Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 08:21, курсовая работа
Таңдап алынған тақырыптың белсенділігін экономикалық өсудің қоғам дамуының басты мақсаттарының бірі екендігі арқылы түсіндіреміз. Экономикалық өсу – адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың «мәңгі» проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді. Әрқашан экономикалық өсудің соңғы мақсаты болып тұтыну есептеледі.
КІРІСПЕ........................................................................................................................3
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономикалық өсудің мәні, түсінігі.................................................................5
1.2 Экономикалық өсудің факторлары мен көрсеткіштері..................................8
1.3 Экономикалық өсудің типтері және негізгі үлгілері....................................11
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы экономикалық өсудің ерекшеліктері мен даму кезеңдерін талдау.......................................................................................................................18
2.2 Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық жағдайын талдау.......................................................................................................................28
3 ҚР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ БОЛАШАҒЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің даму стратегиясы
.....................................................................................................................................32
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................40
.
Экономикалық өсудің факторлары деп өндірістің нақты көлемінің көбею масштабын белгілейтін құбылыстар мен процестер белгілейтін өсудің тиімділігі мен сапасының жоғарылау мүмкіндіктерін атайды.
Экономикалық өсу бірқатар факторлармен анықталады. Экономика ғылымында негізін салушы Ж .Б. Сэй болған өндірістің 3 факторы кең тараған (3-сурет).
Өндіріс факторлары |
еңбек |
жер |
капитал |
3-сурет. Өндірістің үш факторы теориясы
Кейінірек өндіріс факторларын жіктеу анағұрлым тереңірек және кеңірек көрініс тапты.
Оларға жатады:
Экономикалық өсудің факторлары бір-бірімен тығыз байланыста болады. Сонымен қатар, бұл ірі факторлар кешенді болып келеді және олар кейін топтастыруға келетін кішігірім факторлардан тұрады.
Сонымен, сыртқы және ішкіэкономикалық элементтер бойынша бөлуге болады:
Сонымен қатар, өсу мінезіне (сандық немесе сапалық) қарай бөлінетін факторлар бар:
1. Интенсивті факторлар:
2. Экстенсивті факторлар:
Интенсивті факторларды жиынтық ұсыныстың факторлары деп те атайды. Олармен ұлттық өнім өндіру байланысты.
Экстенсивті факторларды жиынтық ұсыныстың факторлары деп те атайды. Бұл факторлар арқылы өскен ұлттық өнімді өткізу жүзеге асады. Және де жиынтық сұраныспен байланысты факторларға ресурстарды тиімді бөлу жатады.
Факторлардың ең маңыздысы еңбек шығыны болып келеді. Бұл фактор негізінен мемлекеттің халық санымен анықталады. Халықтың бір бөлігі жұмыс қабілеті барлардың санына кіреді және еңбек нарығына кірмейді. Оларға оқушылар, зейнеткерлер, әскери адамдар және т.б. жатып, жұмыс істегісі келетін жұмыс күшін құрайды. Сонымен қатар, жұмыс күші құрамында жұмыссыздар, яғни жұмыс істегісі келетіндер, бірақ жұмыс таба алмайтындар бөлініп шығады.
Еңбек шығынының (жұмыс істейтіндер саны) бұл көрсеткіші нағыз шын жағдайды көрсетпейді.
Еңбек шығынының дәлірек көрсеткіші жұмыс уақытының сомалық шығынын көрсете алатын, жасалған адам-сағат саны болып табылады.
Жұмыс уақытының өсуі келесі факторларға байланысты:
Сандық факторлармен қатар еңбек күшінің сапалығы өте маңызды рөл атқарады.
Экономикалық өсудің тағы да маңызды факторы болып капитал табылады. Капитал – бұл ғимараттар, тауардың қосалқы қорлары. Негізгі қор болып тұрғын қорлары саналады, өйткені үйлерде тұратын адамдар бұл үйлердің қызметтерінен пайда көреді.
Капитал шығындары жиналған капиталдың шамасына тәуелді болады. Ал өз кезегінде, капиталды жинау нормаларына тәуелді: неғұрлым жинақтау нормасы жоғары болса, соғұрлым күрделі жұмсалым көбейеді. Капиталдың өсімі жинақталған активтерге де байланысты: неғұрлым олар көп болса, соғұрлым капиталдың өсу жылдамдығы төмен болады. Мысалы, АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде жинақталған капитал мөлшері өте үлкен және оның өсу екпіні Оңтүстік Корея, Бразилия, Тайван сияқты елдерден 3-5 есе кем.
Экономикалық өсудің маңызды факторы – жер, дәлірек айтқанда, табиғи ресурстардың мөлшері мен сапасы. Әр түрлі табиғи ресурстардың үлкен қоры, құнарлы жерлер, қолайлы климат және ауа-райының жағдайы, минералды және энергетикалық ресурстардың қорлары елдің экономикалық өсуіне салмақты үлес қосады. Бірақ оны дұрыс әрі тиімді пайдалану керек.
Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің маңызды қозғауышы. ҒТП өзіне технологияны жетілдіруді, басқарудың жаңа әдістерін және формаларын, өндірісті ұйымдастыруды қосады.
Экономикалық өсуді өлшеу ұлттық табыстың өсу көрсеткішімен немесе ішкі өнімнің жалпы көлемімен немесе адам жаны арқылы жүзеге асырылады.
Жалпы ішкі өнім – экономикалық өсудің негізгі көрсеткіші, белгілі бір уақыт ішінде елдің экономикалық аумағында оның экономикалық резиденттерімен өндірілген барлық түпкілікті өнім мен қызмет көрсетулердің нарықтық құны.
ЖІӨ және ЖҰӨ жалпы көрсеткіштер болғанымен, амортизацияны алмастан есептелінеді. ЖҰӨ мен ЖІӨ таза күйінде есептелінуі керек, сондықтан одан амортизацияны алып тастаймыз. (ЖІӨ – амортизация = Таза ұлттық өнім). Сонда ТҰӨ пайда болады. Елдің экономикалық даму деңгейін сипаттайтын макроэкономикалық көрсеткіштер Ұлттық Есеп Жүйесі ұсынған әдістемемен есептелінеді. ҰЕЖ статистикалық ақпаратты жинау мен өңдеудің халықаралық стандарты болып табылады. Оның міндеттерін БҰҰ-на кіретін елдердің барлығы орындауға міндетті. ҰЕЖ-сін БҰҰ Статистикалық комиссиясы әзірлейді, оны үнемі жетілдіріп отырады.
ЖІӨ үш тәсілмен есептеуге болады, оның біреуін қолданады, қосу арқылы:
Ұлттық табыс – бұл көрсеткіш елдің барлық экономикалық резиденттерінің табыстарын білдіреді. Оны табу үшін:
ТҰӨ – жанама салықтар = ҰТ.
Ұлттық табыстың өсу қарқыны былай көрсетіледі: Х=(Yt-Yt-1):Yt-1
Мұндағы х – ұлттық табыстың өсу қарқыны, Yt – осы жылғы ұлттық табыс, Yt-1 – алдыңғы жылдың ұлттық табысы
Бір жыл ішінде экономикалық өсуді бағалау қажет болған жағадйда, инфляция деңгейі міндетті түрде есепке алынады. Оны баға индексі арқылы анықтайды. Ағымдағы бағамен есептелген ЖІӨ номиналды деп аталады, нақты ЖІӨ базистік бағамен есептелінеді.
Нақты ЖІӨ = Номиналды ЖІӨ / тұтынушылық баға индексі
немесе Нақты ЖІӨ = Номиналды ЖІӨ / ЖІӨ Дефляторы
Тұтынушы бағаның индексі – белгілі бір уақыт ішінде жеке тұтынушылар сатып алған тауарлар бағасының өзгеруі.
Бағаның өзгеруіне байланысты ЖІӨ-нің өзгеруін ЖІӨ дефляторы деп атайды.
ЖІӨ Дефляторы = Ағымдағы жылдағы нарықтық қаржының бағасы / базистік жылдағы нарықтық қаржының құны.
Ұлттық өмір сүру деңгейі есептелгенде ЖІӨ-ді жан басына шағу керек.
Ал елдің экономикалық өсуін есептегенде, өсу көрсеткішінің қарқының білу керек. Ондай көрсеткіштер мыналар: нақты ЖІӨ өсім қарқыны және нақты ЖІӨ өсу қарқыны болып табылады.
Экономикалық өсу қарқыны = ЖІӨ1 / ЖІӨ0 * 100%
ЖІӨ1 – нақты ЖІӨ ағымдағы жылда;
ЖІӨ0 – базистік жылдағы нақты ЖІӨ.
Нақты ЖІӨ-нің өсім қарқыны = ЖІӨ1 - ЖІӨ0 / ЖІӨ0 * 100%.
ЖІӨ – базистік жылмен салыстырғанда ағымдағы жылдағы нақты ЖІӨ-нің өсімі.
Экономикалық өсу физикалық (физикалық өсу) және құндық әдіспен өлшенеді. Аталған әдістердің әрқайсысы экономикалық өсудің көрсеткіштерін инфляциялық құрағыштан тазалап отырады. Ұлттық табыстың құндық өсімін есептеуде оның мөлшері белгіленген уақыт аралығындағы бағаның өсу индексіне бөлінеді.
1.3 Экономикалық өсудің типтері және негізгі үлгілері
Мінезіне қарай (сандық немесе сапалық) экономикалық өсудің екі типін ажыратамыз: экстенсивті және интенсивті (4-сурет).
Экстенсивті |
Интенсивті |
4-сурет. Экономикалық өсудің типтері
Экономикалық өсу экстенсивті деп аталады, егер ол қосымша ресурстардың көмегімен жүзеге асып, қоғамда орта өндіргіштігін жоғалтпаса. Басқаша айтсақ, экономикалық өсу жұмсалатын факторлар - өндіріс қаражаттары және жұмысшы күші арқылы жүзеге асады.
Экстенсивті тип кеңейтілген қайта өндірістің тарихының алғашқы жолы болып табылады. Оның бірқатар теріс мінездемелері бар және олар үшін осы тип кемеліне жетпеген болып саналады.
Экстенсивті жол өндіріске
жұмысшы күшін көп
Экстенсивті типтегі тағы бір проблеманы қарастырып өтуге тура келеді. Ол – тоқырау. Тоқырау кезінде өнімнің сандық өсуімен технико-экономикалық прогресс еріп жүрмейді.
Экстенсивті экономикалық
өсуде қанша деңгейде пайдаланылатын
негізгі фондтар, материалдық ресурстар,
жұмысшылар саны өссе, сондай деңгейде
өнім шығару да өседі. Сондықтан да
негізгі өндіріс фондтарын
Мысалы, ҚСРО-да 1986-1990 жылдар аралығында өндірістік негізгі фондтардың тозуы 38 %-тен 41%-ке өсті.
Экстенсивті экономикалық өсу табиғи ресурстарды тез меңгеруге мүмкіндік береді. Бірақ ресурстарды тиімсіз пайдаланудың нәтижесінде кендердің, пайдалы қазбалардың тез таусылуы орын алады.
Интенсивті типте ең маңыздысы - өндіру тиімділігін жоғарлату. Бұл тип өнім шығаруды ресурстардың бірлігіне шағу арқылы өсіреді, сонымен қатар, өндірудің сапалық мінезі жақсарады. Мұндай процестер мына жағдайлардан байқалады:
Интенсивті экономикалық өсудің ең маңызды факторы – еңбек өнімділігін арттыру:
ПТ=П/Т,
Мұндағы ПТ – еңбек өнімділігі, П – табиғи немесе ақшалай мәнердегі жасалған өнім, Т – еңбек бірлігінің шығыны (мысалы, адам-сағат).
ХХ ғасырдың ортасынан құлаш жайған ҒТР шарттары бойынша, батыстың индустриалды елдерінде интенсивті жол тиімдірек болып табылып, қолданыла бастады.
Экстенсивті тип қазіргі жағдайда тиімсіз және оның ешбір маңызы жоқ . Анағұрлым тиімді болып өндіріс көлемінің ұлғаюына, товардың сапасының, өмір сүру деңгейінің жоғарлауына алып келетін алып келетін интенсивті тип саналады.
Экономикалық өсудің кез келген түрі қосымша инвестицияларды қажет етеді. Инвестициондық процестің мүмкіншілігі және оның өткізілімдігі экономикалық өсудің ең басты қозғауышы және реттегіші болып келеді.
Инвестициондық процесті жүзеге асыру қоғамнан бірқатар объективті алғышарттарды талап етеді:
Информация о работе Экономикалық өсу: мәні, көрсеткіштері, факторлары