Ипотека

Автор: Пользователь скрыл имя, 07 Ноября 2011 в 15:35, реферат

Описание работы

Жақын арада ғана қазақстандық қаржы мамандары мен банк қызметкерлері арасында «ипотека» термині әлі де беймәлім болатын.Ипотекалық несиелендірудің іске асу механизмі туралы санаулы мамандардың ғана жалпылама білімі болған, ал кәсіби тәжірибемен іс жүзінде ешкім кездеспеген.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................3 I. Ипотекалық несиелеудің теориялық және құқықтық аспектілері
1.1.Ипотекалық несиелеудің мәні.....................................................6
1.2.Ипотекалық несиелеудің құқықтық негіздері.........................15
1.3.Ипотекалық несиелеудің шетелдік тәжірибесі........................27
II. Қазақстан банкілерінің тұрғын үй несиелеу саласындағы
тәжірибесі
2.1.Баспананы қаржыландыру тәжірибесінің экономикалық
анализі.........................................................................................35
2.2. ҚР-да ипотекалық несиелеу жүйесін ендіру..........................44
2.3. Ипотекалық несиелеудің Қазақстандық үлгісі......................52
III. ҚР-ғы ипотекалық несиелеудің даму мәселелері мен болашағы
3.1. «БТА-ипотека» ААҚ-мен ипотекалық несие берудің
анализі........................................................................................59
3.2. ҚР-да ипотекалық несиелеудің даму стратегиясы................82
Қорытынды............................................................................................87
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................90

Работа содержит 1 файл

ипотека.doc

— 398.50 Кб (Скачать)

     Ипотекалық  несиелеу жүйесі екі бағыттан тұрады: шаруашылық субъектілері мен халыққа  ипотекалық несиелерді беру.

     Екінші  деңгейлі нарықтарда ипотекалық несиелерді сату, ол несиелеуге керекті қосымша ресурстарды тартуды қамтамасыз етеді.

     Бірінші бағытпен көбінесе ипотекалық  банктер  жұмыс істейді. Екінші бағытпен мүлік  кепілімен қамтамасыз етілген ипотекалық банктердің активтерін сатып алатын және ипотекалық банктің базасының негізінде өз атына құнды қағаздар (облигация) шығаратын қаржы компаниялары мен қорлары жұмыс істейді. Құнды қағаздардың өтімділігі жоғары болады, себебі  деп те аталады. Ипотекалық  жүйе өзіне ипотека бойынша шарт жасауды, жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етілген және инвестицияға ұзақ мерзімді және тұрақты табыс алуға мүмкнідік береді.

     Кейбір  қаржы компанияларының міндеттемелеріне шет елде мемлекет кепіл болады, ол оның сенімділігін арттырады.

     Ипотекалық  нарық – банк және басқа да мекемелермен тұрғын үй мақсатында берілетін және ресурстарды тарту үшін қаржылық активтерді нарықта орналастыру бойынша ипотекалық несие нарығы.

       Ипотекалық нарық – қор нарығының  ипотекалық сегментімен банктік  қызмет көрсету нарығының сегменті  негізінде қалыптасады. Ипотекалық  несиелеу нарығы бірінші және екінші деңгейлі деп бөлінеді.

     Бірінші деңгейлі нарықта несие беруші мен  қарыз алушы бір-бірімен сөзсіз келісім-шарт қатынастары негізінде  ипотекалық несие беріледі және сатылуы  мүмкін. Мысалы, коммерциялық немесе ипотекалық банк азаматтарға несие береді. Бірінші деңгейлі нарықтағы субъектілер арасында қатынастарды құратын негізгі құрал- несиелік келісім-шарт болып табылады. Бұны закладной (қарыздық міндеттеме) деп те атайды. Несиелік келісім-шартқа қарағанда “закладная” терминіне пайдалану аяқталған болып есептеледі, себебі берілген жағдайдағы жылжымайтын мүлік кепілі несиелеудің негізгі шартына жатады. Қарыз алушы мен банктің арақатынасына, яғни қарыз алу түріне және закладной формасына клиенттердің мүліктік жағдайы мен жалпы әлеуметтік статусы, жылжымайтын мүліктің өзіндік ерекшеліктері, несие көлемі, қарыздық капитал нарығының жалпы жағдайы және тағы басқа көптеген факторлар әсер етеді.

     Схемалық  түрде берілген нарықтық қатынастарды былай көрсетуге болады.  
 
 
 
 
 
 

1-сурет

 
 

 

 

     Клиент  банктік несиелік келісім-шартқа отырып, несие сомасын өз мерзімінде қайтару  мен пайдаланғаны үшін пайыз төлеу  бойынша өзіне міндеттеме алған  соң, ол ипотекалық жүйемен қарым-қатынас  жасау қажеттілігін азайтады.

      Қарыз алушымен салыстырғанда банк туралы былай айта алмаймыз. Банк өзінің ипотекалық нарықтағы қызметін тиімді ұйымдастырып,  қамтамасыз ету үшін  біріншіден, клиенттермен екі жақты қатынастарды тиімді жүзеге асырып, закладнойлар (қарыз міндеттеме) портфелін толтыру болса, екіншіден, клиенттерге ұсына алатын несие ресурстарын толықтыру.

      Бұл мәселені шешу үшін банктің өзінің портфелінен ипотекалық нарықтың маманданған  басқа қатысушыларына закладнойларды (қарыз міндеттеме) ұстаудан басқа  амалы жоқ. Басқа инвесторларға  өзінің закладнойларын ұсыну– бірінші деңгейлі нарықтан екінші деңгейлі нарыққа өтетін көпір болып келеді, оның қызметі басқа негізде ұйымдастырылады.                                                         Екінші деңгейлі нарық – бұл жалпы қаржы- несие нарығының сегменті.

Екінші  деңгейлі нарықта  арнайы құнды қағаздарды шығару арқылы несие бойынша пайыздық табыс алуға құқықтар сатылады. Оны  сатып алу арқылы құқыққа ие болады.

      Екінші  деңгейлі ипотекалық нарықтың негізгі  субъектілеріне жататындар:

  • Ипотекалық несие берумен айналысатын ипотекалық банктер мен басқа да қаржы-несиелік мекемелер;
  • Ірі эмиссионды – қаржылық корпорациялар. Олар банктерден бірінші деңгейлі закладнойларды сатып алып, олардың әр түрлі құнды қағаздарының орнына эмиссияны қолданады;
  • Нақты ақшаға эмиссионды – қаржылық корпорациялардан құнды қағаздарды сатып алатын банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, азаматтар кейпіндегі инвесторлар;
  • Ипотекалық несиені сақтандырумен айналысатын делдалдар.

     Схемалық  түрде екінші деңгейлі ипотекалық нарықтың қызметін былай көрсетуге болады:

      Екінші  деңгейлі ипотекалық нарықта айналатын  құнды қағаздардың несиелік тәуекелінің  болуы, ипотекалық пулмен қамтамасыз ету  деңгейі сияқты әр түрлі сипаттамалары  бар.

      Берілген  нарықтық қызмет ету мен ұйымдастырудың негізгі мақсаты – соңғы тұтынушыға деген несие ресурстарының арзандауы, бұл берілген нарық шеңберінде шешім қабылдау үшін приоритетті.

      Несие ресурстарының арзандауына банктің  ипотекалық несиелеу субъектілеріне қосымша  ресурстарды беру есебінен олардан ипотекалық  несиелерді қайта сатып алу жолымкен қол жеткізіледі.

     Ипотекалық  нарық та тауар болып несие  саналады. Ол тұрғын үй мақсатында прайдаланатын  жылжымайтын мүлікті сатып алуды  қаржыландыру үшін беріледі. Қарыз  алушының несиені қайтаруын қарыз адамның болашақ  табысымен қоса кепілақы қамтамасыз етеді. Басқа да несиелер сияқты берілген тауардың мынадай негізгі сипаттамалары бар: несиелеу мерзімі, пайыз мөлшері, несиені өтеу жоспары, бірінші жарна бойынша талаптар.

     Ипотекалық нарықтың көлемі үй шаруашылықтары тарапынан ипотекалық несиеге төлем қабілеті бар сұраныспен анықталады. Ипотекалық нарықтағы сұранысты отбасы тұтынушылары қалыптастырады. Үй шаруашылықтарының  болашақ табыстары- ипотекалық несиені өтеудің негізгі көзі болып табылады. Өздерінің тұтыну стандарттары мен болашақ табыстарының деңгейіне байланысты экономикалық белсенді отбасылар болашақ табыстарына сүйене отырып, дәл қазір көп мөлшерде тұтынғысы келеді.

     Берілген  сұранысты қанағатттандыру мүмкін болмаған жағдайда нарықта көп жылдар бойы тұрғын үйге жинақтағанда пайдалану қажеттігі туатын еді. Осылдайша ипотекалық несиелеудің нарықтық қатынастар жүйесіндегі негізгі рөлі үй шаруашылықтарының ағымдық табыстары мен жинақтауларын тұтыну жоспары мен өмір стандарттарымен қойылатын күтулер арасындағы қарама – қайшылықты шешу.

      Тұрғын  үйдің өте қымбат болуына байланысты пайда болатын ағымдық табыстар мен тұтыну стандарттарының арасындағы сәйкессіздік шаруашылық айналымда  ипотекалық несиені пайдалануды  талап етеді.

      Клиент банкпен келісім-шартқа отырып, несиені қайтару мен оны пайдаланғаны үшін пайыз төлеу міндеттілігін алған соң ол  ипотекалық жүйемен қарым-қатынас жасау қажеттілігін азайтады.

     Тұрғын  үйге байланысты ипотекалық несиелеудің  екінші деңгейлі нарығының  қызмет етуі ипотекалық банктердің капиталының өтімділігін қамтамасыз етіп,  айналымдағы ақша массасын байланыстырып, экономикалық сала мен аудан бойынша капиталдың қайта бөлінуіне оң әсер етіп, несие бойынша пайыз мөлшерін тұрақтандырады.

      Бұл жағдайларда ипотекалық несиелеумен айналысатын банктердің несие ресурстары көп шектелмеген, олар екінші деңгейлі нарықта операцияларды жүзеге асыру арқылы қайтадан жіберіп, жаңа несие беруге қажетті қосымша қаражаттарды тартады. Берілген жүйенің тиімді қызмет етуі екінші деңгейлі ипотекалық нарықтың жоғары дәрежеде дамуын көрсетеді.

      Қазақстанда ипотекалық несиелеудің пайда болуы  мен дамуы ипотека бой ынша қызмет ететін мекемелер жүйесін қалыптастырумен байланысты. Ипотекалық  несие дегеніміз шаруашылық субъектілері мен халықты ипотекалық несиелеумен айналысатын және жылжымайтын мүлік бойынша несие беру механизмінде қызмет ететін мекемелердің жиынтығы.

      Ипотека жер бойынша кадастрде ипотекаға  берілетін заттың орналасу жері бойынша  тіркеледі. Кадастр – коммуналды түрдегі ұлттық территорияның , жердің азғантай бөліктері мен ірі жердің нақты бөлінулері көрсетілген картографиялық бейнесі. Осылайша салынған немесе салынбаған  жылжымайтын мүлікті оңай дараландырып, оны басқа мен шатастырып алу мүмкіндігін азайтуға болады.

      Ипотеканы анықтағанда жер учаскелерін тіркеу закладной түрінде жылжымайтын мүлікке кепіл құқығының пайда болуы мен доғарылуына байланысты заңдылық рәсімдеумен жалғасады. Осындай келісімдерді жер бойынша кітапқа енгізгенде онда мыналар болуы тиіс: кепілақы құқығының түрі, қарыз адамның аты-жөні, несие берушінің аты-жөні, несие берушінің талап ететін сомасы, пайыздық мөлшер және тағы басқа мерзімі өткендігі үшін пайыз мөлшерін көтеру сияқты қосымша талаптар.

      Берілген  материалды қарастыру негізінде  біз ипотеканы жылжымайтын мүлікпен қамтамасыз етудің бір түрі деп және бұнда кепілақы кепілақы алушыға кепілақыны  берушінің міндеттерін өтелмеген жағдайда салынған жылжымайтын мүлік есебінен қанағат алуға құқық береді.

      Кепілақы  объектісі ретінде жылжымайтын  мүліктің артықшылығы оның тұрақты орналасуы мен өсу тенденциясының жоғары және тұрақты бағасымен ерекшеленеді.

      Жылжымайтын  мүліктің  физикалық сипаты бойынша  кепілақы беруші салынған объектіні  иелігіндке қалдырып, пайдалануға мүмкіндік  береді.

      Ипотекалық  несиелеу түсінігі үш жағдайдан тұрады:

  • Несиелер көбінесе көп уақыт мерзіміне беріледі: 10-30 жыл;
  • Несиелеу тұрғын үй сатып алуға не салуға беріледі;
  • Алынған тұрғын үй кепілақы болып есептеледі, несиені төлемеген жағдайда меншік тәркіленіп, несиені қайтару үшін сатылады.

     Ипотекалық  несиелеу тәртібі оның бағасының  тұрақтылығымен бірге салынған мүліктің сақталуын (қауіпсіздігін) қамтамасыз етеді, несие беруші банкке несиелік ресурстарды қайтармау қауіпсіздігінен  сақтап, ұзақ мерзімге несиелік ресурстарды  алу бойынша экономикалық база құрады.  

1.2. Ипотекалық несиелеудің  құқықтық негіздері

     Жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыру  үшін ипотекалық жүйенің барлық буындарының  қызметін реттейтін заңдылық нормалар қажет.

      Кепілақылық құқықтың орталық көзі болып Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі болып табылады. Қазақстан Республикасында әртүрлі ипотекалық бағдарламаларды жүзеге асыруда ең көп тәжірибесі бар тұрғын үй құрылыс банкі мен Лариба-банк. Бірақ өкінішке орай  тұрғын үй құрылыс банкі келеңсіз жағдайларға тап болуына байланысты Банк центр кредитке қосылып, ипотекалық несие беруді тоқтатып, жеке мониторингпен айналысатын болды. Ал Лариба-банк қарыз алушыларға өте қатал талап қойып, 3 жылда не бары 100 несие берген және тек банктің сеніміне кірген тұлғаларға ғана рұқсат етті.

      Алайда  «Тұрғын үй жинақ банкісінің»  арқасында Қазақстан Республикасында 23 желтоқсан 1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің  «Жылжымайтын мүлікті  ипотекалау туралы» заң күші бар  жарлығы қабылданды. Ол мүлік ипотекасын міндеттемені қамтамасыз ету әдісі ретінде қолданғанда пайда болатын қатынастарды реттейтін Қазақстандағы негізгі нормативті акт болып табылады.

      Сол уақытта келесі негізгі нормативті құжаттар қабылданған:

1). Қазақстан  Республикасы Президентінің 22 желтоқсан  1995 жылы «Жер туралы» заң күші бар жарлығы қабылданды. (Қазақстан Республикасы заңдылықтарымен өзгертулер енгіізілген 14.07.97ж №158-1, 30.06.97ж №139-1-1, 01.07.98ж №259-1, 10.07.98ж №283-1, 11.05.98ж №381-1 )

2). Қазақстан  Республикасы Президентінің 22 желтоқсан 1995 жылы  «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын шарттарға құқықтарды тіркеу» туралы заң күші бар жарлығы

3) Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 6 маусым 1996 жылы «Жер учаскелерінің кепілақысына  тәртіп және ипотекалық несиені  қамтамасыз ету үшін жерді пайдалану құқықтары туралы» Қаулысы

4) Жер  учаскелеріне ипотеканың  ерекшелігі, жерді пайдалануға құқықты беру  тәртібі, бұл құқықтарды беру  үшін жүргізілетін акт пен  келісім-шарттарды формалары (Жер  заңдылығымен қарастырылған) сондай-ақ:

Информация о работе Ипотека