі алғашқы мағынасы – «қалта». Көптеген бұйымдар жасалатын темір – қатты материал болғандықтан, оны өңдеу де оңайға түспеген. Материалдың осындай қасиетіне байланысты темірге тіл, жаңқаға жан бітіретін өте шебер, бармағынан бал тамған шеберлер болған.  Олар тұрмыстық заттардың түр-түрін шебер жасаған.  
Қазақ ұсталарының қолынан шыққан Қазан - жеті қазынаның бірі деп есептеген. Қазанның басқа ыдыстарға қарағанда қазақ тұрмысы мен мәдениетінде алатын орнының ерекше жоғары болуы оның күнделікті тіршілік құралы болуымен байланысты. Қазақ дастарханына түсетін тағамдардың барлығы да ең алдымен осы қазаннан өтеді.  Қазанға пісірілген ас дәмді әрі жұғымды, сондықтан да болар, қазан-ұрпақ жалғасуы мен отбасы берекесінің символы болып табылады.Қазан-шаңырақ сияқты бүтіндіктің белгісі. Ол құрыса, ел де құриды. Оның үстіне қазанды қастерлеу ерте кездегі темірге табынудың бір түрі болып табылады. Зергерлік өнер – ерте заманнан келе жатқан, әрі халыққа көп тараған сәндік және қосалқы өнердің бір түрі. Алтын, күміс, асыл тас және сүйекті пайдаланып, сән салтанат үшін әшекейлі жиһаз, қыз-келіншектердің сәндік бұйымдарымен қару-жарақ, сауыт-сайман, ер-тұрман зергерлеу өнері болған.  Алтын мен күмістен сәндік бұйымдар мен әшекей заттарын жасайтын шеберді халық зергер деп атаған. Осынау өнердің күрделі техникалық тәсілдерін зергерлер жете меңгерген. Олар құю, соғу, шабу, шеку, керту, оймалау, зерлеу, қарайту, қақтау, қаптау, аптау түрлерінің бәрін үйлесімді қолдана білген. Сондықтан «Алтынның қадірін зергер білер» деген нақыл сөз халық арасында сақталған. Өйткені зергерлер материалдардың сапасына, өңделуіне байланысты алтынның өзін бірнеше түрге бөлген. Мәселен, бір ғана алтынның «таза алтын» деген ұғымда ши алтын, шым алтын, шымқай алтын, сап алтын, сары алтын, қызыл алтын, құйма алтын тәрізді 20-астам атауы, ал күмістің әртүрлі сапа-белгісін білдіретін жамбы, ақ жамбы, асық жамбы, жал күміс, балшабай күміс, нақыра күміс, құйма күміс т.б. тәрізді 10 – нан астам түрлері бар. Зергерлер алтын мен күміс, жез бен мысты кенінен қолданған. Солардың арасында көбірек қолданғаны күміс. Себебі күмістің тартымды, сыйқырлы қасиеті бар деп есептелінеді. Күмістің жарқыраған түсін Ай-күміс, Күміс-ай деп айға балаған. Оның тіл-көзден, түрлі сырқаттан сақтайтын, тазартатын қасиеті бар деп сенген. Сондықтан да үй шаруасындағы әйел ас қамдаса да, бала шомылдырса да қолынан күміс жүзігін алмаған. Ал мұсылман дінді ер адамдар күміс сақинаны Мұхаммед пайғамбардың жолы деп тағатын болған. Өйткені Мұхаммед пайғамбардың ер адамдарға алтын емес, күміс жүзік салыңдар деген уәжі болған.  
Қазақ зергерлері негізінен түсті металлдардан сан алуан әсемдік бұйымдар жасаған. Әсіресе күмістен соғылған көптеген сәндік бұйымдар-сәукеле әшекейлері, сырға, шолпы, шекелік, алқа, өңіржиек, тұмарша, білезік, сақина, жүзік, белбеу, қапсырма, түйме, тіс шұқығыш ертеден-ақ кең тараған заттар. Сондай-ақ ерлерге арналған кемер белбеу, кісе, ер-тұрмандарының күмістелген, алтындаған әшекейлердің неше түрлісі өте әдемі жасалды. Зергер теңгелерді балқытып құю арқылы өзіне қажетті мөлшерде күміс кесектерін дайындап алатын. Оны отқа қыздырып, төс үстінде балғамен жайлап соғу арқылы әр түрлі зергерлік бұйымдар жасауға немесе күміс кесегін әбден қақтап, жұқартқан соң қиып, темір әшекейлермен бетін күмістеген. Қару-жарақ беттерін күмістеу сияқты істерімен де айналысты. Кез келген күміс бұйымдардың беттеріне әр түрлі асыл тастар мен түсті шынылар орнату тәсілін де қазақ зергерлері жиі қолданды. Сонымен қатар күміс бетіне қарала жүргізуді қазақ зергерлері ертеден білген. Темірден соғылатын әр түрлі әшекей бетіне күміс шабу тәсілі қолданылған. Бұл үшін темір әшекейлер беттері өткір шапқымен өте жиі шекіленіп, оның бетіне бөлек қақталған жұқа күмісті жеңіл балғамен жайлап, кіріктіре соғу арқылы орындалады. Бұл тәсіл Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен таралған. Сымкәптеу тәсілімен әйелдерге арналған қапсырма, шолпы, түйреуіш, білезік сияқты шағын күміс әшекейлер жасалған. Ол үшін таза ақ күмістен жіңішке сымдар арнайы қалып арқылы созылып, сол сымдардан әшекейлер жасалған. Мұндай әшекейлердің дәл ортасына асыл тастардан көз орнатылады.Бұл бұйымның орындалуы асқан шеберлікті қажет еткен. Қазақстанның батыс, оңтүстік батыс аймақтарында әйелдерге арналып жасалатын үлкен білезік, жүзік, сақина, алқа беттеріне сіркілеу тәсілімен геометриялық өрнектер жүргізу арқылы жасалған. Құйылған не қақталған күміс бетіне сірке түсіру үшін, темір қалып арқылы күмістен жіңішке сым жүргізіп созып, оны өткір пышақпен ұсақтап турайды, содан оларды тегіс бетті екі жалпақ темірдің арасына салып, айналдыра домалатудың нәтижесінде күміс кесінділерін біркелкі домалақ сіркеге айналдырады. Күміс бетіне «бура» деп аталатын ақ үгінді –дәнекер –себеді. Оның үстіне белгілі бір тәртіппен  қажетті әр түрлі өрнек жасайды. 
Қазақ зергерлері  таза алтыннан білезік, сырға, сақина, жүзік соққан, сонымен қатар құю әдісімен де жасаған. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде күміс әшекейлердің бетіне алтын жалату немесе қақталған жұқа алтынмен көркемдеу жиірек кездеседі. 
Қазақ әйелдерінің киімге тағатын күміс әшекейлері мол болған. Зергерлік өнердің туындылары жауға-айбар, жақынға мақтаныш, аруға-ажар, жігітке-жігер беретін болғандықтан батырлардың ерлігіне, ақындардың тапқырлығына, жүйріктердің бәйгесіне сыйға тартылатын болған. Қазақтың қыз-келіншектерін ажарландыра түсу үшін, оларға арнап алуан түрлі әшекейлі бұйымдар жасаған. Олардың ішіндегі ең көрнекті де қымбаттысы – сәукеле. Сымбатты сәукеленің бағасы ХХ ғасырдың бас кезінде 1-2 мың сом күміс ақша немесе жүз мың жылқының құнымен бағаланған. Сәукеле- ұзатылатын қыздың үйінен киіп шығаты бас киім». Ол ұзатылатын қыз әкесінің  тапсыруы бойынша алдын-ала дайындалған. Алтын, күміс әшекейлері, гауһар-інжу тастары мол сәукелелердің құны тіпті қымбат болған. Әйелдерге арналып соғылатын әшекейдің ең көбі-білезік. Оны қыз-келіншектер де, орта жастағы әйелдер мен үлкендер салады. Білезік көбіне не күмістен ,кейде таза алтыннан жасалған.Білезіктердің әр түрлі болуы әр тарапта  көптеген шеберлер мектебі болғандығының айғағы.Бірнеше асыл тастардан тұратын үзбелі білезіктер, бауыры топса арқылы ашылып,жабылатын  топсалы білезіктер де  шеберлердің  өнерінің бір көріністері.Қазақ зергерлерінің өте көп жасайтын әшекейлердің бірі-сақиналар мен жүзіктер.Сақинаның жасалуы жүзікке қарағанда оңай болған. Өйткені оның сыртына шапқымен шеку, бізбен безеу әдісімен орындалатын қарапайым ою-өрнектер жүргізілген. Ал жүзіктің бетіне әр түрлі асыл тастар, құс тұмсық орнату арқылы жасалған. Шебер ұсталар сақина мен жүзікке есімдерді де өрнектеген. Аса қадірлі жүзікке Мұхамедтің атын жазған. 
Қазақ әйелдеріне арналған көркемдік бұйымның тағы бір түрі – сырға. Сырғаны көбінесе бойжеткен қыздар құлаққа тағады. Сондықтан сырғалар әсем де жеңіл жасалады. Сырғаның ай, айшықты, тұмар қозалы, салпыншақты, тас алтын, күмісті, қоңыраулы, күмбезді т.б. түрлері болған.   
Шолпының ызған не кестелі бауға тағып, шашпен бірге өріп қойған. Жас әйелдердің көп қолданылған әсем бұйымының бірі – шаш қалта. Оны тана моншақпен безендіріп өрген шашты соған салып қояды.  
Қазақ әйелінің сәндік бұйымының бір тамаша үлгісі-алқа. Оны өңіржиек деп те атайды.Алқа бір-біріне бірнеше шығыршық арқылы жалғасады және бірнеше төрт бұрышты әшекейлерден құрастырылады және асыл тастармен, өңді әйнектермен безендіріледі. 
Мойынға тағып жүретін әшекейдің бірі-тұмарша. Оны шеберлер бұрыштап не жұмыр түтікше тәріздендіріп жасайды және мойынға іліп жүретін әсем шынжыр бау тағады. Қапсырма  таза күмістен екі бөлек етіп жасалып, бір- бірімен ілгек арқылы жалғасады.Екі бөлігінің де сыртқы формасы да, бетіне жүргізілетін ою-өрнегі де бірдей болған. 
Түймелер-ішін қуыстап, әр түрлі кескін бере күмістен жасайды, сыртына зер салады. Мұндай түймелерді торсылдақ түйме деп атайды. Шебер зергерлер бойжеткен қыздың немесе батырдың түймесін алтын, күміс, мыс т.б. металды қолданып, әшекейлеп, оюлап жасаған. Дөңгелек, үш бұрыш, төрт бұрыш түймелер істелген.  
Әсіресе, кербез әйелдер алтындаған, күмістеген және оқшантайлы белбеу буынған. Оның қалай және неден істелгеніне байланысты «шығыршықты белбеу», «мақпал белбеу», «дүрия белбеу» т.б. аттары бар.   Зергерлік шеберліктің шыңына жеткен өнер болып саналады. Кейбір зергерлер қолөнерінің бірнеше саласын қатар меңгерген. Басқаша айтқанда зергерлер ағашпен, таспен, темірмен, сүйекпен, тері өнімдерімен жұмыс істей білген әмбебеп өнер иелері болған. Алтынға байланысты халық арасында  Зергерлер қалыпты күйдірілген саз балшық, темір, сүйек, шойын, тас тәрізді материалдардан бір үлгіде өздері дайындап алады. Тілімізде қолданылып жүрген бір қалыпқа құйғандай, бір қалыптан таймады, қалпына түсті т.б. зергерлердің осындай құралына байланысты қалыптасқан.         Қазақ зергерлерінің ардақ тұтар мақтанышы, әсіресе, әйел затына  арналып жасалған осындай әшекейлер, асыл бұйымдар. Олар әйелдің ажарын ашып, сұлулығын паш етумен қатар діни сенім, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты маңызымен де ерекше дәріптеген. 
Қазақ зергерлері өз шеберліктерін ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп жалғасып отырған. Әйел адамның әшекейлері сұлулықтың, әйел адамның қоғамдық рөлін көрсететін болған, сондай-ақ әшекейлер тылсым күшке ие болып, тұмар, рулық белгілер рөлін атқарған. Бүгінде қыз келішектерге арналған- күмістелген сәукеле, шашбау, білезік, сырға сияқты әшекей заттарға сұраныс жоғары. Жалпы қазақ зергерлік өнерінің дамуында әр дәуірдің өзіндік табы бар. Зергерлік өнер қазақ халқының дүниетанымы мен материалдық мәдениетінің маңызды бір бөлшегі, ал зергерлердің қолынан шыққан әсемдік заттар – халқымыздың ұлттық мәдениетінің алтын қазынасына айналған асыл мұра.Қазақ арасында ежелден бері ағаштан жасалған музыкалық аспаптардың қазіргіге дейін ең көп тарағандары домбыра.    Домбыраны көбіне шайыры аз қарағайдан жасайды. Жалпы ұзындығы 1метр  шамасында. Домбыраның мойны шанағынан екі есеге жуық ұзын келеді де, тұтас ағаштан шабылады. Шанақтың ортасы қашаумен кеуленіп ойылады да, беті жұқа қарағай тақтаймен жабылып, ағаш шегелериен шегеленеді. Қазақ домбырасы негізінен екі не үш ішекті болған.Оның басына ішек бұрайтын екі құлақ, кіші тиек орнатылады. Шанақ бетінің ортасынан әр түрлі-дөңгелек не үш бұрышты дыбыс ойығы жасалады.Домбыраның шанағының сыртын оюлап, сүйектеп те көркемдейтін болған. 
Қазақ халқы ежелден аңшылықпен де шұғылданған. Аңшылық кәсіпке қажетті құралдар: балдақ, томаға, көбелек қалыптар да  қазақ шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдар. Тауешкісі мен ақбөкен мүйіздерінен немесе елік сирағынан қамшының  сабын жасайтын болған. Кей кездерде еркектерге арналатын қамшының сабына темірден бауыр салып, қайыс-таспамен немесе жезбен орап тастаған. Мұндай   қамшыны   халық    арасында   сарала қамшы деп те атаған. 
Қолөнерімен   айналысқан    ұсталар, көшпелі елмен бірге көшіп-қонып жүріп, шебер ісімен өз өнерлерін ілгері дамытып отырған. Бұл ұсталардың құрал-саймандары көлемі шағын, сандары аз ғана болғанымен, олардың жасаған  бұйымдары ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып, өшпестей із қалдырып, бүгінгі күнге жеткен. Күбі – іркіт пісетін, көже ашытатын, ағаштан жасалған ыдыс, бөшке. Ол екі түрлі тәсілде жасалады:  тас қайың кесіндісінің өзегін ұңғып, кеңейту арқылы; әр түрлі ағаштардан бірнеше бөлік жіңішке тақтайшаларды темір құрсаулармен бекіту арқылы. Қымыз күбілері аласалау, жуандау болады. Астау – Ас салатын ағаштан ойып жасалған үлкен кең ыдыс  немесе малға жем салып, су беретін науа. Науа-деген сөздің өзі Малдың су ішуіне, жем, тұз жеуіне арналған үлкен, ұзынша астау деген ұғымды білдіреді. Х1Х  ғасырдың  екінші  жартысында  шеберлер тұрмыстық тұтыну бұйымдары–жез ыдыстар , еңбек  құралдары - жер жыртатын  соқаның  шойын , темір тістері , жер қазуға арналған күрек , кетпен , егін оруға арналған орақ, шөп шабуға арналған шалғы , ат әбзелдерін  т. б жасай басталған .Осыған орай шеберлердің  құрал-саймандарын, негізінен, үш топқа бөлінген. Мәселен, ағаш шеберлері ердің соқа басын ғана әшекейсіз  қосу үшін  ара, балта, шот, ойыс жүзді шот, қуысқұлақ, үскі, ынғыру, пышақ, балға, тістеуік, сияқты құралдар қолданылса; оның жұмсақ жабдықтарын жасау үшін пышақ, біз, мүйіз сызғыш; былғары бетіне  өрнек түсіру үшін темір талшықтары мен өрнекті ағаш  қалыптары  пайдаланылған. Қазақ шеберлерінің құрал – саймандарының бұлайша жіктелуі  олардың арасындағы еңбек бөлісу мәселесінің болғандығын көрсетеді. Шынында да, көпшілік жағдайда  біреу ердің ағашын тауып жатса, екінші біреуі қайыс, былғарыдан істелетін жабдықтарын жасаған. 
Көне замандардан бізге жеткен кәсіптердің бірі - ағаштан арба жасау өнері. Арба жасау ағашқа ұсталығы мен темір ұсталығын қатар меңгеруді қажет еткен. Арба тәрізді күш-көлік құралы туралы этномәдени деректер ерте замандардан бері қазақ даласында болған шетел саяхатшылары мен елшілерінің жазбаларында сақталған. Арбаның жүк таситын, адам таситын және балаларға арналған түрлері болған. Арба ағаштан құрастырылып доңғалақ, білік, арыс, белағаш, қорап деп аталатын т.б. бөліктерден тұрады.Қазақ шеберлері киім кешек салу үшін кебеженің  үлкендеу түрі сандықты көп жасаған.          Қолсандық – ұзатылатын қыздарға арнап жасалатын, киім-кешек, әртүрлі заттар салынатын бұйым. Ол бұрындары қыз жасауының құрамына кіретінді. Көлемі шағын, ұзындығы – 45-50 сантиметр, ені 20-30 сантиметр, биіктігі – 15-20 сантиметр болып келеді. Ағаштан жасалып, біртүсті бояумен сырланады. 
Сән қуған адамдар оның беттерне нұсқалы, бедерлі оюлар ойғызған, түрлі-түсті бояулармен сан қилы ою-өрнектер салғызған. Оны жасатқанда неше түрлі шұға, асыл тастар, сүйек пен күміс әшекейлермен де безендірткен. Көркемдік ерекшеліктеріне қарай қол сандықтар төрт топқа бөлінеді. Сандық түрлеріне қарай  қол сандық, әбдіре сандық (үлкен сандық), шай сандық, тай сандық (үлкен сандық), ақ сандық, алтын сандық, күміс сандық, кеусандық (киім-кешек салатын үлкен сандық) т.б.  деп бөлінген. Оның бірінші топқа жататын ең тәуірі – сырты түгелдей сүйектеліп әсемделгені. Қол сандықтың екінші тобы: бет жағы түрлі-түсті бояулармен өрнектелгені, үшінші тобы: алдыңғы беттері өте күрделілері. Онда өсім-дік тектес және геометриялық кескіндер бейнесінде бедерлі оюлар ойылады да, түрлі-түсті бояулармен нақыштар са-лынады, төртінші тобы: алдыңғы беттеріндегі өсімдік және геометриялық кескіндердің бір-бірімен айқасып жататыны, ақ, қызыл, жасыл, сары, қоңыр түсті бояулармен әрлеу арқылы бір жазықта ойылған оюлардың 2-3 қатар дең-гейде ойылғандай етіп көрсетілетіні. Қол сандықтың қас беттері, екі жаны, қақпақтарының төбесі тегіс сүйектеледі.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

  1. www.wikipedia.kz
  2. www.massagan.com
  3. www.kitaphana.kz
  4. kk.wikipedia.org/wiki/Қазақ_мәдениеті

Информация о работе Казақстандағы ежелгі тайпалар