Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 22:18, курсовая работа
Бұл курстық жұмыста мемлекеттің дағдарыстан шығу жолдары қарастырылған
Артур Бернс пен Уэсли Митчелл ұсынған модельде іскерлік белсенділіктің циклдері ұзақ мерзімдік өспелі трендтің айналасындағы толқулар (уақытша ауытқулар) ретінде сипатталады (сурет 1.3).
Y
А'
А В
t
Сурет 1.3 А.Бернс пен У.Митчеллдің іскерлік цикл моделі
Алайда, Р.Уолкс, Э.Прескотт, Д.Кемпбелл, Г.Мэнкью сияқты бірқатар ғалымдар мынадай идеяны алға тартады, бұл жерде циклдік толқулар уақытша ауытқулардың нәтижесінде емес, тұрақты сілкіністердің әсерінен орын алып отырады (сурет 1.4).
Y
t1 t
Сурет 1.4.Іскерлік белсенділік циклі
Іскерлік циклдерді зерттеуге екі негізгі көзқарас бар: детерминистік және стохастикалық.
Детерминистік бағыт бойынша,
циклдің себептері болып
Ал стохастикалық бағыттың
негізінде «импульс-таралу»
а) ұсыныс сілкіністері;
ә) сұраныс сілкіністері;
б) саяси сілкіністер.
Ұсыныс сілкіністері – бұл шикізатқа деген әлемдік бағалардың ауытқулары, табиғи апаттар, маңызды ғылыми жасампаздықтар мен ашылымдар.
Сұраныс сілкіністері – бұл тұтынушылар мен фирмалардың мінез-құлықтары мен экономикалық күтімдерінің өзгерістерінен туындайтын тұтынушылық және инвестициялық шығындардың өзгеруі.
Саяси сілкіністер – макроэкономикалық саясаттың іс-шараларын (ақша ұсынысындағы өзгерістер, фискалдық және валюталық саясаттардағы өзгерістер) жүзеге асыру нәтижесінде ұлттық табыс пен шығарылым көлемінің өзгеруі.
Самуэльсон-Хикстің экономикалық цикл моделі. Самуэльсон-Хикс моделі – бұл тек игіліктер нарығында ғана үй шаруашылықтары мен фирмалар сияқты экономикалық субъектілердің іс-әрекеттерін қарастыратын қарапайым кейнстік динамикалық модель, мұнда барлық өзгермелі көрсеткіштер уақыт бірлігімен сипатталады, экономикалық субъектілердің тәртіптері статикалық күтімдер бойынша қалыптасады, бағалар деңгейі мен пайыз мөлшерлемесі тұрақты деп болжанады. Модельде жиынтық сұраныстың толқу механизмі акселерация принципі мен мультипликатор әсері арқылы түсіндіріледі.
Хикстің концепциясы екі негізгі элементке сүйенеді:
а) жоғары шектеудің және төменгі шектеудің болуы, олар ұлттық табыстың шексіз артуына және төмендеуіне мүмкіндік бермейді;
ә) табыстың қозғалысы жоғарғы немесе төменгі шегіне жеткеннен кейін үнемі кері бағытта жүріп отырады.
Бизнес-циклдің неоклассикалық теориялары. Неоклассиктердің бизнес-цикл туралы модельдері өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бастап орын ала бастады. Олар өздерінің теориялық көзқарастарында жетілген бәсекелі нарықтық механизм және бағалар мен жалақының икемділігі туралы қағидаларына сүйенеді. Мұндай жағдайлардағы экономиканың әрекет етуіне әсер ететін циклдік толқуларды жиынтық ұсыныстың күрт өзгеруіне алып келетін сілкіністермен байланыстырады.
Бизнес-циклдің неоклассикалық
теориясында екі бағыт
а) жетілмеген (асимметриялық) ақпараттар теориясы;
ә) нақты бизнес-цикл теориясы.
Жетілмеген (асимметриялық) ақпараттар теориясы. Жиынтық сұраныстың өзгеру импульсі ретінде үкіметтің жүргізетін ақшалық экспансиясы табылады. Мұндай саясаттың нәтижесі болып номиналды жиынтық сұраныстың, бағалар деңгейі мен номианалды жалақының өсуі табылады.
Өндірушілер қалыптасқан
экономикалық жағдайда ақпараттың жетілмегендігінен
өз өніміне бағаның өскендігін немесе
бағаның жалпы деңгейінің көтерілгендігін
жеткілікті түрде анықтай алмайды.
Ақпараттың жетілмегендігінен өндірушілер
өз өніміне ғана баға өсті деп қате
жіберулері мүмкін, алайда нақтысында
бағалардың жалпы деңгейі өседі.
Мұның шындық екенін түсіндіру үшін
Р. Лукас жекелеген тауар
Жұмысшылар нақты жалақыны проблемалы қылатын елдегі бағаның жалпы деңгейімен таныс болмаса да, ағымдағы жалақы мөлшерінің кқлемімен таныс болуы мүмкін. Егер жұмысшылар атаулы жалақының өсімін нақты жалақының есебінен өсті деп санаса, онда өндіріс көлемінің өсуін ынталандыратын еңбек ұсынысын ұлғайтуға дайын болады, бірақ нақты өмірде қатысты бағалар мен нақты жалақы өзгермейді.
Егер экономикалық субъектілердің тәртібі рационалды күтімдегідей болса, онда Р.Лукастың ойынша, жеке нарықтағы өзгерістерді әдеттегі жалпы бағалардың өсуі ретінде, сонымен қатар, тауарға деген қатысты бағаның өсуі ретінде де бағалайды.
Саяси сілкіністер теориясы. ΙΙ дүниежүзілік соғыстан кейін кәсіпкерлердің инвестициялық шешім қабылдауының анықталмағандығына негізделген бизнес-циклдің кенсиандық теориясы дамыған елдердегі нақты экономикалық динамикаға қарсы болды. Бірқатар экономистер экономикалық конъюктураның толқулары мемлекеттің ақшалай саясатымен өткізілген саяси сілкіністер есебінен пайда болады деген ойды алға тартты. Бұл көзқарас монетаризмнің басты теоретигі М.Фридменнің еңбектерінде теориялық және практикалық тұрғыдан негізі қаланды.
Монетарист ғалымдардың пікірінше, айналымдағы ақша массасының өсу қарқыны циклдық схема бойынша өзгереді және бизнес-циклдің динамикасын басқарады. Ақша ұсынысының өсу қарқыны өзінің ең жоғарғы нүктесіне дейін жетіп, іскерлік циклдың шыңының басталатын жеріне дейін тежеледі де, оның түбіне дейін жеделдетіледі. Сондықтан ақшалық фактор мен ЖҰӨ-нің номиналды көлемі арасындағы өзара байланыс инвестиция мен ЖҰӨ арасындағы байланысқа қарағанда нақты, әрі тұрақты. Фридмен теңдігі ақша массасы өсімінің мөлшерін анықтайды:
ΔΜ=ΔΡ+ΔΥ,
мұндағы, ΔΜ – ақша айналысының ортажылдық қарқыны,
ΔΥ – ЖҰӨ өсімінің ортажылдық қарқыны,
ΔΡ – күтілетін инфляцияның ортажылдық қарқыны.
Нақты бизнес-цикл теориясы. Бұл теория ұсыныс әсерінен болған сілкіністердің іскерлік белсенділігінің толқуын түсіндіреді. Өкілдері: Джон Донг, Чарльз Плюссер, Эдвард Прескотт.
Теорияның негізі ретінде келесі жағдайлар болады:
Төмендегі суретте LM қисығы IS қисығының ұзақ мерзімдік AS(Е0) қисығының қиылысу нүктесінен өтеді. Мұнда Е0 нүктесінде тепе-теңдікті қамтамасыз ететін r* деңгейінде пайыздық қойылым анықталады./3, 249-253/
Сурет 1.5.Баға икемдігімен жиынтық сұраныс IS-LM моделі
1.2 Экономикалық циклдегі дағдарыстардың түрлері және ерекшеліктері
«Дағдарыс» сөзі гректің «crisis» сөзінен шығып, күмәнді жағдайларды немесе қандай да бір сұрақты шешу, яғни үкім дегенді білдіреді.
Экономикалық дағдарыс – бұл өндіріс пен нарықтық қатынастардағы жиі болатын жоғалтулардың әсерінен шаруашылық жүйедегі тепе-теңдіктің көп мөлшерде бұзылуы және соңында жалпы экономикалық циклдің құрылымдық дисбалансына әкеп соғады.
Дағдарыстың әртүрлілігінің 3 түрлі негізін атап көрсетуге болады:
Бірінші негіз – шаруашылық жүйедегі тепе-теңдіктің бұзылу масштабына байланысты.
Жалпы дағдарыс барлық ұлттық шаруашылықты қамтиды.
Бөлшектенген не ішінара дағдарыс экономиканың белгілі бір саласын қамтиды.
Қаржылық дағдарыс – мемлекеттік қаржының құлдырауы. Ол тұрақты бюджеттік тапшылықтарда пайда болады. Қаржылық дағдарыстың соңғы белгісі шетелдік займ бойынша мемлекеттің төлемқабілетсіздігі.
Ақша – несиелік дағдарыс - ақша–несие жүйесінің құлдырауы. Коммерциялық және банктік несиенің дереу қысқаруы, халықтың және кәсіпкерлердің қолма-қол ақшаның ізіне түсуі, жаппай салымдардың алынуы мен банктердің күйреуі, бағалы қағаздардың және облигациялардың курсының, сонымен қатар банктік пайыздың деңгейінің де төмендеуі болады.
Валюталық дағдарыс әлемдік нарықтағы айналымдағы алтын стандартының өтімділігі және әрбір жеке елдегі валютаның құнсыздануынан көрінеді. Ұлттық валютаның қымбаттауы отандық тауарлардың қатысты қымбаттауына, экспорттың қысқаруы немесе импорттың артуына әкеп соғады. Ішкі өндіріс экономиканың төмендеуінде қысқарады. Егер кейбір елдің экономикасы импорттық ресурстарға байланысты болса, керісінше, шетел валюталарының қымбаттауы өндіріс шығындарының өсіміне және нақты бір елдің экономикасының төмендеуіне әкеледі.
Биржалық дағдарыс – бағалы қағаз курсының дереу төмендеуі, олардың эмиссияларының көп деңгейде қысқыруы, биржа қорының қызметіндегі терең төмендеуі.
Дағдарысты жіктеудің екінші негізі – экономикадағы тепе-теңдік бұзылуының реттелуі бойынша.
Периодты дағдарыс белгілі бір уақыт сайын қалыпты түрде қайталанып отырады (басқаша атауы – циклдік дағдарыс).
Аралық дағдарыс толық іскерлік циклдің басталуына мүмкіндік бермейді, және қандай да бір фазада үзіледі; тереңдеу емес және ұзақ жалғаспайды.
Аграрлық дағдарыстың басты ерекшелігі: олар ерекше қайшылықтардың дүмпуі, ол рентаға және ауыл шаруашылығының артта қалуында; аграрлық дағдарыстардың ұзақтығы соншалық, ол жалпы артық өндіру дағдарысы мен уақыты жағынан сәйкес келмейді; аграрлық дағдарыстардың өзіндік кезеңдері болмайды.
Реттелмейтін дағдарыстардың өзінің пайда болу себептері бар.
Салалық дағдарыс халық шаруашылығының белгілі бір саласы, өндіріс құрылымының өзгеруі және қалыпты шаруашылық байланыстардың бұзылуы нәтижесінде пайда болады. Бұған әртүрлі себептер түрткі болуы мүмкін. Олардың ішінде: сала дамуының үйлеспеуі, кұрылымдық қайта құрылулар, артық өндіріс. Мысалы, 1977 жылдардағы тігін өнеркәсібіндегі дағдарыс.
Ауылшаруашылық дағдарысы – бұл ауылшаруашылық өнімдерінің өтуінің тоқтатылуы (ауылшаруашылық өнімдері бағаларының төмендеуі).
Құрылымдық дағдарыс өндіріс салаларының өзара қалыпты қатынастарының бұзылуына негізделген (бір саланың дамуы екінші бір саланың нашарлауына әкелуі). Мысалы, 70 жылдардың ортасындағы энергетикалық дағдарыстың пайда болуы. Осыған байланысты ҚР-ң қазіргі заманғы даму кезеңінде табиғи ресурстарды қайта өндіру, өнеркәсіп өндірісі үлесінің артуы маңызды рөл атқарады. Бұны жүзеге асыру ҚР-ң Индустриалды-Инновациялы Даму Стратегиясында басшылыққа алынған.
Дағдарыстарды жіктеудің үшінші негізі – жандандыру қатынасының нашарлауының сипаты бойынша. Мұнда дағдарыстардың 2 түрі ажыратылады.
Өнімдерді қайта өндіру дағдарысы – өтпей қалған қажет тауарлардың артық шығып кетуі.
Өнімдерді толық өндірмеу дағдарысы – халықтың төлемқабілеттік сұранысын қанағаттандыра алмауы.
Сонымен қатар, дағдарыстың өнеркәсіптік, энергетикалық түрлері де кездеседі.
Өнеркәсіптік дағдарыс ауыл шаруашылығындағы өнім жинаудың төмен деңгейімен байланысты. Мұның нәтижесінде тамақтану өнімдері бағасы күрт өседі. Тамақтану өнімі өнеркәсіптік қоржынға кіреді және өмір сүру деңгейінің артуын қамтамсыз етеді. Өмір сүру деңгейі міндетті шығындар жұмсалымдарының қаншалықты үлесте екенін көрсетеді. Барлық жерде кірістер индекстелуі жүреді, номиналды жалақы өседі,фирма өндірісінің шығындары өседі, өндіріс қысқарады, бағалар өседі.
Энергетикалық дағдарыс энергия тасымалдаушыларға деген бағаның өсуімен байланысты. 70 жылдардағы ОПЕК-те халықаралық мұнай картелінің пайда болуы АҚШ және Батыс Еуропа елдерінде дағдарысқа жол ашты. Бұл жағдайда өндіріс шығындарының өсімі экономиканың құлдырауына әкелді.
Нарықтық экономикадағы дағдарыс іскерлік белсенділіктің жәймендеп қысқара бастауынан өндірістің күрт төмендеуімен сипатталады. Іскерлік белсенділіктің жәймендеп қысқаруы, экономикалық өсу қарқынының жәймендеуі экономикалық әдебиеттерде рецессия деп аталады. Іскерлік белсенділіктің қысқаруының жоғары қарқыны нарықтық экономиканың төмендеуін сипаттайды. Бұл төмендеудің ең төменгі нүктесі дағдарыс болып табылады.
Дағдарыстан құтылу мүмкін емес: реттелетін, заңды түрде қайталанатын дағдарыс кез келген жүйенің циклдық дамуының міндетті фазасы болып табылады. Олар иеленуші жүйенің негізгі элементтерінің даму потенциалы жойылған, дәл сол уақытта пайда болған кезде басталады және алдағы циклді көрсететін жаңа жүйенің элементі күресті бастайды.
Дағдарыс қызметі. Дағдарыс өзінің барлық ауыртпашылығында прогрессивті болып келеді. Дағдарыс толқынды және қарама-қарсы қозғалыс жүйесінің динамикасында 3 маңызды қызмет атқарады:
- күрт әлсіздену және басым, үстем бірақ, өзінің тұрақтылығын жоғалтып жатқан жүйенің көне элементтерін жоятын бұзу қызметін;
- болашақ циклдің жаңа жүйесінің алғашқы әлсіз элементтерін бекіту үшін жол ашатын – жасау қызметі;
- беріктікті сынау және жүйенің болашаққа өтетін, қорланатын элементтерін мұрагерлікке беретін – мұрагерлік қызметі.
Сәйкесінше, дағдарыс өзінің барлық ауыртпашылығында өрлеудің қажетті элементі./5/
Дағдарыс динамикасы. Дағдарыс өз динамикасында бірнеше кезеңнен өтеді:
- алғы шарттар дайын болып, бірақ сыртқа шықпайтын латентті, жасырын кезең; бұл кезең өтіп бара жатқан тұрақты даму циклінің қорытындылаушы кезеңі және соның негізінде пайда болатын келесі циклдің басталуымен сәйкес келеді;