Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп және есептілік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 07:31, диссертация

Описание работы

Жалпы нарықтық экономика элементтерінің бірі ретіндегі еңбек нарығының маңызды объектілерінің бірі жұмыссыздық болып табылады. Қазақстандағы жұмыссыздықтың туындауының негізгі факторы ретінде тәуелсіздік алғаннан кейінгі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйесінің дағдарысынан келіп шығатын жалпы өндіріс қарқынының төмендеуіне байланысты жұмыс күшінің босап қалуын айтуға болады. Жұмысқа қабілетті халықты жұмыспен қамту жоспарлы экономиканың негізгі мәселелерінің бірі. Жұмысынан айрылған және жұмысқа орналасуға дайын қоғам мүшесі мемлекеттік қолдауға сенім артатыны белгілі.

Работа содержит 1 файл

Sadikbekova.doc

— 399.00 Кб (Скачать)
 

    Аудиттің ақпараттық базасы ретінде жылдық немесе егер есептілік саясатымен қарастырылған болса, онда тоқсандық есептер, есептілік регистрлері (тіркеушілер), басты кітап, журнал-ордер, айналымдық тізбелер (ведомость), есептеулер, қосымшалар және бірінші ретті құжаттар қолданылады.

    Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік  мекемелердің жетекшілері есептілік  саясатының дұрыстығына, ішкі бақылау  жүйесіне және қаржылық есептілікке  жауапты болады.

    Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелер жұмысының тиімділігін талдау мен кәсіби аудит мәселелерінің жеткілікті деңгейде орындалмағандығы әрекеттегіні нақтылауды ғана емес, оны ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін жасауды талап етеді.

    Мемлекеттік мекемелердегі аудиторлық қызмет келесі ережелер бойынша әрекет етеді (сурет 9). 

    Аудиторлық қызметті жүргізудің ережелері
 
    Аудит жүргізу барысында аудитор мен  әкімшілік арасында көзқарастардың қайшылықтарына жол бермеу ұйғарылады.
    Қаржылық  есептілік пен құжаттар дәл емес мәліметтерді көрсетпеуі тиіс немесе жасырмауы тиіс.
    Қаржылық  есептіліктің объективтілік деңгейі  ішкі бақылаудың тиімділігіне байланысты анықталады.
    Қаржылық  есептілік оны құрудың концептуалды талаптарына сәйкес құрылуы қажет.
    Қаржылық  есептілікті бекіте отырып, аудитор  ұйымның кем дегенде тағы бір  жыл, яғни келесі аудитке дейін (әрекет етуші кәсіпорын принципі бойынша) қызмет ететіндігін ұйғаруы тиіс.
    Аудитордың  қорытындысы оның құзіреттілігіне (біліктілігіне) байланысты болады.
    Аудитор мен оның көмекшісінің(ассистентінің) жұмыс көлемі айтарлықтай өзгеше болуы керек.
    Қаржылық  есептілік мәліметтерінің пайдалылығы  оның тексеру дәрежесіне тікелей  байланысты.
 

Сурет 9 – Мемлекеттік мекемелердегі аудиторлық қызметтің ережелері 

    Ескерту - Әдебиеттер көздері мен нормативтік-құқықтық актілер негізінде

автор құрастырған 

    Аудиторлармен жүргізілетін қаржылық есептілікті тексеру аудиторлық қызметтердің басымдылықтарын түсіндіру жұмыстарын орындауға бағытталған. Бұл бухгалтерлік есепті жүргізу мен қаржылық есептілікті құрудың дұрыстығына ыңғай жасайды.

    Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі шұғыл және бухгалтерлік есеп пен есептілікті ұйымдастыруды жетілдіру. Бюджеттік қаржылардың дұрыс пайдаланылуын тексерудің мақсаты нормативтік-құқықтық актілер талаптарының негізінде бухгалтерлік есепті жүргізу әдістемесінің сақталуын тексеру болып табылады. Оның негізгі міндеттері 10-суретте жүйеленіп, көрсетілген.

      
 

        1) Шығындардың заңдылығын және мақсаттылығын қамтамасыз ету;
        2) Мақсатты жұмсауға сәйкес бюджет қаржыларын үнемді пайдалануды қамтамасыз ету;
        3) Бюджеттік ұйымның кассалық және нақты шығындарын дұрыс құжаттық рәсімдеуді қамтамасыз ету;
        4) Олардың бухгалтерлік есеп пен есептілікті дұрыс көрсетілуін қамтамасыз ету.
 

Сурет 10 – Бюджеттік қаржыларды мақсатты пайдалануды тексеру міндеттері 

    Ескерту - Автор құрастырған

    Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік  мекемелердегі есеп-қисап бөлімін орталықтандырудың мақсаты – мекемелердің қаржы-шаруашылық қызметінің шығындарын қысқарту, ресурстарды шоғырландыру, сонымен қатар қаржылық және шаруашылық мәселелер бойынша шешімдерді қабылдау жеделдігін жоғарылату.

    Аталған қызметтерді негіздеу орталықтандырылған есеп-қисаптың бірқатар артықшылықтарын  анықтайды (11-сурет). 

    Артықшылықтары   1) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау  министрлігімен Департаментке бюджеттік қаржыларды бөлу кезінде құжат айналымының қысқаруы
     
       
      2) бухгалтерлердің  штаттық санының қысқаруы (еңбек  ақы шығындарының) және аса білікті  мамандардың іріктеп алу мүмкіндігі. Орталықтандыру жағдайында есеп-қисап  жұмысының еңбек сиымдылықты учаскесі – жұмыссыздармен және еңбек ақы бойынша есеп айырысулар орталықтандырылады
     
       
      3) барлық  Орталықтар бойынша бухгалтерлік  есепті жүргізудің әдістемелік  бірлігі 
     
       
      4) заң  бұзушылықтар мен орындардағы  қызмет бабын пайдалануды дер кезінде анықтауды және жоюды шұғыл бақылау
     
 
 

Сурет 11 - Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасындағы орталықтандырылған бухгалтерлік есептің артықшылықтары 

    Ескерту - Автор құрастырған 

    12-ші суретте біз ұсынған орталықтандырылған есеп-қисап бөлімінің құрылымы келтірілген.

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет 12 – ОҚО ЖҚҮӘБ Басқармасындағы орталықтандырылған есеп-қисап бөлімінің ұсынылған құрылымы 

     Ескерту -  Автор құрастырған 

    Нарықтық  экономика және еңбек нарығының  дамуы жағдайында халыққа қызмет көрсетуді жаңа сапалы деңгейге шығаруға мүмкіндік беретін еңбекпен қамтуды қаржылық қамтамасыз етудің оңтайлы үлгісін іздеу маңызды мәселелердің біріне айналып отыр. Осы мәселені шешу, біздің пікірімізше, сақтандыру ісін ұйымдастыруға және жетілдіруге байланысты. Мәжбүрленген жұмыссыздықтың қауіптері мен салдарынан халықты сенімді әлеуметтік қорғау үшін еңбек нарығына сәйкес келетін әлеуметтік сақтандыру жүйесін белгілеу жөн деп есептейміз.

    Жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру жүйесін құру еңбек қатынастарын реформалаудың, тиімді еңбекпен қамтуға өтудің және орталықтандырылған еңбек нарығын қалыптастырудың қажетті шарты болып отыр.

    Жұмыспен  қамтуға бөлінген бюджеттік қаржыларды, бірінші кезекте, еңбек нарығындағы қайта құруларға, жұмысшылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жүргізілетін іс-шараларға және олардың жастарға, мүгедектерге, дағдарысты аймақтардағы жұмыссыздықпен күресуге арналған арнайы, әлеуметтік маңызды бағдарламаларға қатысуға жұмсау ақталатыны анық. Бұл қорытындыны біз 2007-2008 жж. ОҚО еңбекпен қамтудың белсенді саясатының іс-шараларына жұмсалған қаржыларды талдай келе жасадық.

    Жұмыссыздықты әлеуметтік қамсыздандыру қаржыларының түсу, жұмсау операциялары және бюджеттік шығындарды жыл соңында жабу бойынша ұсынылған бухгалтерлік жазбалар 4-кестеде келтірілген. 

Кесте 4 – ХЖҚММ-нің ақша қаражаттарымен жүргізілетін операциялардың бухгалтерлік өткізбелерінің ұсынылған сызбасы 

№ р/р Шаруашылық  операциялардың мазмұны

    Шоттардың корреспонденциясы

    Дебет

    Кредит

1 2

    3

    4

1. 
Ақша қаражаттарының түсуі 100 «Міндеттемелерді қабыл-дау бойынша мемлекеттік мекеменің рұқсаттамасы» 140 «Мекеме шығындарын және басқа да іс-шараларды қаржылан-дыру бойынша есеп айырысулар»
2. Еңбекпен қамту  сала-сында белсенді саясатты жүзеге асырумен байла-нысты шығындарды есептеу: - оқытушыларға еңбек ақы есептеу; 200 «Бекітілген қаржыландыру жоспары шегінде мемлекеттік мекемені ұстауға бөлінетін бюджет бойынша шығындар» 180 «Жұмысшылар мен қызметкерлермен есеп айырысулар» 
 
- еңбек ақы қорынан әлеуметтік салықты есептеу; 
200 «Бекітілген  қаржылан-дыру жоспары шегінде мемлекеттік мекемені ұстауға бөлінетін бюджет бойынша шығындар 195 «Мемлекеттік  сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік  төлем-дер бойынша есеп айырысулар»,

198  «Жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті жарналар бойынша есеп айырысулар»

- оқушыларға стипендияларды есептеу; 200 «Бекітілген  қаржылан-дыру жоспары шегінде мемлекеттік мекемені ұстауға бөлінетін бюджет бойынша шығындар» 181 «Стипендиаттармен есеп айырысулар» 
 
  -элект қуаты,  коммуналдық және басқа қызметтер  үшін төлемдерді есептеу 200 «Бекітілген  қаржыландыру жоспары шегінде  мемлекеттік мекемені ұстауға  бөлінетін бюджет бойынша шығындар» 178 «Бекітілген  қаржыландыру жоспары шегінде  басқа да дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар»
3. Бюджеттік жылдың аяғында нақты шығындарды есептен  шығару (субшоттарды жылдың соңында  жабу) 140 «Мекеме шығындарын  және басқа да іс-шараларды  қаржыландыру бойынша есеп айырысулар» 200 «Бекітілген  қаржыландыру жоспары шегінде мемлекеттік мекемені ұстауға бөлінетін бюджет бойынша шығындар»
   Ескерту - Зерттеу нәтижелерінің негізінде  автор жасаған
 

    Келесі  бағыт, біздің пікірімізше, экономикалық жіктеме баптарын зерттеу және талдау болып табылады. Осы зерттеуді  жүргізу барысында оның жекелеген баптары нақтылауды және қайта өңдеуді қажет етеді деген қорытындыға келдік.

    159 сыныптама ерекшелігінің шығындарын  толық талдау, біздің пікірімізше,  бюджеттік ресурстарды пайдалану  тиімділігін жоғарылатудың жасырын  резервтерін анықтауы тиіс. Сондықтан 159 «Өзге де ағымдағы шығындар» сыныптама ерекшелігін шығындарды топтастыру жолымен нақтылап, оларға жеке код берген жөн (кесте 5). 

Кесте 5 – Бюджет шығыстарының экономикалық жіктемесіндегі жұмыспен қамту іс-шараларына жұмсалатын шығындарды көрсетудің ұсынылған нұсқасы 
 

Шоттың  шифры Баптардың аталуы Сыныптама

шифры

159

Өзге  де ағымдағы шығындар

- бос орындардың жәрмеңкелері мен оқу орындарын ұйымдастыру 159.041
- еңбек нарығындағы жағдай туралы халық пен жұмыс берушілерді хабардар ету 159.042
- қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру 159.043     
- әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж  жұмыссыз азаматтарды уақытша  жұмысқа орналасуын ұйымдастыру 159.044
- 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерді уақытша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру 159.045
- жұмыссыз азаматтардың еңбек нарығында әлеуметтік бейімделуі 159.046
- халықтың өз бетінше жұмыспен қамтылуына ықпал ету 159.047
- жұмыссыз азаматтарды кәсіби оқыту 159.048
- кәсіби бағыт беру 159.049
    Ескерту - Автор құрастырған
 

    №6 «Түрлі ұйымдармен аванстық төлемдер тәртібімен есеп айырысулардың жинақтаушы тізбесі» мемориалдық ордерінде  жұмыссыз азаматтарды қайта оқыту, бос орындар жәрмеңкесін өткізу, қоғамдық жұмыстарды, жазғы каникул  кезеңінде кәмелетке толмаған азаматтар  үшін уақытша жұмыстарды ұйымдастыру және т.б. бойынша есеп айырысулар туралы ақпарат көрсетіледі.

    Сонымен қатар осы регистрде жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекеменің коммуналдық қызметтері мен сатып алынған шаруашылық материалдарының есебі жүргізіледі. Бір айға құрастырылған №6 мемориалдық ордер көлемді болып келеді, сондықтан жекелеген есеп айырысулардың түрлері бойынша қарыз сомасын анықтау қиын.

    Мемлекеттік мекеменің жұмысын, талдамалы есепті ұйымдастыруды ыңғайлы ету, есептерді құрастыру және қарыздарды уақытылы төлеу жөніндегі шешімдерді қабылдау  үшін  жоғарыда аталған есеп айырысуларды жекелеген субшоттарға бөлу жөн деп есептейміз. Ол үшін әр есеп айырысудың түріне нақты субшоттарды және атауларын белгілеу қажет. Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында, басқа да бюджеттік мекемелердегідей, бухгалтерлік есеп субшоттар бойынша жүргізіледі. Екі таңбадан тұратын субшот кодын ұсынамыз, мұндағы екінші сан тұрақты болып, шоттардың типтік жоспарындағы номіріне сәйкес келуі тиіс. Ұсынылған нұсқада бұл «8» саны. Бірінші сан – дебиторлардың немесе кредиторлардың топтары бойынша есеп айырысулар. Осы жағдайда типтік нөмірлену бұзылмайды (кесте 6). 

Кесте 6 – Синтетикалық шоттардың және өзгеде дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысулар бойынша субшоттардың ұсынылған атаулары  

Синтетикалық  шоттың аталуы Шоттың шифры Субшоттың аталуы мен номері Субшоттың жаңа шифры
 

Басқа да кредиторлармен және дебиторлар-мен есеп айырысулар

 
178
0 – еңбекпен қамту қызметін ұстау шығындары бойынша ұйымдармен есеп айырысулар; 178.08
I – бос орындар жәрмеңкелері мен оқу орындарын ұйымдастыру бойынша шығындар; 178.18
2 - еңбек нарығындағы жағдай туралы  халық пен жұмыс берушілерді  хабардар ету бойынша ұйымдармен  есеп айырысулар; 178.28
3 - қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру бойынша есеп айырысулар; 178.38
4- әлеуметтік қорғауға аса мұқтаж жұмыссыз азаматтарды уақытша жұмысқа орналасуын ұйымдастыру бойынша есеп айырысулар; 178.48
5 - 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспірімдерді уақытша жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру бойынша есеп айырысулар; 178.58
8 – жұмыссыз азаматтарды оқыту бойынша оқу орындарымен есеп айырысулар; 178.88
9 – жұмыссыз азаматтарға кәсіби бағыт беру бойынша есеп айырысулар. 178.98
    Ескерту - Зерттеу  нәтижелері негізінде автор жасаған

Информация о работе Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп және есептілік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру