Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп және есептілік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 07:31, диссертация

Описание работы

Жалпы нарықтық экономика элементтерінің бірі ретіндегі еңбек нарығының маңызды объектілерінің бірі жұмыссыздық болып табылады. Қазақстандағы жұмыссыздықтың туындауының негізгі факторы ретінде тәуелсіздік алғаннан кейінгі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйесінің дағдарысынан келіп шығатын жалпы өндіріс қарқынының төмендеуіне байланысты жұмыс күшінің босап қалуын айтуға болады. Жұмысқа қабілетті халықты жұмыспен қамту жоспарлы экономиканың негізгі мәселелерінің бірі. Жұмысынан айрылған және жұмысқа орналасуға дайын қоғам мүшесі мемлекеттік қолдауға сенім артатыны белгілі.

Работа содержит 1 файл

Sadikbekova.doc

— 399.00 Кб (Скачать)
 

    Жоғарыда  көрсетілген синтетикалық шоттар мен  субшоттардың атауларына сәйкес, біздің пікірімізше, есепте ақпаратты жүйелі түрде көрсету үшін бухгалтерлік есептің типтік регистрлерін толықтыру  қажет. Атап айтқанда, есеп айырысулардың талдамалы есебін ұйымдастыру үшін №6 мемориалдық ордерде ұсынылған синтетикалық шоттар мен субшоттарға сәйкес бөліп, сәйкес атаулармен толықтыру ұсынылып отыр (кесте 7).

    Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметі қазіргі уақытта қолданылатын барлық есеп түрлерін қамтиды: бухгалтерлік (қаржылық және басқару); салық есебі; статистикалық; әлеуметтік және бухгалтерлік есеп нысандары.

    Қазақстандағы мекемелер мен ұйымдардың мүліктік және қаржылық жағдайы туралы толық және шынайы ақпаратқа мүдделі тұлғалар шеңберінің кеңеюіне байланысты бухгалтерлік есептің ролі мен маңызы қайта қаралып, оны қалыптастыру мен жоғары тұрған ұйымдарға ұсыну тәсілдері өзгеріске ұшырап отыр.

    Экономиканың  әлеуметтік саласы халықтың рухани және материалдық қажеттіліктеріне қызмет көрсетіп, әлеуметтік көмек және басқа да әлеуметтік сипаттағы қызметтерге кеткен шығындардың жиынтығын қамтиды. Әлеуметтік есеп – бұл бухгалтерлік есептегі жаңа құбылыс. Ол туралы айту әлеуметтік есеп ролінің өсуін, шұғыл бухгалтерлік есептің маңыздылығын, жаңа зерттелмеген мәселелердің орын алуын көрсетеді.  

Кесте 7 – ХЖҚММ-дегі мемориалдық ордерлердің  ұсынылған номерлері мен атаулары, синтетикалық шоттар мен субшоттардың атаулары 

Мемо-риалдық  ордер № Мемориалдық ордердің аталуы Шифр Синтетикалық  шоттардың аталуы Шифр Субшоттардың  аталуы
6/0 Еңбекпен қамту  қызметін ұстау шығындары бойынша  ұйымдармен есеп айырысулардың жинақтаушы ведомості; 178 Басқа да кредиторлар-мен  және дебиторлармен есеп айырысулар 08 Еңбекпен қамту қызметін ұстау
6/1 Бос орындар  жәрмеңкелері мен оқу орындарын  ұйымдастыру бойынша есеп айырысулардың  жинақтаушы ведомості 178 Басқа да кредиторлар-мен  және дебиторлармен есеп айырысулар 18 Бос орындар  жәрмеңкелері мен оқу орындарын  ұйымдастыру
6/2 Еңбек нарығындағы  жағдай туралы халық пен жұмыс  берушілерді хабардар ету бойынша  ұйымдармен есеп айырысулардың жинақтаушы ведомості 178 Басқа да кредиторлар-мен  және дебиторлармен есеп айырысулар 28 Еңбек нарығы туралы ақпаратты ұйымдастыру
6/3   және т.с.с. Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша есеп айырысулардың  жинақтаушы ведомості 178 Басқа да кредиторлар-мен  және дебиторлармен есеп айырысулар 38 Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
    Ескерту - Зерттеу  нәтижелерінің негізінде автор  жасаған
 

    Жұмыспен  қамту қызметі бюджеттік мекеме болғандықтан, оның әрекет етуінен алынатын тиімділік оны ұстау шығындарынан жоғары болады, себебі мұнда қоғамдық пайдалылық орын алады. Басқаша айтқанда, мұндай ұйымның болуы әлеуметтік тұрғыда ақталады. Әлеуметтік есепті ендіру белгілі бір қызметкердің, бөлімнің бүкіл мекеме жұмысына қосқан үлесін өлшеуге мүмкіндік береді. Бір сөзбен айтқанда, мекемеде басты назар мәліметтерді санау тұрғысынан талдауға емес, бақылау мен тіркеуге аударылады. Осыған байланысты біз ұсынған есептіліктің айлық нысаны 8-кестеде келтірілген.  

Кесте 8 – Жұмыспен қамту қызметтеріне өтініш білдірген және жұмыспен қамтылғандардың саны туралы есептіліктің ұсынылған нысаны 

      Жұмыспен қамту орталығы маманының аты-жөні _______________ 

Көрсеткіштің  аталуы Саны (адам)
1. Қызметке өтініш білдіргендердің саны - барлығы олардың ішінде: 145
-еңбекпен  қамтылған, жұмысын ауыстыруға  қалауын білдіргендер 20
-бұрын  жұмыс істемеген, алғаш рет  жұмыс іздеп жүргендер 45
-қызметте  есепте тұратын жұмыссыздар 80
2. 
 
Еңбекпен қамтылғандар – барлығы, олардың ішінде: 42
- еңбекпен қамтылған, жұмысын ауыстыруға  қалауын білдіргендер; 5
- бұрын жұмыс істемеген, алғаш  рет жұмыс іздеп жүргендер; -
- орталықта есепте тұратын жұмыссыздар 37
    Ескерту - Нормативтік-құқықтық құжаттардың және зерттеу нәтижелерінің негізінде автор жасаған
 

      Жұмыссыздықтың  қаржылық шығындары жұмыс күшін  тиімсіз пайдалану салдарынан салықтарды толық көлемде алмауымен және жұмыссыз азаматтарды әлеуметтік қолдау мақсатында бюджеттен бөлінетін  қосымша шығындармен байланысты болады.  

ҚОРЫТЫНДЫ 

      Жүргізілген диссертациялық зерттеу жұмысының  нәтижелері төмендегідей теориялық  және тәжірибелік қорытындыларды жасауға  мүмкіндік береді:

    1.Еңбек  нарығын зерттеу барысында оның  ақпараттық функцияларының аса  маңыздылығына көз жеткіздік. Ақпараттық қамтамасыздандыру арқылы бөлімшелер арасындағы байланыс орнайды, әрбір бөлімшенің құқықтары мен әкімшілік алдындағы жауапкершіліктері, белгілі бір мақсатқа жетудегі жекелеген қызмет түрлерінің арақатынасы қалыптасады.

    Есептік талдау функцияларының мазмұнын анықтаудағы  біздің ұсыныстарымыз халықты жұмыспен қамту мекемелерінің жұмыссыздармен есеп айрысуының толықтығы мен уақтылылығын және бюджеттік заңдылықтарды сақтауды қамтамасыз етуді бақылауға қажетті  есептік-талдау ақпараттарына деген қажеттілікті анықтауға мүмкіндік береді.

    2.Халықты  жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік  мекемелердегі бухгалтерлік және  шұғыл есеп жүйесін реттеуші  нормативті-құқықтық деңгейлері жасалды 

    3.Халықты  жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік  мекемелердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру мен әдістемесінің қазіргі жағдайын талдау негізінде аталған мекемелердегі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы бір орталықтан басқарылмауы облыстық және аудандық бөлімшелердегі бірнеше қызмет түрлерінің қайталанып отырғаны анықталды.

    4.Халықты  жұмыспен қамтумен айналысатын  мемлекеттік мекемелерді тиімді  басқару үшін бюджеттік мекемелердегі  бухгалтерлік есептік ерекшеліктері анықталып, нақтыланды.

    5.Қызмет  бағыттары бойынша шығындардың мақсатты бөлінуін негіздеуде,  біз халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің  шұғыл және бухгалтерлік есеп тәжірибесіне жүргізілген талдау нәтижесінде, осы мекеменің облыстық, аудандық және қалалық бөлімшелеріндегі есеп пен мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды элементтерінің ақпараттық-талдамалық негізі ақпаратты жинау, тіркеу және жалпылауды ұйымдастыру болып табылатындығын айқындадық.

    6.Мекемедегі бухгалтерлік есеп-қисап бөліміндегі ұйымдастырушылық құрылымды талдап, оның шаруашылық қызметтін құқықтық өзгерістерге және ғылыми техникалық өркендеу жетістіктеріне байланысты өзгертіп отыру қажеттігі негізделді.

    7.Мемлекеттік сектордағы мекемелердің бухгалтерлік есеп пен есептілік үрдістерін анықтайтын біркелкі есеп стандарттарының жоқтығы  халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есепті жүргізуде бірнеше қиындықтар туғызатындығы анықталды.

    8.Зерттеу нәтижесінде анықталған аталған кемшіліктерді толықтыру мақсатында және бюджеттік қаражаттарды мақсатты пайдалану тиімділігін жоғарылату үшін өңдеуге қажетті ақпараттық материалдарды дайындау мен шығындар сметасының орындалуына экономикалық талдау жүргізіп отыру қажеттігі айқындалып, келесідей ұсыныстар жасалды:

    - халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі шұғыл және бухгалтерлік есептің мақсаты, міндеттері және функциялары нақтыланып, қалыптастырылды;

    - шұғыл және бухгалтерлік есептің басымды объектілері анықталды;

    - Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының ұйымдастырушылық құрылымы жасалды;

    - облыстық басқарма аясындағы орталықтандырылған бухгалтерия құрылымы берілді;

    - халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің есептілік саясаты құрастырылды;

    - шығындардың түрлері бойынша талдау жасау үшін пайдалануға болатын ішкі есептілік нысандары жасалды.

    Ұсынылып  отырған халықты жұмыспен қамту  бойынша мемлекеттік мекемелердің шығындар сметасының орындалуын бағалау  мекемелердегі кассалық және нақты  шығындардың ауытқу себептерін анықтауға, бюджеттік классификацияның барлық баптары бойынша шығындар нормаларының орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етуге және бюджеттік қаражаттарды мақсатты пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.   

    Диссертация тақырыбы бойынша  баспаға шығарылған ғылыми жұмыстар тізімі 

    
  1. Оңтүстік  Қазақстан облысындағы халықты жұмыспен қамту мәселелері//Экономикалық журнал «Аль-Пари»№5-6,Алматы,2001.б.53-55.
  2. Совершенствование государственной политики регулирования сельского рынка труда в Республике Казахстан//Сборник трудов Международной научно-практической конференции «ХХІІ Международные Плехановские чтения» РЭА им.Г.В.Плеханова, г.Москва, 2009. с.323-325.
  3. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру мемлекеттік мекемесінің қызметін экономикалық талдауды ұйымдастырудың мәселелері // «Тұран» университетінің хабаршысы. Ғылыми журнал №2 (42).Алматы, 2009. б.59-65.
  4. Еңбек нарығының пайда болуының экономикалық табиғаты//Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің хабаршысы. Ғылыми журнал №1(64), Түркістан қ. 2009. б.259-265 (авторлықта).
  5. Организация бухгалтерской службы в государственных учреждениях по координации занятости населения// Материалы международной научно-практической конференции «Проблемы подготовки специалистов высшего профессионального образования в ХХI веке: прошлое, настоящее, будущее», Том-II. Шымкентский университет. Шымкент, 2009.с.200-202.
  6. Основы организации бухгалтерского учета в государственных учреждениях координации занятости населения и социальных программ//«ҚазЭУ хабаршысы» научно-общественный журнал №3, КазЭУ им. Т.Рыскулова, Алматы, 2009. с.251-254.
  7. Организация учета и оценка исполнения сметы расходов государственных учреждений по координации занятости населения и социальных программ в РК//«Вестник КЭУ: экономика, философия, педагогика, юриспруденция» Республиканский журнал №4(15). Карагандинский экономический университет Казпотребсоюза, Караганда, 2009. с.41-43.
  8. Нормативно-правовые основы деятельности государственных органов занятости населения в Республике Казахстан// Ежеквартальный научно-информационный журнал №3, «Экономика и статистика». Астана, 2009. с.62-64, (в соавторстве).
  9. Совершенствование организации оперативного и бухгалтерского учета в государственных учреждениях по занятости населения РК//Труды Международной научно-практичекой конференции на тему: «Проблемы использования новых инновационных технологий в учебном процессе» Том-III. Шымкентский социально-педагогический университет. Шымкент, 2009. с.7-10, (в соавторстве).
  10. Халықты жұмыспен қамтумен айналысатын мемлекеттік мекемелердегі шығындар есебі және оларды талдау// «Қазақстан экономикасының индустриалды-инновациялық даму механизмін жетілдірудің өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары. – Түркістан: Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, 2010. б.418-422, (авторлықта).

РЕЗЮМЕ

 

Садыкбекова Айжаркын Абдразаккызы 

Совершенствование организации системы  бухгалтерского учета  и отчетности в государственных учреждениях по занятости населения (на материалах Управления координации занятости и социальных программ Южно-Казахстанской области) 

08.00.12-«Бухгалтерский  учет, аудит, статистика»

    Цель  и задачи исследования. Цель диссертационного исследования заключается в разработке теоретико-методических основ и научно-практических рекомендации по совершенствованию организации системы бухгалтерского учета, экономического анализа, аудита и отчетности в деятельности государственных органов по занятости населения.

    В соответствии с поставленной целью в диссертационной работе определены следующие задачи исследования:

    -исследовать  теоретико-методические основы формирования  и  функционирования рынка  труда и проблемы занятости  населения, его  информационную  функцию и нормативно-правовую  базу регулирования в международной и казахстанской практике;

    -анализировать состояние безработицы на рынке труда ЮКО и оценить исполнение сметы расходов на мероприятия по содействию занятости населения и социальной поддержке безработных граждан;

    -исследовать  современное состояние оперативного и бухгалтерского учета в государственном учреждении по занятости населения и определить наиболее приоритетные объекты оперативного и бухгалтерского учета бюджетных организаций, исследовать особенности функционирования и содержания основных моделей учетных систем;

    -разработка организационной структуры централизированной бухгалтерии в государственных учреждениях по занятости населения и определить цели исполнения сметных расходов и дать предложения по совершенствованию учета расходов;

    - предложить новые подходы по совершенствованию контроля над целевыми использованиями выделенных вюджетных средств на учреждение и и разработать новые формы по учету расходов в соответствии с квалификационными требованиями МСФО.

    Объектом  исследования является учетная практика системы бухгалтерского учета и отчетности Южно Казахстанского управления по координации занятости и социальных программ.

Информация о работе Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп және есептілік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру