Экономикалық өсу: мәні, көрсеткіштері, факторлары

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 08:21, курсовая работа

Описание работы

Таңдап алынған тақырыптың белсенділігін экономикалық өсудің қоғам дамуының басты мақсаттарының бірі екендігі арқылы түсіндіреміз. Экономикалық өсу – адамзат қоғамының үдемелі дамуын бейнелейтін ең маңызды үдерістерінің бірі. Соның негізінде адамзаттың «мәңгі» проблемалары: қажеттіліктерді қанағаттандырудың жолдары мен түрлерін іздестіру, ғылымды дамыту, табиғатты сақтау мәселелері шешіледі. Экономикалық өсу ұғымы өндірістің нақты көлемінің қысқа мерзімдік шарықтаулары мен құлдырауларын емес, ал ұзақ мерзімді уақыт аралығында өндіргіш күштердің дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің ұзақ мерзімді өзгерістерін білдіреді. Әрқашан экономикалық өсудің соңғы мақсаты болып тұтыну есептеледі.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................3

1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономикалық өсудің мәні, түсінігі.................................................................5
1.2 Экономикалық өсудің факторлары мен көрсеткіштері..................................8
1.3 Экономикалық өсудің типтері және негізгі үлгілері....................................11

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
2.1 Қазақстандағы экономикалық өсудің ерекшеліктері мен даму кезеңдерін талдау.......................................................................................................................18
2.2 Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық жағдайын талдау.......................................................................................................................28

3 ҚР ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ БОЛАШАҒЫ
3.1 Қазақстан Республикасындағы экономикалық өсудің даму стратегиясы
.....................................................................................................................................32

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................38

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.........................................................40

Работа содержит 1 файл

Курсовая Экон.осу.doc

— 424.00 Кб (Скачать)

Экономикалық өсу инвестицияларды  орналастыру мен оларды игеру   тиімділігін жылдамдатады. Егер қорлар инвесторлардың қолына түсетін болса, онда кейнсиандық теория бойынша тұжырым жасауға болады: экономикалық өсу қорлар және инвестициялар тиімділігіне тікелей тәуелді.

Тұрақты экономикалық өсу. Мемлекет  шаруашылық  тоқырауға тап болып, тұрақсыз факторлардың әсерін бейтараптандыра алмаса, онда экономикалық өсу үзіліп кетуі мүмкін. Бұл жағдайда қоғам өзінің мақсаттарын жүзеге асыра алмайды және өз азаматтарының  әл-ауқатының төмендеуіне қарсы ештеңе жасай алмайды. Сондықтан да  экономикалық  өсуді тұрақтандыру – экономикалық  саясаттың ең маңызды мақсаты.

Экономикалық  өсуді  тұрақтандыратын келесі бағыттар:

- сыртқы ортаның өзгеруіне байланысты туындайтын мәселелерді шеше алатын өндіріс тиімділігін көтеру;

- әлеуметтік жанжалдардың алдын алатын әлеуметтік мүдделерді үйлестіру;

- нарықтық бағдарды  сақтап қалуға болатын нарық  субъектілерінің мүддесін үйлестіру;

- экологиялық апаттардан сақтап қалуға мүмкіндік беретін экономикалық  өсуді  биосфераның даму заңдарымен келістіру.

Теңгерімді  және  тиімді  экономикалық  өсу.  Егер экономика өзінің тұрақтылығы мен туындайтын үйлесімсіздіктерді дер уақытында жеңіп отырса, сонымен қатар ұлттық табыстың ұлғаюына ықпал етіп дамыса, онда оған теңгерімді экономикалық  өсу  тән. Теңгерімді (тұрақты) экономикалық өсу экономиканың  біртұтас жүйе ретінде дамуына жағдай жасайды.

Экономиканы теңгеру  процесі  тұрақты және шексіз болып  келеді. Экономика өзгереді, күрделенеді, жаңа өнім өндіруге, өндірілетін өнім түрлерін және сапасын көтеруді  талап етеді. Сондықтан да теңгеріліске деген талаптар бұрынғы қалыпта қала бермейді. Тұрақтылықтың ескі мұраты өнегелік жағынан ескірсе, жаңалары тұрақталып үлгермейді. Сондықтан да халық шаруашылығының қалыпты жағдайы жеткен абсолютті теңгерілімдік емес, ол – экономикалық тұрақсыздық. Оны жеңе отырып, қоғам тепе-теңдікке, теңгерілімдікке мұратқа сияқты жылжиды.

Үйлесімсіздіктерден босаған  емес, бар әлуеттерді жия алатын, пайда болған үйлесімсіздіктерден  тез шыға алатын экономика тиімді.

Экономиканың   теңгерілімді траекторияға шығуы тұрақты дамудың кепілі болып табылады.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Дж.М. Кейнстің ізбасарлары динамикалық тепе-теңдіктің әр түрлі жағдайларын түсіндіре алатын жаңа үлгініі ойлап табуды өз алдына  қойды. Экономикалық өсудің неокейнсиандық  үлгілері ішіндегі аса танымалдары – Р. Харрод (Англия) және  Е. Домар (АҚШ) модельдері. Бұл модельдер екі алғышартқа негізделген:

  1. Ұлттық табыстың өсуі – тек қана капитал қорының функциясы, ал капитал қайтарылымына әсер ететін  барлық басқа факторлар (еңбекпен қамтылудың өсуі, ҒТП жетістіктерін қолдану деңгейі) шығарылып тасталынады. Осылайша, Харрод пен Домар модельдері – бір факторлы. Берілген капитал сыйымдылығында капиталға деген сұраныс тек қана ұлттық табыстың өсу қарқынына байланысты.
  2. Капитал сыйымдылығы өндіріс факторларының баға қатынасына тәуелді емес, ол тек қана өндірістің техникалық шарттарымен анықталады.

Кейнсиандық адамдардың ойынша, экономикалық өсудің анықтаушы  факторы болып инвестициялар  көлемі табылады. Қарастырылып отырған үлгіде инвестициялар маңызды роль атқарады: бір жағынан – олар  ұлттық  табыстың өсуіне, екінші жағынан - өндіріс қуатын жоғарлауына ықпал етеді. Өз кезегінде, табыстың өсуі еңбекпен қамтылу деңгейін жоғарлатады. Инвестициялар өндіріс қуатын жоғарлататындықтан, қоғамның ұлғайып келе жатқан өндіріс мүмкіншілігін тұрақтандыру үшін, табыстың өсуі жеткілікті болуы қажет.

Жоғарыда аталған алғышарттарға  негізделген  Е.Доммардың үлгісін қарастырайық. Динамикалық тепе-теңдіктің шарты болып келесі теңдік табылады:

Ақшалай табыстың өсімшесі = Өндіріс (сұраныс) қуатының (ұсыныс) өсімшесіне.

ΔI×1/a=I×δ, немесе  ΔΙ/ Ι =δ×a, мұндағы

Ι – жылдық таза күрделіжұмсалым;

ΔI – жылдық таза күрделі жұмсалым өсімшесі;

ΔІ/І – таза  күрделі жұмсалымның өсу қарқыны;

1/а – мультипликатор, мұндағы а – ұлттық табыс қорының үлесі, яғни қорлардың орташа иілімі;

δ – күрделі  салымдардың  мүмкін орташа өндірісі немесе капитал қайтарымы.

Осылайша таза инвестициялар  өсімі  δ×a тең  болуы керек немесе күрделі жұмсалымның мүмкін орташа өндірісін ұлттық табыс қорының үлесіне көбейту керек. Мысалы, δ=0,3 және а=0,2 , онда инвестициялар өсімінің қарқыны құрау керек: (0,3х0,2)х100%=6 %. [25, 17б.]

Р. Харрод үлгісі  макроэкономикалық тепе-теңдіктің кейнсиандық шартына негізделген: I=SxP. Харрод біреуі статистикаляқ  макроэкономиканың шартын көрсететін 2 формуланы қолданады. Ал екіншісі – динамикалық тепе-теңдіктің шарты. Соңғысы туралы айтатын болсақ, нақты қорлар мен мүмкін қорлар салыстырылады. Сонымен, 1-теңдік:

GxC=S, мұндағы  G=ΔY/Y,  S=S/Y,  C=I/ΔY.

 

 G – ұлттық табыстың өсу деңгейінің қарқыны;

 S – ұлттық  табыс қорының үлесі;

 С – капитал сыйымдылығы.

 

  2-теңдік:

 

 Gw x Cr=S.

 

 S – ескі (ex post) уақыт аралығына жатады;

Gw x Cr – динамикалық тепе-теңдікке қажетті (ex ante) шама;

 Cr – капиталдық коэффициенттің қажетті шамасы;

Gw – қажетті, нақтырақ айтқанда, өсудің кепілді екпіні.

 Неокейнсиандық адамдардың  ойынша, нарықты экономикалы елдерде  тұрақты өсудің кепілді ықпалы  автоматтық түрде орындалмайтындықтан,  динамикалық тепе-теңдікті орнату үшін мемлекеттік реттеу қажет деген тұжырымға келді.

Экономикалық  өсудің  неоклассикалық   үлгісі

Экономикалық өсуге  анализ жасағанда, неоклассиктер біріншіден, өнімнің бағасы барлық өндіріс факторларымен  жасалады; екіншіден, өндірістің әрбір факторы өнімнің бағасан жасауға барлық шектік өнімдермен сәйкес өзінің үлесін қосып, осы шекті өнімге тең табыс көреді; үшіншіден, өнім өндіруге қажетті  өнім мен ресурстар арасында сандық байланыс болғандықтан; төртіншіден, факторлардың дербестігі мен өзара ауыспалдығынан шығады. Неоклассиктердің үлгісі бірфакторлы неокейнсиандыққа қарағанда, көп факторлы болып келеді.

Экономикалық теорияда ex ante және ex post ұғымдары экономикалық процестердің алдын алғы (мүмкін инвестициялар, қорлар) сатыларын және деректі нәтижелер сатысын (іске асқан инвестициялар, тиімді жасалған қорлар) шектеу үшін  қолданылады.

ҒТР экономикалық өсу  теориясындағы зерттеулерге қуатты демеу берді. Интенсивті типке көшу ҒТР-дың экономикалық өсуге және оның қарқынына қосқан үлесін ойлауды талап етті.

Осы құбылыстарды зерттейтін неоклассикалық модель кең тараған Кобб-Дугластың  өндірістік функцияларына негізделген. 1928 жылдың өзінде-ақ  американдық ғалымдар – экономист П.Дуглас және математик Ч. Кобб әр түрлі өндіріс факторларының  өндіріс көлемін немесе ұлттық табысты ұлғайтуға қандай үлес қосатындығын бағалай алатын макроэкономикалық модельді жасады. Бұл функция мынадай түрде болады:

Ү=AK  L, мұндағы Ү - өндіріс көлемі, К – капитал, L – еңбек, А, α және β - өндіріс функциясының  параметрлері немесе коэффициенттері: А – қатынастық  коэффициент; α және β – еңбек және капитал шығындары бойынша өндіріс көлемінің икемділігінің коэффициенті. Негізгі капиталдың динамикасы, жұмысшылардың істеген адам-сағатының статистикалық  негізінде 1899-1922жж. аралығында  АҚШ-тағы өңделетін өндірістік өнімнің көлемі арқылы Ч. Кобб пен П. Дуглас эмпиристік жолмен өндірістік функциялардың келесі параметрлерін анықтады: Ү= 1,01х К0,25х L5.

Кейінірек Коббс-Дугластың  өндірістік функциясы  жаңа  фактор – техникалық прогрестің енгізілуімен өзгерген болатын. Бұл амалды ең алғашқы болып голландық экономист, Нобель сыйлығының лауреаты  Ян Тинберген қолданды.Оның өзгертуінен кейін формула келесі түрге түрленді:

Y= AK  L1 e.

e – уақыт факторы. Уақыт факторын енгізу тек қана жиынтық сандық емес, сапалық өзгерістерді де көрсетуге мүмкіндік берді.

Одан кейінгі өндіріс  функцияларының анализі американдық  экономисттер  Р. Солоу, Дж. Мид, Э. Денисон  және тағы басқалардың атымен байланысты. 

 «Нөлдік  экономикалық  өсудің»  концепциясы

ХХғ 70-жылдарының басында  шарасыз, қоғамның даму беталысы сақтала  тұрса да, кейбір экономисттер болмай қалмайтын «әлемдік апат» концепциясымен шықты. АҚШ-тың Массачусет технологиялық  институтының  зерттеу группасының  профессоры Медоузаның басшылығымен «Рим клубының»  «Өсудің шектері» докладында Жердегі адам санының тез өсуімен, инвестициондық тауар өндірісінің дамуының және тез таусылып келе жатқан табиғат ресурстарының арасындағы қарама-қарсылықтың өсуіне байланысты «жалғасып келе жатқан экспоненциалдық  өсудің әрбір күні әлемдік жүйені осы өсудің шегіне итермелейді... біздің планетаның физикалық шектері туралы біліміміздің негізінде өсу фазасы жақын  жүз жыл ішінде аяқталатынын білеміз.» (Meadows D. Et al., the limits to growth. N.Y., 1972, p. 183). Автордың ойынша, «өсу шектеріне» жету халық санының апатты қысқаруымен, қоршаған ортаның бұзылуымен аяқ басып жүреді. Бұл жағдайда, автордың ойынша, жалғыз шешім «нөлдік өсуді» қолдау болып табылады.

«Нөлдік өсуді» жақтаушылар  техникалық прогресс пен экономикалық өсу өмірдің бірқатар теріс құбылыстарына: қоршаған ортаның ластануына, өндірістік шуға, улағыш заттардың тасталуына, қалалардың келбетінің бұзылуына алып келетіндігін айтады.Өндіріс процесі табиғи ресурстарды тек қана түрлендіретіндіктен, уақыт өткеннен кейін олар қоршаған ортаға қалдық түрінде тасталады.Бұл өсудің түрін жақтаушылар экономикалық өсу  әрқашан да өмір сүрудің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алмайтындығын айтады.

Салааралық  баланс (шығын-шығару) үлгідегі экономикалық өсу

Экономикалық  өсудің маңызды модельдерінің бірі – салааралық баланс моделі. Салааралық баланстың теориялық негіздері бірінші бесжылдыққа әкелген жылдары ҚСРО-да жасалған болатын. Бірақ рәсімделген түрінде алғашқы болып американдық экономист В. Леонтьев «шығын шығару» деген атпен шығарды. АҚШ-тағы салааралық байланыс шахматтық тип түріндегі кестелерді және сызықтық алгебра құралын қолдану арқылы 30-жылдары В. Леонтьевпен американдық экономиканы зерттеу үшін қолданылған болатын.

Бұл әдісте В.Леонтьев ең бірінші экономикадағы мөлшерлік байланыстарға назар аударады. Сала араларындағы бұл байланыстар технологиялық  коэффициенттер (а11, а12, а13, және т.с.с І квадрант ішінде) арқылы беріледі.

Салааралық баланс төрт квадрант арқылы берілген. Бірінші квадрантта - өнім өндірісіне материалдық үнемдеу көрсеткіштері. Екінші квадрантта көрсеткіштер дербес қолдануға, жинауға, экспорттауға, сатып алуға арналған соңғы өнімді көрсетеді. Үшіншіде – қосылған құн және импорт  көрсеткіштері. Төртіншіде – таза ұлттық  өнімнің бөлуінің көрсеткіштері.

Салааралық байланыс кестесі бағандар бойынша шығындарды, яғни әрбір саланың бағасын жасайтын өнім элементтерін және жолдар бойынша  ұлттық экономиканың әрбір саласының  өнімін бөлуді көрсетеді.

Леонтъев кестесінде соңғы сұраныстың немесе бір саладағы өндіріс шарттарының өзгеруін барлық байланысты салалардың мөлшерлік реакцияларын бақылау арқылы зерттейді. Бұл қажеттіліктер немесе өнім өндіру технологияларының кез келген өзгерісі тепе-теңдік жағдайындағы бағалар құрылымын өзгертіп, сол арқылы технологиялық  коэффициенттердің өзгеруіне әкеледі.

Осылайша, «шығын-шығару»  әдісін қолдану арқылы тек қана экономиканың салалары арасындағы байланысты ғана емес, сонымен елдің экономикасының дамуын болжауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ҚР  ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, КЕЗЕҢДЕРІ  МЕН ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ

 

2.1 Қазақстандағы экономикалық өсудің  ерекшеліктері мен даму кезеңдерін талдау

 

Республикамыздың  экономикалық жүйесінің нарықтық шаруашылыққа өтуінің объективті қажеттіліктен туындағаны даусыз. Мәселе басқада — оның қалай жүзеге асырылып жатқандығында. Тәжірибе көрсеткендей, Қазақстандағы әкімшілік-әміршілдік экономикадан нарықтық экономикаға қозғалыс ерікті экономикаға қарай қозғалысының даму процестерінің классикалық қағидаларына сай жүргізілді. Олар:

  1. бағаны ырықтандыру,  бағаларды сұраныс пен ұсыныс механизміне сәйкес қалыптастыру;
  2. мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру, оның ішінде жеке тұлғалардың кәсіпкерлік құқығын зандастыру және экономиканың түрлі секторларында өндірісті монополиясыздандыру;
  3. жеке меншіктің басымдылығына ұмтылу, оның ішінде ауыл шаруашылығында;
  4. экономиканы тікелей мемлекеттік реттеуді шектеу, яғни меншік құқығын қорғау мен жүзеге асыруды қамтамасыз ету, монополияға қарсы саясат арқылы бәсекелестікті қолдау, парасатты салық және ақша саясатын жүргізу, тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, салалық инфрақұрылымды дамыту (көлік, байланыс);
  5. монетарлық сипаттағы макроэкономикалық (қаржылық) тұрақтандыруға қол жеткізу, яғни инфляцияны ауыздықтау мақсатында мемлекеттік бюджет тапшылығын жою, артық ақшалай эмиссия мен несие беруді тоқтату және ұлттық валютаның еркін айналымдылығына жағдай жасау;
  6. әлеуметтік бағдарланған ашық типті нарықтық шаруашылықты қалыптастыру, бұған кіретіндер еркін сауда қатынастары, шетелдік инвестицияларды тиісінше қорғау, пайданы репатриациялауға мүмкіндік беру.

Информация о работе Экономикалық өсу: мәні, көрсеткіштері, факторлары