Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 08:21, курсовая работа
Таңдап алынған тақырыптың белсенділігін экономикалық өсудің қоғам дамуының басты мақсаттарының бірі екендігі арқылы түсіндіреміз. Экономикалық өсу – адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың «мәңгі» проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді. Әрқашан экономикалық өсудің соңғы мақсаты болып тұтыну есептеледі.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономикалық өсудің мәні, түсінігі.................................................................5
1.2 Экономикалық өсудің факторлары мен көрсеткіштері..................................8
1.3 Экономикалық өсудің типтері және негізгі үлгілері....................................11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы экономикалық өсудің ерекшеліктері мен даму кезеңдерін талдау.......................................................................................................................18
2.2 Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық жағдайын талдау.......................................................................................................................28
3 ҚР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ БОЛАШАҒЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің даму стратегиясы
.....................................................................................................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................40
Қазақстан Республикасының Ғылым және білім министрлігі
Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
«Қашықтықтан және электронды оқыту» факультеті
«Экономика» кафедрасы
Курстық жұмыс
Пән: «Макроэкономика»
Тақырыбы: «Экономикалық өсу: мәні, көрсеткіштері, факторлары»
Дайындаған: сыртқы бөлімінің
2-курс тобының студенті
Кушкумбаева А.Ж.
Жетекші: э.ғ.к., доцент
Шымшықов Ж.Е.
Астана 2012
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономикалық өсудің мәні,
түсінігі......................
1.2 Экономикалық өсудің факторлары
мен көрсеткіштері.................
1.3 Экономикалық өсудің
типтері және негізгі үлгілері......................
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы экономикалық
өсудің ерекшеліктері мен даму кезеңдерін
талдау........................
2.2 Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық жағдайын талдау........................
3 ҚР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ БОЛАШАҒЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің даму стратегиясы
..............................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ........................
Экономиканы тұрақты дамытудың басты мақсаты — дамыған, өркениетті ел қатарына қосылумен бірге, мемлекет ішінде баршаға барынша мүмкіндіктер беріп, әрбір адамның бостандығы, еңбектің барлық түрін қадірлейтін, зейнеткерлер мен ардагерлерді коғамдық қамқорлыққа бөлейтін және экологияны қорғайтын қоғам құру. Ал, экономиканың тұрақты дамуы тарихи ұғым. Қоғамның даму барысындағы кезеңдерде бірнеше экономистердің көзқарастары бар. Сондықтан, осы мәселелерді қарастырып барып, оның бүгінгі дамуына жол көрсету басты мақсат болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев біздің елде он жыл ішіндегі қол жеткен реформаландыру қорытындыларын талдай келе: «Бұл айтылғандар республика реформалар кезеңінің көптеген қиындықтарын ойдағыдай еңсеріп, тұракты экономикалық даму траекториясына шыққанын көрсетеді» деп, ойын түйіндеген. Сондықтан, экономикалық өсудің процесінің мәні мен мазмұнын зерттеу біздің елде экономикалық теорияның негізгі мәселелерінің біріне айналып отыр.
Таңдап алынған тақырыптың белсенділігін экономикалық өсудің қоғам дамуының басты мақсаттарының бірі екендігі арқылы түсіндіреміз. Экономикалық өсу – адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың «мәңгі» проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді. Әрқашан экономикалық өсудің соңғы мақсаты болып тұтыну есептеледі. Экономикалық өсу - бұл мөлшерлі ұлғаю және қоғамдық өнім мен оның өндіріс факторларының жоғары сапаға көтерілуі. Экономикалық өсудің басты мақсаты - халықтың материалдық тұрмысын жоғарылату және халықаралық қауіпсіздікті қолдау
Тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыздандыру – макроэкономикалық реттеудің маңызды мақсаттарының бірі болып табылады. Атап айтқанда, экономикалық өсу мүмкіншілігіне осы елдің экономикалық дамуы, халықтың өмір сүру деңгейі, мемлекеттің бәсекелестік қабілеті және әлемдік қоғамдағы орны, сайып келгенде елдің болашақта дамуы толығымен байланысты.
Нарыққа көшу кезінде, экономика және экономикалық қарым-қатынастар дамуының маңызды көрсеткіштері болып қоғамдық өнім көлемінің өсуі, халықтың өмір сүру деңгейінің, қоғам ауқаттылығының көтерілуі болып табылады. Нарықтық қатынастар жолына тұрған тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында өнім өндіруді жоғарлату сияқты күрделі мәселелер тұр. Бүгінгі күнде жас мемлекет бұл мәселелерді сәтті шешіп келе жатыр, бірақ экономикалық өсу қысқа мерзімді мәселе емес, керісінше, болашақта қазақстандық қоғам дамуының ұзақ мерзімді сұрағы болғандықтан, бұл сұрақ өте маңызды және дер кезде қаралуын талап етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің теориялық және практикалық аспект жетістіктерін оқу.
Қойылған мақсатқа қарай, қаралатын міндеттер:
Курстық жұмыстың объектісі: ең маңызды мәселелердің бірі болып табылатын – экономикалық өсудің қарқынын, серпінін, қандай себептерге байланысты туындағанын қарастыру.
Курстық жұмыстың негізгі
мәселесі – нарық талабына сай
Қазақстан Республикасының
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен құралады. Негізгі бөлім 3 тараудан тұрады. Бірінші тарауда экономикалық өсудің түсінігі, мәні, факторлары мен үлгілері, түрлері және көрсеткіштері, екінші бөлімде Қазақстан Республикасында экономикалық өсудің ерекшеліктерін, даму кезеңдерін және қазіргі кездегі экономикалық жағдайын талдау, үшінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің келешегі, даму стратегиясы қарастырылады.
Берілген тақырып өзінің белсенділігінің арқасында көптеген батыс экономисттері Ж..Б. Сэй, Дж. Кейнс, Солоу, Сакс және отандық озық ғалымдар К.Н. Нарыбаев, С.С. Оспанов, Б.М. Мұхамедиевпен қарастырылған.
Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімде экономикалық өсудің теориялық негіздері қарастырылады. Екінші бөлімде экономикалық өсудің негізгі модельдері баяндалады. Ал, үшінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің қазіргі жағдайы және болашағы анықталады.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының елбасының халыққа арналған жолдауы, даму стратегиясы, статистикалық ақпарат көздері, мерзімді басылымдар, сонымен қатар отандық және шетелдік экономистердің еңбектері қолданылды.
Экономикалық өсу кез-келген елдің экономикалық өмірінің аса маңызды мәселесі болып табылады. Экономикалық өсу – шығарылатын пайдалы өнім көлемінің өсуі, яғни халықтың өмір сүру деңгейінің жоғарлауы.
Экономикалық өсу – ұлттық өнімнің сан жағынан өсуімен қатар сапа жағынан жетілдірілуі; өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды.
Экономикалық даму экономикалық өсуге қарағанда шаруашылық прогресті толығырақ сипаттайды. Ол тек қана өндірістің көбеюін ғана емес, сонымен қатар ұлттық шаруашылықта жаңа прогрессивті пропорциялардың пайда болуын білдіреді. Олар, өз кезегінде келесі дамудың негізін салады. Экономикалық өсу ең бірінші, жасалған өнімнің сандық өсуімен байланысты. Ол өндірісті және тауар ассортиментін жаңарту, экологиялық ортаны сақтау сияқты шаруашылық дамуының маңызды бағдарларын елемей алады. Ал тура осы процестер экономикалық дамудың және оның жоғарырақ сапалы сатысына өтуіне кедергі болады.
1-сурет. Экономикалық өсу және өндіріс мүмкіншілігінің қисығы
Графикалық түрде (1-сурет) экономикалық өсу ұдайы түрде өндіру мүмкіншілігі қисығының оңға жылжуымен беріледі. Бұл шегініс экономиканың тауар өндіру және қызмет көрсету қабілетінің өсуін сипаттайды. Егер экономиканың барлық ресурстары (еңбек, капитал, т.б) пайдаланылмайтын болса, онда экономика өзінің барлық мүмкіншіліктерін жүзеге асыра алмайды, яғни графикалық түрде экономика «ОАВ үшбұрышының ішінде жұмыс істейді.» АВ және СD қисықтарында қалу үшін, жиынтық сұраныс тез өсуі және өсіп келе жатқан экономиканың өндіріс мүмкіншілігін толығымен пайдалану керек.
Егер экономиканың кез келген ресурстарының біреуі тиімді бөлінбесе, яғни өнімдірек және пайдалы жерде қолданылмаса, онда экономика өндіріс қисығында жұмыс істемейді.
2-суретте тиімді экономикалық өсудің мақсаттары көрсетілген.
өмір сүру мерзімін ұзарту; |
аурудың және жарақаттанудың төмендеуі; |
қажеттіліктерді толығырақ қанағаттандыру; |
білім беру және мәдениет деңгейін көтеру; |
әлеуметтік тұрақтылық және өз болашағына сенімді арттыру; |
кедейлік пен өмір сүру деңгейлерінің айырмашылығын жою; |
толық жұмыспен қамтылу; |
2-сурет. Тиімді экономикалық өсудің мақсаттары
Экономика баяу оңға жылжитын өндіріс қисығында әрекет етуі керек, ол үшін оның ресурстары толығымен қамтылуы және тиімді орналасуы керек. Еңбекпен толық қамтылуды жою және экономиканың өсіп келе жатқан өндірісін қолдану үшін, қазына және қаржы полициясы жиынтық сұраныстың жылдам өсуін қамтамасыз етуі керек.
Экономикалық өсу – бұл белгілі уақыт аралығындағы қоғамдық өнімнің сандық және сапалық жетілдіру.
Қазіргі уақытта, Қазақстан да экономикалық өсудің тиімді мақсаттарын көздей отырып, сапалы экономикалық өсуге жету үшін бірқатар міндеттерді орындауға алға тартады.
Экономикалық өсудің міндеттері:
Көпсалалы «өндірістің тиімділігі» деген түсінікті құратын жағдайлардың барлығының жақсартылуы экономикалық өсудің тиімділігі болып табылады. Осыған жататындар:
Экономикалық теорияда «экономикалық өсудің сапасы» деген түсінік оның әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады. Экономикалық өсудің сапасын құрушылар:
Информация о работе Экономикалық өсу: мәні, көрсеткіштері, факторлары