Дағдарысқа қарсы саясат

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 22:18, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыста мемлекеттің дағдарыстан шығу жолдары қарастырылған

Работа содержит 1 файл

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ (2).docx

— 236.49 Кб (Скачать)

- сандық жағынын үстем, бірақ дағдарысқа душар болған жүйенің және де ішкі жүйелердің динамикасының барлық көрсеткіштерінің күрт нашарлауы, барлық қарама қайшылықтардың екпінді шиеленісуі және құлдырау, жарылыс кезеңі. Бұл кезеңде болашақты көрсететін келесі жүйенің элементтері ашық байқалып, күш жинайды және күреске түседі. Тұрақтылық бұзылады және ішкі жүйелердің баламалы нұсқалары өседі;

- дағдарыстың жұмсару және жандану фазасында басым, үстем болатын өзінің жаңа жүйесінде бекітетін, көрсететін күші мен бұрынғы жүйедегі жоғалтқан күштері арасындағы уақытша тепе-теңдікті сақтаушы тоқырау фазасына өту үшін және оны жеңіп шығу үшін алғышарттар жасау кезеңі.

Финку бойынша, әрбір дағдарыс тек әр түрлі және нақты 4 фазадан  тұруы керек.

Бұл фазалардың атауы медициналық терминдердің атауына ұқсас, себебі дағдарыстың өзі дерт есебінде қарастырылады, бірақ адамның емес, сол адамның бизнесінің дерті ретінде. Дағдарыс фазалары:

Алдын алу фазасы. Дағдарыстың алдын алу фазасы бұл өз ретінде ескерту болып табылады. Көбінесе, сыни нүкте (критическая точка) ретінде.

Дағдарыстың күшті фазасы. Көп жағдайда бұл фазадағы жағдайларды қайта күшейтуге болмайды. Ескертулер аяқталып, дағдарыс алдын алу фазасынан күшті дағдарыс фазасына өткенде ешқашан бұрын жоғалтқан позицияларды келтіре алмайды.

Дағдарыстың созылмалы фазасы. Дәл осы фазада дағдарыстың нәтижелері нақтырақ болады. Кейде, дағдарыстың жағымсыз нәтижесінде бұл саты бизнестің «өлгеннен кейінгідей» сатысында болуы мүмкін. Бірақ, дәл сол уақытта дағдарыстың созылмалы фазасы сауығу және өзін-өзі тексеру кезеңі болып табылады.

Дағдарыстың шешілу фазасы. Дәл осы төртінші және соңғы фаза алдыңғы 3 фаза кезінде дағдарысты реттеу мақсаты болып табылады./4/

Дағдарыс алғаш рет 1825 жылы Англияда, одан соң Англия мен  АҚШ-та 1836 ж.,1841 ж. АҚШ-та, 1847 ж АҚШ, Англия, Франция және Германияда болған. Бұлардан соң тарихта 1873,  1882,  1890 жылдардағы дағдарыстар орын алды. Бәрінен артық экономиканы қирататыны 1900-1902 жылдардағысы болды. Ол бір уақытта дерлік Ресей мен АҚШ-та орын алды және бәрінен бұрын металлургия өнеркәсібін қиратты. Дағдарыс американдық металл нарығын таң қалдыра отырып, бірінші Англияға, содан соң еуропалық континентке асыра секірді. Бірінші болып тігін өнеркәсібі, одан кейін құрылыс, химия, көлік, электр өнеркәсіптері зардап шекті. Дегенмен, XIX және XX ғасырлардағы дағдарыстар сонымен бірге одан шығудың жолдарын да ала жүрді. Дағдарыстың тереңдеуі барысында бағалардың бірте-бірте құлдырауы өнімді өткізудің мол мүмкіндігін жасады, болашақта дағдарыстан шығудың ең басты жолдарын іздеуге түрткі болды./4/

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Отандық экономикадағы  дағдарыстардың орын алуы жағдайын  талдау

2.1 1929-1933 жылдардағы дағдарыстың КСРО-ға әсері және 70 жылдардағы энергетикалық дағдарыс

 

Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін дағдарыс тұрақты түрде  батыс елдердің экономикасын сілкіндіріп  отырды. Бірақ та, олардың сипаты басқаша болды, әсіресе, 1929-1933 жылдардағы дағдарыстан соң.

АҚШ-та орын алған 1929 жылғы 29 қазандағы «қаралы бейсенбідегі»  орасан зор биржалық күйреу апатты дағдарыстың бастамасы болды. АҚШ, Германия, Англия экономикасында бұрын-соңды  кездеспеген бағалардың төмендеуі, пайданың күрт азаюы, тапшылық, валютаның  құнсыздануы етек алды. 1929-1933 жылдардағы дағдарыстар көптеген елдер үкіметін ұлттық экономиканы бұл апаттан  алып шығатын әрекетке жұмылдырды. Әсіресе, АҚШ дағдарыстан мемлекеттік  іс-шаралар арқылы шығуға пәрменді қадам жасады. Оларға тоқтала кетсек:

а) мемлекеттік кепілдігі  бар салымдар арқылы қарыз жүйесін  сақтап қалу;

б) долларды 40%-ке құнсыздандыру  жолымен қарыз ауыртпалығын жеңілдету;

в) ауыл шаруашылығы өнімдері бағасын көтеру, ол үшін мемлекеттің  көмегімен қаржыландыру және өндірісті  қысқарту;

г) монополиялардың құрылуын қолдау, күштеп картелдендіру;

д) қоғамдық еңбекті ұйымдастыру  арқылы жұмыссыздықпен күрес;

Мемлекеттің экономиканы  реттеу рөлінің күшеюі және дағдарысқа қарсы реттеу шаралары өз нәтижесін берді. Міне, жарты ғасыр бойы нарықтық экономика 1929-1933 жылдардағы катаклизмге астаң-кестеңін шығарған күйзелістерге соқтырмай келе жатыр./4/

Бұл аз ғана уақыттың iшiнде  бұл келеңсiздiк адамзат тарихындағы  экономикалық дағдарыстың бастауы едi. Құнды қағаздардың бағасы 50-60 пайызға дейiн арзандап, негiзгi әлемдiк валюталарға арналған алтын стандарты күрт төмендедi. Мұндайда қаржылық тоқырау мен қиындықтар iскерлiк белсендiлiкке керi әсер ететiнi айтпаса да түсiнiктi. Бiрiншi Дүниежүзiлiк соғыстан кейiн әзер есiн жиған америкалықтар қолдағы қаражатын қордағы активтер мен акцияларға жұмсап, ақшаларын жүйелi әрi жедел көбейтуге көшкен болатын. Алайда, 1929 жылдың соңына қарай құнды қағаздар бағасының күрт арзандауының кесiрiнен акция иелерi шаш-етектен шығынға батты. Сол кездегi жоғалтқан қаражат көлемi 40 млрд. доллардан асып түскен болатын. Жаппай жабылып қалған фабрика мен зауыттар, түрлi өндiрiс ошақтарының және банкротқа ұшыраған банктердiң миллиондаған жұмысшысы екi қолға бiр жұмыс таба алмай сенделдi. Күтпеген жерден тап берген сол дағдарыс 1933 жылға қарай ауыздықталса да, оның керi әсерi 30-жылдардың соңына дейiн көпшiлiктi тәубесiне келтiрiп отырды. Дағдарыс кезiнде Американың өндiрiсi – 46 пайызға, Англияда – 24 пайызға, Германияда – 41 пайызға, Францияда 32 пайызға қысқарған едi. Ал өндiрiс компанияларының акциялары АҚШ-та – 87 пайызға, Ұлыбританияда – 48 пайызға, Германияда – 64 пайызға, Францияда 60 пайызға қысқарған. Сол кездердегi халықаралық ұйымдар таратқан деректерге сенсек, 1933 жылы дамыған елдердiң 32-сiнде 30 млн. жұмыссыз тiркелiптi. Оның 14 млн-ы – америкалықтар.

1929 жыл мен 1933 жылдар  аралығында әр түрлі компаниялардың  акцияларының курстары төмедеді. Мысалы, Radio Corporation акция курсы 33 рет, New-York Central 51 рет, Krysler 27 рет, General Motors  80 рет, General Electric 11 рет, United Steel 17 рет кішірейді./5/

Сонымен қатар, өнеркәсіптік дағдарыс 70-жылдардың ортасына дейін  пайыздық қойылым, табыстар, өндіріс  шығындары, жалақы динамикаларында  көрініс таба берді.

Сұраныс төмендеген жағдайда келесі салалар көбірек зардап шегеді:    

- өндіріс құралдарына  деген инвестиция күрт төмендейтіндіктен,  өндіріс құралдарын шығаратын  өнеркәсіп салалары;

- ұзақ мерзімдік тұтыну  тауарларын шығаратын өндіріс,  себебі халық бұл тауарларды  сатып алуды кейінге қалдыра  бастайды;

- тұрғын-үй және өндіріс  ғимараттарына деген сұраныс  төмендегендіктен, құрылыс өнеркәсібі де жатады.

Сонымен қатар, 1973 жылы бірінші энергетикалық дағдарыс болды, ол  мұнайдан түскен пайда көлемін азайтқан ОПЕК-ке мүше елдердің бастауымен болды. Осылайша, қара алтынды өндірушілер әлемдік нарықта мұнай бағасын көтеруге тырысты. 1973 жылы 16 қазанда мұнай баррелінің бағасы 67%-ға: 3 доллардан 5 долларға көтерілді. 1974 жылы мұнай бағасы 12 долларға жетті.

Экономикалық өсудің ортажылдық қарқыны 1960 жылы 3,8%,1970 жылы  - 2,8%, 1980 жылдары  – 2,5%-ға тең болды. Бұл төмендеу қарқынын нақты капиталды салымдардың  қысқаруы есебінен болатын «спекулятивті» инвестицияның артуымен байланысты түсіндіріледі.

1970 жылдардың басы әлемдік  капиталдық нарықтағы бағалар  қатынасының тамырымен өзгеруі  – шикізаттың  дайын өнімге  қарағанда бағалық қатынасының  өзгеруімен сипатталды. Бұндай өзгерістің  негізінде дамушы елдердің табиғи  байлықтарын қанаумен байланысты  неоколониалдық жүйенің дағдарысы  жатты.  Және де бар болғаны  2 жылдың ішінде әлемдегі мұнай  мен шикізатқа 4,5-5 есе, астыққа  2,5 есе,  металдар мен кендерге 1,5 есеге дейін бағалар көтерілді.  Нәтижесінде АҚШ шикізат өнімдерін  импорттауға кететін шығындарды  айтарлықтай көтеруіне тура келді.  Инфляциялық процестің дамуы  қосымша ынталандыру алды. Ұзақ  мерзімдік жоспарда елдің алдында  мұнайға деген әлемдік нақты  бағаның күрт өсуіне (1970-1982 жж. 6,5есе)  сәйкес келетін және жаңа әлемдік  бағалардың құрылымына сәйкестендіріп, экономиканы құрылымдық қайта құру тапсырмасын қойды. /14/

Құрылымдық, шикізаттық және энергетикалық дағдарыстар шабуылды тездетті және экономикалық дағдарыстың  циклдық ауыртпалығын жеделдетті. 1974-1975 жж. соғыстан кейінгі кезең бойы  ең  күрделі жылдар болды. Өнеркәсіптік өндірістің төмендеуі 10,3%-ке жетті, ал ұзақтығы – 16 ай. Өндірістің қысқаруына қарамастан,  бұрын-соңды бақыланбаған бағалардың өсуінің ерте тездетілуі мүмкіндік туғызды. 1974 жылы инфляция қарқыны алғаш рет тыныш кезеңде 10%-ке жетті.  Соғыстан кейінгі дағдарыс үшін капиталдық салымдардың төмендеуі(1974-1977жж. 27,6%-ке), жұмыссыздықтың өсуі(жұмыс күшінің 8,2%-на дейін), өнеркәсіп және несие сферасындағы банкроттық саны рекордты болды. Американ жұмысшыларының нақты жалақыларының қысқаруы(1974-1975ж 5%-ке) тұтынушылар сұранысының төмендеуіне әкелді. Тәжірибе жүзіндегі бір уақытта АҚШ, Жапония, Франция, Англия, Италиядағы өндірістің төмендеуі барлық  әлемдік капиталистік саудадағы дағдарысты тудырды. Американдық экспорт 1975 жылы 2,6%-ке  қысқарды, бұл экономиканың ішкі дағдарысын одан әрі жеделдетті./14/

1974-1975 жж. дағдарыстың ерекше  тереңдігі инфляция мен құлдыраудың  бірге болуы (стагфляция), құрылымдық  дағдарыстың бірқатар  түрлерінің  ұшырасуы АҚШ экономикасының  дағдарысқа дейінгі кезеңдегідей қалыпқа келтірудің ұзақ мерзімді (20 ай) болуын шарттандырды. Келесі болған дағдарыстар тұрақсыздығымен сипатталды. /13/

 Дағдарыс кезеңінде  өнеркәсіптік өндіріс АҚШ-та 13%-ға, Жапонияда 20%-ға, ГФР-да 22%-ға, Ұлыбританияда  10%-ға, Францияда 13%-ға, Италияда 14%-ға, КСРО-да 18%-ға қысқарды. 1973 жыл мен  1974 жылдың желтоқсаны аралығында  акциялар курсы АҚШ-та 33%-ға, Жапонияда  17%-ға, ГФР-да 10%-ға, Ұлыбританияда 56%-ға, Францияда 33%-ға, Италияда 28%-ға, КСРО-да 20%-ға құлады. Банкроттық саны 1974 жылы 1973 жылмен салыстырғанда АҚШ-та 6%-ға, Жапонияда 42%-ға, ГФР-да 40%-ға, Ұлыбританияда  47%-ға, Францияда 27%-ға, КСРО-да 20%-ға жоғарылады. Сонымен, 1975 жылдың ортасына қарай дамыған капиталдық елдерде түгелдей жұмыссыздықтың саны 15 млн адамға жетті. Одан басқа, 10 млн-нан астам адам толық емес жұмыс аптасына ауыстырылды немесе кәсіпорындардан жұмыстан шығарылды. Барлық жерлерде еңбекқорлардың нақты кірісі төмендеді. Бұл дағдарыстың кейбір элементтері кейіннен болған дағдарыстарда да орын алды./14/

 

 

2.2 1991-1995 ж.ж гиперинфляция мен 1997 жылы орын алған азиялық дағдарыс

 

ҚР тәуелсіздік алған  уақыттың алғашқы кезеңдерінде өндіріс  көлемі күрт қысқарды, мұның өзі  халықтың өмір сүру деңгейін төмендетуге  ықпал етті. 1991 жылдан кейінгі кезеңдерде Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің  жиынтық көлемі 40%-ға дейін төмендеді. Жұмыспен қамту деңгейі төмендеді, құрылымдық өзгерістердің барлық ауыртпалығы  еңбек бағасына әсер етті. Еңбекақы мөлшері 50%-ға қысқарды, мұның өзі жалпы табыс жанұяның тұтыну бюджетіне қатты зардабын тигізді.

Республиканың  ЖІӨ көлемі 1991 ж. ағымдағы бағамен – 85863,1млн. сом, 1992 ж. – 1217689,2 млн. сом болды. Бағаны ырықтандыру салдарынан үдей түскен инфляцияға байланысты ЖІӨ ағымдағы бағамен 15 есе көбейді. Тұтыну бағасының  индексі 1992 ж. 3060,8%-ды құрады, мұның өзі 1991 жылмен салыстырғанда 12,4 есе (247,1%) көп. Нақты бағамен ЖІӨ деңгейі 5,3%-ға төмендеді. 1991 жылмен салыстырғанда 1992 ж. экономиканың барлық саласы бойынша  өндіріс көлемі күрт азайды. Өнеркәсіптік өнімнің құлдырау қарқыны құрылыста 40,5%-ды, саудада 17,4%-ды, көлікте 19,4%-ды құрады. Өндірістің өсуі тек ауыл шаруашылығында ғана тіркелді. Сатып алу қабілетінің  тепе-теңдігі бойынша орта есеппен  жан басына шаққандағы ЖІӨ  1991 ж. 5756 АҚШ доллары, 1992 ж. 5561 АҚШ доллары  болды.

1993-1994 жылдар экономикалық дағдарыстың түйінді кезеңіне айналды. Бұл дағдарыс мыналардан көрінді: Ресей Федерациясымен шаруашылық байланыстардың үзілуі және осының салдары ретіндегі төлем төленбеу дағдарысы; кәсіпорындардың өзара борыштары 1993-1994 жж., 1995 ж. басында 634913 млн. теңге болды. Инфляция өрши түсті; 1993 ж. тұтыну бағасының индексі 2265% деңгейге жетті; өнеркәсіптің шетіне жете құлдырауы; өндірілген ұлттық табыс 1991-1993 жж. 1976 ж. деңгейге дейін төмендеп, жалпы құлдырау 32,2% болды. 90 жж. басындағы жалпы  экономикалық дағдарыс халық тұрмысының нашарлауына әсерін тигізді: 1990-1994 жж. тұтыну қабілетінің тепе-теңдігі бойынша жан басына шаққанда орта есеппен ЖІӨ 20%-ға азайып, 4711 АҚШ доллары болды. Жалғастырылған реформалардың мақсаты мына шараларды көздеді: меншік қатынастарын қайта құру жеке меншікті заңдастыру жағына ойысты; «рубль» аймағынан шығу және ұлттық валюта – теңгені енгізу; валюта-қаржы және банк жүйесін өзгерту; инфляция мен бюджет тапшылығын кемітуге қатысты қатаң шектеу шараларын жүзеге асыру; алтын-валюта сақтық қорларын еселей түсу. Бұл кезеңде үкімет дағдарысқа қарсы шаралар бағдарламасын қабылдады, ол инфляция деңгейін азайтуға және өндірістің құлдырауын шектеуге бағытталды. Қаржы секторы беретін қарыздардың көлемін шектеуге қосымша несиенің «бағасын ұтымды ету» талабы, яғни жоғары пайыздық мөлшерлеме белгілеу қарастырылды. Бұл шара жекеше жинақ ақшаның өсуіне септігін тигізетін, қарыз қорларына жұмсалатын шығынның өсуі себепті банк секторының қарыздарына жалпы сұранысты қысқартуға жәрдемдесетін барынша тиімді шаралардың бірі ретінде қарастырылады. Мұндай жағдайда ҚР-ның Үкімет басшылық нұсқасымен «директивалық» несиелер беру есебінен кәсіпорындарға талғамалы қолдау көрсетуге тырысты. 1994 ж. оның көлемі 14063,7 млн. теңге болды. Тұрақтандыру бағдарламасы шеңберiнде қолданылып жатқан шараларға қарамастан мемлекеттiң нысаналы несиелерi көбiнесе қайтарылмайтын несиелерге айналды. 1994 жылдың аяғына қарай шамамен 2300 млн. теңге (яғни бөлiнген несиенiң алтыдан бiр бөлiгi) қайтарылды. Бұл кезеңде ЖІӨ серпiнi өндiрiстiң шапшаң құлдырауымен сипатталды, ал 1995 жылдың басына қарай ЖІӨ көлемi 1990 жылғымен салыстырғанда 61,4% болды. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның нәтижесiнде таза жинақ қаражат — өндiрiстi тұрақтандыратын әлеуеттi инвестициялар өсуге тиiс едi. Алайда жинақ қаражат күткендегiдей өсе қоймады: халықтың салымы небәрi 606,9 млн. теңгеден (1.1.1994) 1673,5 млн. теңгеге дейiн (1.7.1994) ғана көбейдi, ал банкiлердегi ағымдағы, есеп айырысу және депозиттiк шоттардың қалдықтары тиiсiнше 4154,1 млн. теңгеден 12472,0 млн. теңгеге көбейдi. Сөйтiп, экономиканың нақты секторында болған тұрақсыздану өндiрiстiң құлдырауын ушықтыра түстi. Тек 1994 ж. ғана Қазақстан өз өнеркәсiбiнiң ширегiнен астамынан айрылды. Дағдарысты шектеу қатаң экономикалық саясат жүргiзудi талап еттi, соның салдарынан әлеуметтік-экономикалық ахуал одан әрi нашарлады. Қазақстанның экономикалық саясатына түзету енгiзудiң нәтижесiнде экономика дәрменсiздiктен серпiлiп, макроэкономика тұрақтану үшiн жағдай жасауға мүмкiндiк туды. Бұл кезеңде Қазақстан Халықараралық валюта қорына кiрдi, ол елге дағдарысты еңсеру үшiн нысаналы несие бөлдi.

Жұмыссыздық деңгейі 1994 ж. 4,5% болса, 1996 ж. 6%-ға жетті. Неғұрлым көп  қиындық салмағын көтергендер жұмыс  жолын енді бастаған жұмысшылар, білім  деңгейі төмен мамандығы жоқ  категориялар болды.

Халықтың тұрмыс деңгейінің негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері 1994 жылдан бастап жақсара түсті. Макроэкономикалық  төмендеудің тағы бір сипаты үкіметтің  салықтан түсетін табысты дұрыс  ұйымдастыра алмауында болды. Соның  нәтижесінде салық үлесі 1992 ж. ЖІӨ-нің 39% болса, бұл көрсеткіш 1996 ж. 24%-ға азайды. Кіріс деңгейі өте төмендеуі  нәтижесінде әлеуметтік сфераны  қорғау төмендеді, үкімет бюджет тапшылығына  тап болды. Еңбекақы мен ақшалай  жәрдем жөнінде үкімет көп мөлшерде берешек болып қалды. 1996 ж. аяғында  еңбекақыдан берешек көлемі ЖІӨ-нің 6% құрады. Ал зейнетақы берешегі жиынтық  ішкі өнімнің 2% көлемінде болды. Бұл дағдарыс көп ұзамай, азиялық дағдарысқа жалғасты.

1997 жылғы азиялық дағдарыс - екінші дүниежүзілік соғыстан  кейінгі азиялық нарық қорының  ең үлкен ауқымды төмендеуі.  Бұл дағдарыс Оңтүстік Шығыс  Азия елдерінен шетел инвесторларының  кетуімен байланысты. Дағдарыстың болу себебі аймақтағы ұлттық валютаның девальвациялануы және  Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің төлем балансының төмендеу деңгейі. Экономистердің есептеуі бойынша, азиялық дағдарыс әлемдік  ЖІӨ-ді 2 трлн. долларға төмендетті. Енді Қазақстан бойынша қарастыратын болсақ, жан басына шаққандағы ЖІӨ 1994 жылмен салыстырғанда 1997 ж. 14,1 млрд. теңге деңгейiне дейiн көбейдi. 1997 жылдың басындағы экономиканың жай-күйiн мынадай факторлармен сипаттауға болады: iс жүзiнде барлық тауарлар мен қызметтердiң бағасы босатылды немесе ырықтандырылды, негiзгi заңдық актiлер өзгертiлдi, олар реформаларды жүргiзуге мүмкiндiк туғызды, сыртқы экономикалық қызмет ырықтандырылды, нарық талаптарына сай келетiн жаңа салық базасы жасалды, меншiктi қаржы нарығы құрылды, банк жүйесi жаңғыртылды, оның инфрақұрылымы дамытылды; мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы құрылды, мемлекеттік меншiктi жекешелендiру қарқынмен жүргiзiлдi. Алайда, қатаң ақша-несие, бюджет-салық саясатының экономикалық тұрғыдан тиiмдi нәтижелерiне қарамастан бұл кезеңде халықтың әлеуметтік-демографиялық ахуалы күрт нашарлады: халықтың өсiп-өну деңгейi кемiдi; өмiрдiң ұзақтығы қысқарды; бiлiм деңгейi төмендедi; материалдық әл-ауқат құлдырап кеттi: қазақстандықтардың 31%-ға жуығы тұтыну қоржынының ең төмен деңгейiнде өздерiнiң күн-көрiс қажеттерiн қанағаттандыра алмады, жұмыссыздық деңгейi екi есеге жуық көбейдi. Бұл кезеңде бұрынғы әлеуметтік саясат қағидаларын өзгерту қажеттiгi туды: халықты әлеуметтік қорғаудан әлеуметтік көмек пен қолдауға көшу, сондай-ақ, әлеуметтік саладағы мемлекеттік қамқорлықты қысқарту қажет болды. Бұл нарықтық реформалар кезеңiнiң басты жетiстiктерi: елде тұрақты әлеуметтік-экономикалық жағдай сақталды; ұлттық ақша бiрлiгi енгiзiлдi және дербес ұлттық ақша саясатын жүргiзу мүмкiндiгi туды; Қазақстан нарығы тұтыну тауарларымен молая түстi; республиканың тәуелсiздiгi мәртебесiн дүниежүзілік қоғамдастығы мойындады және ол халықараралық қаржы институттарына кiрдi. Әлеуметтік-экономикалық шаралардың iске асырылуы Қазақстанда жекеше зейнетақы, сақтандыру және медицина қорларын құруға жол ашты.

Информация о работе Дағдарысқа қарсы саясат