Бюджетті қалыптастыру мәселелері.doc

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2012 в 20:17, дипломная работа

Описание работы

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық зерттеу жұмысында тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы аймақ бюджетінің қалыптасуы мен басқарылу негіздері карастырылған.
Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейіне ауысып, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде.

Содержание

Кіріспе ...................................................................................................................... 3
1 Республикалық бюджет оның мәні, қалыптастыру жолдары..............................5
1.1 ҚР бюджет, оның әлеуметтік жағдайын жақсарту ролі.....................................5
1.2 Жергілікті бюджеттің құрамы, қаржы көздері................................................ 11
2 ҚР жергілікті бюджет............................................................................................20
2.1 Жергілікті бюджет (Жітіқара ауданының бюджеті)........................................ 20
2.2 Жергілікті бюджеттің өзгеру динамикасы....................................................... 22
2.3 Жітіқара ауданы бюджет көздері..................................................................... .30
3 Жергілікті бюджеттің қалыптастыруды жетілдіру жолдары............................. 34
3.1 Жітіқара ауданының бюджетті қалыптастыру................................................. 34
3.2 Жітіқара ауданының даму жолдары................................................................. 44
Қортынды.................................................................................................................. 60
Пайдалынған әдебиеттер ......................................................................................... 63

Работа содержит 1 файл

Бюджетті қалыптастыру мәселелері.doc

— 475.00 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасының  білім және ғылым министрлігі

 

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

 

 

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі  м.а___________

___________________Н.Сартанова 

___ ____________20___ж.

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

Тақырыбы: «Бюджетті қалыптастыру мәселелері»

(Қостанай  облысы Жітіқара ауданы бойынша)

 

Мамандығы 050509 – Қаржы

 

 

 

Орындаған                                                             Р.И. Гасанов

 

Ғылыми  жетекшісі                           

қ.ғ.н, профессор м.а                                             Б.Н.Жаналинов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай 2010

 

Мазмұны

 

 

Кіріспе ......................................................................................................................  3

1 Республикалық бюджет оның мәні, қалыптастыру жолдары..............................5

1.1 ҚР бюджет, оның әлеуметтік жағдайын жақсарту ролі.....................................5

1.2 Жергілікті бюджеттің құрамы, қаржы көздері................................................ 11

2 ҚР жергілікті бюджет............................................................................................20

2.1 Жергілікті бюджет (Жітіқара ауданының бюджеті)........................................ 20

2.2 Жергілікті бюджеттің өзгеру динамикасы....................................................... 22

2.3 Жітіқара ауданы бюджет көздері..................................................................... .30

3 Жергілікті бюджеттің қалыптастыруды жетілдіру жолдары............................. 34

3.1 Жітіқара ауданының бюджетті қалыптастыру................................................. 34

3.2 Жітіқара ауданының даму жолдары................................................................. 44

Қортынды.................................................................................................................. 60

Пайдалынған әдебиеттер ......................................................................................... 63

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

Жұмыстың  жалпы сипаттамасы. Дипломдық зерттеу жұмысында тұрақты экономикалық өсу жағдайындағы аймақ бюджетінің қалыптасуы мен басқарылу негіздері карастырылған.

Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейіне ауысып, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде. Аймақтардың шаруашылық кызметінің ұлғаюы республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара қарым-қатынастарының мәселесіне, жергілікті бюджеттерді басқаруды дұрыс ұйымдастыруға жаңаша көзқарасты талап етеді.

Қазақстан Республикасы экономикасының күрделі  кеңістіктік құрылымы мен жүргізіліп жаткан экономикалық саясаттың жемісті  болуы оның жергілікті деңгейге жүзеге асуына тікелей байланысты екендігін ескерсек, осы орайдағы жергілікті бюджетті басқарудың маңыздылыгы да айқындала түседі. Олай болса, жергілікті деңгейдегі мәселелердің оңтайлы шешімін табу жолдарының негізі болып табылатын жергілікті бюджетті басқаруды жетілдіру, бюджетаралық қатынастарды оңтайландыру, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру тәрізді мәселелер ерекше зерттеуді қажет етеді деп ойлаймыз.

Республика  экономикасының дамуы соңғы жылдары  аса кемелденіп, толығып келеді, оны реттеу жөнінде әр түрлі мүмкіндіктер едәуір баршылық. Біздің елімізді әлемдік қоғамдастық рыноктық экономикасы бар мемлекет ретінде мойындады. Қазақстан тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде әлемдік қоғамдастықпен ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай есуге қол жеткізді.

Әлеуметтік-экономикалық жүйенің әлемдік интеграция жағдайында дамуы әр түрлі саладағы жетістіктері деңгейімен, жалпы әлемдік жүйедегі белгілі бір міндетті іс-әрекет және орны болуымен байланыстырылады. Нақтылы елдің даму деңгейі әлемдік қоғамдастықпен айкындалады, әр түрлі дәрежеде экономикаға ықпал етеді. Бұл ең жоғары орынға жетуге ұмтылдырады, соған жету рейтингінің өсуін ғана білдірмейді, сонымен қатар келешекте шынайы дамуды бейнелейді. Кез келген экономиканың рейтингі даму деңгейінің белгілі бір көрсеткіші ретінде қаралады. Ол алдағы уақытта бәсекелес әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттап қана қоймай, басқа экономика тарапынан интеграция ықпалымен болатын оның тартымдылық шарты болып табылады.

Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуында елеулі айырмашылық орын алатын болса кез келген мемлекеттің бір қалыпты дами алмайтынын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Сондықтан да қандай да бір елдің бәсекеге төтеп бере алатын қабілеті оның аумақтық деңгейде мемлекеттік тұрғыдан ықпал етудің шаралар жүйесін, белгілі бір аумақтардың мүдделері мен өзіндік ерекшеліктерін экономикалық даму тұрғысынан нығайтудың деңгейіне байланысты.[1]

Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өзгешеліктер объективті тұрғыдан аумақтық даму теңсіздігінің әмбебап  экономикалық заң әрекеттеріне бағынышты. Сондықтан да бұл арадағы міндет осы экономикалық заңның талаптарына жекелеген аумақтардың даму деңгейлерін тенестіру үдерісін бағындырып, осы айырмашылықтарды біртіндеп жою болып табылады.

Әрбір аймақтың экономикаға  қаржылық ресурстарды жұмылдыру  үшін өз мүмкіндіктерін пайдалануы қажет. Бұл тигізер пайдасы бар табиғи кені жоқ аумақтар үшін ерекше маңызды. Тиісті талдау негізінде аумақ үшін, соған орай, тұтас экономика үшін алдағы болашақты қамтамасыз ететін, үнемі ілгері басатын, аумақтық даму мүмкіндіктерін анықтаудың маңызы зор. Бұдан шығатын қорытынды, әр түрлі деңгейдегі экономиканың дамуын макро-және аумақтық қамтамасыз ету Қазақстан үшін бүкіл болашақтың негізі болып табылады.

Аймақтық бюджеттер  Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің  бір бөлігін көрсетеді және елдің мемлекеттік бюджет құрамына кіреді. Олар тек қана жергілікті салықтар мен алымдар есебінен толтырылмайды, сонымен қатар бюджеттік реттеу механизмдер арқылы қайта бөлінетін республикалық салықтар мен алымдар бөлшектері есебінен де қалыптасады. Бірақ, жергілік-ті бюджетгердің кірістері өздік түсімдер, реттеуші салықтардан түсетін түсімдер, қаржылық жәрдем мен займдық қаражаттардан қалыптасса да, аймақтар мен аумақтардың әлеуметті-экономикалық дамуының ерекшеліктері жергілікті билік органдарының мем-лекеттік қызмет керсету процестеріне тиімді әсерін қамтамасыз етуге ресурстардың жетпеушілігіне жеткізеді.

Сондықтан, аймақтардың  экономикалық дамуы болымды себебінен  кірістік база әркелкілік болғандықтан аумақтар тұрғындарға мемлекеттік  сектор арқылы көрсететін қызметтер тең болуы үшін аймақтар бойынша бюджеттік теңестіруді қамтамасыз ету жөнінде белсенді саясат жүргізу қажет. Осындай саясат жүргізу механизмнің бірі ретінде жергілікті бюджеттер бойынша тұрғындардың бір жанына есептейтін көлбеулі бюджет-тік теңестіру әдісі пайдаланады.[2]

Бұл әдістің маңызы әр түрлі аймақтар мен аумақтар бойынша  қаржылық жәрдем бөлудің бірыңғай қалыпты  есептемелерін пайдалану арқылы тұрғындардың мемлекеттік қызмет түтынуын бірыңғай стандарттық деңгейін қамтамасыз ету тұжырымдайды. Мұндай саясат жүргізудің негізгі мақсаты - ол әрбір билік деңгейі бойынша соларға бекітілген мемлекеттік қызметті толық көрсетуін заңды түрде бекітілген ортамерзімдік болашақта тұрақты болатын кірістік қайнар көздерімен қамтамасыз ету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Республикалық бюджет оның мәні, қалыптастыру жолдары

1.1 ҚР бюджет, оның әлеуметтік жағдайын жақсарту рөлі

 

 

Қазақстан Республикасында республикалық  және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жүйесiн дамытудың және келешекке арналған осы тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) республикалық және жергіліктi бюджеттердiң атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыруды қамтамасыз ету мақсатында және Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың сыртқы аудиттiң күштi қызметiн құру Есеп комитетiнiң өкiлеттiлiктерiн кеңейту, оны сапалық және сандық жағынан нығайту қажеттiгi туралы тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң мемлекеттiк бағдарламасы туралы". Жарлығының және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Экономика саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестiң тұжырымдамасы туралы".

Ұсынылып  отырған Тұжырымдама республикалық  және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын айқындайды.

Қаржы саласындағы мемлекеттiк бақылау  жүйесiн жетiлдiру халықаралық талаптарға сәйкес, нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу мен бекiтудi, олар белгiлеген  объектiлер мен құқықтық нормалардың  қолданылу аясын бөлудi ескере отырып республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау ұғымын айқындаудың объективтiк қажеттiгiнен туындап отыр.

Сол сияқты қолданылып жүрген заңнамаларда қаржы  саласындағы мемлекеттік бақылау  органдарының арасында міндеттер мен  өкілеттіктерді айқын шектеудің жоқтығы, осы органдардың бір-бірімен де және мемлекеттiк қаржы бақылау жүйесiнен тыс қызмет ететiн аудит институтымен де өзара iс-қимыл мәселелерiнде тиiстi айқындылықтың болмау жағдайлары мәселенiң өзектілігiн растай түседi.

Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуын бақылау жүйесiн одан әрi дамыту мемлекет пен елiмiздiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң қаржы-экономикалық қарым-қатынастары жүйесiндегi маңызды мәселелердiң шешiлуiне елеулi ықпал ете алады, сондай-ақ экономика саласындағы әртүрлi құқық бұзушылықпен нысаналы күрес жүргiзуге мүмкiндiк бередi.[3]

Бюджет жүйесi мынадай принциптерге негiзделедi:

1) бiрлiк принципi - Қазақстан Республикасының аумағында  Қазақстан Республикасының бiрыңғай  бюджеттiк заңдарының қолданылуын, соның iшiнде бiрыңғай бюджеттiк сыныптауды, бюджет процесiн жүзеге асырудың бiрыңғай рәсiмдерiн пайдалануды қамтамасыз ету;

2) толықтық принципi - Қазақстан Республикасының заңдарында  көзделген барлық түсiмдер мен  шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегiнуге жол бермеу;

3) реалистiк  принципi - бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджет көрсеткiштерiнiң орта мерзiмдi фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық дамытудың орта мерзiмдi жоспарының бекiтiлген (түзетiлген) өлшемдерi мен бағыттарына сәйкес келуi;

4) транспаренттiлiк  принципi - мемлекеттiк немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi, бекiтiлген (нақтыланған, түзетiлген) бюджеттердi және олардың атқарылуы туралы есептердi, мемлекеттiң фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты мiндеттi түрде жариялау; бюджет процесiнiң ашықтығы, мемлекеттiк қаржы бақылауын жүргiзу;

5) дәйектiлiк  принципi - бюджеттiк қатынастар аясында  бұрын қабылданған шешiмдердi  мемлекеттiк басқару органдарының сақтауы;

6) тиiмдiлiк және  нәтижелiлiк принципi - бюджеттердi бюджеттiк  бағдарламалар паспорттарымен көзделген  белгiлi бiр нәтижелерге қол  жеткiзу қажеттiлiгiн негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге  қол жеткiзу үшiн қажеттi оңтайлы көлемiн пайдалана отырып әзiрлеу және атқару немесе бюджеттiк қаражаттың бекiтiлген көлемiн пайдалана отырып ең үздiк нәтиженi қамтамасыз ету;

7) басымдық принципi - бюджеттiк процестi республиканың  немесе аймақтың әлеуметтiк-экономикалық  дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;

8) жауапкершiлiк  принципi - бюджет процесiне қатысушыларды  Қазақстан Республикасының бюджеттiк  заңдарын бұзғаны үшiн жауапқа тарту;

9) бюджеттердiң  дербестiк принципi - түрлi деңгейдегi  бюджеттер арасында түсiмдердiң  тұрақты түрде бөлiнiп тұруын орнықтыру және осы Кодекске сәйкес олардың жұмсалу бағыттарын анықтау, мемлекеттiк басқарудың барлық деңгейлерiнiң осы Кодекске сәйкес бюджет процесiн дербес жүзеге асыру құқығы, жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы барысында қосымша алынған кiрiстердi, осы Кодекстiң 40-бабының 6-тармағында белгiленген жағдайларды қоспағанда, жергiлiктi бюджеттер қаражатының бос қалдықтарын жоғары тұрған бюджетке алып қоюға жол берiлмейтiндiгi, тиiстi өтемсiз төмен тұрған бюджеттерге қосымша шығыстар жүктеуге жол берiлмейтiндiгi.

Бюджет қатынастары  – мемлекетпен, халық, мекемелер,кәсіпорындар арасында пайда болатын қаржы  қатынастары деген ұстанымды  ұстайтын болсақ, онда бір жағынан  мемлекет кәсіпорындар, мекеме мен  халық қаражаттарын ала отырып, мемлекет бұл қаражаттарды өз иелігіне жұмылдырады және өзінің мемлекеттік қызметін орындауға жұмсайды, сондай-ақ коммерциялық және коммерциялық емес салаларға, халыққа әсер етуге және тұтастай экономиканы реттеу қызметіне пайдаланады. Әсер ету нысандары әр түрлі болуы мүмкін: кәсіпорындарды қаржыландыру және қаражаттандыру; мемлекеттік инвестицияларды іске асыру; өнеркәсіптің қорғаныс салаларының айырбасталымын қаржыландыру арқылы экономиканың құрылымдық қайтақұруына әсер ету. Мұнда кіріс немесе шығыс баптарын ұлғайту немесе азайту қатынасы саяси кеудемсоқтыққа байланысты елдің халықпен айлаөшарғы жасау қаупі туындайды. Осыған орай , бюджет саясатының қалыптасуы , оның іске асуының бағытталуы барлық кезде тек экономикалық даму үрдістерімен ғана байланысты емес, сондайөақ саяси кеудемсоқтықты көрсетеді. Егер, бюджет саясатының бағытталуы экономиканың дамуы заңдылықтарының анықталуы негізінде емес, ал ол көпшілік дауыс пен көптеген түзетулер нәтижесінде анықталады, онда мұндай бюджет саясаты тұрақты болмай, үнемі өзгерту үстінде болады, яғни тек экономикалық саланың қайта қалыптасуы нәтижесінде ғана емес, сондай –ақ биліктің осы немесе өзге саласының жағжаяттық пайымдауынан.Макроэкономикалық реттеудің маңызды құралы болып бюджет саясаты табылады, ол салық салу мен мемлекеттік шығындарды өзгерту арқылы іскерлік белсенділік деңгейіне мемлекеттің әсерін көрсетеді.[4]

Информация о работе Бюджетті қалыптастыру мәселелері.doc