Дағдарысқа қарсы саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 22:18, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыста мемлекеттің дағдарыстан шығу жолдары қарастырылған

Работа содержит 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ (2).docx

— 236.49 Кб (Скачать)

1997 жылдың аяғында басталған  дүниежүзілік қаржы дағдарысы  Қазақстанның экспорттық салаларына  айтарлықтай ықпал жасады. Ұзақ  мерзiмдi стратегияның алдын-ала  белгiленген кезеңiн iске асыру  мақсатында Президенттiң 1998 ж. 28 қаңтардағы  Жарлығымен ҚР дамуының 1998—2000 жылдарға  арналған стратегиялық жоспары  бекiтiлдi, ол дүниежүзілік қаржы  дағдарысының зардаптарын еңсеруге, экономиканың нақты секторын  сауықтыру жолымен экономикалық  өрлеудi қамтамасыз етуге, бюджеттiк  аяны реформалауға, белсендi әлеуметтік  саясат жүргiзу жағдайында ел  экономикасына жұмсалатын инвестицияларды  көбейтуге бағытталды. Бұл кезеңде  теңгенiң өзгермелi бағамы енгiзiлдi (1 АҚШ долл. 1998 ж. — 78,29 теңгеге, 1999 ж. — 119,64 теңгеге тең болды), мұның өзi 1996 жылмен салыстырғанда  12%-ға азайған (1998) өнiм экспортын  ынталандыруға мүмкiндiк бердi. 1999 ж. экспорт көлемі 5592,2 млн. АҚШ  долларына жеттi; бұл кезеңде тұтыну  қабiлетiнiң тепе-теңдiгi бойынша  ЖІӨ 74891,6 млн. АҚШ долларынан (1998) 77976,8 млн. АҚШ долларына (1999) көбейдi. ЖІӨ нақты көлемі 2,7%-ға артты.  Бұл кезеңде зейнетақы реформасы  (ынтымақты зейнетақы жүйесiнен  жинақтаушы зейнетақы жүйесiне  көшу) жүргiзiлдi, ол iшкi қорлануды одан  әрi ұлғайтып, iшкi инвесторлардың қалыптасуына  жағдай жасады. 1998 жылдың соңында зейнетақының қоры 23542 млн. теңгеге жеттi, бiр жылдан кейiн ол 2,7 есе көбейдi (64504 млн. теңге). 1997 ж. басқа төлемдерді ұзарта отырып, зейнетақы берешегін үкімет төледі. Бұл экономикалық құлдыраудың тоқтап, ендігі ілгері жылжудың қолайлы бастамасы еді. Бірақ 1998 ж. дүниежүзілік қаржы дағдарысы бұл қозғалысқа үлкен зардап тигізді.

Сонымен, 2000-2001жж. ТМД елдері қиын кезеңдерден шығып, экономикалық өсу жолына түсті. 2001 ж. ЖІӨ өндірісі өзінен ең жоғарғы деңгейіне жетіп, 3285,4 млрд. теңге болды. Қазақстанда ЖІӨ жан басына шаққанда 1998-2001жж. айтарлықтай өзгеріс болған жоқ. Бірақ, 2001 ж. бұл көрсеткіш 1509,7 доллар болды.  Бұл 1999 жылдан 3 есе артық./16/

 

 

2.3 Қазіргі заманғы дағдарыстардың ерекшеліктері: әлемдік қаржы дағдарысы

 

Әлемдік қаржы дағдарысы дүниежүзіндегі барлық мемлекеттердің бір-бірімен  тығыз байланыста екендігін айқын  көрсетті. Бұл – жаһандану үрдісінің  кең қанат жайып келе жатқанының белгісі. Алдымен ең ірі экономикасы  бар АҚШ-та ипотекалық дағдарыс басталды. Ол біртіндеп осы елдің және Европа мемлекеттері мен Жапонияның қаржы  саласына әсер етті. Әлемге дендеп енген қаржы дағдарысы барлық елдердің экономикасын әлсірете түсті. Әсіресе, шикізат өндіретін дамушы мемлекеттер аяғына жем түскен жануардай қиналып қалды. Тіпті қуатты елдердің өзі тығырыққа тіреліп, өндіріс қарқындарын едәуір төмендетті. Мәселен, АҚШ-тың ішкі жалпы өнімі 2008 жылдың 4-ші тоқсанында 3,8 пайызға төмендеген. Бұл – 1982 жылдан бергі ең ірі құлдырау. Германияда Еуропа елдеріне өндіріс тауарларын сату деңгейі 12 пайызға кеміген. Экспорт 8,2 пайызға, ішкі нарықтағы сұраныс 5,1 пайызға азайған. Қытай экономикасы да өндіріс көлемін кемітіп, тікелей инвестиция мөлшері 2008 жылы 32 пайызға, импорт ауқымы 18 пайызға төмендеген. Үндістанда экспорт деңгейі 12 пайызға, Ресейде өндіріс көлемі 2 есеге кеміген. Қаржы дағдарысының алғашқы 4 айының ішінде Араб елдері шетелдік активтерінің 40 пайызын жоғалтып, 2,5 триллион шығынға батқан. Исландия сияқты тұтас бір мемлекет банкротқа ұшырады. Дүниежүзілік дағдарыс салдарынан экономикасы әлсіреген елдер Халықаралық валюта қорынан көмек алу үшін кезекке тұрды.

Қазақстандағы салмақты экономикалық дағдарыстың бірінші белгілері 2007 жылдың II жартысына сәйкес келеді.

2007 жылдың 15-тамызында Moody's халықаралық  рейтингтік агенттігінің есебінде  «ұзақ кезеңдегі халықаралық қарыздар нарығына мөлшерлеменің өсуі шетелдік құралдардың қазақстандық банктерді қаржыландыруы қиындатады» делінген болатын.

2007 жылдың 21-тамызында экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов Қашағандағы табыс табудың бастауын ауыстырудың қаупі төнуіне байланысты құралдардың Ұлттық банкке едәуір құралдардың түспеушілігі мүмкін екендігін баяндады. Келесі күні жанар-жағармайдың бағасы 7%-ға өсті.

2007 жылдың қыркүйегі – БАҚ Қазақстан астықтың стратегиялық  қорынан айырылып қалады деп дабыл қақты. Нан, күнбағыс майы, сүт және тұз қымбаттады. Азық-түлік дағдарысын шешу үшін Үкімет күнбағыс майының экспортына және бір уақытта оның импортына деген кедендік баж салығын алып тасталынды.

2007 жылдың қазанында екінші реттік  тұрғын үй нарығы 10%-ға төмендеді. Оның ізімен бірінші реттік нарықта да сатылым күрт төмендейді. Осы жылдың қарашасында тұрғын үйге деген сұраныстың төмендеуіне халыққа бұрынғы жағдайдағыдай 10-12%-ға ипотекалық несие беруге жалтаратын екінші реттік банктердің кінәлі екендігі анықталады. БАҚ-та екінші деңгейдегі банктердің 2008 жылдың соңында құтылуы керек аса ірі қарызы бар екендігі туралы ақпарат жарияланады.

2007 жылдың 15-қарашасында ҚР Президенті  Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанда дағдарыс жоқ. Тек экономиканың кейбір салаларында жеке дағдарыстық белгілер ғана бар. Елде ЖІӨ-нің өсуі жалғасып келеді», деп жариялаған болатын және Астана қаласындағы тұрғын-үй құрылысының объектілерін бітіруге, кіші және орта бизнесті дамытуға, индустриалды және инфраструктуралы объектілерді қайта қаржыландыру үшін 4 млрд. доллар көлемінде ақша бөлінді.

Ақпараттық агенттіктердің хабарлауынша, шетелдік кредиторлар алдында «БВУ»-дың қарызы 12 млрд долларды құрайды, ал бүкіл елдің ішкі қарызы 80 млрд-тан астам. Құрылыс саласындағы дағдарыс үлескерлердің арасында қанағаттанбаушылықтардың пайда болуына әкелді. Ұлттық Банктің жиналған валюталық резервтері және сол уақытта 39 млрд долларды құрайтын Ұлттық қордың құралдары, сонымен қатар, газ, мұнай және де металдың бірнеше түрлері нарығындағы жағымды жағдаяттар арқылы республикадағы одан кейінгі жағымсыз жағдайлардан құтылуға мүмкіндік береді деп Үкімет үміттенеді.

2008 жылдың қазаны - ҚР Президентінің сілтеуі бойынша құрылған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорына Қазақстандағы әлемдік қаржылық дағдарыспен күресу жұмысы тапсырылды. Үкімет жүйе құратын банктердің (Халық банкі, Казкоммерцбанк, Альянс банкі и БТА банкі)  25% акцияларын иемдену үшін қаражат бөле отырып, антикризистік план құра білді. 2008 жылдың желтоқсанында Қазақстанның банк секторының ішкі қарыздар қатары 40 млрд долларды құрады. Үкімет және «Самұрық-Қазына» қоры басым инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін  зейнетақы қорының активтерін пайдаланады деген шешім қабылданған болатын.

2009 жылдың 2 ақпанында «Самұрық-Қазына» қорының атынан Қазақстанның билік өкілдері БТА Банкінің 78,14% акциясын және Альянс банкінің 76% акциясын сатып алатындары туралы хабарлады.

2009 жылдың 4 ақпанында Ұлттық Банк  ұлттық валюта – теңгені 25%-ға девальвациялады./14/

Қазақстан экономикасын дамыту үшін 2009  жылдың соңына дейін бюджетке 15 млрд доллар қаржы құйылатын болды. Бұл туралы 2008 жылдың 21 қазанында  селекторлық кеңесте Премьер-Министр  Кәрім Мәсімов мәлімдеді. Секторлық  кеңесте экономиканы дамыту үшін ұлттық өордан 10 млрд доллар қаржыны  пайдалануға мемлекет басшысы рұқсат бергендігіне тоқталған Премьер-Министр: «Егер біз қысқа мерзім ішінде депутаттардың қолдауына ие болсақ, онда экономикаға «Самұрық-Қазына»  қоры арқылы 607,5 млрд теңге(5 млрд доллар), қандай да бір облигациялық қағаздарды шығару арқылы 5 млрд доллар, барлығы 10 млрд доллар бқлінетін болады. Төлемпаздықты ұстап тұру көзқарасы бойынша, Ұлттық Банктің екінші деңгейлі банктермен алдын ала жүргізген келісімдерінен 5 млрд доллар бөлінеді. Осылайша, жыл соңына дейін ел экономикасына қосымша 15 млрд доллар қаржы құйылады. Бұл – жалпы ішкі өнімнің шамамен 15%-ы. Бөлінген қаражат бізге қазіргі кезеңде жаңа серпін жасауға және сыртқы нарықтың салдарын еңсеруге мүмкіндік береді» - деді.

      2010 жылғы  қаңтар-маусымда өндірілген Жалпы  ішкі өнімнің көлемі (есепті деректер бойынша) 9 133 553,0 млн. теңгені құрап,  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлемінің өзгеру қарқыны 8,0 % ұлғайды.

Тауарлар өндірісі мен  қызмет көрсетулер өндірісінің 2010 жылғы  қаңтар-маусымда ЖІӨ-гі үлестері сәйкесінше 41,6 % және 56,0 % құрады. ЖІӨ-нің өндірісіндегі  негізгі үлесті өнеркәсіп – 33,0 % алып отыр.

II бөлімді қорытындылай келе, қаржы дағдарысына орай шетел инвестициялары сыртқа қарай кетпей ме деген де қауіп жоқ емес. Бірақ, Елбасының айтуынша, бізде шетел инвестицияларының сыртқа кетуі жоқ. Себебі, олар Қазақстанның барлық резиденттері, яғни азаматтары арқылы бақылауға алынған. Өйткені елімізде резидент еместер онша көп емес. Дегенмен, капиталдың келуі азайғаны рас. Міне, осы мәселе болып отыр. Бірақ, әлемде ақша жеткілікті, яғни қаржы ешқайда кеткен жоқ. Саяси тұрақты, заңы мықты елдер жақсы инвестициялық ахуал қалыптастыру арқылы сол қаржыны өзіне тарта алады./9/

 

 

 

 

 

 

 

3 Мемлекеттің дағдарысқа  қарсы саясаты

3.1 Экономиканы және қаржы  жүйесін тұрақтандыру жөніндегі  2009-2011 жылдарға арналған іс-қимыл  жоспары

                2009 жылдың 24 қыркүйегінде Елбасы  Н.Ә.Назарбаев өзінің «Бесінші  жол» атты мақаласын жазды.  Ол мақаласында Елбасы дағдарыстан  шығудың кем дегенде бес негізгі  жолын айқын көрсетті.

       Бірінші жол: «Түпке жетуді қимылсыз бағу». Ештеңені өзгертпей әліптің артын бағу әлемнің резервтік валюталарын да, біздің еліміздің  көп бөлігінің активтерін де нөлге айналдыруы мүмкін. Бұрыннан бері қолданылып келе жатқан дауаның бұл түрі қағидаттық тұрғыда басқаша болып келетін бүгінгі дағдарысты емдеуге жарамсыз деп танылып отыр.

     Екінші жол: «Валюталық своптар». Валюталық своп – бұл валюта рыногына қатысушылардың бір елдің ақша бірлігінің келісілген сомасын өзге елдің валютасына айырбастау жөніндегі екі қарама қарсы конверсиялық мәмілелердің комбинациясы. Қарапайым тілмен айтсақ бұл дауаның мағынасы төмендегідей: «Біз бұл дерттің тереңде жатқан мәнін білмейміз, бірақ та сізге уақытша ауруды сезінбеу тәсілін ұсынамыз». Бірақ ол дағдарыстың негізгі себебін жоя ала ма? Әрине жоқ.

    Үшінщі жол: «Доллар идеяларының өңін айналдыру». Осы уақытқа дейін әлемдік ақша ретінде қызмет атқарып келген доллардың орнына басқа елдің ұлттық валютасын енгізу идеясына сүйенетің бұл жолдың да нәтижесі доллардың  аянышты халін қайталайтыны сөзсіз. Сондықтан «доллар өңінің» жаңа көшірмесін жасаудың мүлде қажеті жоқ, бұл керісінше дағдарыстың одан әрі кеңейе түсуіне жол ашатын болады.

   Төртінші жол: «Ұлт үстілік  эмитент». Ұлтүстілік бүкіләлемдік эмитент құрудың өзекті қажеттілігн жуырда БҰҰ-ның сауда және даму жөніндегі конференциясы қуаттаған болатын. Мұнда жахандық резервтік жүйені толығынан қайтадан қарау қажеттігі анықталды. Мұны дағдарыстан шығудың алғашқы көпірі деп атаса да болады.

Бесінші жол: «Жаңа санаттың валютасы». Бәсекелестік пен пайда табу емес, елдердің, халықтардың, әлем мен адамзаттың асқақ ортақ құндылықтарын нығайта түсетін жаңа сапаға ие валюта түрін ойлап щығару және оны айналымға жіберу адамзатты  дағдарыстан алып шығудың айқын да сенімді жолы екені даусыз. Мұндай жол әлемдік қаржы экономикалық дағдарысының бірден бір дұрыс дауасы болмақ./10/

2007 жылдың екінші  жартысында басталған әлемдік  қаржы нарықтарындағы тұрақсыздық  Қазақстанның даму қарқынына  әсер етті. Бұл отандық банктердің  сыртқы қаржылық ресурстарды  тарту мүмкіндіктерін төмендетуде,  ал, ізінше, ішкі экономикаға кредит  беру көлемін қысқартуда көрінді.  Бұдан басқа, әлемдік нарықтағы  азық-түлік тауарлары бағасының  шапшаң көтерілуі салдарынан  экономикаға инфляциялық қысымды едәуір күшейтті.

Қазақстан Республикасының  Үкіметі, Ұлттық Банкі мен Қаржы  нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі әлемдік  қаржы және тауар нарықтарындағы тұрақсыздықтың теріс салдарын жұмсартуға бағытталған бірінші кезектегі шаралар кешенін жедел қабылдады және іске асырды.

Өтімділіктің жаһандық тапшылығын тудырған қаржы дағдарысының екінші толқыны әлемдік қаржы  жүйесінің шеңберінен шықты және нақты секторға едәуір теріс әсер етті. Осының нәтижесінде әлемдік  экономиканың өсу қарқынының едәуір және, ізінше, тауарлар мен қызмет көрсетулерге жаһандық сұраныстың баяулауы байқалады. Бұл отандық экономиканы тұрақтандыру және оңалту жөнінде жаңа қосымша шаралар қабылдауды талап етеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы  нарығы мен қаржы ұйымдарын ретте  және қадағалау агенттігінің Экономиканы  және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен  іс-қимыл жоспары (бұдан әрі –  Жоспар) Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау үшін әзірленді және жаһандық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуалға теріс салдарын жұмсартуға және болашақтағы сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негізді қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін айқындайды./11/

Қазақстан экономикасының ғаламдық құлдырау кезеңіне Қазақстан  алтын-валюта резервтерінің және Ұлттық қордың берік қорымен кіруде. Олардың  жалпы көлемі 2008 жылғы 1 қарашада 47 млрд. АҚШ долларынан астамды құрады. Мемлекеттік  борыштың мөлшері ЖІӨ-нің 1,5%-ынан аспайды, бюджет тапшылығы төмен деңгейде тұр және ЖІӨ-нің 2%-ынан аспайды.

Үкімет қалыптасқан  жағдайды экономиканы сауықтыруға  және оның болашақта тиімді жұмыс  істеуі үшін негіз қалауға пайдалануда. Жинақталған резервтер Қазақстан экономикасын түзеу процесін жақсартуға мүмкіндік береді.

Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдайға ғаламдық дағдарыстың теріс  салдарын жұмсарту және болашақта сапалы экономикалық өсу үшін қажетті негіздерді қамтамасыз ету болып табылады.  
Мақсатқа жету үшін Үкімет, Ұлттық Банк пен Қаржылық қадағалау агенттігі мынадай бес бағытта шоғырланатын болады:

 
1.Қаржы секторын тұрақтандыру.  
2. Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу.  
3. Шағын және орта бизнесті қолдау. 
4. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту. 
5. Инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру.

 
Жобаны қаржылық қамтамасыз ету  үшін Қазақстан Республикасының  Ұлттық қорының 10 млрд. АҚШ доллары (1 200 млрд. теңге) көлеміндегі қаражат пайдаланылатын болды. Олар мыналарға бағытталатын болды: 
1) қаржы секторын тұрақтандыруға – 4 млрд. АҚШ доллары (480 млрд. теңге); 
2) тұрғын үй секторын дамытуға – 3 млрд. АҚШ доллары (360 млрд. теңге); 
3) шағын және орта бизнесті қолдауға – 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге); 
4) агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға – 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге); 
5) инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға – 1 млрд. АҚШ доллары (120 млрд. теңге). 
Үкімет, Ұлттық Банк, Қаржылық қадағалау агенттігі, «Самұрық-қазына» ұлттық әл-ауқат қоры (бұдан әрі – «Самұрық-Қазына» қоры) және «ҚазАгро» ұлттық холдингі (бұдан әрі – «ҚазАгро» холдингі) осы қаражаттың нысаналы және тиімді жұмсалуына тұрақты мониторинг пен бақылауды қамтамасыз етеді.

Информация о работе Дағдарысқа қарсы саясат