Экономикалық өсу: мәні, көрсеткіштері, факторлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 08:21, курсовая работа

Описание работы

Таңдап алынған тақырыптың белсенділігін экономикалық өсудің қоғам дамуының басты мақсаттарының бірі екендігі арқылы түсіндіреміз. Экономикалық өсу – адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың «мәңгі» проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді. Әрқашан экономикалық өсудің соңғы мақсаты болып тұтыну есептеледі.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономикалық өсудің мәні, түсінігі.................................................................5
1.2 Экономикалық өсудің факторлары мен көрсеткіштері..................................8
1.3 Экономикалық өсудің типтері және негізгі үлгілері....................................11

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы экономикалық өсудің ерекшеліктері мен даму кезеңдерін талдау.......................................................................................................................18
2.2 Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық жағдайын талдау.......................................................................................................................28

3 ҚР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ БОЛАШАҒЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің даму стратегиясы
.....................................................................................................................................32

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................40

Работа содержит 1 файл

Курсовая Экон.осу.doc

— 424.00 Кб (Скачать)

Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңге басқан алғашқы қадамдарының әлеуметтік салдарлары ауыр болғаны белгілі. Әлеуметтік-экономикалық жүйесі озық дамыған мемлекеттерде (Германия, Жапония, Швеция) нарықтық шаруашылық эволюциялық жолмен, біртіндеп спецификалық ерекшеліктерін ескере отырып, сатылы түрде ұзақ мерзімде қалыптастырылса біздің елімізде қысқа мерзімде шапшаң жүргізілді. Экономиканы қайта құруды радикалды, тітіркендіру терапиясы таңдалды. Экономикалық өсу резервтерінің жоқтығында мүндай саясатты ұстану дағдарысты асқындырып, тұрақсыздық пен белгісіздікті орнатты. Өндірістің терең құлдырауы орын алып, мәселен республикамыздағы өндірістің құлдырауы 1995 жылы, 1991 жылмен салыстырғанда 40 пайыздан асса, 1990 жылмен — 57 пайызды. 1989 жылмен — 53 пайызды құрады, инфляциялық процестер өршеленді, шаруашылық аралық байланыстар үзілді, тұрғындардың өмір сүру деңгейі күрт нашарлады, адамдардың менталитеті абдыраған күйге ауысты, нарықтық өзгерістер мен реформалаудың оқыстан аяқсыз қалу қаупі төнді. Нарықтық қатынастардың калыптасуы мен даумы оны жүзеге асыратын адамдардың, мамандардың біліктілік деңгейімен анықталады. Нарықтық шаруашылыққа өту кезеңі басталғанда республикамызда ондай мамандар объективті себептермен жоқтың қасы болды.

Бағаны ырықтандыру  нарықтық қатынастарға өтудің негізгі  шарттарының бірі екендігі күмәнсіз еді, өйткені бәсекелестік арқылы анықталатын  нарықтың басты (сұраныс пен ұсыныс) механизмінің күшіне енуі еркін бағалардың орнығуында ғана мүмкін. Алайда, көптеген зерттеулер мен әлемдік тәжірибеге сүйенсек, нарық таза күйінде ешқашан әрекет етпейді және әлеуметтік тұрғыдан жалаң нарық механизмдерінің кеміс тұстары аз емес екендігі белгілі. Кез-келген әлеуметтік-экономикалық жүйе мемлекеттік менеджменттік араласуы мен оңтайлы басқаруынсыз тиімді жұмыс істемейді. Мемлекеттік менеджмент әрдайым дағдарысқа қарсы (антикризистік) менеджмент сапасында дайын болуға тиісті, бұл дегеніміз қандай-да бір шараларды жүзеге асыруға кірісуден бұрын олардың салдарын болжау жәнеауыртпалылықгарын жұмсартудың жолда-рын белгілеу қажет еді. Алайда, республи-камызда реформалар басында алдын-ала есепсіз, яғни жауапсыз қадамдар жасалды. Нарықтық институттардың, әсіресе жекеменшік иелерінің жоқтығында аталмыш шараға бару үлкен асығыстық болды.

Бағаны ырықтандырумен байланысты бірінші қағиданы қадағалаудың салдары — инфляцияның шектен тыс асқынуы (1992 жылы — 3061, пайыз, 1993 жылы — 2265 пайыз) болды, кеңестік дәуір  мұрасы ретінде жасырын формада болған ол ашық аласұрған сипат алды. Әлеуметтік-экономикалық феномен ретінде инфляция шаруашылық баланс пен гармонияның алуын мүлдем аластады, соның ішінде экономиканың қан айналу жүйесі саналатын қаржы саласының тынысын тарылтты, сәйкесінше, қоғамдық ұдайы өндірістің тиімділігін кемітті. Созылымды терең дағдарыстың алғышарты жасадлды.

1992-1993 жж., экономиканы  ырықтандырудың тағы бір шарты ретінде, мемлекеттің кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру процесі басталды. Оның қандай формада өткендігі мәлім. Псевдо жеке меншік институтын тезірек қалыптастыру мақсатында бүл да тым асығыс жүргізідді. Әрине, оның солай өтуі үкімет өкілдерімен жымдасқан кәсіпорын басшылары мен коммерсанттарға тиімді болды. Инфляцияның асқынғандығын тек алып-сатарлық мақсатта оңтайлы пайдаланған олар кәсіпорындарды тым арзанға сатып алғанымен қоймай, негізгі қорды талан-таражға салды. Осы жыддар аралығында республикада 8,9 мың мемлекеттік кәсіпорын мен объектілер жекешендірілді, олардың ішінде 21 пайызы жеке меншікке өтті, 57 пайызы акционерленді, 10 пайызы занды түлғалар билігіне ауысты. Жекешендірілген кәсіпорындар мен объектілердің жалпы санының ішінде өнеркәсіптің үлесі 9,4 пай-ыз, құрылыс — 5,7 пайыз, ауыл шаруашы-лығы — 9,8 пайыз, көлік — 2,5 пайыз, са-уда мен қоғамдық тамақтандыру — 36,3 пайыз, тұрмыстық қызмет көрсету — 23,7 пайыз және коммуналдық шаруашылықтар — 3,1 пайызы құрады. Сонымен, жекешелендірудің 60 пайызы өндірістік емес сферада жасалды. Материалдық өндірістік жетекші салаларының үлесі 20 пайыздан аспады. Негізінде, бұл шағын жекелендіру болды. Кейіннен жекешелендірудің басқа да формалары өткізілді.

1992-1993 жж. аралығында жалпы қоғамдық өнім 30 пайызға, ұлттық табыс 27 пайызға, өнеркәсіп өнімін шығару 28 пайызға және халық тұтынатын тауарлар 33 пайызға қысқарды . 1991 жылмен салыстырғанда 1993 жылы халық тұтынатын азық-түлік тауарларының кемуі 40 пайызды құрады. 1992-1993 жж. нарықтық экономиканы қалыптастыруға бағытталған макроэкономикалық саясаттың стихиялы нарықтық реттегіштерге негізделген, дағдарысқа қарсы мемлекеттік менеджменттің жоқтығынан туындаған және әлеуметтік салдары халықтың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуіне әкелген гиперинфляция жағдайындағы макроэкономикалық тұрақсыздық билеген терең жүйелік дағдарыс кезеңі ретінде сипатталады. Бұл кезеңде экономикалық тиімділік пен әлеуметтік әділеттілік қағидаларының (принциптері) екеуі де ескерілмеді. Айта кету қажет, 1993 ж. қарашасында ұлттық валютаны енгізуге дейін Қазақстан үкіметінің макроэкономикалық саясаты белгілі дәрежеде Ресейде қабылданатын ұйымдардан тәуелді болды. Үкіметтің 1993-1995 жж. арналған дағдарысқа қарсы шаралардың ортамерзімдік тұңғыш бағдарламасының қауқарсыздығы, атап өткеніміздей, инфляция деңгейі 1993 ж. 2265 пайызға жеткенде-ақ белгілі болды. 1994 ж. ортасында Ел-басымыз республиканың сол кездегі министрлер кабинетінің жұмысына өте қатаң баға беріп, таратты.

Қазақстан үшін 1994 ж. дербес ақша-несие саясатын жасау мүмкіндігінің пайда болуымен ерекшеленді. Ұлттық валюта енгізлгеннен кейін Ұлттық банктің өкілеттілігі артты. Сол жылдары қазіргі уақытта экспорттық қуатымыз анықтап отырған шикізаттық салаларда терең құлдырау байқалды. Мұнай өндіру көлемі бойынша Қазақстан 14 жылға кері, яғни 1980 ж. деңгейіне шегерілді. Мұнай өнімдерін (бензин, керосин) шығару екі есеге дейін төмендеді. Темір кенін өндіру 1960 ж., шойын мен болат өндіру 1970 ж. деңгейінен табылды. Осындай жағдайлардың орын алуында, экономикалық реформаларды жетілдірудің 15 айға (1994-1995 жж.) есептелген бағдарламасы іске қосылды. Бұл бағдарламаның басты мақсаты өндірісті тұрақтандыру мен оның жандануына мүмкіндік беру үшін инфляцияны белгілі деңгейге ауыздықгау болды.  Үкіметтің бағдарлама авторлары 1994 ж. аяғына қарай инфляцияның айлық деңгейін 7 пайызға дейін, ал 1995 ж. көкек-мамыр айларында 1-2 пайызға дейін шегерудің амбициозды міндеттерін алға тартты. Алайда, 1994 ж. қорытындылары бойынша инфляцияның жыддық деңгейі 1258 пайызды (орташа айлық мөлшері 105 пайыз), ал 1995 ж. — 160,5 пайызды (орташа айлық мөлшері 14 пайыз) құрады. Дегенмен, инфляцияның әжептеуір ауыздықталғаны байқадды. Бұл ақша эмиссияның қысқартуға негізделген қатаң қаржы-несие саясатын қолданудың арқасында мүмкін болды. Экономиканы монетизациялау коэффициенті (ақша массасының ЖҰӨ-ге қатынасы) 1995 ж. 5,4 пайызды ғана құрады. Дамыған елдерді айтпағанда, Шығыс Европаның Польша, Латвия, Эстония, Словения, Венгрия сияқгы өтпелі экономика еддерінде бұл көрсеткіш 25 пайыздан кем емес болатын. Айналымдағы ақшаның тым аздығының салдарынан, төлем дағдарысы ушығып, жаппай бартерлік байланыстарға жол берілді.

1996 ж. басында республикамызда  реформаларды тереңдетудің 1996-1998 жж. арналған ортамерзімдік бағдарламасы  қабылданды. Бұл бағдарлама амбициясы  жағынан бастапқыларынан бәсең  болды. Түпкі мақсаты тұрғысынан ол бес жыл бұрын алдыға қойылған міндетті — инфляцияның айлық деңгейін өндірісті жандандыруға қажетті 9-12 пайызға дейін жеткізуді көздеді (қысқа мерзімдік макроэкономикалық тұрақтандырудың критерийі мен белгісі), меже 1997 ж. аяғына қарай ысырылды. Үкімет тарапынан болған мұндай бәсеңдік өткен бағдарламалардың сәтсіздігінен туындады. Сонымен қатар, әлеуметтік бағдарланған жаңа нарықтық қатынастарды қалыптастыруда нақты бәсекелестікті біртіндеп орнатудың әдістері күшіне енгізілу тиісті екендігі кеш те болса, түсінілді, сөйтіп институционалдық реформалау процестерінің күрделілігі мойындалып, микроэкономикалық мәселелерге назар аударылды. 1997 ж. қатаң ақша-несие саясатының арқасында инфляцияның айлық деңгейін өндірісті жандандыруға кажетті 9-12 пайызға дейін жеткізуді көздеді (тұрақтандырудың критерийі мен белгісі), меже 1997 ж. аяғына қарай ысырылды. Үкімет тарапынан болған мүндай бәсеңдік өткен бағдарламалардың сәтсіздігінен туындады. Сонымен қатар, әлеуметтік бағдарланған жаңа нарықтық қатынастарды қалыптастыруда нақты бәсекелестікті біртіндеп орнатудың әдістері күшіне енгізілу тиісті екендігі кеш те болса, түйсінілді, сөйтіп институционалдық реформалау процестерінің күрделілігі мойындалып, микроэкономикалық мәселелерге назар аударылды. 1997 ж. қатаң ақша-несие саясатының арқасында иняфляцияның алғашқы көзделген межесіне жетудің арқасында қысқа мерзімдік макроэкономикалық тұрақтандыруды олжалдық деп жар салынды, алайда мемлекеттің сыртқы қарызының үлкендігі, салық саясатының икемсіздігі, нақты сектордың құлдырауы, төлем дағдарысының асқынуы сияқты экономикамыздағы келеңсіз құбылыстар оның негізінің әлсіздігін көрсетті.

Жалпы алғанда, 1989-1998 жж. аралығын көптеген қазақстандық зерттеушілер республика экономикасын реформалаудың жүйелік  дағдарыс кезеңі деп сипаттайды. 1998 ж. жалпы ішкі өнімнің құлдырауы 1991 ж. салыстырғанда 32,1 пайызды, ал 1989 ж. салыстырғанда 53,5 пайызды құрады. Соның әсерінен оның орнын толтырудың мүмкіндігі 2010 жыддан ерте болмас делінді.

Жоғарыда  сурет пен болжауды Қазақстанның Даму Институты Адами даму жөніндегі 1997 ж. есебінде көрсеткен болатын. Содан бері біраз уақыт өтсе де, ол өміршеңдігін жоғалтқан жоқ. Экономиканың минералды-шикізаттық бағытталу дәрежесін төмендетіп, диверсификациялау саясатының арқасында өндеуші өнеркәсіп рөлін күшейтуге бағытталған. Индустриалды-инновациялық стратегия бойынша 2010 ж. белгілегендіктен, осы тұжырымның өзектілігі арта түседі.

Экономиканы тұрақтандыру кезеңінің мәнін түсіндіруде қазақстандық белді ғалымдардың іскерлік белсенділіктің циклдік толқуын мойындауы үлкен ықпал етті. Кезінде экономикалық заңдылық ретінде циклділікті атақты әлемдік дәрежедегі П. Самуэльсон, В. Леонтьев сынды экономистермен қатар отандық мамандарымыз (қысқа мерзімдік макроэкономикалық   өндірістің интегралданған жүйесін құру тек да мойындамаған еді. Алайда, бүгінгі уақытта ұлттық шаруашылықгар мен әлемдік шаруашылық қозғалысының жалпыға ортақ формасы ретінде экономикалық дамудың циклділігі дәленденді. Цикл экономиканың түрлі элементтерінің өміршеңцігінің әркелкілігін, дамудың эволюциялық сатыларын (фазаларын) бейнелейді және шиыршық (спираль) бойымен дамудың өзегіне (трендіне) байланысты макроэкономикалық теңдестіктің қажетті детерминантасы болып табылады. Шындығында, бұл өтпелі және дамыған кезеңдер арасындағы мемлекеттік әсерге сезімтал экономиканың өзіндік реттелуінің тәсілдерінің бірі. Ағылшын ғалымы X. Кларк тұңғыш рет ұзын толқындар ілімін әкелсе, оның жерлесі В. Джевонс толқынды дамуды түсіндіру үшін бағалардың ауытку статистикасын пайдалан ды. өз кезегінде, К. Маркс артық өндіруден туындайтын кезендік циклдер формасындағы қысқа толқындарды зерттеуге және циклдің құрылымына (дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу фазалары) назар аударды.

Н.Д. Кондратьев, С. Кузнецов, А. Анчишкин, отандық М. Кенжегузин, Ж. Кулекеев, А. Алимбаев сынды ғалымдарымыздың зерттеулерінің жалпы қорытындылары циклділікке қарсы реттеудің және тұрақтандыру саясатын жүргізудің қажеттігін меңзейді, зерттеу кезеңінің қысқа мерзімділігі (он төрт жыл) мен республика экономикасы дамуындағы ауыткулардың терендігі мен ұзақтығы жөнінен әртүрлігі қысқа мерзімді тұрақтандыру жөнінде ғана айтуға мүмкіндік береді.

 

1-кесте. Республика экономикасының циклдік даму сатысы

Фаза атауы

Кезеңдер

Қыскдша сипаттамасы

Дағдарыс

1989-1993

 

Ұлттық экономиканың барлық көрсеткіштерінің күрт төмендеуі."Тітіркеіңдіру терапиясын" қолданғаннан кейінгі бағаны ырықтандыру мен шағьш жскешелеіідірудің (1992-1993) жүргізілу салдарынан кейінгі халык. ол-ауқатының барынша нашарлауы. Инфляцияның асқынуы, қайтарымсыз несиелердің етек алуы. Макроэкономикалық саясаттың Рссейге тәуелділігі.

 

  1994-1998

 

Дербес макроэкономикалық  саясат жүргізу. Орын алған гиперинфляцияны ауыздыктау үшін қатаң қаржы-несие саясатына көшу және нарықтық институттардың калыптаса бастауы. өнеркәсіп саясатында басымдылықтарды анықтау мен салық саясатын реформалау.  Оңтүстік-Шығыс Азия еддеріндегі дағдарыстың кері әссрі.

Т о қ ы р а у (репрессия)

1999-2000

Классикалық тоқырауға нарыктық экономика субъектілерінің жаңа ойын ережелеріне бейімделуі. Шикізат өндірісінің қаркын ала бастауына байланысты ЖҰӨ өсуінің байқалуы. Банк секторының реформасы.

Тірілу (жан-дану)

2000-2004

Шикізат өндірісі мен экспортының  тиімділігіне байланысты басым түрде сол бағытта инвестициялық белсенділіктің артуы. Солардың есебінен экономиканың басқа салаларын қолдау мүмкіндігінің пайда болуы. Банк жүйесінің қаркынды дамуынан туындайтын қаржылық тұрақтандырудың орнауы. ЖІӨ физикалық келісімінің дағдарыска дейінгі 1991 ж. деңгейіне жетуі.

 

2005-2010

Шикізаттық қана бағдар ұстанудан шіастанудың негізін калау, экономиканы диверсификациялау. Салыстырмалы макроэкономикалық тұрақтаңдыруды шынайы дәрежесіне дейін бекіту үшін экономиканы оптималдандыруға күш салу: құрылымдық реформалардың жалғасуы, инновациялық-технологиялык бағдарды дамыту, аумактық диспропорцияларды түзеу. Тұрғындардың депозиттерінің ұлғаюына байланысты ішкі инвестициялар көзі ретінде жинақтау нормасының артуы. Сыртқы сауданы ырықтандыру, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу.

Өрлеу (шы-найы экономи-қалык  өсу

2010-...

Шынайы  макроэкономикалық  тұрақтандырудың жемістерінің нәтижссі ретінде экономикалық өсудің бекемдігіне қол жеткізу. Өркениетті нарықтық қатынастардың қалыптасуы. Әлеуметтік қамсыздандыру мәсслелерін жақсарту мүмкіндігінің артуы.

Ескерту- «Саясат» журналы  №2-3 (12б.)желтоқсан 2009


 

2005-2010 жылдар аралығында салыстырмалы макроэкономикалық тұрақтаңдыруды шынайы дәрежесіне дейін бекіту үшін экономиканы оптималдандыруға күш салу: құрылымдық реформалардың жалғасуы, инновациялық-технологиялык бағдарды дамыту, аумактық диспропорцияларды түзеу. Тұрғындардың депозиттерінің ұлғаюына байланысты ішкі инвестициялар көзі ретінде жинақтау нормасының артуы. Сыртқы сауданы ырықтандыру, Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болу. Аталмыш фазаларды айқындау үшін кейбір басты макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгеру қарқынын нақты фактілер негізінде алдыға тартуға болады. Төмендегі суреттен байқайтынымыз, 2005 ж. ЖІӨ-нің физикалық деңгейі 1989 ж. деңгейін енді қамтыды, бірақ оның құрылымында мұнай-газ секторының үлесі тым басым (50 пайызға таяу) және өзге өндіріс салалары нарықтық бәсекелестікке төтеп беретіндей қарқын ала алмай отыр. Сондықган бөл жетістікті ұзақ мерзімдік перспективада оң бағалауға болмайды. Моральдық жағынан біз үшін жаңа, дамыған елдер үшін ескірген инвестициялық тауарлардың импортын шикі мұнайды экспорттаудан түскен пайданың есебінен қаржыландырып отырған қазіргі жағдайымыздың тиімді жақтарынан, келешек тұрғысынан бұрыс жақтары басым. Экономика құрылымын оптимальдандырмай дүниежүзілік нарықта лайықты орын ала алмаймыз.

Казақстан мемлекетінің дербес экономикалық дамуы кезеңін теориялық астарлау тұрғысынан экономиканың бекем өсу траекториясына шығуын белгілеу және соңғысының негізгі шарты ретінде шынайы макроэкономикалық тұрақтандыруға жетуін кесіп айту едәуір уақытты талап етеді. Казіргі уақытта инфляцияның ауыздықталуының және шикізат нарығында оңтайлы баға конъюктурасының қалыптасуының арқасында инвестициялардың жандануы байқалады, солардың арқасыңда 2000 ж. бері экономикалық өсу қарқыны жоғары. Әрбір ел үшін әлеуметтік- экономикалық даму ерекшеліктеріне байланысты экономикалық өсуді бастауға кажетті инфляцияның деңгейі анықталады. Қазақстан үшін ол 1997-1998 жж. орнығып, соның аркасында қаржы секторы өрістеді де, нәтижесінде 1999 ж. өңдіруші саланың (мұнайгаз, метеллургия, кен өндіру) көтерілуіне әкедді. Жоғарыда атап кеткеніміздей, өндеуші салаларымыз ептеп көтеріле бастағанымен, сапалылығы жағынан сын көтере алмауда. Ешқандай тосқауылды мойындамайтын және кемшілігіңді кешірмейтін ғаламдастыру заманында бәсекелестік қабілетті өнім дайындауды дер кезінде қолға алмаудың салдары ауыр болмақ.

Инфляцияны  ауыздықтау технологиясын жетік  меңгергеннен кейін, әлеуметтік-экономикалық маңызы зор көрсеткіш — жұмыссыздықты «табиғи қалыптың деп есептелетін деңгейге келтіру. Бірқатар шетелдік белді экономистердің еңбектеріне көз жүгіртсек, ол деңгей осы көрсеткіш үшін 5-6 пайыз шамасында болуы тиіс. Алайда, бүгінгі Батыс Еуропада жұмыссыздық деңгейі 9 пайызға жеткен. казір оның Қазақставдағы деңгейі әртүрлі ресми деректер бойынша 8-12 пайыз аралығында ауытқиды, тәуелсіз сарапшылардың бағалауынша бұдан әлдекдйда жоғары. Ресей үшін Батыс кеңесшілері 1994 ж. оның 10 пайыздық мөлшерін белгілеген, өткені сол кездері де, казір де инфляциямен күресудің маңыздылығы жұмыссыздық мәселесінен жоғары танылады. Филлипс қисығына байланысты бірының басымдылығы екіншісіне кері әсерін тигізбей қоймайды.

Информация о работе Экономикалық өсу: мәні, көрсеткіштері, факторлары