Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп және есептілік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 07:31, диссертация

Описание работы

Жалпы нарықтық экономика элементтерінің бірі ретіндегі еңбек нарығының маңызды объектілерінің бірі жұмыссыздық болып табылады. Қазақстандағы жұмыссыздықтың туындауының негізгі факторы ретінде тәуелсіздік алғаннан кейінгі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйесінің дағдарысынан келіп шығатын жалпы өндіріс қарқынының төмендеуіне байланысты жұмыс күшінің босап қалуын айтуға болады. Жұмысқа қабілетті халықты жұмыспен қамту жоспарлы экономиканың негізгі мәселелерінің бірі. Жұмысынан айрылған және жұмысқа орналасуға дайын қоғам мүшесі мемлекеттік қолдауға сенім артатыны белгілі.