Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп және есептілік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Декабря 2011 в 07:31, диссертация

Описание работы

Жалпы нарықтық экономика элементтерінің бірі ретіндегі еңбек нарығының маңызды объектілерінің бірі жұмыссыздық болып табылады. Қазақстандағы жұмыссыздықтың туындауының негізгі факторы ретінде тәуелсіздік алғаннан кейінгі қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси жүйесінің дағдарысынан келіп шығатын жалпы өндіріс қарқынының төмендеуіне байланысты жұмыс күшінің босап қалуын айтуға болады. Жұмысқа қабілетті халықты жұмыспен қамту жоспарлы экономиканың негізгі мәселелерінің бірі. Жұмысынан айрылған және жұмысқа орналасуға дайын қоғам мүшесі мемлекеттік қолдауға сенім артатыны белгілі.

Работа содержит 1 файл

Sadikbekova.doc

— 399.00 Кб (Скачать)
 
 

1-ші кестенің  жалғасы

Міндеттер кешені Міндеттері
Ақша  аударымы бойынша есеп айырысулардың есебі еңбек ақы төлемі бойынша персоналдармен есеп айырысудың есебі; салықтар бойынша бюджетпен  есеп айырысудың есебі; бірыңғай әлеуметтік салықтар бойынша есеп айырысулардың есебі; жәрдемақылар бойынша жұмыссыздармен есеп айырысулардың есебі; шәкіртақылар бойынша жұмыссыздармен есеп айырысулардың есебі; мерзімінен бұрын тағайындалатын зейнетақылар бойынша зейнетақы қорларымен есеп айырысулардың есебі.
Жұмыспен  қамту бөлімін ұстау үшін шығындардың  есебі аударулары  бойынша еңбек ақы төлемдері  шығындарының есебі; құрал-жабдықтар мен инвентарь алу шығындарының есебі; жалға алу, мекемені ұстау және қызмет көрсетулер шығындарының есебі; іс-сапарлар шығындарының есебі; басқа да шығындардың есебі.
    Ескерту – Автор  құрастырған
 

          Шұғыл есептің объектілері жұмыспен қамту қызметінің құрылымы мен тағайындалуына байланысты болады. Сондықтан, сәйкес деңгейдегі жұмыспен қамту қызметінің шұғылк есебі мен талдауының міндеттерінің жиынтығын екі топқа бөлуге болады: халықты жұмыспен қамту қызметтерін ұйымдастырушы аспектілерінің шұғыл есебі мен талдауы; халықты жұмыспен қамту қызметінің әрекет етуінің шұғыл есебі мен талдауы.

    Демек, зерттеу нәтижесі мемлекеттік мекемелердегі  бухгалтерлік есептің төмендегідей өзіндік ерекшеліктері болатындығын көрсетеді (сурет 5).

Арнайы ерекшеліктер   Мемлекеттік мекемелер  мен ұйымдардың ұйымдық-қызметтік  ерекшеліктері;
  Бюджеттік жіктеменің баптары бойынша бухгалтерлік есеп;
  Шығындар сметасының есебі мен оның орындалуын бақылау;
  Бюджеттің орындалуының қазынашылық жүйесі;
  Бухгалтерлік есептегі кассалық және нақты шығындардың бөлінуі.
 

Сурет  5 - Мемлекеттік мекемелер мен  ұйымдардағы бухгалтерлік есеп пен  бақылауды ұйымдастырудың арнайы ерекшеліктері 

    Ескерту – Автор құрастырған 

    Мемлекеттік мекемелер үшін 1С:Бухгалтерия 8.1.бағдарламасының негізінде бухгалтерлік есептің заманауи формасына өтудің объективті қажеттілігі осы бағдарламаның барлық мүмкіндігі бойынша алдыңғы қатарлы технологияларды енгізумен түсіндіріледі. Бұл бағдарлама мәліметтер базасындағы интернет-қорда жүзеге асырылады. Егер белгіленген бағдарлама  онлайн-тәртіпте жұмыс істейтін болса, онда мемлекеттік мекемелердің ақпараттарға қызығушы субъектілері қажетті мәліметтерді өз уақытында тікелей алуына болады.

    Қазақстандағы мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің алғаш рет заң жүзінде рәсімделуі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңында жүзеге асырылды. Тұжырымдамалық жоспардағы аса елеулі құбылыс болып мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің барлық деңгейлеріндегі бағдарламалық-мақсатты негіздердің орнығуы табылады. Жұмыспен қамту туралы заңдылық, кейіннен халықты жұмыспен қамту мемлекеттік қызметінің Департаменті туралы ережелер мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтеріне халықты жұмыспен қамту жөніндегі мемлекеттік саясатты әзірлеу және жүзеге асыру міндеттерін жүктейді. Ғылыми әдебиеттер мен мемлекеттік бюджеттік мекемелердің іс-әрекетін нормативті-құқықтық реттеу жүйесін талдай отырып,   халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухггалтерлік есепті құқықтық реттеудің 4 деңгейін ұсынамыз (сурет 6).

    

        4-деңгейі: Ұйымдастырушылық
    Қабылдануы  Ережемен қарастырылған бюджеттік  мекемелердің жұмыс құжаттары
          3-деңгейі:

      Әдістемелік

    ҚР бірыңғай бюджеттік жіктемені құрудың  тәртібі, Республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі активтер, материалдық запас, ақша, есептесулер мен баланстың басқа да баптарына инвентаризация жүргізудің тәртібі туралы ереже
      2-деңгейі: 

      Нормативтік

    Мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп бойынша  Ереже, «Мемлекеттік ұйымдардағы жылдық, тоқсандық, айлық бухгалтерлік есептіліктің ережесін бекіту тралы»
    1-деңгейі:

    Құқықтық

    ҚР Бюджет Кодексі, «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңы, «Халықты жұмыспен қамту туралы» ҚР Заңы және басқа да ҚР Заңдары, ҚР Президентінің  Жарлықтары, Қр Үкіметінің қаулылары
 
 

Сурет 6 – ХЖҚММ -дегі бухгалтерлік есепті нормативті-құқықтық реттеу деңгейлері

    Ескерту - Автор құрастырған 

    Еңбек нарығы мен халықты  жұмыспен қамтуды  бағалау және оның жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп пен ішкі аудитті ұйымдастыруға әсері. Бухгалтерлік есеп жүйесіндегі көрсеткіштер мен мәліметтерді қалыптастырудың мәселелерін анықтау үшін халықты жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бойынша мемлекеттік мекемелер іс-әрекетін экономикалық талдау арқылы Оңтүстік Қазақстан облысының еңбек нарығындағы жұмыспен қамту мен жұмыссыздықтың жағдайын бағалап алған дұрыс.

    Біздің  ойымызша, зерттеу объектісіне қатысты  еңбек нарығында қызмет көрсетумен байланысты болатын жұмыспен қамту  органының іс-әрекеті экономикалық талдаудың пәні болып табылады.

    Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердің шаруашылық іс-әрекетін экономикалық талдауда қолданылатын бағалаудың негізгі көрсеткіштеріне талданатын мәндердің базистік мәндерден салыстырмалы және абсолютті ауытқулары, өсуі және өсімінің қарқындары жатады. Бұл көрсеткіштер жалпы құрылым мен оның жеке элементтерін бағалауға мүмкіндік беретін өзгерістер динамикасын, үлес салмағын сипаттайды. Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша еңбек нарығын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер 2-кестеде келтірілген.

    Жалпы республика бойынша және ОҚО-да жұмыссыздықтың өзгеруінің динамикасы оның деңгейінің жылдан-жылға төмендеуін көрсетеді. 2008 жылы халықты талдап, зерттеу мәліметтері бойынша облыстағы жұмыссыз халқытың

саны 74,0 мың адамды құраса, оның ішінде 51,1% - ауыл халқы.

Кесте 2 - 2006-2008 жж. аралығында ОҚО бойынша еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері 

Көрсеткіштер 2006 2007 2008 2008ж. 2006ж.-ға  %-бен
1 Жұмыссыздардың  жалпы саны  (адам) 75800 75000 74018 -2,35
  Оның ішінде:        
2
    -ерлер
32500 25700 30202 -7,07
3
    -әйелдер
43300 49300 43816 +1,19
4 Жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін әр түрлі бағдарламалар  бойынша бөлінген бюджет құралдарының сомасы (мың теңге) 231625,6 239319,9 269890,1 +16,52
5 Ақылы қоғамдық жұмысқа жіберілгендердің саны (адам) 9821 9706 10508 +6,9
6 Кәсіптік оқытуға  жіберілгендердің саны (адам) 1664 1654 1672 +0,5
  Мемлекеттік жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздар  саны (адам) 8166 7743 8800 +7,76
7 Жұмысшы күшіне вакансия (қажеттілік), бірлік 17474 17082 18055 +3,32
8 Талданатын  еңбек нарығының шиеленісушілігі  0,46 0,45 0,48 +4,34
   Ескерту - Кесте ОҚО ЖҚҮӘББ-нің есептік мәліметтері негізінде автор құрастырған
 

Жұмыссыздардың  жалпы санында 40,8% (30,2 мың адам) ерлер, 59,2% (43,8 мың адам) әйелдер құрайды. 2008 жылы жұмыссыздық деңгейі республика бойынша 7,3 %, ОҚО бойынша 6,6% құраған (сурет 7).

 

Сурет 7 – 2004-2008 жж. ОҚО бойынша жұмыссыздар саны мен жұмыссыздық деңгейі 

    Ескерту - Статистикалық ақпарат негізінде автор құрастырған 

    Суреттен  көрініп тұрғандай, облыс бойынша 2008 жылы 2004 жылмен салыстырғанда жұмыссыздықтың деңгейі 1,2%-ға төмендеген.

    Оңтүстік  Қазақстан облысы кәсіпорындарының күн көріс үшін күресі жастарды еңбек нарығына қадам жасауына алып келді. Жұмыссыздықты төмендету үшін қолданылған шараларға қарамастан жастарды жұмыспен қамту мәселесінің өзектілігі төмендемейді. Жастарға әрдайым кәсіби өмірдегі тұрақтанумен ұйғарылған кадрлардың неғұрлым жоғары ағымдылығы тән болған. Жас адамдардың мүмкіндіктері жұмыссыздардың басқа категорияларымен салыстырғанда олардың төмен бәсекелік қабілетінің салдарынан онсыз да шектеулі болып келеді.

    Халықты жұмыспен қамтудың мемлекеттік органдарында шығындарды есепке алу және есептілікті құрастыру смета көрсеткіштері бойынша жүргізіледі.

    Бюджет  бойынша нақты шығындарды есепке алу ҚР-ның бюджеттік жіктемесіндегі бюджет шығындарының бөлімдері, кіші бөлімдері, мақсатты баптары, спецификаның кодтары бойынша жүргізіледі және жалпы шығындар сметасының нақты орындалуын, жеке баптар бойынша шығындардың бекітілген мөлшерлерінің орындалуын да бақылауға мүмкіндік береді. Шығындар сметасын орындау барысындағы атқарылуға тиіс міндеттер 8-суретте көрсетілген. 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет 8 – Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі шығындар сметасын орындаудың міндеттері 

    Ескерту - Сурет әдебиет көздерінің негізінде  автор құрастырған  

    Нақты  шығындарды талдаушылық есепке алу  ҚР бюджеттік жіктемесінің бюджет шығындарын экономикалық топтастыру элементтері бойынша бөлу арқылы заттық баптар, кіші баптар бойынша Ф309 тізбесінің  2-ші бөлімінде жүргізіледі. Нақты шығындардың орнын толтыру ҚР-ның бюджеттік жіктемесінің шығындарының бұрын орын алған экономикалық шығындарының кодтары бойынша жүргізіледі. Ай соңындағы есеп жыл басында қайта қалпына келтірілген соманы шегеру арқылы есептеледі.

    294-ші  үлгідегі тізбенің 3-ші бөлімінің  мәліметтері кірістер мен шығыстар  сметасын орындау туралы есептің  «Кассалық шығындар» деп аталатын 6-шы бағанасын толтыру үшін алынады. 309-шы үлгідегі тізбенің  2-ші бөліміндегі мәліметтер кірістер мен шығыстар сметасының орындалуы туралы «Нақты шығындар» деп аталатын 7-ші бағанасын толтырудың негізі болып табылады.

    Кассалық  шығындар мекемеге сәйкес бюджеттен  бөлінген ақшалай құралдардың қозғалысын, ал нақты шығындар – оларды пайдаланудың толықтығын сипаттайды. Кассалық және нақты шығын арасындағы байланысты сипаттаған кезде ағымдағы бюджет жылында шаруашылық іс–әрекетті жүзеге асыру үшін мекеменің ақшалай құралдарға деген қажеттілігін қарастыратын бекітілген шығындар сметасына сәйкес бюджеттен ақша аудару іске асырылады.

    Қаржылық  есептілік аудитінің мақсаты  – қаржылық есептілікте көрсетілген  барлық ақпараттар оны құрудың негізі мен принциптеріне сәйкестігі туралы қорытынды алу үшін тексеру жүргізу екендігі белгілі.

    Аудитордың  есебі қаржылық есептіліктің дұрыстығының тәуелсіз куәлігі болып табылады. Аудиттің халықаралық стандарты  қаржылық есепті пайдаланушыларға түсінікті  болу үшін есептің құрылымы аудиторлық қорытындыларды нақтылайтындай бірыңғай болуының қажеттілігіне бағыттайды. Аудиторлық ұйымның жетекшісіне қаржылық есеп туралы ойын білдіретін аудиторлық есепті (қорытындыны) ұсынады.

    Кассалық  және нақты шығындарды есепке алу  жөніндегі бухгалтерлік өткізбелер 3-кестеде көрсетілген. 

Кесте 3 – ЖҚҮӘББ-дағы кассалық және нақты шығындарды есепке алудың бухгалтерлік өткізбелері 
 

    Кассалық  және нақты шығындарды бухгалтерлік есепте көрсету

п/п

    Операцияның мазмұны Субшоттардың корреспонденциясы
дебет кредит
    Кассалық  шығындар
1. Бюджетке аударылған ЖТС 173 091
2. Аударылған  әлеуметтік салық және әлеуметтік сақтандыру 159, 184 091
3. Зейнетақы салымы бойынша аударылған міндеттемелер 198 091
4. Материалдық құндылықтар, орындалған жұмыстар мен қызметтер  үшін төленген жабдықтаушылардың шоттары 178 091
5. Жұмыссыздық бойынша  жәрдемақылар мен аударылған алименттер 187 091
6. Чек бойынша  кассаға берілген ақшалай құралдар 120 091
7. Кіші есептің  кассалық шығындарының орнын толтыру  үшін жұмсалғаны 091 160
    Нақты шығындар
1. Көрсетілген қызмет, орындалған жұмыс, шығындалған  материалдар туралы ұсынылған құжаттар негізінде шығындарды көрсету 200 178, 060-
  067,069
   
2. Жұмысшыларға  еңбек ақы, жұмыссыздарға жәрдемақы  төлеу 200 180,191   
3. Есептелген  әлеуметтік салық пен әлеуметтік сақтандыру 200 159, 184
4. Зейнетақылық  жарналар бойынша міндеттемелерді  аудару міндеттемелер 200 198
5. Бюджет жылының  соңында шығындарды жою 140 200
    Ескерту - Нормативтік-құқықтық актілер мен заңдылықтар негізінде автор құрастырған

Информация о работе Халықты жұмыспен қамту бойынша мемлекеттік мекемелердегі бухгалтерлік есеп және есептілік жүйесін ұйымдастыруды жетілдіру