Экономикалық өсу: мәні, көрсеткіштері, факторлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 08:21, курсовая работа

Описание работы

Таңдап алынған тақырыптың белсенділігін экономикалық өсудің қоғам дамуының басты мақсаттарының бірі екендігі арқылы түсіндіреміз. Экономикалық өсу – адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың «мәңгі» проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді. Әрқашан экономикалық өсудің соңғы мақсаты болып тұтыну есептеледі.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономикалық өсудің мәні, түсінігі.................................................................5
1.2 Экономикалық өсудің факторлары мен көрсеткіштері..................................8
1.3 Экономикалық өсудің типтері және негізгі үлгілері....................................11

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы экономикалық өсудің ерекшеліктері мен даму кезеңдерін талдау.......................................................................................................................18
2.2 Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық жағдайын талдау.......................................................................................................................28

3 ҚР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ БОЛАШАҒЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің даму стратегиясы
.....................................................................................................................................32

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................40

Работа содержит 1 файл

Курсовая Экон.осу.doc

— 424.00 Кб (Скачать)

Ауыл шаруашылығы 2009 жылы Қазақстанның ЖІӨ-не 7 миллиардтан астам АҚШ долларын әкелді. Астық және үй малы – ауыл шаруашылығы өндірісі өнімінің негізін құрайды. Ел аумағының шамамен 85%-ы ауыл шаруашылығы өндірісіне қолайлы болып табылады, жұмыс күшінің 47%-ы аграрлық секторда жұмыспен қамтылған. Дәстүрлі түрде, мал шаруашылығы – ауыл шаруашылығының басымдыққа ие қызметі. Мал шаруашылығының басты өнімдері – сүт өнімдері, тері, ет және жүн. Елдің басты дәнді дақылдарына бидай, арпа, мақта және күріш жатады.

Тұрақты валютаның негізгі  көзі астықтың экспорты Қазақстанның экспорттық саудасындағы жетекші тауарлардың  арасынан орын алады. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша, Қазақстан астықты экспорттаушы әлемдік 8 елдің қатарына енеді, ал ұнның экспорты бойынша 2009 жылы әлемде бірінші орынды иеленді. Астықтың экспортының көлемі бойынша Қазақстан АҚШ, Канада, Австралия, Еуропалық Одақ, Ресей, Аргентина және Украина сияқты елдерден алда тұр.

Астықтың экспорты 2009 жылы, ұнды астыққа балама түрде есепке алғанда, өнімнің 15,6 млн тоннасы кезінде 6 млн тоннаны құрады. Қазақстандық астықты және ұнды экспорттаудан түскен табыстар 2009 күнтізбелік жылда 2,5 млрд АҚШ долларын құрады. Жалпы, соңғы 3 ауыл шаруашылығы маусымында астықтың орташа жылдық өнімі 17,4 млн тоннаны, ал экспорттың көлемі, ұнды астыққа балама түрде есепке алғанда – 8 млн тоннаны құрады.

Әлемдік дағдарыстың  салдары. 2007 жылдың ортасынан бастап, Қазақстанның экономикалық тез өсуіне жаһандық дағдарыс қолайсыз әсер етті. Капиталдың құйылуының төмендеуі, мұнайға және басқа да шикізат өнімдеріне әлемдік бағалардың құлдырауы, сондай-ақ, қолайсыз сыртқы жағдайлар, көбі күткендей, 2009 жылы өсу қарқынының 2-3 % азаюына әкеледі. Дағдарысты экономикалық жағдайларға жауап ретінде, Қазақстанның үкіметі қаржылық секторды тұрақтандыру және ауыл шаруашылығын, өндірісті және өнеркәсіптің инфрақұрылымын қоса алғанда, нақты экономиканың стратегиялық секторларын қолдау жолымен жаһандық дағдарыстың Қазақстанның экономикасындағы салдарымен күресудің үйлестірілген және мақсатты шаралардың кешенін жасады. Ағымдағы экономикалық саясаттың басым бағыттары – бұл экономиканы әртараптандыру, атап айтқанда, елдің табиғи ресурстарға тәуелділігін азайту үшін өндірістің басқа салаларын нығайту.

Қазақстанның экономикасы, 2009 жылғы негізгі көрсеткіштер:

  • ЖІӨ  – 135 млрд.USD
  • Өнеркәсіп өндірісі – 84 млрд.USD (өсім 2,1 %)
  • Негізгі капиталға инвестициялар – 31,7 млрд.USD (өсім 4,6%)
  • Орташа жалақы – 59 722 теңге
  • Елдің халықаралық резервтері, Ұлттық қордың резервтері – 46,7 млрд.USD Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі (%) -10.5
  • Тікелей шет елдік инвестициялар, 2008 –19.8 млрд. АҚШ долл.
  • Сыртқы сауда айналымы, 2008 – 109,1 млрд.USD (өсім 39,9 %)
  • 283744 заңды тұлға тіркелді

Анализдің нәтижелері бойынша, БҰҰ–ның мамандары Қазақстанның экономикалық өсуі табиғи ресурстарын пайдалануға тым тәуелді екенін айтады. Бұл әлемдік сұранысқа және бағаның маусымдық ауысуына аса үлкен тәуелділікті туғызады.

ҚР-ның  президенті Н.Ә. Назарбаев: «Біздің тұрақты экономикалық өсуіміз беріп отырған мүмкіндіктерді біздің халқымыздың әл-ауқатын жақсарту үшін қолданамыз,»-деді.

Нақты ақша табыстары 13,5%-ке 71 мыңға өсті. Бір жұмысшының орта айлық номиналды жалақысы 26,7 мыңға  жетті.

«Сыртқы сауда мен  қаржы жүйесінің көлемі – экономика  өсуінің оң көрсеткіштері», - деді президент. Тек бірінші жартыжылдықта ғана сырқы саудалық айналым жарты есеге өсіп, 14,2 млрд. долларды құрады. Негізгі капиталға құйылатын инвестициялар 12%-ке өсті. [24, 15б.] 

2000 жылы Казақстанға нарықтык, экономикалы ел мәртебесі берілді, ал соңғы бес жыл ішінде ел экономикасы тұракты түрде өсу траекториясына шықты. Ішкі жалпы өнімнің деңгейі 1999 жылдан бастап 62%-ға өсіп, 5 542 миллиард теңгені құрады, бүл ретте жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім 3 260 АКШ долларын құрады. Осы кезең ішінде жалақы орта есеппен 2 еседен астам өсті.

Казақстанның экономикасына 2009 жылы 1530 миллиард теңге тартылды. 2008 жылмен салыстырғанда инвестиция деңгейі 5 есеге өсті, бұл шетел инвесторлары тарапынан Казақстанның саяси және экономикалық жүйесінің тұрақтылығын жоғары бағалаудың куәсі.

Сыртқы сауда айналымының көлемі 2005 жылмен салыстырғанда 3 еседен астам өсті. 2008 жылы ол 7 миллиард доллардан астам оң салъдомен 33 миллиард АҚШ долларына жақындады.

Елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалык, дамуын камтамасыз ету үшін құрылған Ұлттық қорда 5 миллиард 300 миллион АҚШ доллары шоғырландырылған. Елдің Ұлттық қорды ескергендегі алтын-валюта қоры тұтастай алғанда 61 млрд. АҚШ долларынан асады.

Казіргі кезде Қазақстан үшін басым міндеттердің бірі — бәсекеге қабілетті экономика кұру болып табылады. Ел ДСҰ-ға кіруге және өндірісті әртараптандыруға ниеттеніп отыр. Орта мерзімді перспективада Казақстан әлемдегі бәсекеге неғұрлым қабілетті 50 елдің қатарына кіруге және қазақстандықтар үшін өмір сапасының жаңа жоғары стандартын кұруға ниеттеніп отыр.

Бұл кеуделі міндеттердің куатты экономикалық, негізі бар, ол нақты және оған қол жеткізуге болады. Ел көмірсутегі қоры жөнінен, ал таяу болашақта оларды өндіруден дүние жүзінде алдыңғы қатарға шығады.

2008 жылмен салыстырғанда көмірсутегі шикізатын өндірудің көлемі 225 пайызға ұлғайды, ал осы кезеңде оны өндіру бүкіл әлемде 1,3 есеге жеткен жоқ.

Реформа жылдарында Қазақстан жылына 70,9 миллион тонна көмір, 35,4 миллион тонна — темір рудасын, 4,5 миллион тонна — боксит, 500 мың тоннаға жуық мыс пен мырыш өндіріп, сондай-ақ марганец, күміс және фосфат өндіруден мемлекеттердің алғашқы әлемдік дюжинасына кірді.

Ауыл шаруашылығы өндірісі 2008 жылмен салыстырғанда 23,4%-ға өсті. соңғы бес жыл ішінде Қазақстан 5.5 миллион тоннадан астам астық сата отырып, оның экспорты бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына кірді.

Сонымен қорыта келе біз  соңғы 3 жыл негізінде жасалған сараптамадан қай саладан болмасын экономикалық өсу деңгейінің жоғарылағаның көреміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1.   ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ БОЛАШАҒЫ

 

3.1 Қазақстан  Республикасындағы экономикалық  өсудің даму стратегиясы

 

Алдыңғы қатарлы халықаралық  қаржы институттары өте ұстамды  болды. Осылайшы, қайта құру мен дамудың  Еуропалық банкі (ЕБРР) өзінің сараптамасында  2011 жылы ТМД елдерінде экономикалық өсу 5,6% -ке баяулайтындығын, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда, 2проценттік деңгейге төмендейтінін анықтаған. 2010 жылы Қазақстанның, Ресейдің, Әзірбайжанның және Украинаның экономикалық өсуін итермелеген мұнайдың бағалары, шетелдік инвестициялардың жоғары деңгейі бұл елдерге енді өзінің өсу қарқынын көрсетуге мүмкіндік бермейді. Обзорда ТМД елдерінің экономиканы әртараптандыруға аз көңіл бөлетіндігіне алаңдаушылық білдіреді. Сонымен қатар ЕБРР Ресей және ТМД елдерінің Армения, Грузия және Беларусия сияқты бірқатар елдерінің экономикалық өсуін көрсетсе, Қазақстан экономикасын сол баяғы бағада қалдырған.

ЕБРР-ге қарағанда Халықаралық  қаржы (валюттік) фондының (МВФ) біздің өңірге көзқарасы өзгешелеу: 2011 жылы ТМД елдерінің экономикалық өсуі 6% құраса, 2012 жылы 5,2% құрауы тиіс. Және де атап өтетін жайт, біздің еліміздің атауының қасында «асыл» 8 саны тұр. МВФ сарапшылары 2010 жылы ТМД елдерінің барлығы дерлік  сенімді экономикалық  өсуді көрсеткенін айтты. Мысалы, негізгі капиталға келетін инвестициялар 2010 жылы 1,25 триллион теңгені құрады, бұл 2009 жылға қарағанда, 10,6%-ке көп. Шетелдік инвестициялардың ағымы 24,5 млрд. долларды құрады.

Болашақ болжамдарға  келетін болсақ, МВФ осы жылы ТМД елдерінде экономикалық өсудің баяулауы болатынын айтып отыр. Оның себептері: тұтынушы сұраныс пен инвестициялық ағымның тұрақтануы, мұнайға бағалардың мүмкін  төмендеуі.

Қазақстанда 2010 жылы шетелдік инвестициялардың 40% пайдалы қазбаларды табуға, тағы 40% жылжымайтын мүлікпен операцияларға, тек қана 3% өндіірсті өңдеуші  кәсіпорындарға жұмсалған болатын. Өзінің экономикалық өсуін тұрақтандырғысы келетін мемлекет классикалық экономикалық теорияға байланысты  прогрестің төрт «дөңгелегі»: адамдық ресурстар, табиғи ресурстар, капитал, технология және кәсіпкерлік  бар екендігін ескеруі  тиіс. Өкінішке орай, мұнай, газ және басқа пайдалы қазбаларды иелене отырып, Қазақстанның экономикасы бір ғана «дөңгелекте» жылжып келе жатыр. Кезінде бұл әдісті Канада және Норвегия қолданған болатын, бірақ экономисттер бүгінгі күнде табиғи ресурстардың бар болуы экономика табысының міндетті шарты емес.

Бүгінгі таңда Қазақстан  дұрыс бағытта келе жатыр. Біз  жоғары қосылған құнмен жоғары технологиялық  өндірісті, кәсіпкерліктің инвестициялық  белсенділігін көтереміз. Қазіргі кезде осы бағыттарды дамыту үшін, салық туралы заңдар қайта қарастырылып жатыр. Экономика министрлігі амортизациялық аударымдардың есептелуін қарапайымдауды, салықтық есеп беруді қысқартуды  көздеп отыр.

Дамуымыздың маңызды алғышартына  айналған қазақстандық бірліктің өнегелі  үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары  мен конфессия жетекшілерінен лайықты  бағасын алды.

Осылайша Қазақстан  қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды.

Жасампаздық қуатымен дүние  жүзінде даңқы артқан Қазақстан  әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды.

Сондықтан Қазақстанға  Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық  ұйымына төрағалық ету мәртебелі  миссиясы сеніп тапсырылды.

«Қазақстан 2020» стратенгиясында ел басының қойылған міндеттеріне байланысты 2014 жылға қарай барлық 3 мұнай өңдеу зауытын реконструкцияланады және бүкіл мұнай өнімдерінің түр-түрі бойынша ішкі қажеттіліктер толық қамтамасыз етіледі.

Әртараптандырудың басқа  бір маңызды сегменті агроөнеркәсіптік кешенді дамыту болып табылады. Оның дамуы негізгі үш бағыт бойынша жүруі керек.

Біріншіден, негізгі салмақ еңбек өнімділігінің артуына  түсірілуі тиіс.

Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі ең төмені және жылына бір жұмыс істеушіге 3 мың доллар шамасында келеді. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 50-70 мың долларды құрайды екен.

Ауыл үшін өсу перспективасы  міне осында. Сондықтан – 2014 жылға  қарай агроөнеркәсіптік кешенде  өнімділікті кем дегенде екі  есе арттыру керек.

Бұл күрделі міндетті аграрлық-индустриялық әртараптандыру ғана, яғни ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеуді шұғыл арттыру, жаңа құрал-жабдықтар, жаңа технологиялар мен ауыл шаруашылығындағы жаңа көзқарас шеше алатын жағдайда. Әлемдік тәжірибені пайдалану, оны еліміздің ауыл шаруашылығына жедел ендіру керек.

Екіншіден, елдің азық-түлік  қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

2014 жылға қарай азық-түлік  тауарлары ішкі рыногының 80%-дан  астамын отандық тағам өнімдері  құрауы тиіс. Бізде бұл үшін  мүмкіндіктер бар. 

Үшіншіден, экспорттық әлеуетті іске асыру, бірінші кезекте бұл Кеден одағы, Орталық Азия, Кавказ бен Таяу Шығыс елдерінің рыноктары.

Қазірдің өзінде “Жетіген-Қорғас” және “Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара” темір жол желілерін салынып жатыр, олар іс жүзінде біздің өнімдерге Қытай мен Парсы шығанағы елдерінің рыноктарына жол ашады. Біз салуға кірісетін “Батыс Қытай-Батыс Еуропа” автожолы – тауарлар үшін маңызды магистраль.

“Болашақтың экономикасы” секторларына жеке тоқталғым келеді. Нәтижелі де тиімді қызмет ететін ұлттық инновациялық жүйе оның негізі болуы тиіс.

Бізде қазірдің өзінде бұл  бағыттағы әзірліктер бар. Жаңа Университеттің аясында Астанада үш жаңа ғылыми орталық құрылатын болады.

Өмір туралы ғылымдар орталығы органдарды көшіру, жасанды  жүрек және өкпе, бағаналы жасуша және ұзақ жасау медицинасы саласында әлемдік жетекші ғылыми орталықтармен бірлескен әзірліктер жүргізеді.

Энергетикалық зерттеулер орталығы қайталанба энергетика, жоғары энергиялар физикасы мен техникасы  мәселелерімен айналысатын болады.

Тақырыпаралық аспаптық орталық инжиниринг орталығы, зертханалық  база және конструкторлық бюро болып  табылады.

Бұл біздің болашақ дамуымыз үшін маңызды.

Банктерді ашық немесе жасырын  аффилирленген құрылымдардан аулақ  ұстау қажет.

Банктердің тек қана банк қызметімен айналысуын және олардың қызметінің барынша мөлдір болуын қатаң бақылауға алу керек.

Дағдарыс жағдайында Ұлттық қор біз үшін өзіндік бір  “қауіпсіздік көпшігіне” айналды. Оның ендігі міндеті – тұрақтылық пен  өркендеудің кепілі болу.

Үстіміздегі жылдан бастап республикалық бюджетке кепілді трансферт абсолюттік мөлшерде – 8 миллиард доллар көлемінде бекітілетін болады.

Бұл трансферт ең алдымен  индустрияландыруды жүзеге асыру мақсаттарына бағытталуы тиіс.

Бюджетке Ұлттық қордан ешқандай займдар, өзге де ешқандай қосымша трансферттер болмайды.

Осы көзқарастарды ескере келгенде, Ұлттық қордың активтері 2020 жылға қарай 90 миллиард долларға дейін  өсуі тиіс, мұның өзі ІЖӨ-нің 30%-дан  кем емес мөлшерін құрайды.

Үкіметке үстіміздегі  жылдың бірінші тоқсанында Ұлттық қорды қалыптастыру мен пайдаланудың жаңа тұжырымдамасын маған бекітуге ұсынуды тапсырамын.

Тұтастай алғанда 2020 жылға  қарай біз экономиканы жеделдете  әртараптандырудың төмендегідей негізгі  нәтижелеріне қол жеткізуге тиіспіз.

ІЖӨ-дегі өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13%-дан кем емес мөлшерін құрауы тиіс.

Экспорттың жалпы көлемінде  шикізаттық емес экспорттың үлесі 27-ден 45%-ға дейін ұлғаюы тиіс. Еңбек өнімділігі өңдеу өнеркәсібінде 2 есе, ауыл шаруашылығында кем дегенде 4 есе артуы керек.

ІЖӨ-нің энергия сыйымдылығы 25%-дан кем емес мөлшерде төмендеуі тиіс. Кәсіпорындардың инновациялық активтерінің үлесі 4-тен 20 %-ға дейін өсуі керек. 2015 жылдың өзінде-ақ аграрлық саланың экспорттық әлеуеті 4-тен 8%-ға дейін ұлғайып, құрылыстың ішкі қажеттіліктерінің 80%-ы қазақстандық құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

Информация о работе Экономикалық өсу: мәні, көрсеткіштері, факторлары