Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2012 в 20:18, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі - экономикадағы банктердің қалыптасу және даму тарихын, рөлі мен қызметтерін анықтау.
Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.
Кіріспе…………………………………………………………………………….3
1 Банктердің дамуының теориялық негізі
1.1.Банктердің даму тарихы……………………………………………………..5
1.2. Банк жүйесінің құрылымы………………………………………………….9
2 Орталық және коммерциялық банктердің қызметтері
2.1.Орталық банк және оның қызметтері талдау……………………………..12
2.2.Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау……………………..17
3 Қазақстан Республикасындағы банк секторындағы мәселелер және
жетілдіру жолдары
3.1.Банк секторындағы дағдарыс……………………………………………….23
3.2.Банк секторын жетілдіру жолдары…………………………………………25
Қорытынды………………………………………………………………………28
Пайдаланылған әдебиеттер……………
Резерв капиталы жаргылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы есебінен толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалады.
Алтын валюта активтерін қайта бағалау шоты оларды қайта бағалау шоты оларды қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған табысты есепке алуға арналады. Бұл шоттың Ережесін Ұлттық банктің Басқармасы бекітеді. Алтын валюталық резерв теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін құрылып және мақсаттарға жұмсалады. Алтын валюталық резерв төмендегі элементтерден құрылады:
.алтыннан:
.банкнота, монета түріндегі шетел валютасынан, шетелдердегі және республикадағы Ұлттық банктің шоттарындағы қаржылардың қалдықтарынан:
. Ұлттық банкте сақтаулы валюталық құндылықтардан:
. шетел үкіметтері немесе халықаралық қаржы мекемелері шығарып, кепілдік берген бағалы қағаздардан:
. шетел валютасындағы жай және аударым вексельден:
. өтімділігі және қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайдағы шетел валютасындағы басқа сыртқы активтерден құрылады.
Арнайы провизиялар /резервтер/ Ұлттық банктің шығыстары есебінен күмәнді және үмітсіз талаптарынан, оған қоса несиелерден, депозиттерден, бағалы қағаздардан, есеп айырысу кезіндегі шығындардан, шоттардағы қалдықтардан және басқа да активтерден, сондай-ақ жалпы провизиялардан құрылып, оған аяқталмаған құрылыс көлемі және Ұлттық банктің монетарлық емес талаптары және әлеуметтік сипаттағы төлемдер кіреді.
Ұлттық банктің қаржылық жылдағы таза табысы оның іс жүзінде алған кірістері мен осы жылғы шығын арасындағы айырмаға тең шығынға шығарылып тасталған күмәнді борыштар, активтердің, оның ішінде айналымға шығарылған банкноталар мен монеталардың амортизациясы /тозуы/ қосылады. Табыс жоғарыда айтқанымыздай, жарғылық, резерв капиталын қалыптастыруға жұмсалып, қалған бөлігі келесі қаржы жылының үлесіне жіберіледі.
Ұлттық банктің басқарушы органы болып Басқарма және директорлар Кеңесі /Директорат/ саналады. Оның жоғарғы органы - Басқарма, ол 9 адамнан тұрады. Оған Ұлттық банктің төрағасы, бес лауазымды адамы және Президенттен бір, Республика Үкіметінен екі өкіл кіреді. Президенттен, Республика Үкіметінен және Ұлттық банктен кірген басқарма мушелерінен тиісінше Президент, Үкімет және Ұлттық банктің төрағасы бекітеді және қызметтен босатады /9 14-15 б/.
Ұлттық банктің облыстық басқармалары
өз қызметін Ұлттық банк белгілеген уәкілдік
шегінде атқарып,оған есеп беруге міндетті.
2.2
Коммерциялық банк
және оның қызметтерін
талдау
Елдің несие жүйесіндегі коммерциялық банктердің рөлі мен орнын бөліп көрсету, олардың қоғам ішінде, жалпы мемлекет экономикасында маңыздылығын ашу – бұл бөлімнің басты мақсаты.
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызында «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» және 1995 жылы 31 тамыз айында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады. Бұл заңдарда Қазақстан Республикасының банктерді құрудың, қайта ұйымдастырудың және таратудың барлық ерекшеліктері көрініс тапқан.
Коммерциялық
банктер банктік жүйенің екінші
деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды
шоғырландыра отырып, заңды және жеке
тұлғалармен кең көлемде
90-шы жылдың басында банктердің саны 20-дан асты, әрине бұл олардың экстенсивті жағынан дамуын сипаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін коммерциялық банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.
Қазіргі тұрақтандырылған экономиканың жетілдіруі үшін коммерциялық банктер халыққа көптеген операцияларды жүзеге асырады. Еліміздің екінші деңгейлі банктері ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастыруымен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар, халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, қаржылық операциялардың барлық түрлері, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операцияларын жүргізеді.
Коммерциялық банктер қарыз капиталы нарығының әртүрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын рөлін атқарады.
Олар үкіметтің, іскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әртүрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Коммерциялық банктер қаржы нарығында ең маңызды делдалдық қызметті атқарады. Несиелік жүйенің төменгі буыны халық шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін және коммерциялық негізінде кең көлемді қаржылық қызмет жасайтын дербес банктік мекемелер торабынан тұрады. Бұлар коммерциялық, кооперативтік және жеке банктер, банктік заңдылықтарда коммерциялық банктер деген жалпы атпен біріктіріледі.
«Коммерциялық банк» термині банк ісінің ертеректегі даму кезеңінде, банктердің сауда, тауар айырбасы операциялары мен төлемдеріне қызмет көрсетуі барысында пайда болды. Негізгі клиенттері саудагерлер болған (міне осында «коммерциялық банк» деген атауға ие болды ). Бірақ өнеркәсіптің және басқа салалардың дамуымен банктер экономиканың өзге де сфераларында қызмет көрсете бастағандықтан да банктің «коммерциялық» деген атауы бастапқы мағынасын біртіндеп жоғалтты. Ол банктің «іскер» деген сипатын білдіреді, оның шаруашылық агенттердің барлық жұмыс түрлеріне қызмет көрсетуі олардың қызметтерінің саласына байланыссыз болады. Коммерциялық банктер – нарық экономикасында қаржылық операциялар мен қызмет көрсететін несиелік мекемелердің тобын білдіреді.
Коммерциялық банктер - банк жүйесінің екінші деңгейіндегі банк, олар кез келген мемлекеттің несие жүйесінің негізгі буыны. Коммерциялық банктің негізгі қызметі - кәсіпкерлерге, халыққа жан-жақты несие-қаржылық қызмет көрсету.
Коммерциялық банктер жеке және заңды тұлғалар үшін бүкіл операциялық қызметтерді орындайтын ақша нарығының жұмыс жасаушы әмбебап буыны ретінде қатысады.
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша – несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.
Соңғы кездері екінші деңгейлі банктер мен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсекелестік банктердің жаңа операциялар түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынылатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды меңгеріп, елдің жалпы экономикадағы ролін арттыруда.
Қазіргі коммерциялық банктер активті және пассивті операцияларын орындайды. Бұл екі түрлі операция бір бірліктің екі қарама-қарсы жақтары секілді көрінеді, себебі, пассивтік операциясыз активті операцияның болуы мүмкін емес, ал активті операциясыз пассивтік операцияның мәні де жоқ. Алайда, жүзеге асырылатын банктік операцияларының барлығы, күмәнсіз, бір мақсатты көздейді – табыстың өсуі және шығынның кемуі.
Қазақстан Республикасының 31.08.1995ж. № 2444 «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңының 30 бабы бойынша қызмет көрсету – бұл «банктік операцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ бап бойынша көрсетілген басқа да банктік операциялар». Бұл заңда, сонымен қатар, банктік операцияларды жекелеген түрлерін ұйымдастырудың ерекшеліктері көрініс тапқан.
Аталған заңға сәйкес коммерциялық банктер келесі операцияларды орындауға құқылы:
Жалпы қоғамға көмек, олар
банктен алған қарыздары есебінен
өздерінің өнімдерін өндіріп,
алға қойған мақсатына жеткенде
ғана пайданы сезінеді (мысалға жалпы
пайда нормасын 4-тен 5%-ға ұлғайтқанда).
Болашақ қарыз алушыларды дұрыс таңдай
отырып, олардың ішінде берілетін
қарыз бойынша жоғары пайызды төлеуге
кімнің жағдайы келсе, соларға
банктер ақшалай қаражаттарын
бере алады.
Екінші деңгейлі банктер заңнаманың барлық
құқықтық жағынан қамтылған кең көлемде
операциялар түрлерін ұсынады. Коммерциялық
банктің операцияларын 3 топқа бөліп қарастырамыз:
Пассивті операциялар (тартылған қаражаттар) |
|
Активті операциялар (қаражаттарды орналастыру) |
|
|
Активті-пассивті операциялар (комиссиялық делдал) |
Сурет
1. Коммерциялық банк
операцияларының негізгі
құрылымы
Коммерциялық банктің кіріс алу және өтімділікті қамтамасыз ету мақсатымен банктің шоғырландырылған ресурстарын орналастыру оның активті операцияларының мазмұнын анықтайды. Яғни, банктік активті операциялар – табыс алу және өзінің өтімділігін қамтамасыз ету мақсатында иелігінде бар ресурстардың орналастыру жүзеге асыратын операцияларды білдіреді. Бұл екі мақсаттың бірегейлігі банкті коммерциялық кәсіпорын ретінде тартылған қаражаттарды пайдаланудағы ерекшелігін сипаттайды.