Дағдарысқа қарсы саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 22:18, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыста мемлекеттің дағдарыстан шығу жолдары қарастырылған

Работа содержит 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ (2).docx

— 236.49 Кб (Скачать)

Мемлекет үлестік құрылысты  аяқтау жөніндегі барлық шығындарды өз мойнына алды. «Жол картасы-2009»  бағдарламасын табысты іске асырудың арқасында ел өңірлерінде ТКШ-ны реконструкциялау жөнінде 862 жоба іске асырылып, 737 шақырым электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау желілері, 284 шақырым жылу трассасы, автожолдар, жүздеген мектептер мен ауруханалар, мәдениет пен спорт нысандары жөнделді.                                                                                               

 

 

 

 

 

 

Кесте 3.3

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына биылғы Жолдауында «…Үкіметке 2010 жылдан бастап өңірлердегі кәсіпкерлікті дамыту жөнінде бірыңғай бюджеттік бағдарлама енгізуді қамтамасыз етуді тапсырамын. Бұл бағдарламаның мақсаты – өңірлерде тұрақты жұмыс орындарын құру есебінен кәсіпкерліктің жаңа тобын, ең алдымен, шағын және орта бизнесті дамыту болмақ. «Бизнестің жол картасы-2020» кәсіпкерлік үшін де, банктер мен инвесторлар үшін де шикізаттық емес жобаларды қаржыландыру жөнінен жаңа мүмкіндіктер ашады», деп атап көрсеткен болатын. Бағдарламаның жалпы шарттарында несиенің ең жоғары сомасы 3 млрд. теңге (20 млн. АҚШ доллары) көлемінде белгіленді, ал субсидиялаудың ең көп мерзімі 3 жыл болмақ, содан кейін 10 жылға дейін ұзартылуы мүмкін. Субсидия бөлінетін несие жаңа өндірісті ұйымдастыруға және кеңейтуге және жаңартуға, соның ішінде жаңа жоба-ларға ғана бөлінеді. Жаңа несиелердің жеңілдік кезеңі бір жылдан кем болмауға тиіс. Сонымен қатар, жобаны жүзеге асыруға қатысуға өтінім беруші кемінде 15 пайыз көлемінде өз қаржысын жобаға салуы керек.

Бағдарламаға әлеуетті қатысушылар  екі топқа бөлініп отыр. Оның біріншісі  – экспорттық өнім шығаратын кәсіпорындар, олар өз өнімінің 10 пайыздан астамын  экспортқа шығаратын болуы тиіс. Екінші топқа ішкі сұранысқа ие кәсіпорындар кіреді. Бұлар – ішкі рынокқа  бағдарланған бәсекеге қабілетті кәсіпорындар; аймақтық жүйе құраушы кәсіпорындар, оның ішінде шағын және орта бизнес кәсіпорындары; индустрияландыру картасына  және ұлттық компаниялардың сатып алу  жобаларына қатысатын тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша қазақстандық үлесті арттыруға бағыт ұстаған кәсіпорындар.

«Бизнестің жол картасы-2020»  бағдарламасында металлургия, метал  өңдеу және машина жасау; химия және мұнай-химия өнеркәсібі; фармацевтика; құрылыс материалдары өндірісі; бидай  өсіруден басқа өнім түрлерімен айналысатын  агроөнеркәсіптік кешен; туризм, жеңіл  өнеркәсіп; сатудан, жылжымайтын мүлік  операцияларынан және тұрмыстық  қызметтен басқа кәсіппен шұғылданатын қызметтер салалары басымдықты секторлар  болып табылады. Бұл жобаға ірі  металлургиялық сектор кәсіпорындары қатыстырылмайды.

Бағдарламаны субсидиялау  мөлшері де прогрессивті шкаламен белгіленеді: атап айтқанда, егер кәсіпорын экспорты 10-нан 30 пайызға дейін болса, несие  сыйықысының 60 пайызына субсидия беріледі, ал егер экспорт көлемі 30-дан 40 пайызға  дейін жететін болса, онда несие  мөлшерлемесінің 70 пайызына, экспорт  көлемі 50 пайыздан асатын болса, несие  мөлшерлемесінің 90 пайызына субсидия беріледі.

Қазақстандық үлесті арттыруға  бағытталған кәсіпорындарға берілетін  субсидиялар мөлшері несие бойынша  банк сыйақысының 50 пайызын құрайды, ал егерде кәсіпорын экспорттаушылар  қатарына қосыла алмаса, несиелерді субсидиялау  мөлшері 20 пайызға дейін азайтылады. 
Жобаның негізгі бағыты инфрақұрылымға қосылған аймақтық өндірістік алаңдарды дамыту болмақ. Аймақтық үйлестіру кеңесінің шешімімен инфрақұрылым бөлек жүйеқұраушы кәсіпорынға өткізілуі мүмкін. Жобаның екінші бағыты – сервистік қолдау. Оған бизнесті жүргізу жөніндегі қызметтерді ұсыну (жұмыс процестеріне қызмет көрсету); консалтингтік және маркетингтік қызметтер; мемлекет пен кәсіпкерлердің өзара қарым-қатынастарындағы делдалдық, жеткізуші кәсіп-орындар мен тұтынушылардың мәліметтер базасын қалыптастыру сияқты жұмыс түрлері кіреді. Жергілікті атқарушы органдар сервистік қолдау жөніндегі операторларды, соның ішінде ашық конкурс өткізу ауқымында өздері дербес белгілейді.

Самұрық-Қазына»  Ұлттық әл-ауқат Қоры» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Қ. Келімбетов 9 ақпан күнгі  үкімет отырысында 2010 жылы Қор дағдарысқа қарсы бағдарламаны негізгі бес  бағыт бойынша жүзеге асыратынын мәлім етті. Оның екінші бағыты елдегі кәсіпкерлікке қолдау көрсету. Елбасы Жолдауына орай Қор биыл «Бизнестің жол картасы – 2020», «Инвестор – 2020», «Лизинг – 2020» және «Экспортер – 2020» бағдарламаларына белсенді атсалыспақ. Осының ішінде екінші дәрежелі банктердегі орта және шағын бизнестің несиелерін кепілдендіру, орта және шағын кәсіптің лизингтік мәмілелерін қаржыландырудың жеңілдетілген бағдарламасы қарастырылып отыр. Кез келген шағын және орта бизнес иесі банктен несие алу кезінде кепілге зат қоятыны анық. Алайда, қазіргі кезде елімізде жылжымайтын мүлік бағасы арзандап кеткені белгілі. Осыған байланысты банктер ол заттарды бағалауды да төмендеткендіктен, несие аларда қиыншылықтар туындап отыр. Кәсіпкердің сұрап отырған несие сомасын кепілге қойған дүниесі қамтамасыз етпей қалды. Сол себепті де, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры кәсіпкерлердің екінші деңгейлі банктерден алатын несиелерінің 50 пайызына дейін кепілдік беруді көздеп отыр. Қазір оның негізгі механизмдері талқылану үстінде. Мемлекет тарапынан берілген кепіл ақшамен пара-пар. Сондықтан, банктерге де бұл тұрғыда қауіп жоқ.

Дамыған елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, шағын және орта бизнесті қалыптастыру мен дамыту экономиканы  нығайту үшін қолайлы алғышарттар  жасайды. Алайда, алдымыздан көптеген қиындықтар кездеседі. Дәл қазіргі  таңда киім тігу жұмысымен айналысып  жүрген орталықтардың саны көбейіп  келеді. Солардың көбі шығарып жатқан бұйымдарының, яғни киімдерінің негізін  ұлттық киімдердің жобасымен тігеміз  дейді. Ал солардың шығарып жатқан өнімдерін  саралап, кімдікі дұрыс, кімдікі  бұрыс дейтін бір орталық жоқ. Біздің сарапшыларымыз – сатып алушылар ғана. Көрші мемлекеттерде өтіп жататын  көрме, жәрмеңке, фестивальдарға да әркім  өзі ізденіп, өз қаражатымен ғана бара алады. Шетел тұрмақ өзіміздің  отандық киім тігушілер бір-бірімізбен араласып, тәжірибе алмасып отырмаймыз. Міне, осындай ұшы-қиыры жоқ жұмыспен айналысатын бір орталық керек  сияқты. Әйтпесе, әркім өз қазанында  қайнап жатыр. «Ерке-Нұр» компаниясы қазақтың ұлттық киімдерінің жүздеген түрлерін дүниеге әкелді. Алайда отандық өнімді өндіру, оның ішінде ұлттық брендті  қалыптастыру үшін үкіметтен қолдау керек. Қаржылық көмекпен қоса, отандық  тауарды сатып алушының қолына жеткізу, бәсекеге қабілетті тауар өндіруге үкімет жағынан да үлкен қолдау керек.

Егер шағын және орта бизнес өкілдері бұрын несиесін 18 немесе 20 пайыздық ставкамен алса, мемлекеттік субсидия оның ставкасын  екі есеге арзандатуға мүмкіндік  бермек. Кәсіпкерлердің жеңілдетілген пайызбен құрал-жабдық сатып алуына, өндіріс пен технологияларын жаңғыртуына арналған бұл бағдарламаға 2 млрд. теңге бөлінген. Бұдан бөлек, биылғы жылы Азия даму банкінен 75 млрд. теңге көлемінде ұзақ мерзімдік несие тартуды жоспарлап отырмыз. Бұл қаржының барлығы шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жұмсалады. «Даму» қорының бағдарламаларындағы негізгі басымдық аймақтық тұрғыда әлеуметтік және экономикалық маңызға ие кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын жеңілдікпен қаржыландыру, өңдеуші салаға қолдау, әйелдер кәсіпкерлігін жеңілдікпен несиелеу, шағын несиелік ұйымдарды дамыту тәрізді салаларға беріліп отыр. Мысалы, «Даму өндіріс» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлердің 18 млрд. теңгеден асатын 160-тан аса жобасы 8 пайыздық ставкамен қайта қаржыландырылды.

2010 жылғы II тоқсанда 15 жастағы  және одан асқан экономикалық  тұрғыдан белсенді халықтың саны 8,6 млн. адамды құрады, бұл өткен  жылғы тиісті кезеңге қарағанда  1,8%-ға көп. Республика экономикасында 8,1 млн. адам жұмыспен қамтылды, бұл 15 жас және одан асқан жастағы халықтан 67,1%.  Өткен жылғы II тоқсанмен салыстырғанда олардың саны 219,9 мың адамға (2,8%-ға) артты.

Жұмыспен қамтылғандар құрылымында  жалдамалы қызметкерлердің үлесі 66,3%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі – 33,7% құрады.  Жалдамалы қызметкерлердын негізгі үлесі мемлекеттік ұйымдарда және мемлекеттік емес ұйымдарда жұмыспен қамтылған – 81,2% (4,4 млн. адам).

Кесте 3.4

2008- 2010 жылдардағы жұмыссыздық деңгейлері, пайызбен  

                                                                                                                                            

2010 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір болған 15 жастағы және одан асқан адамдар) 503,9 мың адамды құрады және өткен жылдың тиісті кезеңмен салыстырғанда 64,2 мың адамға немесе 11,3% қысқарды. Жұмыссыздық деңгейі 5,8% (2009ж. II тоқсанда – 6,7%) құрады.

Ағымдағы жылғы II тоқсанда жұмыссыз ерлердің үлесі 43,8%, әйелдердің үлесі – 56,2% құрады. Жұмыссыз әйелдердің саны 283,3 мың адамды құрады, бұл ерлердің санынан 62,6 мың адамға (28,4%-ға) көп.

2010 жылғы II тоқсанда жұмыссыздардың жалпы санындағы жастардың (15-24 жастағы) үлесі 13,5% немесе 68,2 мың адамды құрады. Жастар жұмыссыздығының деңгейі 5,2% (2009ж. II тоқсанда – 7,2%) болды.

2010 жылғы наурыздың соңында жұмыссыздар ретінде тіркелген адамдар саны (Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша) 69,5 мың адамды құрады, бұл 2009 жылғы тиісті кезеңіне қарағанда 23,2 мың адамға немесе 25,1%-ға аз. Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздардың үлесі 0,8% (2009 жылғы наурызда – 1,1%) болды.

III бөлімді қорытындылай  келе, мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлінген ауқымды қаражат қазір отандық экономиканың кідіріссіз жұмыс істеуіне қызмет ете бастады. Әлеуметтік кепілдіктер толығымен сақталып отыр. Олай болса, бұл дағдарыстан да біздің аман-есен өтетініміз айдай анық. Ұлттық әл-ауқат қоры дағдарысқа қарсы бағдарламаны іске асыруда мемлекеттік маңызды құралы болды. Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғары деңгейіне көтерілдік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

XXI  ғасырдың басы әлемдік  экономикалық жағдайдың тұрақтануымен  сипатталса да, қатерлер мен сынақтарға  толы болды,бұл жалпы өркениеттік  дағдарыстың көрінісі еді.

Дүние жүзінің экономикасын тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары біздің еліміз үшін соншалықты ауырға соққан жоқ. Оқтын-оқтын айналып  соғатын әр деңгейдегі дағдарыстарға  біз бұған дейін де төтеп беріп  келгенбіз. Тәуелсіздік шежіресін  парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған экономиканы  қайта қалпына келтіру, оны жаңаша даму жолына түсіру – тақыр жерден тау тұрғызғанмен бірдей еді. Өткен  ғасырдың соңында Шығыс Азияда басталған  кезекті дағдарыс тұсында тәуелсіздігіміз  тағы бір сынаққа түскен болатын. Дер кезінде қабылданған дұрыс  шешім, ұтымды іс-қимылдың арқасында  біз одан да аман-есен өте шықтық. Осылайша сындарлы жылдар мен күрделі  кезеңдерде лайықты тәжірибе жинақтап, ысылып, шыңдала түстік. Ел дамуының жаңа бағыттарын айқындап, қарыштап алға басумен болдық. Сол сияқты қазіргі  әлемдік дағдарыс та өткінші құбылыс.

Қазақстан да қаржы дағдарысының толқынына  ілікті. Ипотекалық дағдарыс белең  алған тұста еліміздегі құрылыс  саласы кібіртіктеп қалды. Үлескерлер қаржысына салынуы тиіс тұрғын үйлер  құрылысы тоқтады. Банкілер ипотекалық несие беруді қойды. Біртіндеп қаржы  мекемелері орта және шағын бизнеске беретін несиелерін де қысқартты. Сыртқа шикізат өндіретін өндіріс орындары өнімінің бағасы төмендеп, шығындары  көбейді. Қалыптасқан бұл жағдайды дереу реттеу үшін Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев «Дағдарысқа  қарсы күрес бағдарламасын» іске қосты. Оған сәйкес, негізінен 5 бағыт  бойынша қаржы секторы, шағын  және орта кәсіпкерлік, тұрғын үй құрылысы, индустриялық және инфрақұрылымдық  жобалар және агроөнеркәсіп кешенін  дамыту жөнінде үкіметке нақты тапсырмалар  жүктелді. Осы талапқа сай, үкімет дағдарысқа қарсы бағдарламаны жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітіп алып, жұмыс істеді. Алғашқы  кезекте еліміздің негізгі мұнай-газ, атом, электр энергетикасы, металлургия, тау-кен, көлік, коммуникация салаларындағы  және жеке компаниялардағы мемлекет активтерін, даму қорлары мен басқа  да қаржы тетіктерін бір мүддеге, бір мақсатқа тиімді жұмылдыру үшін «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры құрылды.

Менің ойымша, реттеудің нақты тетіктерін жасап алмай, экономикаға орынсыз  қаржы құю до қауіпті. Оның тиімділігі болмауы әбден мүмкін. Қаржы дағдарысының ең бастапқы сатысы ипотекалық қиындықтар елімізде енді сезіле бастаған кезде мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен Үкімет экономиканың ең осал салаларына орасан зор мемлекеттік қолдау көрсетті. Біріншіден, банктерге мемлекеттік ресурстарға кіруге рұқсат беріліп, олардың шетелдік қарыздарды өсірмеуіне  жағдай жасады. Сөйтіп, қазақстандық банктердің беделі мен өтімділігі сақталып қалды. Екіншіден, мемлекет көп қаржы құю арқылы тәлтіректеп қалған жылжымайтын мүлік нарығына қан жүгіртті, үлескерлер проблемасын шешуге батыл қадам жасады. Үшіншіден, еліміздің барлық аймақтарында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, бірінші кезектегі азық-түлік түрлері – астықтың, өсімдік майының, ұнтақталған сүт және т.б. қоры жасалды. Бұл игі қадамдар Қазақстан экономикасын қатерден сақтап қана қойған жоқ, сонымен қатар оның дамуына мүмкіндік берді.

Қазақстан көкжиегін сеніммен кеңейтіп келеді, өйткені өзінің мақсатын айқын  болжап отыр. Бүгінгі таңдағы солардың бірі – әлемдегі 50 бәсекеге қабілетті  мемлекеттердің қатарына қосылу. Бұл  жерде біздің әрқайсысымыз оған қатыстылығымызды түсінуіміз керек, себебі мемлекет пен  біздің мақсатымыз – ортақ. Өйткені, мемлекет – бұл сіз бен біз!

Біз – болашағымызды болжап отырған  елміз. Енді тек ұмтылыс, еңбек пен  қабілет керек, ең бастысы, Отанға деген  шексіз сүйіспеншілігіміз керек. Туған еліміздің игілігі үшін жанкешті қайрат қылып, Қазақстанның мақтанышы болуларымыз керек.

Дағдарыстар өтеді, кетеді, ғасырдан ғасырға уақыт алмасып, тарихтың әлемдік қаржы дағдарысы деп аталатын бұл парағы да жабылады .Ал біздің мемлекет әлемге алғаш озық ойлы идея тастап,дамудың өзіндік моделімен ерекшеленген мемлекет ретінде сол парақтың алғашқы тізімінен тарихи орнын алатынына сенемін. Барша қазақстандықтардың жұмған жұдырықтай бірлігінің арқасында біз алмайтын асу, біз жеңбейтін кедергі болмайды. Бірлік – табысқа жеткізеді!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. ҚР Президентінің «Тұрақтылық феномені» мақаласы // «Егемен Қазақстан» газеті-2008ж.
  2. С.Әкімбеков, А.С.Баймұхаметова, У.А.Жанайдаров – Экономикалық теория, Астана-2002, 255-271б.
  3. Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р. «Макроэкономика». 2-е изд. - Спб.: Питер, 2008.
  4. Виссарионов А. «Уроки кризиса» // Экономист, 1999, №2, с.15-22
  5. Горевский А.С., Коваленков С.С. Антикризисное управление. – М.: ИНФРА-М, 2006.
  6. Шеденов Ө.Қ. Жалпы экономикалық теория-Ақтөбе, 2002, 455б
  7. Селищев А.С. Макроэкономика. 3 - е изд. - Спб.: Питер, 2005.
  8. ҚР Президентінің «ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ – ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ» жолдауы
  9. Пресс служба Премьер-Министра РК. О дальнейших мерах по стабилизации банковского сектора // Республика. Kz. 4.11.2008
  10. Назарбаев Н.Ә. «Бесінші жол» // Астана ақшамы, 2009, 24-қыркүйек
  11. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі  
    2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары // «Егемен Қазақстан» газеті, 2008, 26 қараша
  12. www.goverment.kz
  13. www.mirkrizis.ru
  14. www.info-crisis.ru
  15. www.kazpravda.kz
  16. www.nurastana.kz
  17. ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы – «Дағдарыстан жаңару мен дамуға»-2009, 6 наурыз.
  18. Нұрсұлтан Назарбаев «Дағдарыстан шығу кілті» мақаласы «Российская газета» басылымы – 2009, 2 ақпан
  19. Әубәкіров  Я.,  Нәрібаев  Қ.  және  т.б.   «Экономикалық  теория  негіздері»  Алматы:  «Санат»,  1998
  20. Додобаев Ю.Т., Касенов К.Т., Баймуханов Т.С.,Желдибаев А.Е., Жортыбаева Ж.Т. «Антикризисное управление» Алматы: «Экономика», 2008.
  21. Курс экономической теории: учебник – 5-е исправленное, дополненное и переработанное издание/ Под общ. ред. Чепурина М.Н. и Киселевой Е.А. – Киров: «АСА», 2006
  22. ҚР Ұлттық Банкі – www.nationalbank.kz
  23. www.kazinform.kz
  24. www.stat.kz
  25. www.egemen.kz
  26. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан дағдарыстан кейінгі дүниеде: Болашаққа интеллектуалдық секіріс // Ел, 2009, 20 қазан
  27. Д.Бітікова, Қазақстан және әлемдік қаржы дағдарысы // Ел, 2008-09, қаңтар
  28. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты»-2008, наурыз
  29. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Бірлік табысқа жеткізеді» атты мақаласы // «Егемен Қазақстан» газеті, 2008жыл

Информация о работе Дағдарысқа қарсы саясат