Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Апреля 2012 в 22:18, курсовая работа
Бұл курстық жұмыста мемлекеттің дағдарыстан шығу жолдары қарастырылған
КІРІСПЕ
Әлемнің экономикалық тарихы
күні бүгінге дейін талай қиын-
Нарықтық экономиканың сан
түрлі иірімдері қарапайым
Курстық жұмыстың өзектілігі. Дағдарыс кезеңінде жаңаша ойлау, шығындарды қысқарту, басқару құрылымы мен бизнес-үдерістерді оңтайландыру талап етіледі. Дағдарыстан кейінгі кезеңнің айрықша белгілерінің бірі қаржы секторының анықталған проблемаларын жою қажеттілігі, жіберілген қателерді түзету және тұрақты әртараптандырылған өсуді қамтамасыз ету болып табылады. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.
Біздің мемлекет ТМД
мемлекеттерінің ішінде
Мұндай жахандық проблеманы шешу интеллектуалдық күш жігер мен уақытты талап етеді. Бұл ретте қазіргі валюта жүйесінің пайдасына үйреніп қалған ескі қаржылық элиталардың қарсылығы туындауы мүмкін, сонымен қатар әзірге әлемдегі барлық күштер бірдей өзінің болашағына деген мұндай көзқараспен келісуге әзір емес. Бұл әбден түсінікті де табиғи нәрсе. Сондықтан да әлемдік және ұлттық элиталардың түрлі топтарында бүгінде жахандық дағдарысты емдеу дауаларының әрқилы нұсқалары байқап көріліп, әзірленуде.
Қазақстан тәуелсіздік алған
кезден бастап нарықтық экономикаға
көшуге бейімделді. Қазіргі таңда
Қазақстан ойдағыдай істеп
Курстық жұмыстың мақсаты – экономикалық циклдың және дағдарыстың жалпы мазмұнын ашып көрсету; тарихта болған дағдарыстардың отандық экономикаға әсері мен ҚР-да дағдарысты еңсерудегі мемлекеттің рөлін талдау. Осы мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді орындауды жөн көрдім:
Курстық жұмыстың құрылымы:
Жалпы курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында экономикалық циклдар мен дағдарыстың теориялық негіздері жөнінде жазылған. Екінші тарауда Қазақстан экономикасына әсер еткен дағдарыс жағдайы туралы талдау жүргізілген. Үшінші тарауда дағдарысқа қарсы мемлекеттің саясаттары туралы баяндалған.
Курстық жұмысты жазу барысындағы қайнар көздер: Мамыров Н.Қ., Тілеужанова М.Ә. «Макроэкономика», Вечканов Г.С., Вечканова Г.Р. «Макроэкономика», Агапова Т.А., Серегина С.Ф. «Макроэкономика», Чепурин М.Н., Киселева Е.А. «Курс экономической теории», сонымен қатар мерзімді баспасөз құралдарын - «Егемен Қазақстан», «Республика.kz» және www.government.kz сайтының деректерін қолдандым.
1 Экономикалық циклдер мен дағдарыстардың теориялары
1.1 Экономикалық циклдің жалпы мазмұны, себептері, фазалары, факторлары
Қазір дүние жүзіндегі басты мәселе экономикалық дағдарыс жайында болып отыр. Бүгінгі біз өмір сүріп отырған дүние ұлттық экономикалардың өзара тығыз байланысымен сипатталады.
Экономикалық циклдер теориясы, экономикалық өсу теориясымен қатар, халық шаруашылығындағы қозғалысты анықтайтын экономикалық динамика теорияларына жатады. Өсу теориялары ұзақ мерзімді тенденция ретінде өсудің факторлары мен шарттарын зерттесе, цикл теориясы экономикалық белсенділіктің мерзімдік ауытқуларының себептерін зерттейді. Экономиканың тепе-теңдікте дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы, өзгерістердің бағыты мен дәрежесі экономикалық конъюнктураны құрайды.
Конъюнктуралық динамиканы зерттеушілерді екіге бөлуге болады: қоғамдық өмірде әлсін-әлсін қайталанып тұранатын циклдардың болуын мойындайтындарға және оларды мойындамайтындарға.
Біріншілер – көбінесе
неоклассикалық мектептің өкілдері
циклдікті экономикаға
Екінші бағыттың өкілдері циклды нақты әлемнің элементарлық бөлінбейтін «атомы» дейді. Цикл – бұл материалдық әлемнің ерекше, әмбебап және абсолюттік құрамы.
Айталық, әлемде бір-біріне әсер ететін 2 ғана объект болады. Әсердің күші және қарсы әсер күші осы объектілерде орналасқан, бірақ олардың бағыттары қарама-қарсы болады.
Осы өзара әсер ететін циклдың құрылымында объект өзінің қарама-қарсысына айналады, сонан кейін өзіне қайта оралады. Әсер күшінің және қарсы әсер күшінің сомасы абсолюттік көлемі жағынан өзара әсердің өлшемі болып табылады. Егер өзара әсерде әсердің күші өсетін болса, онда өлшем өзгермеу үшін қарсы әсер азаяды. Ал алдымен қорытындылаушы оң күш өседі, содан кейін ол максимумға жеткен соң азая бастайды. (1.1-сурет)
F 2
1 3 5
F 4
1.1-сур.Өзара әсер ететін циклдың қорытындылаушы күшінің өзгеруі
К.Маркс 1818-1883жж. дағдарыс пен цикл проблемаларына өте елеулі назар аударып зерттеген. Ол циклдың бірінен-біріне алмасатын 4 фазасы болады дейді: дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу (1.2-сурет).
ЖҰӨ
ІV
І ІІІ
ІІ
2-сур. Өнеркәсіптік цикл және оның фазалары
Осы суретте І кесінді – дағдарыс фазасын, ІІ – тоқырау фазасын, ІІІ – жандану фазасын және ІV – өрлеу фазасын сипаттайды. Кейбір осы замандық зерттеушілер тек екі фазаны атайды: рецессия және өрлеу.
Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және ссуда процентінің жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті төмендетеді; банктік берешектерді өсіреді, банктік құлдырауға және экономиканың басқа сфераларындағы кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі.
Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Өндіріс төмендеуін қояды, бірақ өспейді де. Артық тауарлар тарайды, бірақ сауданың жағдайы мәз емес. Проценттік норма бойынша төмендейді. Бірақ бірте-бірте өсу нүктелері пайда бола бастайды, жандану басталады. Нарықтың жаңа жағдайына бейімделген кәсіпорындар тауардың өндірісін көбейтеді және өндірістік құрылыс өседі, пайда, қарыз проценті, жалақы көтеріледі және өрлеу фазасы басталады. Өсу дағдарыстың алдындағы ең жоғары нүктеден артады, өндіріс кеңейе түседі, жұмыспен қамту, тауарлық сұраныс, бағалар, процент нормасы өседі. Бірақ, бірте-бірте өндіріс көлемі жаңадан төлемге қабілетті сұраныстан арта бастайды, нарық тауарлар мен қызметтермен асыра толтырылады, сөйтіп, жаңа өнеркәсіптік цикл басталады.
Циклдің қозғалысында экономикалық параметр белгісінің өзгерісіне байланысты, олар проциклдік, контрциклдік және ациклдік болып бөлінеді.
Проциклдік параметрлер жандану фазасында өседі, ал құлдырау фазасында – төмендейді. Контрциклдік параметрлер деп мағынасы құлдырау кезінде жоғарылап, ал жандануда – төмендейтін көрсеткіштер аталады. Ациклдікке динамикасы экономикалық циклдың фазаларымен сай келмейтін параметрлер жатады.
Экономикалық параметрлер 3 типке бөлінеді – озғыш, кешігуші және сәйкестік.
Озғыштар максимум немесе минимумға пиктің немесе ең төменгі нүктеге жетудің алдында жетеді.
Кешігушілер максимум немесе минимумға пик немесе ең төменгі нүктеден кейін жетеді.
Сәйкес келуші параметрлер экономикалық белсенділіктің өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады.
Осы замандағы қоғамдық ғылымға циклдықтың 1380-нен артық типі мәлім. 1.1-кестеде жиі аталатын алтауы келтірілген. Экономика көбінесе осылардың алғашқы төртеуімен айналысады./2/
Экономикалық циклдің түрлерін ажыратудың объективті негіздері мыналар бола алады:
а) капиталдың жекелеген бөліктерінің жаңарып отыру кезеңділігі;
ә) негізгі капитал элементтерінің
үнемі жаңарып отыруын
б) демографиялық үрдістермен және ауыл шаруашылығының дамуымен шартталатын өзгерістер.
Кесте 1.1
№ |
Циклдің түрлері |
Ұзақтылығы |
Басты ерекшеліктері мен себептері |
1 |
Дж.Китчин циклдері (қорлар циклдері) |
2-4 жыл |
Тауардың өмір сүру циклімен, әлемдік алтын қорларының өзгеруімен байланысты орын алатын қысқа мерзімдік толқулар. |
2 |
К.Жугляр циклдері (инвестициялық немесе бизнес циклдер) |
7-12 жыл |
Банктердің әрекеттеріне туындайтын ақша-несие факторларының өзгеруінен негізгі капиталдың кезеңділікпен жаңаруына байланысты орын алатын орта мерзімдік толқулар |
3 |
К.Маркс циклдері |
10 жыл |
Негізгі капиталдың жаппай жаңаруымен байланысты орын алатын орта мерзімдік ауытқулар |
4 |
С.Кузнец циклдері (құрылыс циклдері) |
15-25 жыл |
Тұрғын үйлер құрылысын және бірқатар өндірістік ғимараттардың түрлерін жаппай жаңартумен байланысты орын алатын ұзақ мерзімдік толқулар |
5 |
Н. Кондратьев циклдері(«Ұзын толқындар») |
40-60 жыл |
Ғылыми-техникалық прогресстің дамуымен, экономикадағы құрылымдық алға жылжулар мен өзгерістерге байланысты орын алатын ұзақ мерзімдік толқындар |
6 |
Форрестерлік циклдер |
100 жыл |
Жаңа энергиялар мен материалдардың пайда болуымен, шикізат көздерін жаңадан ашумен байланысты қоғамның жаңа сатыларға өтуімен сипатталатын өзгерістер |
7 |
Тоффлерлік циклдер |
Мыңжылдықтар |
Өркениеттік дамулардың ұласуы |
Экономикалық циклдердің себептері. Макроэкономикалық әдебиеттерде экономикалық циклдің пайда болу себептері туралы ортақ жалпы мойындалған пікірлер мен теориялар жоқ, сондықтан әртүрлі экономикалық бағыттың өкілдері экономикалық цикл туралы көзқарастарын әртүрлі түсіндіреді.
С. Джевонс пен А. Чижевский
циклдің себептерін Күн бетіндегі
дақтардың адамдарға әсер етуімен
түсіндіреді. В. Парето мен А. Пигу циклдің
себептерін адамдардың экономикалық қызметтеріндегі
оптимистік және пессимистік қатынастарға
байланысты деп айтады. Т. Мальтус
пен Ж. Сисмонди циклдің себептерін
өндірілетін табысқа қарағанда
тұтынылатын табыстың жетіспеушілігімен
байланыстырады. М. Туган-Барановский
мен А. Шпитгоф оларды өндіріс
құрал-жабдықтары өндірісінің тұтыну
заттары өндірісінен артып
Экономикалық циклдің факторлары. Экономикалық циклдің факторларын анықтау үшін үш методологиялық бағыт қалыптасады, олар: сыртқы (экзогендік) факторлармен байланысты, ішкі (эндогендік) факторлармен байланысты, сыртқы және ішкі факторлардың синтезі ретінде анықталады.
Сыртқы (экзогендік) факторлар – берілген экономикалық жүйенің шеңберінен тыс жатқан факторлар. Оларға жататындар: халықтың өсу қарқыны, халықтың миграциясы, ғылыми ашылымдар мен техникалық жетістіктер, соғыстар, әртүрлі саяси оқиғалар, мұнайға деген бағаның күрт өзгеруі, ірі кен (әсіресе, алтын) орындарының ашылуы, жаңа жерлер мен табиғи ресурстардың игерілуі, Күн бетіндегі дақтар, ауа-райы әсерлері мен табиғи апаттар, т.б.
Ішкі (эндогендік) факторлар – берілген экономикалық жүйеге қатысты факторлар. Оларға әдетте тұтыну мен инвестицияны жатқызады. Сондықтанда, бұл бағытта экономикалық циклдің мәселелері сұраныс теориясы, мультипликатор – акселератор механизмі арқылы зерттеледі.
Көптеген экономистердің көзқарастары бойынша сыртқы факторлар экономикалық циклдердің бастапқы импульстеріне дем беріп отырады, ал ішкі факторлар осы импульстерді фазалық толқуларға айналдырып отырады. Экономикалық циклдердің пайда болуында шешуші рөлді тұтынушылық сұраныс пен инвестициялық сұраныс ойнайды. Тұтынушылық сұраныс циклдердің өзгерісіне салыстырмалы баяу әсер етсе, ал инвестициялық сұраныс экономикалық циклдердің басты қозғаушы күші болып табылады.
Экономикалық циклдің
қазіргі заманғы теориялық