Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 07:31, диссертация
Жалпы нарықтық экономика элементтерінің бірі ретіндегі еңбек нарығының маңызды объектілерінің бірі жұмыссыздық болып табылады. Қазақстандағы жұмыссыздықтың туындауының негізгі факторы ретінде тәуелсіздік алғаннан кейінгі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйесінің дағдарысынан келіп шығатын жалпы өндіріс қарқынының төмендеуіне байланысты жұмыс күшінің босап қалуын айтуға болады. Жұмысқа қабілетті халықты жұмыспен қамту жоспарлы экономиканың негізгі мәселелерінің бірі. Жұмысынан айрылған және жұмысқа орналасуға дайын қоғам мүшесі мемлекеттік қолдауға сенім артатыны белгілі.
Қорғауға шығарылатын диссертацияның негізгі тұстары:
Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжірибелік маңызы жасалған есептілік саясаты мен оның негізгі элементтерін пайдаланумен анықталады, шығындарды талдау мен бақылауда қолданылатын есептілік формалары, есептілік ақпараттарын өңдеу технологиялары, еңбек нарығының дамуы мен жалпы Қазақстандағы жұмыспен қамту саясатын жетілдірудің бағыттарын таңдау жағдайындағы бюджеттік қаржыларды барынша тиімді басқаруда пайдалануға болады. Қорытындылар мен ұсыныстар халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің қызметінде, сонымен қатар, жоғары оқу орындарының оқу процессінде студенттер мен практикалық қызметкерлерді даярлау үшін қолданылуы мүмкін.
Диссертациялық жұмыстың ғылыми зерттеу жоспарларымен байланысы. Диссертациялық жұмыс Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ғылыми-зерттеу бағдарламаларына сәйкес орындалды.
Зерттеу нәтижелерінің сынақтан өткізілуі және тәжірибелік қолданылуы. Диссертацияның негізгі қорытындылары халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда: «ХХІІ Халықаралық Плеханов оқулары» (Москва, 2008), «ХХI ғасырдағы жоғары кәсіби білімді мамандарды дайындаудағы мәселелер: өткені, бүгінгісі, болашағы» (Шымкент, 2009), «Оқу үрдісінде жаңа инновациялық технологияларды қолданудың мәселелері» (Шымкент, 2009), «Қазақстан экономикасының индустриалды-инновациялық даму механизмін жетілдірудің өзекті мәселелері» (Түркістан, 2010) баяндалып, осы конференциялар еңбектерінің жинақтарында жарық көрді.
Диссертацияда берілген теориялық тұжырымдамалар мен әдістемелік ұсыныстар Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Шымкент қалалық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметтерінде және Шымкент университеті «Экономика» институтының, Шымкент әлеуметтік-педагогикалық университетінің оқу үрдістерінде «Еңбек нарығының экономикасы», «Бухгалтерлік есеп және аудит», «Мемлекеттік мекемелердегі есеп және есептілік», «Қаржылық және басқарушылық талдау» пәндерінен оқу-әдістемелік кешендер дайындауда пайдаланылды.
Зерттеу нәтижелерінің жарияланымы. Диссертацияның тақырыбы бойынша жалпы көлемі 3,9 баспа табақ болатын 10 ғылыми еңбек жарияланған, олардың ішінде 6 мақалалар ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті ұсынған басылымдарда шығарылған.
Жұмыстың
көлемі мен құрылымы. Диссертация кіріспе,
үш бөлімнен, қорытынды, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады
және 24 кесте, 35 суретті қамтиды.
Жұмыстың негізгі мазмұны
Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебі мен есептілігінің теориялық-әдістемелік негіздері. Жұмыспен қамту саласындағы мәселелер тек әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің нәтижесі емес, сонымен бірге келешектегі реформалардың бағыты мен динамикасын анықтайтын қуатты факторлар болып табылады. Нарықтық қатынастардың қазіргі кезеңінде экономиканың барлық салаларындағы түбегейлі өзгерістер әсері халықты жұмыспен қамтуға байланысты жаңа көзқарастарды дер кезінде ойластыруды және соған қатысты тиімді мемлекеттік саясатты жүргізуді талап етеді. Cондықтан, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық қатынастардың трансформациялану кезеңінде жұмыспен қамту мәселесін, оны реттеудің мақсаты мен бағыттарын анықтау үшін дер кезінде қайта қарау өте маңызды.
Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің қызмет етуі, құрылымы, шұғыл және бухгалтерлік есебін жетілдіру мәселелерін экономикалық ғылымдағы негізгі категориялар мен түсініктермен қатар зерттелуі тиіс. Осыған орай зерттеуді «еңбек нарығы», «жұмыспен қамту» және «жұмыссыздық» ұғымдарынан бастау қажет.
Еңбек нарығы – жұмысшылар мен жұмыс орындарының саны арасындағы қатынасты реттейтін механизм. Бұл жұмыс күшінің бірқалыпты ұдайы өндірісін және еңбекті тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік, соның ішінде құқықтық институттар жүйесі болып табылады.
Еңбек
нарығының құрылымы деп оның құрамына
кіретін барлық элементтер арасындағы
байланыстар мен өзара
Еңбек нарығының құрылуы, қалыптасуы және дамуы 1-ші суретте көрсетілгендей бірқатар факторларға байланысты болады.
Сурет
1 – Еңбек нарығының қалыптасуына әсер
етуші факторлар
Ескерту
- Әдебиеттерді талдау негізінде автор
құрастырған
Нарықтық реформалар жұмыспен қамту сферасына жеткілікті деңгейде әсер етпейді, яғни ол мынадай нарықтық емес белгілерін сақтап қалды: жасырын жұмыссыздық түріндегі еңбектің артықшылығы және еңбек потенциалын жұмысшы күшінің бағасын жасанды түрде төмендете отырып, тиімсіз пайдалану.
Бүгінгі таңда Қазақстанда және оның аймақтарында жұмыспен қамту мәселелерінің өзекті аспектілері болып отырғандар: инженерлік-техникалық мамандықтарға қажеттіліктің және өндірістік сфера, ғылым, өнеркәсіптің ғылыми салаларында жұмыспен қамтылғандардың қысқаруына алып келген, персоналдардың салалық және кәсіби-біліктілік құрылымының деформациясы; экономиканың көлеңкелі және қылмысты салаларында ресми емес жұмыспен қамтылғандардың көбеюіне алып келетін жұмыспен қамтудың жаңаша емес формаларының кеңінен таралуы.
Жұмыспен қамту еңбек ақы, жалақы немесе қандай да бір табыс түрін алу мақсатында жұмыс істейтіндердің санымен сипатталады. Оны тек еңбектің жалақыға айырбасталуымен түсіндірілетін нарықтық келісім ғана емес, өмір сүру қалпын ұзақ уақытқа, кейде түбегейлі өзгертуге алып келуші ретінде де қарастыру керек.
Сондықтан, біз жұмыспен қамтудың арнайы түрлерінің сипаттамасын 2-ші суретте ұсынып отырмыз.
Сурет 2 – Жұмыспен қамтудың арнайы түрлері
Ескерту
- Автор
құрастырған
Жұмыспен қамтудың жеткіліксіздігінің салдары жұмыссыздық болып табылады. Қазақстан Республикасының азаматына жұмыссыздық құқығы келесі шарттарды сақтаған жағдайда ғана беріледі (сурет 3):
Сурет
3 – ҚР азаматына жұмыссыздық санатын
беру шарттары
Ескерту
- Әдебиеттер
мен нормативтік актілер негізінде автор
жасаған
Экономикаға жұмыссыздықтың теріс әсерін сипаттау үшін жұмыссыздықтан болған жоғалтуларды анықтау өте маңызды. Біріншіден, бұл қаржылық жоғалтулар, себебі, мемлекет әрекет етуші еңбек туралы заңға сәйкес жұмыссыздарға жәрдемақы төлеуге міндетті. Екіншіден, жұмыссыздардың өндіріске қатыспауынан, ешнәрсе өндірмегендіктерінен, мемлекет ұлттық өнім мен ұлттық табыстың белгілі бір бөлігін жоғалтады.
Бірінші түрдегі жоғалтулардың көлемін жұмыссыздығы бойынша төленген жәрдемақылардың сомасы ретінде анықтауға болады. Екінші түрдегі жоғалтулардың шамасын жұмыссыздардың жылдық орташа санын жұмыспен қамтылған бір адамның жылдық орташа өнімділігіне (ұлттық табыс немесе өнім бойынша алынған) көбейту арқылы есептеуге болады.
Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі есеп пен есептілік бюджеттің орындалуын бақылаушы құрал бола тұра, ұлттық табысты кеңейтілген ұдайы өндіріс мақсаттарына тиімді бөлуге және халық шаруашылығындағы салалардың дамуына қажетті қатынасты сақтауға, бекітілген мемлекеттік бюджетті дәл орындауға ықпал етеді.
Біздің ойымызша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есептің негізгі функциялары: бақылаушы, ақпараттық, талдаушы болып табылады.
Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік мекемелеріндегі бухгалтерлік есеп жүйесін реформалаудағы қойылатын талап: біріншіден, жұмыспен қамтудың мемлекеттік мекемелеріндегі жұмыссыздарды шұғыл есепке алу жүйесі оларды есепке алу және бақылаудың мемлекеттік жүйесінің жалпы талаптарына сәйкес келуі тиіс; екіншіден, халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік мекемелеріндегі тіркелген жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау жөніндегі іс-шаралардың сметасын жүзеге асыруға байланысты шығындарды бухгалтерлік есепте соған сәйкестендіре көрсету тиіс; үшіншіден, бюджеттік қаржыларды мақсатты пайдалануды бақылау жүргізу. Бұл өз кезегінде бухгалтерлік есептіліктің формаларын ары қарай жетілдіруге мүмкіндік береді.
Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарындағы бухгалтерлік есептің маңызды мәселелері еңбек ақы қорын жұмсаудың есебі мен бақылауы және өз мерзімінде баланс пен есептілікті құру болып табылады. Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарындағы бухгалтерлік есептің дұрыс қойылуы шығындар сметасын дәл құрастыруға және сонымен қатар, материалды, еңбек, қаржы ресурстарын пайдалану бойынша жаратылмай қалған ішкі резервтерді анықтауға мүмкіндік береді.
Шығындар сметасының орындалуының бухгалтерлік есебі мемориалды-ордерлік, журналды-ордерлік және «Бас-журнал» кітабы формалары бойынша жүргізіледі. Сол себепті, оларды ХҚЕС-на сәйкестендіру қажет, яғни, мемлекеттік мекемелерде 1С:Бухгалтерия бағдарламасының жаңа 8.1 нұсқасын ендіру көп еңбекті қажет ететін мәселелерді шешуге, ақпараттарды жалпы жүйелік автоматтандырылған түрде өңдеуге, шығындар сметасын орындауға мүмкіндік береді.
ҚР-да ХҚЕС-на өтуге байланысты бухгалтерлік есеп қаржылық және басқарушылық болып екіге бөлінеді. Қаржылық есеп жүйесінде мемлекеттік мекемелердің шығындары туралы ақпараттар қалыптасады.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру бойынша мемлекеттік мекемесімен көрсетілетін қызметтер туралы ақпараттар шаруашылық есеп жүйесінде қалыптасады. Шаруашылық есеп жүйесі шұғыл, бухгалтерлік, статистикалық есептерден құралады.
Халықты
жұмыспен қамту қызметіндегі шұғыл есеп
жеке шаруашылық процесстер, операциялар
мен құбылыстарды олардың орындалу барысын
тікелей басқару мақсатында жүргізілетін
бақылау мен байқау жүйесі болып табылады.
Оның негізгі функциясы 4-суретте ұсынылып
отыр. Осы функцияларды орындау арқылы
шұғыл есеп мемлекеттік мекемелердің
қызметін шұғыл басқару мен реттеудің
мақсаты мен міндеттеріне жауап беретін
өзіндік жүйесін қалыптастыруға болады.
Сурет 4
– ХҚЕС жағдайындағы халықты жұмыспен
қамтудың мемлекеттік қызметіндегі
шұғыл есептің функциялары
Ескерту
– Нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде
автор құрастырған
Шұғыл
және бухгалтерлік есептің мазмұны оның
объектісі мен есептік-аналитикалық функцияларының
мақсатына қарай анықталатын міндеттердің
кешені арқылы ашылады (1-кесте).
Кесте 1 –
ХЖҚММ-дегі бухгалтерлік және шұғыл есеп
міндеттерінің тізімі
|