Банктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2012 в 20:18, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі - экономикадағы банктердің қалыптасу және даму тарихын, рөлі мен қызметтерін анықтау.
Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………….3
1 Банктердің дамуының теориялық негізі
1.1.Банктердің даму тарихы……………………………………………………..5
1.2. Банк жүйесінің құрылымы………………………………………………….9
2 Орталық және коммерциялық банктердің қызметтері
2.1.Орталық банк және оның қызметтері талдау……………………………..12
2.2.Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау……………………..17
3 Қазақстан Республикасындағы банк секторындағы мәселелер және
жетілдіру жолдары
3.1.Банк секторындағы дағдарыс……………………………………………….23
3.2.Банк секторын жетілдіру жолдары…………………………………………25


Қорытынды………………………………………………………………………28
Пайдаланылған әдебиеттер……………

Работа содержит 1 файл

Шугыла курсовой банктер.doc

— 259.00 Кб (Скачать)

  Шынында  да,  банктер  мұндай  операциялардан  пайда  көреді.  Олар  салымдарға  төлейтіндеріне  қарағанда,  қарыздарға  біршама  жоғары  пайыз  мөлшерлемесін  белгілеп  табыс  табады.

  Осы уақытқа дейін Қазақстанда несиелер үкіметтің қажеттілігіне                   (Үкіметтің үкімі бойынша) беріліп, кейіннен олар банктерге және олардың акционерлеріне пайда әкелмек түгіл, уақытында қайтарылмай қалды. Ондай қарыздардың ешкімге де пайдасы болған жоқ.

  Коммерциялық  банктер  өз клиенттерінің сақтауға қолайлы әр түрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигацияға немесе акцияға жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады. Қазіргі комммерциялық банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни, операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде /7 25-27 б/.

  Коммерциялық  банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.

  Коммерциялық  банктердің басқа қаржы институттарынан  айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып  табылады. Бұл жерде ақша деп, тек  қолма – қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі  салымдар түсіндіріледі. Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды.

  Бүгінгі таңда Қазақстан аумағында шамамен 38 банк және олардың 783 бөлімшелері мен филиалдары орналасқан.

  Бүкіл ақша айналымының несие жүйесінде жинақталуы – несиелік ресурстарды шоғырландыруға және оларды елдің халық шаруашылығына ұғымды бағыттауға мүмкіндік береді.

  Мемлекеттік валюталар монополия принципіне ерекше маңыз береді. Қазақстан Республикасының "Валюталық реттеу туралы" заңында былай делінген: "Қазақстан Республикасының Президенті мен Министрлер кабинеті өз құзіреті шегінде валюталық реттеу саласында осы заң жағдайларына қайшы келмейтін нормативті актілерді қабылдайды.

  Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі –  Қазақстан Республикасының валютасын  реттеудің негізгі органы болып  табылады".

Бұл принцип  – ел тәуелсіздігін сақтау шарттарының бірі, валюталы резервтерді жинақтау құралы және ақша айналысын басқа елдер валюталарының ықпалынан сенімді қорғау жолы.

  Бөлімді қорытындылай келе, қазіргі тұрақтандырылған экономиканың жетілдіруі үшін коммерциялық банктер халыққа көптеген операцияларды жүзеге асырады. Еліміздің екінші деңгейлі банктері ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастыруымен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар, халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, қаржылық операциялардың барлық түрлері, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операцияларын жүргізеді.

  3 Қазақстан Республикасындағы банк секторындағы мәселелер және

жетілдіру жолдары

3.1. Банк секторындағы дағдарыс 

      2007 жылы АҚШ-тан басталған қаржы дағдарысы Еуродақ, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қаржы нарығын тұралатып тастады. Дағдарыс, әсіресе, көптеген елдердің банк секторы мен қор нарығына мықтап соққы болып тиді. Банк активтерінің, жылжымайтын мүлік құнының төмендеуі барлық елдерде дағдарысқа қарсы шұғыл шаралар кешенін қабылдауды талап етуде. Жаһандық қаржы жүйесімен тығыз байланысты болғандықтан бұл дағдарыс Қазақстанды да айналып өте алмады.

       Бүкіләлемдік дағдарыс 2007 жылы тамыз айында АҚШ-та бастау алды. Басты себебі ретінде – ипотекалық несиелеуді айтады. Инвесторлардың жауапкерсіз қылығы, яғни ипотека және бағалы қағаздар арқылы жоғары табысқа жету мақсатында өздеріне үлкен мөлшерде несиелік қарыздарды алуы, несиелік кепілдің төмен сапалы болуы - әлемдік дағдарыстың себебі болды және әлемдік экономика үшін еш жақсылығы болмайтыны түсінікті.

      Әлемдік экономикадағы, әсіресе қаржылық жүйедегі мәселенің ушығуы көптен бері күтіліп келген болатын. Бірақ, мұндай масштабқа    дейін жетіп, бүкіләлемдік дағдарысқа айналуы болжанбаған еді. 2006 жылдан бері американдық ипотекада қиындықтар басталды. АҚШ-тағы ипотекалық дағдарысының алғашқы белгілері – тұрғын үй несиелерінің қайтарылмау көлемінің ұлғаюы болды. Бұл Америкадағы ипотекалық сектордың күйреуіне әкелді, ал бұл өз алдына өтімділіктің әлемдік дағдарысын тудырды.

       АҚШ-тағы ипотекалық дағдарыс салдары әлемдік нарыққа және экономикаға, соның ішінде халықаралық нарыққа терең интеграцияланған біздің елімізге де теріс әсерін тигізбей қоймады. Қаржылық дағдарыстың алғашқы толқынымен Қазақстан 2007 жылдың күзінде беттесті.

       Еліміздің экономикасы АҚШ-та басталған ипотекалық дағдарыс салдарынан 2007 жылдың соңында-ақ (“бірінші толқын”) қиыншылықтарға душар бола бастады. Әлемдік қаржы рыноктарындағы ахуалдың шиеленісуі нәтижесінде, дәлірек айтқанда, жаһандық дағдарыстың 2008 жылғы “екінші толқынында” қиыншылық жағдайларына тап болды.

Әлемдік рыноктардағы  капитал өтімділігі дағдарысы нәтижесінде Үкімет 2008 жыл бойына бүтіндей алғанда елдің  қаржы жүйесінің, соның ішінде екінші деңгейдегі банктердің тұрақтылығын арттыру жөнінен бірқатар шаралар қабылдады. Бұл жұмыста негізгі салмақ елдегі жүйе құраушы банктерге түсірілді.

          Қазақстанға да бұл дағдарыстың әсер етпей қоймағаны анық. ҚРда дағдарыстың пайда болу себептеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • Қазақстан экономикасының әлемдік экономикаға интеграциялануы;
  • Экономиканың шикізаттық мамандану, сол себептен елде өндірілген шикізаттың әлемдік бағасы тәуелділігі;
  • Бос ақшалай қаражаттарының көптігі және оларды инвестициялау мүмкіншіліктің аздығы;
  • Көптеген екінші деңгейлі банктердің агрессивті несиелік саясаты, қысқа мерзім ішінде сыртқы қарыздың күрт өсуі;

   Баршаға мәлім, экономикадағы рецессия әдетте іскерлік белсенділіктің құлдырауы, ІЖӨ  өсім қарқынының, тұтыну сұранысының төмендеуі секілді қазір бүкіл әлемде байқалып отырған түрлі құбылыстармен қатар жүреді. Еліміздің қаржы нарығына келсек, банктердің сырттан белсенді түрде қарыз алу саясаты бірқатар тәуекелдердің тууына және өсуіне әкелді. Ол турасында мемлекеттік реттеуші органдар бірнеше рет ескерткен болатын. Бұл ретте, әлемдік қаржы рыногындағы тұрақсыздық отандық банк секторындағы жағдайды да күрделендіріп, сол арқылы төлемпаздық тәуекелінің артуына, кері қаржыландыруға әкелді. Сыртқы әсерлерден кейінгі, қазіргі ахуалға келсек, біздіңше, жаһандық тұрақсыздықтың нәтижесінде туындаған сыртқы қатерлерді бәсеңсітуде Қаржы нарығын қадағалау агенттігінің іс-қимылы айрықша рөл ойнады. Осы орайда, Үкіметтің қазір қабылдап жатқан шаралары әлемдік қаржы дағдарысының отандық экономикаға тигізер кері салдарларын мейілінше азайтуға мүмкіндік береді. Мұны отандық және шетелдік экономист-сарапшылардың соңғы кездері айтқан түсініктемелері де қуаттап отыр. 
 
 

3.2.Банк  секторын жетілдіру  жолдары 

     Үкіметтің 2009-2010 жж арналған дағдарысқа қарсы бағдарламасы осы мәселе бойынша баяндама жасаған Экономикалық даму және сауда министрлігінің айтуынша Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы қадағалау агенттігінің дағдарысқа қарсы бірлескен іс-қимылдар жоспары шеңберінде еліміздегі жүйе құраушы банкілер «БТА банк», «Альянс банк», «Қазкоммерцбанк», «Темірбанк» акционерлік қоғамдарына «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ арқылы мемлекет қаржысын салу дағдарыс уақытында елдің қаржы жүйесін, соның ішінде халықтың да қаржыларын құтқарып қалуға жағдай жасады. Осы мақсатта 486 миллиард теңге қаржы бөлінді. Соның ішінде “БТА банкке” – 212 миллиард, “Қазкоммерц банкке” – 120 миллиард, “Халық банкіне” – 120 миллиард, “Альянс банкке” – 24 миллиард теңге бөлінді. Қордың банктер капиталына енуінен кейін өткен жылы олар өз міндеттемелерін қайта құрылымдауды табысты аяқтады.

       Банктердің өтімділігін арттыру мақсатында осыған қосымша Ұлттық банк талап етудің төменгі шегін одан әрі төмендетті. Мұның өзі банктерге 490 миллиард теңгенің қаражаттарын босатып алуын талап етті.

       Жай тұлғалардың салымдарына берілетін кепілдік бұрынғы 700 мың теңгеден 5 миллион теңгеге дейін арттырылды. Осының нәтижесінде халықтың банктердегі салымын қайта алып қоюының алды алынды.

        Банктердің сыртқы қарыздары 11 миллиард долларға азайды. 

2009 жылдың 4 ақпанында Ұлттық банк теңгені  бұрынғы айқын емес дәлізде  ұстап тұрудан бас тартып, долларға  шаққандағы айырбас бағамын бір  долларға плюс-минус 3 пайыз немесе 5 теңге ауытқушылықпен 150 теңге көлемінде  жаңа дәліз белгіледі. Оған мұнай мен металдың әлемдік бағаларының күрт және айтарлықтай төмендеуі, Қазақстанның негізгі сауда әріптестері болып саналатын елдердегі ұлттық валюталардың құнсыздануы себеп болды. Сөйтіп алтын-валюта резерв­терінің ағымдағы деңгейін сақтап қалу және отандық өнім өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігіне қолдау көрсету қажеттіліктері Ұлттық банктен валюта саясатына деген көзқарасты қайта қарауды талап етті.

      Ұлттық банктің теңгенің айырбас бағамының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары, сол сияқты қазақстандық экспорттың негізгі позицияларына қатысты әлемдік бағалар өсуінің қайта қалпына келуі ішкі валюта рыногындағы ахуалдың тұрақтануына жағдай жасады. Осылайша, 2009 жылдың соңына таман ұлттық валютаның нығаю тенденциясы байқала бастады.

        2009 жылдың басынан бастап Ұлттық банк қайта қаржыландырудың ресми ставкаларын 10,5 пайыздан 7 пайызға дейін төмендетті. Ал соңғы 7,5 пайыздан 7,5 пайызға дейін төмендеу 2009 жылдың 4 қыркүйегінде жүзеге асты.

       2009 жылдың наурызында банктерге қатысты ең төменгі резервтік талаптар ішкі міндеттемелер бойынша 2 пайыздан 1,5 пайызға дейін, қалған міндеттемелер бойынша 3 пайыздан 2,5 пайызға дейін төмендетілді.

        Валюта рыногындағы тұрақты жағдай Ұлттық банктің теңгенің өзгермелі дәлізін 2010 жылдың 5 ақпанынан бастап 1 долларға 150 теңгеге дейін кеңейтуге жағдай жасады. Осы аталған жыл бойына теңгенің долларға шаққандағы айырбас бағамы Ұлттық банктің болмашы ғана қатысуымен бұрын белгіленген дәлізде өзгеріссіз күйінде қалды.

      Еліміз әлемдік қаржы-экономикалық дағдарыстың ықпалына іліккен жылдары Үкіметтің онымен күресте белгілеген бес басым бағытының бірі шағын және орта бизнесті қолдау мәселесі болатын. Өйткені халықты жұмыспен қамтуда, ішкі рынокты көпшілік қолды тауарлармен қамтамасыз етуде қашанда болмасын шағын және орта бизнестің қалыпты жұмыс істеп тұруының маңызы зор.

       Дағдарысқа қарсы Үкімет қай салаға, қандай қызмет түріне жататындығына қарамастан мемлекеттік қолдауды барлық шағын және орта бизнес субъектісіне көрсету керек деп шешті. Осы мақсатта «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры бұрынғы көрсетілген көмекке қосымша 2009 жыл үшін 120 миллиард теңге қаржы бөлетін болды. Оның 70 пайызы іске қосылған және жүзеге асырылған жобалардың жұмыс істеуіне, 30 пайызы жаңа жобаларды жоспарлап, іске асыруға бағытталды.

Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» қоры арқылы бір жобаны қаржыландыру көлемінің  шекті мөлшері бұрынғы белгіленген 3 миллион АҚШ долларынан 5 миллион долларға дейін өсірілді.

     Мұның сыртында Үкімет «Самұрық-Қазына» қорымен бірлесе отырып, шағын және орта бизнеске берілетін несиелердің банктік сыйақы ставкасының шекті мөлшерін бұрынғы дағдарысқа дейінгі деңгейде, яғни 14 пайыздан асырмай ұстап тұру жөнінде шешім қабылдады. Сондай-ақ, бұл шешім жаңадан берілетін несиелерге ғана емес, беріліп қойған несиелерге де қатысты болды.

     Осынау күрделі де қиын шақта шағын және орта бизнеске берілген несиелердің қайтарылатынына банктер сенімін арттыру үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының кепілдік беру механизмі енгізілді. Екіншіден, «Самұрық Қазына» қоры ауыл тұрғындарын несиелендірудің олар үшін тиімді жаңа бағдарламасын әзір­леді. Соның ішінде жұмыс орындарын сақтап, дамыту үшін ауылдағы кәсіпкерлерге де жеңілдікті несиелер берілетін болды.

      Үшіншіден, шағын және орта бизнес субъектілерін тапсырыстармен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында олар мемлекеттік органдардың, мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тарапынан ұсынылатын мемлекеттік тапсырыстарға молынан қатысу мүмкіндігіне ие болды. Жаңадан қабылданған «Мемлекеттік сатып алулар» туралы Заң оларға осы бағытта бірқатар артықшылықтар берді. Со­нымен қатар мемлекет тарапынан Қазақстанда жұмыс істейтін жер қойнауын пай­даланушылар мен сервистік компанияларға, олардың меншік түріне қарамастан өз тапсырыстарында қазақстандық үлесті арттыру жөніндегі талап күшейтілді.

       Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2011-2015 жж арналған жоспарына сәйкес , банк секторының қаржылық қаржылық тұрақтылығын және бәсекелестік қабілеттілігін нығайту , реттеу мен қадағалау жүйесін жалпы әлемдік қадағалау стандарттарына жақындату.

   Ел  Президентінің кеңейтілген Үкімет отырысында берген тапсырмасына сәйкес, Үкімет Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын қадағалау агенттігімен бірлесіп, Қазақстанның қаржы жүйесі мен экономикасын тұрақтандырудың 2011-2015 жылдарға арналған жоспарын әзірледі. Онда өзге де іс-шаралармен қатар, қазақстандық банк секторының төлемпаздығы мен капиталдануын нығайтуға және қолдауға бағытталған кешенді шаралар да қарастырылған. Атап айтқанда, екінші деңгейлі банктерді қосымша капиталдандыру арқылы мемлекеттік қолдауды ұсыну, Ұлттық банк тарапынан төлемпаздықты сақтау, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» шығаратын облигацияларды ҚР Ұлттық қорының сатып алуы арқылы банктерге төлемпаздықтың қосымша көздерін ұсыну. Мәселен, Агенттік әзірлеген ұсынымға сәйкес, Үкімет еліміздің “Альянс Банк”, “ТұранӘлемБанкі”, “Халық Банкі” және “Казкоммерцбанкі” секілді жүйеқұраушы төрт банкінің акционерлеріне олардың капиталдарын нығайту шарасы ретінде акционерлік капиталдарына қосымша қаражат құю туралы ұсыныспен шықты. Бұл ұсыныстың аясында қосымша капиталдануды қарапайым және басым акциялар эмиссиясы арқылы және жалпы көлемі 5 миллиард АҚШ доллары сомасында субординді заемдар беру арқылы жүзеге асыру көзделеді. Акционерлерге жаңа шығарылған қарапайым және басым акцияларды басымдықпен сатып алу құқығы беріледі де сол арқылы банктерге қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажетті капиталдану көлемі ұсынылады. Бұл ретте, Үкіметтің қандай да бір банктің капиталындағы бақылау пакетін сатып алуды жоспарлап отырмағанын атап айту керек. Жоспар іске асқан жағдайда, мемлекеттің меншігіне жоғарыда көрсетілген 4 банктің дауыс беретін 25 пайыз акциялар үлесінің түсуі көзделуде. Бұл банктердегі мемлекеттің мүддесін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» қадағалайтын болады. Банктердің жоғарыда аталған бағалы қағаздарын сатып алу үшін Қор мемлекет тарапынан қосымша 5 миллиард долларға капиталдандырылды. Тағы да қайталап айтамын, Үкімет банктердің үлескері болып ұзақ мерзімге қалуды жоспарлап отырған жоқ және әлемдік қаржы нарығындағы жағдайға байланысты олардың капиталынан орта мерзімді болашақта шығатын болады. Сол кезде мемлекетке тиесілі акциялар нарық қағидаларына сәйкес сатылады. Ал жоғарыда айтқан, банктерге төлемпаздықтың қосымша көздері ретінде ұсынылатын және Ұлттық қор арқылы сатып алынатын облигациялардан түсетін қаражат экономиканың нақты секторын, соның ішінде серпінді және инфрақұрылымды жобаларды да несиелеуге, шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін қаржыландыруға бағытталады. Ал уақытша бос қаражаттар бірқатар банктердің депозиттеріне салынып, олардың жаңа жобаларды несиелеуіне және ағымдағыларын қаржыландыруына мүмкіндік береді. Сөз болып отырған жоспарда банктердің минималдық резервтік талаптарын азайту арқылы репо операциялар бойынша қабылданатын құралдар тізбесін кеңейту арқылы қосымша қаражат көзін ұсыну негізінде барлық екінші деңгейлі банктердің ағымдағы және қысқа мерзімді төлемпаздығын қолдау шарасы жүзеге асырылады. Мемлекет осының бәрін серпінді және инфрақұрылымдық жобаларды қоса алғанда, экономиканың нақты секторын несиелеуді ынталандыру үшін, сондай-ақ шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін қаржыландыру үшін істеп отыр. Төлемпаздық көлемінің одан әрі қысқаруы мен сыртқы қарыз алу көздерінің шектеулілігі банк активтері сапасының нашарлауына, экономиканың нақты секторын несиелеу көлемінің қысқаруына, түпкі нәтижеде қазақстандық кәсіпорындардың іскерлік белсенділігінің төмендеуіне әкелді. Мұндай жағдайда экономикалық үдерістерді ынталандыру мен үйлестіруде мемлекеттің рөлі айқындаушы мәнге ие болатынын бірқатар елдердің үкіметтері мен реттеуші органдарының әрекеттері көрсетіп отыр. Халықаралық қаржы көздерінің шектеулілігіне қарамастан, қазақстандық банктер бүгінге дейін сыртқы қатерлерге лайықты төтеп берді және өзінің ішкі-сыртқы міндеттемелерін толығымен өтеп келді.

Информация о работе Банктер