Банктер

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2012 в 20:18, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі - экономикадағы банктердің қалыптасу және даму тарихын, рөлі мен қызметтерін анықтау.
Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………………….3
1 Банктердің дамуының теориялық негізі
1.1.Банктердің даму тарихы……………………………………………………..5
1.2. Банк жүйесінің құрылымы………………………………………………….9
2 Орталық және коммерциялық банктердің қызметтері
2.1.Орталық банк және оның қызметтері талдау……………………………..12
2.2.Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау……………………..17
3 Қазақстан Республикасындағы банк секторындағы мәселелер және
жетілдіру жолдары
3.1.Банк секторындағы дағдарыс……………………………………………….23
3.2.Банк секторын жетілдіру жолдары…………………………………………25


Қорытынды………………………………………………………………………28
Пайдаланылған әдебиеттер……………

Работа содержит 1 файл

Шугыла курсовой банктер.doc

— 259.00 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ 
 

Кіріспе…………………………………………………………………………….3 

1 Банктердің дамуының теориялық негізі 

1.1.Банктердің даму тарихы……………………………………………………..5

1.2. Банк жүйесінің құрылымы………………………………………………….9 

2 Орталық және коммерциялық банктердің қызметтері 

2.1.Орталық банк және оның қызметтері талдау……………………………..12

2.2.Коммерциялық банк және оның қызметтерін талдау……………………..17 

3 Қазақстан Республикасындағы банк секторындағы мәселелер және

жетілдіру жолдары 

3.1.Банк секторындағы дағдарыс……………………………………………….23

3.2.Банк  секторын жетілдіру жолдары…………………………………………25 
 
 

Қорытынды………………………………………………………………………28 

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………..30 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

К І Р І С П  Е 

         Курстық жұмыстың өзектілігі - экономикадағы банктердің қалыптасу және даму тарихын, рөлі мен қызметтерін анықтау.

         Кез келген мемлекеттің экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін әлемдік практика көрсетуде.

      Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық  тұлғалар арасындағы әр-қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды. Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар.

      Банктің мазмұны мен атқарылымы оның экономикадағы маңызын көрсетеді. Банктің маңызы оған жүктелген міндеттермен айқындалады. Банкке жүктелген міндеттер мыналарды қамтамасыз етеді:

- өндірістің үздіксіздігін және оны жеделдетуін қамтамасыз етуге керекті, бос ақша капиталды, ресурстарды шоғырландыру;

- ақша айналымын тәртіпке келтіріп, оны рационализациялау болып табылады.

         Банк - өзінің жарғысы бар, толық шаруашылық есеп және өзін-өзі қаржыландыру негізінде қызмет жасайтын заңды тұлға. Ол ақша қаражатын тарту, орналастыру және басқа банктік операциялар жүргізетін мекеме.

      Уақытша бос ақша ресурстарды шоғырландыру атқарымынан, бір жағынан банк уақытша  бос ақша ресурстарын жинаушы, екінші жағынан, оларды басқа уақытша қосымша  қаражатқа мұқтаж шаруашылық жүргізуші субъектілерге беруші.

          Банктердің ақша қаражатын шоғырландыру, кейіннен оларды қайта бөлу, өндіріс пен айналымның үздіксіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, бүкіл ұдайы өндірістің процессін жеделдетеді.

          Банк ісінің ерте сатысының өзінде банктер ақша қаржысын сақтауды, оларды, ішкі және сыртқы экономикалық, айналымдардан сауда операцияларына сәйкес аударуды қамтамасыз еткен және олар елдің ақша белгісін, екінші елдің валютасына айырбастаушы болып көрінген. Одан бері банк ісінің технологиясы айтарлықтай өзгерген.

          Қазіргі кезеңде нарықтық типпен дамыған едердің барығында дерлік екі деңгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде.

          Қазақстан Республикасында «Қазақстан Респубикасы банктер және банк қызметі туралы» республика Президентінің 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар жарлығында «Қазақстанның екі деңгейлі банк жүйесі бар бірінші деңгейдегі мемлекеттің Ұлттық банкі, ал басқа банктердің барлығы екінші деңгейлі, яғни, коммерциялық банктер» делінген.

          Банк және тауарлы, ақшалай қарым қатынастардың даму тарихы тұрғыдан қатарлас жүреді және өзара тығыз байланыста болады. Банктік шаруашылық өмірдің орталығы барлық экономиканың негізгі түйіні болып табылады.

       Соңғы жылдары Қазақстан Республкасының экономикалық ахуалының дамуына қарамастан, ҚР дамушы мемлекеттердің белгілерімен сипатталады. Бұл белгілер ұлттық валютаның әрекет етумен шектелмейді және ол мемлекет тарапынан тыс еркін конвертацияланбайды, бағалы қағаздар нарығының төмен денгейіндегі өтімділігімен сипатталуда.

        Қазақстан Республикасы Үкіметі жалпы экономикалық тұрақтылық және инвесторлар сенімін өсіруді қамтамасыз ету үшін бірқатар шараларды қолдануда. Бірақ, Қазақстандағы болашақ экономикалық тұрақтылықтың перспективалары мәнді түрде Үкіметпен, Қаржы Министрлігімен, Ұлттық Банкпен және басқа да мекемелердің қабылдаған бірқатар экономикалық шараларға тікелей тәуелді.

        Курстық жұмыстың мақсаты - банк ісінің және банк жүйесінің дамуына, шығу тегіне сипаттама бере отырып, Қазақстанның банк жүйесінің дамуына және ондағы мәселелер мен оларды шешу жолдарына тоқталу болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері болып:

  • Қазақстанның банктері мен банк жүйесінің даму тарихына тоқталу;
  • Орталық банктің дамуы мен қызметтерін қарастыру;
  • Коммерциялық банктердің дамуы мен қызметтерін қарастыру.

Курстық жұмыстың пәні - ол экономикадағы банк ісінің құрылымы мен даму     жолдары болып табылады.

Курстық жұмыстың объектісі - банк ісі болып  табылады.

       Курстық жұмыс үш бөлімнен: бірінші бөлімде - банк жүйесінің теориялық негізі онда: банктердің даму тарихы мен банк жүйесінің құрылымы мен қызметтері, екінші бөлімде - Орталық және коммерциялық банктердің қызметтері онда: Орталық банк және оның  қызметтері талдау, коммерциялық банк және оның  қызметтерін талдау жасай отырып, проблемалар және жетілдіру жолдары қарастырылған.

   ал  үшінші бөлімде - Қазақстан Республикасының банк жүйесінің дамуын талдау және жетілдіру жолдары онда: Қазақстан Республикасындағы банк жүйесіндегі проблемалар және жетілдіру жолдары қарастырылған.

   Курстық жұмысты жазу барысында, қарастырылған  Жүнісов Б, Сейітқасымов Ғ.С. және Мақыш  С.Б. кітаптардың, Қазақстан Республикасындағы  Ұлттық банк туралы және Қазақстан  Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы ҚР заңдарының негізінде осы тақырыпты көптеген әдебиеттерде кең және жан-жақты баяндалатынын айтуға болады. 
 
 
 
 

1 Банктердің дамуының теориялық негізі

1.1 Банктердің даму тарихы 

       Банктер несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Себебi, банк мемлекетпен кәсiпорындардың,Акционерлiк Қоғамның және шаруашылық субъектiлердiң халықтың бос ақшасын шоғырландырып iс жүзiндегi капиталға айналдырады. Осы айтып өткен бағытына байланысты банк төлем есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. операцияны жүргiзедi.

       Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны туралы ғана емес, сондай-ақ, олардың қандай операцияларды орындағаны туралы да толық мәліметтер қалдырмаған.

     Кейбір  ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура тұсында және ең бастысы Италияның жекелеген қалаларында (Венеция, Генуе) ХIV-ХV ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте кезеңінде, яғни, тауар ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.

     XVI-XVII ғасырларда Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды жүзеге асыру үшін Жиробанктер құрылды. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға берді.

     Ал  кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде феодализм тұсында, пайда болған деп атайды. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктегі төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттілігінен пайда болғанын айтады /3 16-17б/.

     Дегенмен, осы деректерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.

     Банк  итальян сөзiнен Bank – орындық деген мағынада “айырбас орындағы - айырбас орны” дегендi бiлдiредi. Бұл айырбас орны тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттермен қалалардың жекелеген тұлғалардың әртүрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі болмағандықтан, олардың сауда саттық барысында әртүрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болар алдында ақша сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларын айырбастауға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ, өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастады. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп, банкирлерге айналды.

     Біздің түсінігімізше банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығы ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі. Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің сауда компаниялары пайда болып, олар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар, ссудалар берген. Олар б.э.д. IV ғасырда Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу арқылы ақшалар айырбасын жүргізіп отырған.

     Тарихшылардың пайымдауынша алғашқы банктік операцияларды жекелеген тұлғалар және қолында ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері жүргізген екен.

     Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын  ең сенімді орындар  болған. Сол уақыттарда әйгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде Кіші Азия жағалауындағы елдердің салымдары, ал Дельфада Аполлон шіркеуіне барлық еуропалық Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.

     Сөйтіп, алғашқы банктер жинақталған ақша қаражаттарын қозғалыссыз жатуға болмайтындығын, оларды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу қажеттігін түсінеді.

     Банктер несиелік операциялар жүргізумен қатар, салым несиелеріне біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктегі салым иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізіледі.

     Есеп  айырысуларды жеңілдету  мақсатында ежелгі банктер  өздерінің банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста жүрді. Алғашқы акционерлік банк Ағылшын банкі 1694 жылы 27 шілдеде құрылып, үкіметтен банкнота шығаруға құқық алды.

     Мұның өзі алғашқы банктердің капитализмнің мануфактура жағдайында, банкирлер үйлері ретінде пайда болғанын куәландырады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышарттарын ғана сипаттайды.

     Анықтамалық басылымдарда банк «ірі несиелік мекеме»  ретінде сипатталады. Несиелік істің даму деңгейіне байланысты және несие берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналдыру нәтижесінде жеке несие беруші өзінің несие беруін тоқтатады. Несие тек қана тұтыну мақсатына ғана берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиентінің тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жүзеге асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып, барлық операцияларды бірдей көрсететін біртұтас орталыққа айналды. Демек, алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын, яғни мемлекеттің құрылу кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандықтан тарих куә.

     Енді  Қазақстанда банктердің дамуына келетін болсақ, Қазақстанда банк жүйесінің дамуы келесі кезеңдерден тұрды:

     Бірінші кезең: 1917 жыл мен 1930 жылдар аралығында патшалық Ресейден қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әртүрлі меншіктегі банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.

Информация о работе Банктер