Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2012 в 20:18, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі - экономикадағы банктердің қалыптасу және даму тарихын, рөлі мен қызметтерін анықтау.
Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Кіріспе…………………………………………………………………………….3
1 Банктердің дамуының теориялық негізі
1.1.Банктердің даму тарихы……………………………………………………..5
1.2. Банк жүйесінің құрылымы………………………………………………….9
2 Орталық және коммерциялық банктердің қызметтері
2.1.Орталық банк және оның қызметтері талдау……………………………..12
2.2.Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау……………………..17
3 Қазақстан Республикасындағы банк секторындағы мәселелер және
жетілдіру жолдары
3.1.Банк секторындағы дағдарыс……………………………………………….23
3.2.Банк секторын жетілдіру жолдары…………………………………………25
Қорытынды………………………………………………………………………28
Пайдаланылған әдебиеттер……………
Қайта құрылымды табысты өткізу нәтижесінде үш банктің , яғни «БТА Банк АҚ» , «Альянс Банк АҚ» , «Темірбанк АҚ» сыртқы берешегі 12 млрд долларға төмендеген, бұл әрине банк секторының сауығуына ықпал етеді және отандық қаржы нарығының жалпы ахуалына оң әсерін тигізеді. Бұл ретте қайта құрылымдаудың оң нәтижелері айқын нәтижелері айқын байқалып отыр.
Қазіргі уақытта өтімділіктің жоғары маңызын екінші деңгейлі банктердің бос ресурстарын жоғары өтімді активтерге салудан ( Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі депозиттер , мемлекеттік бағалы қағаздар ) көруге болады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі банктердің өзінің депозиттерінде бос ресурстарды жинақтауын жәнежоғары өтімді активтердің көлемін өсіруін ынталандырмау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде орналастырылатын банктердің депозиттері бойынша ставкаларды төмендетті.
Қазіргі уақытта болып жатқан кредиттік портфель сапасының нашарлау қарқынының баяулауы аясында резервілеу деңгейінің төмендеуі банк секторында пайданың жинақталуына әкеледі. Мысалы, 2010 жылдың 1-қарашасындағы жағдай бойынша табыс салығын төлегеннен кейінгі жиынтық кіріс 1 460,9 млрд теңгені құрады. Бұл ретте банктеркескінінде теріс қаржы нәтижесінің болуы белгіленбеген.
Осыған байланысты дағдарыстан кейінгі кезеңде акцент, бұрынғыдай, клиенттердің сенімін сақтап қалу, өтімділіктің тиімді деңгейін қамтамасыз ету, капиталандыруды нығайту , тәуекелдерді барабар бағалау, провизиялардың тиісті деңгейін қалыптастыру, стресс-тестілеу жүргізу және қадағалау органының инспекторлық қызметін жетілдіру сияқты бағыттарға жасалады.
Тәуекелдерді барынша төмендету және ұлттық банк секторы қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында шоғырландырылған негізде банк секторын дамыту , қаржы ұйымдарының және банк холдингтерінің корпоративтік басқару және тәуекелдерді басқару жүйелерінің деңгейін көтеру айтарлықтай маңызды болып отыр.
Банк секторының дамуы халықаралық тәжірибенің
негізінде, банктік реттеудің халықаралық
стандарттарын енгізу, сондай-ақ шетел
мемлекеттерінің қадағалау органдарымен
өзара әрекеттесу арқылы жүзеге асырылатын
болады/16 5-17
б /.
Нарықтық
экономика ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары деңгейін құрайды.
Банк ісінің әлемдік тәжірибесі көрсетіп отырғандай, барлық елдердегі несиелік институттардың ішінен елдің бүкіл несиелік жүйесін басқаруда басты роль атқаратын орталық банктер бөлініп шығатын болды. Ал олардың басшылық ролі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіліктерге байланысты. Банктердің банк функцияларын, ақша – несие эмиссиясын жүзеге асыруына байланысты орталық банктер коммерциялық банктердің, яғни екінші деңгейлі банктердің қызметіне әкімшілік бақылау мен нақты экономикалық ықпал ету құқығы несиелік мекемелер міндетті түрде қолдануы тиіс норма шығару құқығы бар. Коммерциялық банктер несиелік саясат жүргізуде және өз клиенттеріне толығымен дербес әртүрлі қызметтер көрсетуде.
Нарықтық экономикада арнайы банктік емес институттар құрылмаған жағдайда кез келген елдің несие жүйесі аяқталмай қалады. Халық салымдарын толығымен тарту мүддесі мен өзгеріп отырған нарықтық экономика талаптарын толық қанағаттандыру бұл институттардың құрылуын талап етеді, ал олар несие жүйесін толықтырып, байытады, экономикадағы өзгерістерді икемді және сезімтал ете түседі.
Мемлекет, экономикаға жетекшілік жасай отырып, Ұлттық банк арқылы бірегей ақша – несие саясатын жүргізеді. Бұл принцип айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен ұлттық валютаның ішкі және сырқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, ақша-несие саясатын жалпы экономикалық саясатты жүзеге асыру және оны әлемдік экономикаға интеграциялау саласында республика мүдделерін қорғау үшін қажет.
Әлемдік тәжірибеде, нарықтық экономика жағдайында Орталық банкінің жұмысын ұйымдастырудың әр түрлі құқықтық формалары бар:
Негізі Ұлттық банк унитарлық орган болып табылады. Мемлекет – жарғылық қордың жалғыз иесі. Негізгі қор – ғимараттардан, құрылғылардан, көлік және басқа да құндылықтардан тұрады, ал айналым қаражаты – банкіге тиесілі ақша қаражаттарынан тұрады. Ұлттық банк резервтік және басқа қорлар құрады. Резервтік қор жарғылық көлемінде құрылып, ол өзіндік табыс есебінен толтырылады және осы қорға байланысты нормаларға сәйкес жүргізілетін операциялар бойынша шығындарды жабуға арналады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Коммерциялық банктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп, тек қолма – қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс – тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан, мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.
Тәуекелдерді барынша төмендету және ұлттық банк секторы қызметінің айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында шоғырландырылған негізде банк секторын дамыту , қаржы ұйымдарының және банк холдингтерінің корпоративтік басқару және тәуекелдерді басқару жүйелерінің деңгейін көтеру айтарлықтай маңызды болып отыр.
Банк секторының дамуы
Қолданылған
әдебеттер тізімі
Алматы «Экономика»-2000ж
Алматы «Экономика»-1998ж
М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998
Алматы «Экономика» -1998
государственного регулирования» Алматы Қаржы қаражат-1997